Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 21:25, реферат
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Кiрiспе
1. Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні.
2. Бюджеттің операциялық және қаржылық бюджетке бөлінуі.
3.Корпоративтік қаржының стратегиялық міндеттері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- корпорация қызметінің нарықтық жағдайларға үйлесетін стратегиялық мақсатын белгілеу жэне оған қол жеткізу жолдарын іздестіру есебінен, қаржының жай-күйін диагностикалау негізінде қаржыны бас-қарудың (қаржы менеджменті) тиімді менеджментін әзірлеу.
Корпорациядағы қаржы жүмысын арнайы қаржы қызметі немесе бухгалтерия жүзеге асырады. Қаржы қызметіне мына міндеттер жүктеледі өндірістік-коммерциялық қызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның балансын өтімділікпен қамтамасыз ету активтің (мүліктің), меншік капитал мен сатудың кірістілігінің өсуін қамтамасыз ету есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің (заңды жэне жеке тұлғалар) алдындағы қаржы міндеттемесін орындау жедел (ағымдағы) және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын (бюджеті) әзірлеу ақша ресурсының ұтымды қозғалысын (ақша ағындарын) бақылау. Қаржы қызметінің басшысы корпорация қаржысының жай-күйі, қаржы жұмысының барлық түрлерін басқару, сонымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акционерлік компанияның жетекші өндірістік-коммерциялық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істеиді.
Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
- Қаржыны жоспарлау (кірісті, шығын мен капиталды бюджеттендіру).
- Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел (ағымдағы) қызмет.
- Бақылау-талдау жұмысы.
Қаржыны жоспарлау деген қаржы жоспарының (бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу және олардың орындалуын талдау. Бюджетті құрылымдық бөлімшелер (жауапкершілік орталығы) бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай жауапкершілік орталықтарын құру ұсынылады кіріс бойынша, сонымен бірге коммерциялық және маркетингтік қызметті басқару шығын бойынша, сонымен бірге өндірісті, негізгі құрал-жабдықпен жабдықтауды және жөндеуді басқару пайда бойынша, сонымен бірге қаржы қызметін басқару инвестиция бойынша, оған техникалық даму мен кәсіпорын қызметкерлерін басқару кіреді. Жауапкершілік орталығының құрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді.
2) Бюджет операциялық және қаржылық бюджетке бөлінуі.
Операциялық бюджетінің құрамына мыналар кіреді:
- сату бюджеті;
- өндіріс бюджеті;
- өндірістік запас бюджеті;
- материал мен энергия шығынының бюджеті;
- еңбекақы шығынының бюджеті;
- амортизациялық аударым бюджеті;
- жалпы өндірістік шығын бюджеті;
- коммерциялық шығын бюджеті;
- басқарушылық шығын бюджеті.
Қаржы бюджеті:
- кіріс пен шығыс бюджеті (пайда мен залал есебінің болжамы);
- ақшалай қаражат қозғалысының бюджеті;
- баланстық парақ бюджеті (актив пен пассивтің болжамды балансы);
- айналым активі мен оны қаржыландыру көздерін қалыптастыру бюджеті;
- күрделі қаржы (инвестициялық) бюджеті.
Бюджет сондай-ақ келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:
* жасалу кезеңділігі бойынша - кезеңі және тұрақты;
* Көрсеткішті есептеу тәсілі бойынша - өткен кезеңнің деректеріне негізделетін және басынан бастап әзірленетін;
* өзгерістің ықпалын есептеу бойынша - тіркелетін, өзгеретін және көпнүсқалы.
Бюджетті әзірлеу үшін келесі ақпарат пайдаланылады:
- өнімді (жүмысты, қызметі) сатудан алынатын түсім жөніндегі болжамды деректер;
- өндірістік шығынның ауыспалылары жөніндегі әрбір тауар тобы бойынша деректер;
- тұрақты ауыспалы жөніндегі қорытындыланған, жеке түрлерге бөлінген деректер, бұлар жеке бұйымдардың табыстылығын негізді бағалауға мүмкіндік береді;
- өнім сатудан алынатын түсімнің жалпы мөлшеріндегі баспа-бас айырбастың, өзара есепке жатқызудың өзіндік салмағы туралы болжамдық деректер;
- салық төлеміне, мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорға жарнаға, банк кредитіне және оларды өтеу мүмкіндіктеріне қатысты төленетін болжамдар;
- кәсіпорынның өндірістік әлеуеті (негізгі құрал-жабдықтың құрамы мен құрылымы, олардың ескіру мен тозу деңгейі, істен шығу мен жаңару, қор қайтарымы мен табыстылығының коэффициенті);
- күрделі салым мен оларды қаржыландыру көзі мөлшерінің болжамы;
- айналым активінің құрамы мен құрылымының, олардың өсу және қаржыландыру көзінің мөлшерін айналымдылық және айналым активінің кірістілік көрсеткішінің болжамы және т.б.
Бюджетті басқаруға көшу үшін бірінші кезекте орындалатын іс-әрекет:
- Экономикалық әлеуетті (ресурс жэне қаржы) талдау.
- Басқарушылық есеп пен есеп беруді енгізу
- Қызметкерлердің есебін жүргізу
- Қаржыны басқару жүйесін құру, яғни қаржы есебі орталығын бөлу.
- Операциялық жэне қаржы бюджетін, сондай-ақ олардың пайдалануын бақылауға арналған тиісті есепті дайындау.
Корпоративтік қаржыны басқару тиімділігін арттыру мақсатында әрбір компанияда автоматтандырылған бюджеттік жоспарлау жүйесін (жергілікті компьютерлік жүйе) құрып, енгізу орынды. Аталмыш жүйе бюджеттің орындалуы жөнінде жедел (күнделікті) ақпарат алуға және кіріс және шығыс бөлікке дер кезінде нақтылау енгізуге септігін тигізеді. Бюджетті талдаумен қатар бухгалтерлік есеп-қисаптың қаржысын талдау корпоративтік бақылаудың маңызды элементі болып табылады.
Қаржыны талдаудың мынадай түрлері қолданылады:
* деңгейлес;
* сатылас;
* трендік;
Қаржы коэффициенттері (қаржыны тұрақтылығы, төлеу қабілеттілігі, баланстың өтімділігі, активтердің пайдалылығы, меншік капитал мен сату, активтердің айналымдылық) салыстырмалы (кеңістіктік) факторлық өндірістік-коммерциялық қызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның балансын өтімділікпен қамтамасыз ету,
активтің (мүліктің), меншік капитал мен сатудың кірістілігінің өсуін қамтамасыз ету, есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің (заңды жэне жеке тұлғалар) алдындағы қаржы міндеттемесін орындау, жедел (ағымдағы) және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын (бюджеті) әзірлеу ақша ресурсының ұтымды қозғалысын (ақша ағындарын) бақылау. Қаржы қызметінің басшысы корпорация қаржысының жай-күйі, қаржы жұмысының барлық түрлерін басқару, сонымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акционерлік компанияның жетекші өндірістік-коммерциялық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істеиді.
Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
- Қаржыны жоспарлау (кірісті, шығын мен капиталды бюджеттендіру).
- Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел (ағымдағы) қызмет.
- Бақылау-талдау жұмысы.
Қаржыны жоспарлау деген қаржы жоспарының (бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу және олардың орындалуын талдау. Бюджетті құрылымдық бөлімшелер (жауапкершілік орталығы) бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай жауапкершілік орталықтарын құру ұсынылады кіріс бойынша, сонымен бірге коммерциялық және маркетингтік қызметті басқару шығын бойынша, сонымен бірге өндірісті, негізгі құрал-жабдықпен жабдықтауды және жөндеуді басқару пайда бойынша, сонымен бірге қаржы қызметін басқару инвестиция бойынша, оған техникалық даму мен кәсіпорын қызметкерлерін басқару кіреді. Жауапкершілік орталығының құрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді.
Қорытынды
Корпоративтік қаржы экономикада еңбекті халықаралық бөлуде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға, нақты экономикаға инвестициялар тартуғу, сонымен бірге ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуге ықпал етеді. Мемлекеттің әріптестері ретінде ірі корпоративтік құрылымдар өндірістің материалдық ресурстары мен капиталын біріктіреді. Корпоративтік қаржы ел экономикасының одан ірі дамуына, тұрақтануына әсер ететін пән болып табылады. Сондай – ақ компания иелерінің меншігін және әл - ауқатын арттыру негізін игеруге теориялық және практикалық пән болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. google.kz
2. yandex.kz
3. «Корпоративтік қаржы» Кадерова Н.Н