Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:33, сочинение
Қазіргі нарықтық заманда адамды, топтар мен ұйымдарды басқару үшін басқарушылардан көп талап етіледі. Заманымызда басқарушылар немесе менеджерлер ең қажетті және жоғары ақылы мамандық иелері болып отыр. Сол себепті де қазір барлық тұлғалар осы мамандықтың иесі болғысы келеді, алайда бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтіні айдан анық. Сонымен, менеджер дегеніміз кім? Қазіргі заман менеджері қандай болу керек? Ең алдымен, менеджер ұғымына түсінік бере кетейік, менеджер – бұл тұрақты қызметте отыратын жəне фирма қызметінің нақты бір түрлері бойынша шешім қабылдау саласында өкілеттіліктерді жүктейтін жетекші немесе басқарушы.
Қазіргі заман менеджерлері қандай болуы керек?
Эссе

Менеджерлер (ағ. басқарушы) қазіргі нарық шарттарында – басқару бойынша мамандар (фирманың, ұйымның, кəсіпорын басқарушылары, əр түрлі басқарушылар). Менеджер еңбегі – барлық өндіріс процесінің байланысы мен бірлігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жоғары маманданған деңгейі бар өндірістің жоғары техникалық комбинациялау шарттарында пайда болатын өндіріс еңбегі. Сондықтан,менеджер өз жетекшілігінде істейтін жалпы кəсіпорында өндіріс бөлімін немесе фирманы басқаратын маркетологтар, экономист, қаржы қызметкерлері, логистік, жобалаушы, инженерлер сияқты əр түрлі мамандық қызметкерлерінің басын қосады.
Менеджерлік – қызметтен гөрі үлкен өнер мен шығармашылыққа жақын. Заманауи менеджерлердің басты мақсаты – әрбір қызметкердің мықты жақтары мен кәсіби білімін ұштастырып, жұмысты өнімді ету болып табылады. Ал оның негізгі міндеті болып – қызметкерлер ортасында лидер болу қойылады. Кез келген менеджерге қойылатын басты талап – адамдарды басқара білу қабілеттілігінің болуы. Осыдан менеджерліктің білім мен қабілеттілікті ұштастыруды қажет ететін мамандық екенін байқауға болады. Заманауи менеджерлерге қойылатын басты талаптар ретінде төмендегілерді көруге болады:
Заман талабына сай және нарық заңдарына сәйкес менеджерлерден қабылданатын шешімдерге жауапкершілік пен сезіммен жұмыс істеуді талап етіледі. Жаңалық енгізуге қатысты оптималды ұйымдық жəне ғылыми-техникалық шешімдерді іздеуге мүмкіндік жасауды көздейді. Сол себепті қазіргі заманның менеджерлерінің қабілеттері, менің ойымша, былай болуы тиіс:
Сонымен бірге, менеджердің өзінше жеке жетекшілік ету стилі болуы тиіс. Ол стиль оның сол ұйымдағы орнын анықтайды десек қателеспейміз. Жетекшіліктің стилінде менеджердің ішкі мəдениеті, білімі, тəжірибесі көрініс табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық климатына елеулі əсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста тіпті оны кей кезде «басқарушылық қызметтің жазуы» деп те атауға болады.
Қорытындылай
келсек, қазіргі заман менеджері қандай
болу керек дегенде, біз ол заманына сай
жаңашыл, еңбеккор, кретивті, өз ұжымын
әр іске жұмылдыра отырып жемісті де жеңісті,
нәтижелі іс көрсететін басқарушы
бболуы тиіс дейміз. Ал ең бастысы, оның
қызметінің пайда мен өнімділікке негізделуінде
деп ойлаймын. Басқарушылық процесс бұрыннан
болса да, менеджер – жаңа заман мамандығы
және де ол қажетті мамандық.
Информация о работе Қазіргі заман менеджерлері қандай болуы керек