Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 11:25, реферат
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерінбілдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға болады?