Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 18:28, контрольная работа
1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары.
Банк секторын дамытудың жекелеген аспектілері туралы
ақпараттық
анықтама
1. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржылық қадағалау агенттігінің банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктерді олардың қаржылық жай-күйіне байланысты маңызды проблемалар туындаған кезде қолдау жөніндегі шаралары.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау мақсатында уәкілетті орган банктердің қызметін, оның ішінде:
пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар белгілеу;
банктер орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығару;
банктердің қызметін тексеру;
банктің қаржылық жай-күйін қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру;
банктерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;
банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар салу жолымен реттеуді жүзеге асырады.
Сонымен қатар Банктер туралы Заңда банктің меншікті капиталының теріс мөлшері белгіленген кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен оның акционерлерінің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға және оларды сатып алу бағасы бойынша жаңа инвесторға банк капиталының ұлғаюына және инвестор қабылдаған міндеттемелерді ескергенде оның қалыпты жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттармен дереу сатуға құқылы екендігі көзделген.
Жалпы алғанда, мемлекеттің банктерге қаржылық көмек ұсынуының кейбір жолдары қазіргі таңда 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарының аясында көзделгенін атап өту қажет. Атап айтқанда, осы Жоспардың шешуші бағыттарының бірі банктерді ішкі дереккөздері есебінен қаржыландыруды ұлғайту, нақты секторға жататын ірі перспективалы жобалар мен шағын және орташа бизнес жобаларын одан әрі орнықты кредиттеуді қамтамасыз ету, еліміздің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты және үлескерлер құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қаржы секторы субъектілері тұрақтылығының сақталуына жәрдемдесу болып табылады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың өзара әрекет жасауының тиімді жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ қаржылық қатынастар субъектілерінің тәуекелдерін реттеу бойынша үйлестірілген саясат жүргізу мақсатында 2007 жылғы 10 қарашада Ұлттық Банк, Агенттік және Үкімет арасындағы қаржылық тұрақтылық мәселелері жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Меморандум қаржы нарығында жүйелі тәуекелдер туындаған жағдайда билік органдарының өзара іс-әрекет жасауы және үйлестіру мәселелерін реттеуі тиіс. Атап айтқанда, өтімділікпен қындықтар туындаған кезде банктерді қолдау мәселелері, мемлекеттің қайта капиталдандыру және банктердің «жағымсыз» активтерін басқару рәсімдеріне қатысу мәселелері.
Сондай-ақ Ұлттық Банктің банк займдарын беру мәселесі бойынша Агенттік, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен қарызға қаражат алғысы келетін екінші деңгейдегі банк арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-әрекет жасау туралы үшжақты Келісім жасасу бойынша шаралар қабылданды.
Осы Келісім екінші деңгейдегі банкке ол консервативті кредиттік және қалыпты депозиттік саясатты жүзеге асыру, міндеттемелер көлемін және резидент еместерге қойылатын талаптарды шектеу, сондай-ақ акционерлік капиталды ұлғайту жөніндегі міндеттемелерді қабылдаған кезде банк займдарын (қайта қаржыландыру займдарын және арнайы мақсаттағы займдарды) беруді көздейді.
Келісімге сәйкес Қаржылық қадағалау агенттігі Келісімге қол қойған банктердің жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауын қадағалайды және олардың сақталмау және/немесе толық орындалмау фактілері анықталған кезде бұл туралы дереу Ұлттық Банкті хабардар етеді, ол өз кезегінде не банк үшін қайта қаржыландыру лимитін төмендету бойынша не арнайы мақсаттағы заемды қайтарып алу бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Қазіргі уақытта 6 екінші деңгейдегі банкпен Келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар Агенттік маңызды аспектілерінің бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органмен келісе отырып, пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзумен көрінген қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда қаржы ұйымының жарияланған акцияларын оның қаржылық жай-күйін тұрақтандыру үшін қажетті, бірақ орналастырылған акцияларының жалпы санының (сатып алынатындарын қосқанда) 10 пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу механизмі болып табылатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын әзірледі.
Осы механизм қаржы ұйымы кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жүйелі тәуекелдің туындауын және артуын болдырмау мақсатында енгізіледі. Алдын алу шаралары ретінде уәкілетті органға қаржы жүйесіндегі тәуекелдерді алдын ала анықтауға және банкке, сақтандыру ұйымына, жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты ертерек ден қою шараларын қолдануға мүмкіндік беретін механизмдерді заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады.
Ертерек ден қою шараларын уәкілетті орган болашақта қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер етуі мүмкін факторларды анықтаған жағдайда қолданатын болады. Бұл жағдайда Агенттік банктен, сақтандыру ұйымынан, жинақтаушы зейнетақы қорынан ұйымның қаржылық жай-күйін тұрақтандыруға мүмкіндік беретін белгілі іс-әрекеттерді жасауын талап етеді.
Егер
уәкілетті орган қолданған
2. Отандық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі. Агенттік банктерді капиталдандыруды ұлғайту үшін қандай шаралар қабылдайды.
Егер отандық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қатысты 2007 жылғы және 2008 жылғы бірінші тоқсандағы деректерге жүгінер болсақ, банктердің меншікті капиталы 2007 жылдың басынан бастап 52,3%-ға өскен және 2008 жылғы 1 қаңтарға қарай 1 780,2 млрд. теңге болған, одан кейін 47,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 2008 жылғы 1 сәуірде алдын ала деректер бойынша 1 827,3 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті біртіндеп жоғарылау үрдісіне ие бола отырып, тұрақты деңгейді сақтап отырды, бұл банктердің олардың міндеттемелерімен байланысты тәуекелдердің орнын тиісті деңгейде толтыру мақсатында өз мүмкіндіктерін арттырғанын көрсетеді. Осылайша, коэффициент 2007 жылғы 1 қаңтарда 0,089 (к1 барынша төмен мәні – 0,06) болып, 2008 жылдың басына қарай 0,107-ге дейін көтерілді және 2008 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 0,124 деңгейіне жетті. к2 жеткіліктілік коэффициенті (к2 барынша төмен мәні – 0,12) 2007 жыл ішінде бірдей деңгейде болды және 2008 жылғы 1 қаңтарда 0,142-ні құрады, одан кейін 2008 жылғы 1 сәуірде 0,145-ке дейін көтерілді.
2007 жылы сыртқы міндеттемелер ұлғайған кездегі банктерді қосымша капиталдандыруға бағытталған шаралар енгізілді. Резидент еместер алдындағы міндеттемелерге қатысты банктерді капиталдандыру коэффициенттері – k8 және k9 енгізілді:
Әлемдік рыноктарда қалыптасқан өтімділік дағдарысына байланысты және банктердің сыртқы қаржыландырудан тәуелділігін және онымен байланысты тәуекелдерді одан әрі төмендету мақсатында Агенттік банктерді резидент еместер алдындағы міндеттемелерге қатысты капиталдандыру коэффициенттерін (k8 және k9) күшейткен болатын.
Атап айтқанда:
Трансшекаралық кредиттеуде жасырын маңызды ел тәуекелі және осындай активтердің белгісіз сапалары болады. Агенттік кредиттеудің осындай түрімен байланысты тәуекелдерді шектеу мақсатында Standard & Poor’s агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес банктерде орналастырылған активтер бойынша тәуекел деңгейін 100 %-дан 150 %-ға дейін көтерген болатын. Сонымен қатар Агенттік осы операциялардың жоғары тәуекелді сипаты болғандықтан, банктерді өздерінің активтерін салық салу жеңілдігі бар елдерде орналастыруға ынталандырмау мақсатында 2008 жылғы 1 сәуірден бастап осы елдерде орналастырылған активтерді мөлшерлеу 200% тәуекел деңгейі (қолданыстағы 150% норманың орнына) бойынша жүргізілуі тиіс деген талапты енгізді
2007
жылғы мамырда Агенттік
- егер ұсынылған ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 50 пайызынан аспайтын болса, тәуекел деңгейінің 50%-ын қолдану;
- егер ұсынылған ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 60 пайызынан аспайтын болса, тәуекел деңгейінің 75%-ын қолдану;
- егер ұсынылған ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 70 пайызынан аспайтын болса, тәуекел деңгейінің 100%-ын қолдану;
- өзге ипотекалық тұрғын үй займдарына тәуекел деңгейінің 150%-ын қолдану.
Сондай-ақ
капиталдың бірдейлігін есептеу
мақсаттары үшін тұтынушылық заемдарды
150% тәуекел деңгейі бойынша
Банктердің сырттан
Сондықтан Агенттік банктердің резерв капиталын ұлғайту мақсатында 2008 жылғы 1 мамырдан бастап банктердің жіктеуге жататын несие портфелінің 2%-нан кем емес сомадағы резерв капиталының барынша төмен мөлшерін (бұған дейін банктердің резерв капиталының мөлшері банктердің жіктеуге жатпайтын активтер көлемінің 5%-нан кем емес сомада болуы тиіс еді) қолдау жөніндегі норманы енгізді.
Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретіні ескеріліп, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын көтеру және олардың бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында өткен жылдың қараша айында меншікті капиталдың барынша төмен мөлшерін кезең-кезеңімен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 млрд. теңгеге дейін және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2 млрд. теңгеге дейін көтеруді көздейтін құжат қабылданды.
Информация о работе Банк секторын дамытудың жекелеген аспектілері туралы ақпараттық анықтама