Басқарудың әкімшілік-ұйымдастырушылық әдістері

Автор: m************@live.ru, 25 Ноября 2011 в 16:56, реферат

Описание работы

Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық ұйымдастырушылық қызметі .Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады .

Работа содержит 1 файл

реферат по менд басқару.doc

— 154.00 Кб (Скачать)

          Заңды күші бар нормативтік – құқықтық актілерге: Қазақстан Республикасының  Конституциясы; Қазақстан Республикасының  заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңға сәйкес актілері және тағы басқалар жатады.

          Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік- басқарушы  қызмет жөнінде белгілі бір қорытындыға келу- көптеген себептерге байланысты мүмкін емес. Ең бастысы, мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Сондықтан болар, бүгінде қоғамымызда айтарлықтай талаптар туындап отыр. Олар- қоғам өмірінің негізгі бөлігіне мемлекет тарапынан орталықтандырылған түрде ықпал ету, атқару тәртібін күшейту, ортақ іс жөніндегі басқарушы мен басқарылуының өзара жауапкершіліктерін арттыру, кейбір объектілерін қайтадан мемлекет қарамағына беру.

          Бүгінде мемлекеттік басқарушы қызметтің  мына түрлері жүзеге асырылады:

          Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді  басқару;

          Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің  атқаратын қызметтерін реттеу;

          Республика  аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды  дайындау және жүзеге асыру;

          Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету|;

          Басқару және реттеу аяларындағы жұмыстарға мемлекеттік бақылау және қадағалау  жүргізуді жүзеге асыру;

          Шаруашылық, әлеуметтік – мәдени және әкімшілік – саяси құрылыс жүйелерінің қызмет бағыттарын ретке келтіру;

        Шаруашылық өмірдің құқықтық  және ұйымдастырушылықтың негіздерін  белгілеу жіне күнделікті өмірде  тимді жүргізу. Мысалы: кәсіпкерлікті  мемлекет тарапынан ынталандыру  және қолдау: барлық  меншік нысандарының тең құқықтығын қамтамассыз ету; тұтынушылардың құқықтығын қорғау; меншік иесінің құқықтарын қорғау.

        Құрылымдық бөлімдердің мәртебелері  олар туралы ережелермен белгіленеді.  Ережелер әдетте ҚР Үкеметінің  қаулысымен бекітіледі. Ережелер сол құрылымдық бөлімдердің іштей ұйымдастыру негіздерін кешенді түрде белгілейтін, сондай-ақ бөлімдердің біртұтас мәртебесін айқындайтын құқықтық актілер болып табылады.

         Мемлекттік басқарудың бағдарлама  нысанасы, олардың ауысуы оның  қызметіне, әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік меншік аясының ықшамдалуы нарықтық қатынастарға өтуді жеделдету, жергілікті өзіндік басқаруды дамыту процестері мемлекеттік басқару қызметінде, әдістері мен нысандарында көрініс тауып отыр. Қоғамда  және мемлекеттік басқаруда қызметтерінің маңызы көзқарастарға айтарлықтай өзгерістер енгізе алған жоқ. Мемлекеттік басқару қызметтерін мәні жүзеге асыру механизмдерінде ғана жаңа элементтер пайда болды. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес аяларға байланысты өзгеріп отырады және әртүрлі дәрежедегі мемлекет ықпалына ұшырайды.

      Қызмет  жөніндегі мәселелердің екі аспектісі көрініс табады. Олар: мемлекеттік басқару қызметтері және оның субъектілерінің қызметтері болып табылады. Бүгін де мемлекеттік басқару органдарының қызметтері айтарлықтай дәрежеде өзгерістерге ұшырауда. Жоспарлау, материалдық-техникалық және басқа да жүйелерінде қызметтердің өрісі тарылған. Олар көбінесе нарықтық экономикаға өтумен шартталған. Монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру, жұмыссыздықтың пайда болуына байланысты, әртүрлі салаларда кәсіпорындар мен мекемелерді негізінен алу сияқты жаң өызметтер пайда болады.

      Алдыңғы қатардағы қызметтерге болжамдау, үйлестіру, реттеу және бақылау жатады. Мемлекеттік басқару қызметі  ретіндегі жоспарлаудың маңызы төмендетіліп тек орталық және тұйықталған  жүйелермен шектеліп отыр. Осы жайтты келеңсіз деп айтуымызға болады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзі жоспарлаудың тиімді екені, оған көшу қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр. Жоспарлау мемлекеттік басқаруды ойдағыдай ұйымдастырудың объективті қызметі негізі және басты қызметі болып есептелінеді және мемлекеттік басқарудың қызметі ретінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың мәні мен нормативтік реттеу; қандай да болмасын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың атқарылуына бақылау жүргізу; лицензия беру; мемлекеттік шарттар жасау, тіркеу; тиісті қағидалармен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқытары мен мүдделерін мемлекеттік қорғау: олардың қызметтерінің жалпы бағыттары; оларды ойдағыдай жүзеге асыруға жәрдемдесу жатады.

      Мемлекеттік реттеудің дәстүрлі құралдары қатарына салықтар, мемлекеттік тапсырыстар, стандарттар, кедендік тарифтер мен баждар жатады. Олар әртүрлі құқықтық нысанда болады, бүгінде мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік қызметке, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтеріне ойдағыдай экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістердің көмегімен және әртүрлі нысанда жүргізіледі. Қазіргі кезеңде өте кең түрде пайдаланылатын мемлекеттік реттеу – тіркеу және лицензиялау болып табылады. Кең мағынада мемлекеттік реттеу қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жалпы жүріп-тұру қағидаларын мемлекеттік тарапынан белгілеу болып табылады. Оның субъектілері өкілді (заң шығарушы) және атқарушы билік органдары болып саналады.

    Осы саладағы реттелген қатынастардың қатысушыларына сот билігі субъектілері де белгілі бір мөлшерде ықпалын тигізеді. Мемлекеттік реттеудің дәстүрлі түрде қалыптасқан құқықтық нысандары заңдар, заңға сәйкес актілер және сот актілері болып табылады.

    Тағы  бір тұрғыдан алғанда, мемлекеттік  реттеу мемлекеттік басқару қызметтерінің бірі болып саналады. Әсіресе, қазіргі кезеңде осы қызметтің тек экономиканы басқаруда өте ұтымды болып қана қоймай, сонымен бірге, әлеуметтік-мәдени салаларды реттеуде де маңызы зор болып отыр. Нарықтық экономика жағдайында туындап отырған өте күрделі жайлар – нақты кезеңнің ерекшеліктерін уақытылы есепке алу және басқару құрылымдарын келешекте дамытып, жетілдіру мәселелері.   
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Менеджмент  негіздері. Ахметов К.Ғ.,-2005. 380-390 б.

2.Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшіліктері

                   Ақиқат 2000 №5   44-47 б.Найманбаев  С.

3. Ақиқат. 2001. №11  67-72 б.

4. Басқаруіс-әрекетін жетілдіру жолдары. Ақиқат  2003. №1  30- б.

5.Мемлекеттік басқарудың демографиялыу әдістері.                                                                             Тоқтыбаев 2003. №6  39-43 б.

6.Басқару есебінің қазіргі кездегі теңденсиясы. Жамғанв А. Аханова П. Жаршы 1999 №1  8-12 б.

7.Мемлекетті басқарудың басты бағыттары. Найманбаев С. Заң 2000 №9  32-37 б.

8. Басқару іс-әрекетінің жетілдіру жолдары. Әлімбеков М.   2000 №5-6   61-68 б.

9. Менеджмент  негіздері: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 260 б.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Басқарудың әкімшілік-ұйымдастырушылық әдістері