Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:33, сочинение
Қазіргі нарықтық заманда адамды, топтар мен ұйымдарды басқару үшін басқарушылардан көп талап етіледі. Заманымызда басқарушылар немесе менеджерлер ең қажетті және жоғары ақылы мамандық иелері болып отыр. Сол себепті де қазір барлық тұлғалар осы мамандықтың иесі болғысы келеді, алайда бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтіні айдан анық. Сонымен, менеджер дегеніміз кім? Қазіргі заман менеджері қандай болу керек? Ең алдымен, менеджер ұғымына түсінік бере кетейік, менеджер – бұл тұрақты қызметте отыратын жəне фирма қызметінің нақты бір түрлері бойынша шешім қабылдау саласында өкілеттіліктерді жүктейтін жетекші немесе басқарушы.