Баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 21:25, реферат

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Содержание

Кiрiспе
1. Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні.
2. Бюджеттің операциялық және қаржылық бюджетке бөлінуі.
3.Корпоративтік қаржының стратегиялық міндеттері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 86.50 Кб (Скачать)


 

 

 

Жоспар

 

 

Кiрiспе

 

1. Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні.

 

2. Бюджеттің операциялық және қаржылық бюджетке бөлінуі.

 

3.Корпоративтік қаржының стратегиялық міндеттері.

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Кіріспе

 

        Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының  дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

        Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бұлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі ұлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бұл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.

        Қорыта келгенде, қолдағы қаржы мемлекеттік ұлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1)    Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні.

        Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

        Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.

        Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:

- капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;

- капитал, кіріс жэне ақша қорын пайдалану;

- бақылау функциясы.

       Бірінші функция ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады. Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік қүжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған жәңе есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі. Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.                          Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принициптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;

- өзін-өзі өтеушілік жэне өзін-өзі қаржыландыру;

- айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік жэне қарыз бойынша бөлу;

- қаржы резервінің болуы.

     Өзін-өзі реттеу принципінде кәсіпорынға (корпорацияғa) қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.  Кәсіпорын (корпорация) өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылатын өнімге (қызметке ) сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді. Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді (қызметті) тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға (келісімшартарға) негізделеді. Қаржы жоспары өндірістік жоспарда (бизнес-жоспарда) қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс. Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың (таза пайданың), ал өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат кэсіпорынға (корпорацияға) тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.  Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс.   Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады. Өзін-өзі қаржыландыру принципінде кәсіпорынның (корпорацияның) шартты міндеттемелерді, кредит-есеп айырысу және салық тәртібін сақтау үшін материалдық жауапкершілігі күшейтіледі. Кәсіпорын шаруашылық шарттарды бұзу үшін басқа ұйымдарға айыппұл санкциясын төлеп, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуде (тұтынушының келісімінсіз) өнім (жұмыс, қызмет) жеткізу міндеттемелерін орындауға міндетті.

         Өзін-өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыру үшін төмендегі бірқатар талаптарды сақтау қажет, олар:

- меншік капиталды ағымдағы ғана емес, инвестициялық қызмет бойынша шығынды өтеуге жеткілікті мөлшерде жинақтау;

- капитал салынатын ұтымды бағыт таңдау;

- негізгі капиталды ұдайы жаңарту;

- тауарлық жэне қаржы нарығының қажетіне икемді ден қою.

     Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдас тыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда (сауда, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б.) айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда (ауыр өнеркәсіп, көлік, байланыс) айналым каражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.  Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның (корпорацияның) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады. Іс жүзінде осы принциптер шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы саясатын әзірлеуде және қаржыны басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұның өзінде:қызмет саласын (коммерциялық жэне коммерциялық емес қызмет);

қызметтің түрін (бағытын) (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда және т.б.); кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеру қажет. Практикада көрсетілген принциптерді сақтау кәсіпорын (корпорация) қаржысының тұрақтылығын, оның төлем қабілеттілігін, кірістілігі мен іскерлік белсенділігін қамтамасыз етеді.

       Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда корпорацияның өзінің меншік иелерінен дербес тіршілік ететіні оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін:

- деңгейлес корпорациялау;

- сатылас корпорациялау;

- әртараптандырып корпорациялау.

      Деңгейлес корпорациялау бір тектес өнім нарығында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылық ретінде қарастырылады. Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны; инновациялық әлеуетті, өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін; сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет.  Республикада деңгейлес корпорациялаудың даму табалдырығы «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңда (14-бап): белгіленген тауар нарығында жиынтық  үлесі 35%-ды құрайтын нарық субъектілерінің кез келген; нысандағы толықтай немесе ішінара жетіскен келісімі деп белгіленген. Осы табалдырықтан асу бәсекені шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін деп саналады.

        Сатылас корпорациялау шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ыкпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жетіскен үздіксіз өндірісте (химия, металлургия, мүнай жэне газ өнеркэсібі жэне т.б.) артады. Сатылас корпорациялау табылдырығына жеткенде технологиялық және кооперациялық байланысты одан әрі кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады.

      Әртараптандырылған корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен қалыптастырылады. Корпорациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік қызметтің тәуекелі, сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдаятынан тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі, жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылыққа, сондай-ақ сыйымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келешекте жоғары пайда алынады. Әртараптандырылған корпорациялаудың даму табалдырығына жеткенде қызмет шеңберін кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады. Пайда алу мүмкіндігін айтарлықтау кемітпеу және акционерлердің әл-ауқатына эсер етпеу үшін жаңа өндіріс кұруға жұмсалатын шығын жоғары болмауы тиіс.  Әртараптандырылған корпорациялауда өндірістің тиімді теңгерімділігіне қол жеткізу үшін активтердің орынды балансына және жалпы операциялық тұрақтылыққа жетуге   мүмкіндік беретін қоржын стратегиясы қолданылады.  «Корпорациялау нысандарын тиімділік өлшемі бойынша  қарастырсақ, әртараптандырылған және сатылас сызба тиімді,  ал деңгейлес сызба тиімсіз деген пікір қалыптасса да, олардың  қайсысының тиімді екенін дәл айту қиын. Алайда әлемдік  тәжірибеде олардың тиімділік дәрежесі бірдей бағаланбайды.» Осы нысандардың әрқайсысы өзінің тиімділігін экономикалық «тіршілік етуі» құқылы және өндірісті ұйымдастырудың белгіленген жағдайы мен ортасында көрсетеді.  Корпоративтік топтың өндірістік, технологиялық, қаржы қызметінің ауқымы мен оларды біріктіру есебінен дамуымына артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Корпорацияның тіршілік ету кезеңі шектелмейді (ак-циялар басқа тұлғаларға берілуі мүмкін, ал кәсіпорын  мәңгі жұмыс істеуі мүмкін) шектеулі жауапкершілік (корпорация меншік иелеріне шектеусіз жауапкершілік жүктемей-ақ өз атынан ақша  нысанындағы капиталды тартуға құқылы. Демек, корпорацияға қойылған талапты қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеуге болмайды);трансакциялық шығынды үнемдеу;топтың жекелеген қатысушыларының беделін біріктіру қосымша активті үлестіру есебінен алынатын синергия (үлкен тиімділік) топқа катысушылардың арасындағы мүліктік қатынастардың есебінен уәждемесінің күшеюімен байланысты инновациялық артықшылықтар пайданың көп үлесін қайта инвестициялаумен, акцияның бағамдық құнының өсу уәждемесімен, сондай-ақ қомақты қарыз капиталын (кредит пен облигациялық қарыз) тарту мүмкіндігімен байланысты инвестициялық артықшылық топқа қатысушылардың арасындағы ақпаратпен қарқынды алмасуды қамтамасыз ететін, сонымен бірге өндірісте инновацияның бейімделуіне қолайлы жагғдай жасайтын, инвестициялық шешімдердің сенімділігін арттыратын ақпараттық артықшылық  білікті кәсіпкерлердің ықпал ету саласын кеңейту бір іскерлік топқа қатысушылардың бірін-бірі іс жүзінде өзара сақтандыру және т.б.

            Корпоративтік форманың елеулі кемшілігінің бірі - оған қос дүркін салық салынуы (корпоративтік табыс салығы және дивидендтік табысқа салынатын салық) болып табылады, алайда серіктестік нысанында жүмыс істейтін шағын корпорация тек корпоративтік табыс салығын ғана төлейді.  Бүкіл әлемде корпорация түріндегі акционерлік қоғамның сан алуан түрі бар. Нарықта әр елдің жүріс-тұрыс ережесі әр түрлі, алайда олардың ең басты ерекшелігі - ұжымдық (көпшілік) меншік құқығы және шектеулі жауапкершілік сол күйінде қалды.

   Қаржы саясаты қаржыны корпорацияның құрылтай құжатында (жарғысында) белгіленген стратегиялық және тактикалық міндеттерге, мысалы, тауар (қызмет) нарығында жайғасымды күшейту, сатудың қолайлы мөлшеріне, актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету, сонымен бірге төлеуге қабілеттіліктің және баланстың өтімділігін сақтау, меншік иелерінің (акционерлердің) әл-ауқатын арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізу үшін орынды пайдалануды қарастырады.

    Қаржы саясатының мағынасы келесі буындардан құралады қаржыны басқарудың жоғары кірістілікті және коммерциялық тәуекелдерден қорғауды ұштастыратын оңтайлы тұжырымдамасын әзірлеу ағымдағы кезеңде қаржы ресурсы пайдаланылатын негізгі бағыттарды анықтау қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған практикалык, іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3)   Корпоративтік қаржының стратегиялық міндеттері.

 

        Қаржы саясатының стратегиялық міндеттері мыналар болып табылады:

- пайданы экономикалық өсу көзі ретінде барынша ұлғайту;

- капиталдың құрылымы мен құнын оңтайландыру, корпорацияның қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін қамтамасыз ету;

- корпорация қаржысының меншік иелері (акционерлер, құрылтайшылар) инвесторлар мен кредиторлар үшін ашық болуына қол жеткізу;

- корпоративтік бағалы қағаз эмиссиясының, қаржы лизингінің, жобалық қаржыландырудың көмегімен капитал тартудың нарықтық механизмы пайдалану;

Информация о работе Баскару