Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 11:01, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс - Карымсакова.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

6. Мемлекеттік аралық  бақылау:

1) білім беру қызметтерін көрсету сапасын бағалау және орта білім беретін ұйымдар білім алушыларының бастауыш және негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында;

2) білім беру қызметтерін  көрсету сапасын бағалау және білім алушылардың оқытудың екінші курсын аяқтағаннан кейін (медициналық жоғары оқу орындарында - үшінші курсты аяқтағаннан кейін) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы білім беретін және базалық пәндерінің циклына енетін жекелеген пәндерді меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

7. Аралық мемлекеттік  бақылаудан өтпеген білім алушылардың  саны білім беру саласындағы  уәкілетті орган белгілеген шекті  саннан асатын білім беру ұйымдары  кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады. 
8. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  білім туралы заңнамасын және лицензиялық ережелердің сақталуын тексеруге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдары жатады.

9. Тексерулер мынадай  түрлерге бөлінеді:

1) жоспарлы - алдыңғы тексерулерге  қатысты Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргізілетін білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жоспарлаған тексеру;

2) жоспардан тыс - жеке  және заңды тұлғалардың өтініштеріне  дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;

3) қарсы - егер тексеру  жүргізу кезінде бақылаушы органдарда  үшінші тұлғаларға байланысты  қосымша ақпарат алу қажеттігі  туындаса, аталған адамдарға қатысты  жүргізілетін тексеру.

10. Жоспарлы тексеру  мемлекеттік аттестаттаулар аралығында бір рет жүргізіледі.

11. Қазақстан Республикасының  аумағында құрылған халықаралық  және шетелдік білім беру ұйымдары  мен олардың филиалдары Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  тексеріледі.

12. Білім беру ұйымдарын  тексеру білім беру саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тексеру жүргізу туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.

13. Тексеру жүргізу  үшін комиссия құрылады. Комиссияның құрамын, тексеру жүргізу мерзімін, объектісін, тексерудің нысанасын білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекітеді. Тексеруге білім және ғылым ұйымдарының мамандары тартылуы мүмкін.

14. Тексерулер ұзақтығы  жеті күннен аспауға тиіс. Тексерудің елеулі көлемі болуына не тексеру кезінде анықталған фактілерді қосымша зерттеу қажеттілігіне байланысты тексеру өткізу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш күннен аспауға тиіс.

15. Тексеру жүргізу  тексеру қорытындылары туралы  анықтама жазумен аяқталады. Тексеру  қорытындылары туралы анықтамаға  жазылған фактілердің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

16. Комиссия дайындаған  тексерудің қорытындылары туралы  анықтамамен тексерілген ұйымның  басшысы танысуға, оған өз қолын  қойып, ұйымның мөрін басуға  тиіс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерімен тұтастай немесе жекелеген позициялары бойынша келіспейтіні туралы жазба жасауға құқылы.

Білім беру ұйымының басшысы  немесе басшының міндетін атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан  немесе басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын қойғызу  мүмкіндігі болмаған жағдайларда комиссия төрағасы анықтамада тиісті жазба жасайды. 
Анықтаманың бір данасы тексерілген ұйымда қалады.

 

 

Гуманитарлық білім беру жүйесін қаржылық қаматамасыз ету.

Қаржыландыру  жүйесі

1. Жалпы білім беруді және гуманитарлық білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.

2. Білім беру жүйесі қаржыландыру көздері:

1) мемлекеттік білім  беру мекемелерін ұстауды бюджеттік  қаржыландыру;

2) мемлекеттік білім  беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамасына қайшы келмейтін  ақылы қызметтер көрсетуден түскен  кірістер;

4) екінші деңгейдегі  банктер кредиттері;

5) демеушілік және  қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар  мен қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.

Гуманитарлық  білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

1. Мемлекет білім берудің  басымдығын ескере отырып оған  бюджеттік қаражаттардың бөлінуін  қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік білім  беру ұйымдарын қаржыландыру  білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік білім  беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстан жоғары көрсеткіштері  үшін конкурстық негізде грант берілуі мүмкін.

4. Мемлекеттік білім  беру кәсіпорындарын, басқа да  ұйымдық-құқықтық нысандағы білім  беру ұйымдарын қаржыландыру  мемлекеттік білім тапсырысы  негізінде жүзеге асырылады.

5. Білікті жұмысшылар  мен мамандарды даярлауға, біліктілігін  арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:

1) мамандарды даярлау  бағыттарын;

2) оқыту нысандары  бойынша мемлекеттік білім беру  тапсырысының көлемін (орындар,  гранттар санын);

3) бір маманды оқытуға  жұмсалатын шығыстардың орташа  құнын қамтуға тиіс.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар Қазақстан  Республикасы жасасқан халықаралық  шарттармен көзделген оқу орындарында  мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.

6. Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту ұйымдарында  орналастырылатын мемлекеттік білім  беру тапсырысы тәрбиеленушілер  санын және бір тәрбиеленушіге  жұмсалатын шығыстардың орташа  құнын қамтуға тиіс.

7. Білім беру жүйесін  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

8. Жоғары білім беруді  қаржыландыруға мемлекеттік білім  беру тапсырысы білім беру  гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып орналастырылады.

Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарының  өтемді білім беру қызметтерін көрсету шарты бойынша бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының мөлшерінен кем болмайды.

 

Қорытынды

Осы курстық жумысты  қорыта келгенде, гуманитарлық білім  беру жүйесінде мемлекетің рөлі ерекше болып табылады, себебі гуманитарлық білім беруді ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау мемлекет тарапынан жүзеге асыралады. Мемлекеттік органдардың қызметті негізінде гуманитарлық, жалпы білім беру жүйесі қалыптастады.

1. Білім беру саласындағы  мемлекеттік реттеу білім алуға  конституциялық құқықтарды іске  асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. 
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

1. Білім беру сапасын  басқару білім беру саласындағы  бірыңғай мемлекеттік саясатты  іске асыруға бағытталған және  білім сапасын бағалаудың бірыңғай  ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік  және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.

2. Білім беру сапасын  басқару білім беру мониторингінің  нәтижелері, негізінде барлық деңгейлерде  басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

3. Білім беру мониторингі  білім сапасын сырттай және  ішкі бағалау әдістері арқылы  өткізіледі.

Білім беру сапасын сырттай  бағалау білім беру ұйымдарын  лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рәсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рәсімдерін қамтиды.

Сондықтан, гуманитарлық білім беру жүйесінде мемлекеттік  басқарудың рөлі ерекше. Гуманитарлық білім барлығымызға қажетті негізгі  білім болып табылады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Білім туралы» ҚР Заңы
  2. «Заманауи білім» журналы
  3. «Гуманитарлық ғылымдар» кітабы
  4. «Білім және үкімет» журналы
  5. «Сапалы білім»журналы
  6. Yandex, google интернет қорлары



Информация о работе Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы