Басшылық пен қолбасшы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 13:44, доклад

Описание работы

Басшылық пен қолбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Басшылық.docx

— 32.85 Кб (Скачать)

     Билік пен саясаттың осы өзара қатынасының  маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну үшін саясат ұғымына тағы да назар  аудару қажет. Осы ретте саясат ең алдымен, адамдар қауымдастығы мен  қоғамға ұйымдастырушылық, реттеушілік, бақылаушылық әсерін тигізетін әлеуметтік өмірдің ерекше, маңызды саласы.

     Саяси ғылымда адамдар мүдделерінің мейлінше жинақталған көрінісі, олардың тәжірибелік  сфераға ауысуы, саяси міндеттердің шешілу деңгейін анықтау мақсатында саяси тәжірибені сараптау мен дәйектеу және оларды одан ары нақтыландыру мен саясатты жетілдіру жүріп  отырады. Саясат — маңызды әлеуметтік проблемаларды шешудегі адамдардың жүріс-тұрысына мақсатты ықпал жасайды, осы проблемаларды биліктік шешімдер жүйесіне аударады, оларды жүзеге асыру  үшін ресурстарды, күштер мен әдістерді  табады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда  шешімдердің дайындалуы мен жүзеге асуының негізгі катализаторы ретіндегі  қызметті билікке бағыныштылардың  саяси белсенділігі мен олардың  билікті қалыптастырудағы және оның әрекетін жетілдіру мақсатындағы билікке  қысым жасау түріндегі билікке  ықпалы атқарады.

     Саясат  құрылымданған және нақты болуы  керек, яғни ол қоғамдық өмірдің әрқилы салаларына (экономикаға, әлеуметтік өмірге, рухани салаға) және қоғамдық өкірдің  әрқилы агенттері (әлеуметтік, этникалық,кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа  топтар) мен жеке индивидтердің тұпкілікті мүдделеріне үйлестіре жасалынуы  керек. Саясат қоғамдық өмірдің ерекше сферасы бола отырып, саяси әрекетті іске асыруға қажетті барлық компоненттерге ие, оларға ұйымдар, идеология, әдістер, құрал- дар, саяси тәжірибе және саяси  әрекет субъектісі ретіндегі адамдар  жатады. Бірақ саясат сферасы биліктің қалыптасуы, мен қызмет етуінің шынайы ортасы болғандықтан аталған компоненттердің  барлығы онда қандай дөрежеде болмасын билікпен өзара әрекеттесуі тиіс.

     Тиімді  қызмет атқарып отырған мемлекеттік  билік өз қолына саяси бастаманы  алады, атап айтқанда, ол дамудың саяси  перспективасын жасайды, стратегиялық мөсе- лелер жүйесін ұсынады, тактиканы  өзгертіп, жетілдіреді, саяси жағдай мен қоғамдық көзқарасты саралап отырады. Билік ресурстарға, күш пен құралдар арсеналына ие бола отырып, саяси кеңістікте үстем құрылым ретінде көрінеді. Саясат пен оның міндеттерінің табысты шешілуі, саяси мәдениетті игеру, ресурстарды, күш пен құралдарды тиімді пайдалану мемлекеттік биліктің нығаюына алып келеді.

     Билік функңиялары оның әлеуметтік қажеттілігі мен мәнін бейнелейді. Бұл тарауда біз билік ұғымын жалпы қарастырып отырғандықтан, биліктің төмендегідей функцияларын бөліп көрсетуге болады:

     Ұйымдастьфушылық  функциясы. Билік адамдар қауымдастығын  белгілі бір тұтастыкқа ұйымдастырады. Ол осы қауымдастық өзінің тіршілік әрекетін іске асыратын әлеуметтік кеңістікті қалыптастырып, қауымдастық агенттері  арасыңдағы әлеуметтік қатынастардың  дамуы мен олардың қажеттіліктерінің  кднағаттануына қолғабыс етеді.

     Идеологиялық  функция. Адамдардың тіршілік етуі саналы процесс болғандықтан, билік бірігіп  тіршілік етудің керек екенін жөне қауымдастықта төртіпті сақтаудың, оның тіршілік әрекетінің перспективаларын айқындаудың мәнін теориялық  тұрғыда негіздейді. Адамдар қауымдастығында  іргелілігі мен қажеттілігіне орай билік бағалайтын саяси кұндылықтар  бар.

     Мәжбүрлеу, көндіру функциясы. Биліктің бұл функциясы "агрессивтілігімен" сипатталынады, ол мақсатты жөне бағынушыдан белгілі бір реакцияны талап етеді, өзінің еркін таңа отырып, шектеулер қою арқылы оның жүрістұрысын нормалайды. Мәжбүрлеу, көндіру үшін билік жазалау, сондай-ақ марапаттау сияқты ықпал ету құралдарын пайдаланады.

     Келісім функциясы. Бұл функция биліктің маңызды функцияларының бірі. Билік  төреші рөлін орындай отырып, дербес орган ретінде субъект-субъектілік  қатынастар жүйесінде әрекет етеді.

     Баскару функциясы. Бұл функция біріктіруші  сипатқа ие. Ол белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталып өткен функциялардың  барлығын қамтығанымен, олардың бірдебіреуіне  жатпайды. Олар тұтастай басқару процесінің сәттері, тараптары ретінде байқалады. Билік — басқарудың өзегі, басқару  жауапкершілігін көтеретін оның белсенді әрі әрекетшіл бастамасы.

     Қоғамдағы адамдар арасында болатын тәуелділік қатынастардың табиғи ортада болатын  осындай қатынастардан айырмашылығы зор. Ол қатынастар қоғамда өз мүдделерін түсінетін саналы тіршілік иелері адамдар  арасында қалып тасып, жүзеге асады, яғни субъект-субъектілік сипатта  болады. Билік осы қатынастарға төреші ретінде қатысады. Билік адамзат  қауымдастығындағы таза әлеуметтік құбылыс,ол әлеуметтік субъектілер  арасындағы өзара байланысты көрсетеді  және толықтай адамзат ойының жемісі болып табылады, оның шығу тегі мен әрекетінде ешкдндай ғажа- йып, киелілік жоқ. Саяси ойлар тарихында билік идеологтары билік пен билік кұрудың мифологиялық, табиғаттан тыс ғажайып бастауларын табуға әрекеттенгендерімен, барлық саяси мәдениетті саралау оның ерте заманнан біздің дәуірімізге дейінгі билік құрудың практикалық тәжірибесі ғана екендігін көрсетті. Демек, өлеуметтік өмір субъектісінің биліктік қатынастарды түсінуі мен билікті ұйымдастырудағы тәжірибесі қандай болса, билік те соған сай болады. Халық үшін қандай билік лайық болса, оның ақиқат болуы шүбәсіз. Билік әр түрлі деңгейде жүзеге асырылады. Биліктің іске асырылуының жоғары деңгейі мемлекеттік баскдру, яғни биліктік-басқару құрылымдары мен билік тармақтары бар мемлекеттік билік. Орта деңгейі- бірлестіктердегі, ассоциаңиялардағы, ұжымдардағы, өндірістік құрылымдардағы билік. Төменгі деңгей — әр түрлі кіші топтардағы билік. Ескеретін жайт, бұл деңгейлердің бәрінде билік институтталынған, бірақ деңгей төмендеген сайын ресмиленген құрылымдар мен нормалардың рөлі кеміп, ресми емес құрылымдар мен нормативтік құндылықтардың рөлі арта түседі. Аталған деңгейлерде биліктік іс-әрекетті нормалау маңызды проблема болып кала береді. Өйткені, биліктік іс-өрекет өз табиғатына сәйкес агрессивті, оның мәні бағындыру мақсатында еріктің көрініс табуы мен таңылуынан көрінеді. Саяси мәдениет билік құру мөдениеті бола отырып, толық мәнін демократия мен құқықтық мемлекетте нақты түрде алатын нормалық мазмұнды өзінде жинақтайды. Нормативтілік билік субъектілерінің өкілеттіктерінде, олардың іс-әрекеттерінің кұқықтық базасының айкъш анықталуында жүзеге аскднда оның агрессивтілігі алынып тасталынады.

     Билік агрессивтілігі сонымен қатар әр түрлі билік құрушы субъектілер  арасындағы көлбеу және тік биліктің орталықсыздандыру жолымен де алынып тасталынады. Билікті бір-бірін өзара  бақылайтын әрқилы тармақтарға бөлу, биліктік шешімдерді бірігіп қабылдау, билікті биліктігінің төменгі сатыларына беру, биліктің әсер ету өкілеттіктерін, кеңістігін шектеу, биліктің басынушылығынан  қорғайтын әр түрлі тетіктерді практикаға енгізу, билеуші мен бағынушы арасындағы кері байланысты қалыптастыру және осы  байла- ныстың мәнін көтеру — қоғамның биліктік басынушылықпен күресінің  түрлері мен әдістері болып табылады. Биліктің әмбебаптылығы оның қоғамдық өмірдің барлық салалары мен құрылымдарында, атап айтқаңда: экономикалық, әлеуметтік, әскери салаларда, күнделікті тұрмыста, саясатта, тұрақты және уақытша ассоциаңияларда, ресми немесе бейресми ұйымдарда, топтар арасында және жеке адамдар арасындағы кдтынастарда қызмет етуінен көрінеді. Билік барлық жерде әрқашан болады және өзіне тән функңияларды орындай  отырып, әр түрлі сфералар мен құрылымдардағы билік шешімдерінің мазмұны мен билік өкілеттіктерін жүзеге асыратын құралдар мен әдістер арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.

     Экономикада ол өзінің іс-әрекетін экономикалық саясатты жасақтау базасында жүзеге асырады, мұнда билік экономикалық марапаттау немесе жазалау құралдары арқылы экономикалық өмірдің субъектілеріне, олардың экономикалық мүдделеріне  өз ықпалын жүргізеді Билік өзінің жеке өлеуметтік өмірінде әлеуметтік саясатты жасайды, мұнда биліктік әсер ету объектісі — адамдар, олардың  әлеуметтік мүдделері, мәртебелік жағдайы, ал құралдары — мүдделер мен жағдайға ықпалын тигізетін шешімдердің  кабылдануы және жүзеге асуы болып  табылады. Билік рухани салада адамдарға, олардың көзкарастары мен жүріс-тұрыстарына  әсер ету үшін білімдер мен ақпараттарды пайдаланады. Мектеп, шіркеу, ғылыми-ағарту ұйымдары. қоғамдық бірлестіктер мен  БАҚ секілді рухани мекемелер  рухани билік жүзеге асатын құрылымдар болып саналады.

     Әскерилер билігі. Армия саласы мен күштік құрылымДардағы әскерилердің билігін  қоғамдағы әскери биліктен айырып алғанымыз  жөн. Армия, күштік құрылымдар төтенше жағдайларда ғана әрекет ету ұшін бағытталғандықтан биліктік импульстар жоғарыдан келеді, олар ешқандай талқылауға жатпайды және сөзсіз орындалуға тиісті. Армия жасақталу тәсілі, әлеуметтік міндеттері бойынша демократияға қызмет етуі мүмкін бола тұрса да, өзінің құрылымы, қызметі, өз әрекетінін кеңістігі бойынша демократиялық мекеме бола алмайды. Бірақ белгілі бір дағдарыс жағдайларында әскери басшылық тәртіп орнату және дағдарыстан шығу мақсатында билікті өз қольпіа алуы мүмкін. Бұл жағдайда олар билік құралы ретінде өздерінің төл әдістері мен ұйымдық құрылымдарын қолдануы мүмкін. Билік органдары мен құрылымдарында саясат биліктік әсер етудің негізі, қозғаушы күші мен шешуші кұралы болғандықтан, билік пен саясат бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Осы ерекшелікті белгілеу үшін саяси билік термині қолданылады. Бұл мемлекеттік билік, қоғамдық ұйымдар мен партиялардағы билік.

     Ол  мемлекет пен мемлекеттік билікті, мемлекеттік билікті қалыптастыруға қатыстыру мен оған қысым көрсету  жолымен пайдалануға ұмтылады. Яғни адамдардың үлкен бұқарасының өрекетін біріктіруге жөне олардың бірлігін қамтамасыз етуге ұмтылу, саяси шешімдердің  үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік  билікке әр түрлі жолмен қысым  көрсету — саяси биліктің өзіне  тән ерекшеліктері. Билікті жіктеген кезде қоғамда ашық, заңды билікпен кдтар жасырып, заңсыз, мафиялық биліктің бар екендігін ескере кеткеніміз абзал. Өйткені қоғамдық өмір көп  қатпарлы, онда өзінің биліктік қатынастарын қалыптастырып, әрекет ететін жасырын  тұстар да бар. Мафиялық биліктің іс-әрекеті деструктивтік сипатта болғандықтан, қоғам мен мемлекет оның мемлекеттік тіркеуден өтуін, іс-әрекетінің зандастыруын, кұкықтык нормаларға бағынуын талап ете отырып, онымен күрес жүргізуге мәжбүр. Жасырын мафиялық билік мемлекеттің бақылауында болмайтың құрылымданған жүйе.

     Мафиялық  құрылымдардың мемлекеттік билікпен араласып кетуі қоғамдық қауіпті  тудырады, ал бұл қоғамдық өмірдің  қылмысқа толы болуына, зорлық-зомбылық пен заңсыздыққа алып келеді. Осындай  араласып кету мафиялық ұйымдардың қолында  аса зор қаржы қоры болуыңан мүмкін болады, осының арқасында олар мемлекеттік  шенеуніктерді, саяси қайраткерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін сатып алу мүмкіндігіне ие, ал қоғамның жеткілікті түрде ұйымдаспаған тұрғындары оларға адам ресурстарын  беріп отырады. Тұлға үшін биліктің өзіндік ерекшелігі мен маңызды  көрінісі — оның тұлғалық, мөдени-этикалық. психологиялық аспектісі. Тұлғалық тұрғыдан алғанда билік құру —  ерекше психологиялық кеңістік. Билік құрудың екі бағытта жүргізілетінін ескеру қажет: біріншіден, ол басқа адамдарды бағындыру, олардың жүріс-тұрысын реттеу, олардың тіршілік өрекетіне араласу мақсатында басқа адамдарға кдты- настағы еріктің көрінуі болып табылады. Бірақ басқа адам- дар сияқты билік құрушы субъекті де адам, сондықтан оның басқалардың мүдделеріне, өмірлеріне араласуы, оларға каты- наста баскару, бақылау, ерік функңияларың жүзеге асыру — аса жауапты, агрессивті және осыған орай моральды-пси- хологиялық тұрғыдан алғанда күрделі іс-әрекет. Барлық адамдар бұған дайын емес жөне оны қажет етпейді де. Ол тек әуесқойлар үшін деп айтуға болады.

     Батыс ғалымдарының зерттеулері бойынша, өркөкірек адамдар баскаларға өз үстемдігін жүргізіп, әлеуметтік мәнін  таныту үшін энергиясын билік құру аумағында жұмсайды. Кейбір психологтар билік құруға ұмтылатын адамдарды садистік әрекеттерге бейім деп есептей отырып, психогендік негіздерге баса назар аударады. Бұдан өзге, билік құру тұлғаға, оның ішкі құрылымына "бағытталуы, өзін-өзі тәрбиелеудің, өзін-өзі бақылаудың, өз бетінше әрекеттенудің еріктік актісі, жеке белсенділігінің психологиялық негізі болуы мүмкін. Яғни жеке адам, индивид соңы, ажырамас, атомарлық әлеуметтік субъект болып табылса, билік құру өзіне-өзі билік құру ретінде және жүрістұрысын өзі реттеуге, өзің-өзі бақылауға, тіршілік өрекетінің жеке психологиялық тұрғыда саналанған кеңістігін қалыптастыруға бағытталған терең тұлғалық, мәдени-этикалық, психикалық акция ретінде жүзеге асуы мүмкін. Әлеуметтік жөне саяси ойлар тарихында билік құрудың осы бағыты зерделеніп, идеологиялық тұрғыда қолданылған. Динамикалық, сондықтан агрессивті батыстық өрке- ниет көбінесе бірінші бағытты қолданды. Ол, ең алдымен, жаппай мақсатты акциялар, төңкерістер (революциялар, жаулап алулар, ірі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру) негізінде жеке адамның тіршілік әрекетінің анықтаушы факторы ретіндегі оның өмір сүруінің сыртқы жағдайларын түбірімен өзгертуге болады деп есептеді.

     Шығыстың  кейбір дамыған өркениеттерінде (Үндістан, Қытай) билік құрудыц баскд бағытына назар аударады. Дәл осы жерлерде, әлеуметтіліктің жеке тұлғалық аспектісінен шыққан, жеке адамның деструктивті эмоциялары мен әрекеттерін тежеу  үшін өзін-өзі игеру, өзін-өзі бақылау  формасындағы биліктік санкцияның қолдану  қажеттілігіне негізделген буддизм, конфуциандық сияқты дүниетаным- дық, мәдени-этикалық жүйелер пайда болды.

     1. Көшбасшылық қазіргі кезде өте  қажетті және бағалы фактор. Ол  мінез-құлық ретінде қарастырылады.  Көшбасшылық жалпы ұйымдық мақсатқа  жету үшін жеке тұлғаның адамдар  тобына әсер ету процессі.

     Көшбасшылық түсінігімен билік концепциясы  тығыз байланысты,  себебі ол ықпал  ету процессінің бөлігі болып  табылады. Билік- бұл белгілі бір  жағдайға ықпал ету мен адамдарға  әсер етудің шынайы мүмкіндігі.

2. Ұйымдарда  биліктің екі негізгі нысанын  бөліп көрсетуге болады: лауазымдық  билік және жеке тұлғалық билік. 

     Френч және Рейвен құрастырған билік нысандарының жіктелуі кең тараған. Олардың зерттеулеріне  сәйкес биліктің келесі нысандары бар:

  • мәжбүрлеуге негізделген билік: орындаушы әсер етушінің жазалауға немесе белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға кедергі жасау мімкіндігі бар екендігіне сенімді;
  • марапаттауға негізделген билік: орындаушы әсер етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға мімкіндігі бар екендігіне сенімді;
  • заңды билік: орындаушы әсер етушінің бұйрықтар беруге құқығы бар, ал оның міндеті – оған бағыну екндігіне сенімді;
  • экспертті билік: орындаушы әсер етушінің қалаулы нәтижеге жетуге мімкіндік беретін белгілі бір салада арнайы білімі бар екендігіне сенімді;
  • эталонды билік: әсер етушінің жеке қасиеттерінің тартымдылығы орындаушы үшін соншалық, ол әсер етушіге бағынуға дайын (харизмаға негізделген билік).

     Басшы биліктің бұл нысандардың барлығын да қолдануы мүмкін. Бірақ, қазіргі  кезеңде таза билік негізінде  басқару мүмкін емес, себебі ұйымдардың сыртқы ортасы елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан да басқарушыға ықпал  ету,сендіру және қатысуды қолдану тиімді болып отыр. Сендіру - өз көзқарасын тиімді жеткізу (беру).

Информация о работе Басшылық пен қолбасшы