Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 11:01, реферат

Описание работы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс - Карымсакова.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

2. Білім беру ұйымы  лицензиясынан айырылған немесе  таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды  оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.

Гуманитарлық  білім беру ұйымдарының құзыреті

1. Білім беру ұйымдары  Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру  ұйымдарының қызметі туралы үлгілік  ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

2. Білім беру ұйымдары  өз қызметін жария түрде жүзеге  асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.

3. Білім беру ұйымдарының  құзыретіне мынадай функциялар:

1) ішкі тәртіп ережелерін  әзірлеу және бекіту;

2) әскери мамандықтар  бойынша жұмыстық оқу бағдарламалары  мен жұмыстық оқу жоспарларынан басқа, жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

3) егер осы Заңда  және қабылдаудың Үлгілік ережесінде  өзгеше көзделмесе білім беру  қызметін жүргізу құқығына берілген  лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

4) оқытудың жаңа технологияларын,  оның ішінде оқытудың кредиттік  технологиясын және қашықтықтан  білім беру технологияларын енгізу;

5) ұлттық бірыңғай  тестілеу мен техникалық және  қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргізу;

6) өз қаржы қаражаттары  шектерінде мемлекеттік білім  беру ұйымдарындағы қызметкерлерге  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;

7) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

8) білім беру ұйымдарын  материалдық-техникалық қамтамасыз  ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

9) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;

10) жарғылық қызметті  жүзеге асыру үшін Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен қосымша қаржылық және  материалдық қаражат көздерін  тарту;

11) білім алушыларды  тамақпен және медициналық қызмет  көрсетумен қамтамасыз ету, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

12) білім алушылардың,  тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына  Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

13) білім алушылар мен  тәрбиеленушілерді асырау және  олардың тіршілік ету жағдайларының  белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

14) қоғамдық өзін-өзі  басқару органдарының, қоғамдық  бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;

15) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  қаржылық есептілікті табыс ету;

16) жоғары оқу орындарының  ғылыми және педагог қызметкерлеріне  оқу орнының доценті және профессоры  академиялық атақтарын беру;

17) "магистр" академиялық  дәрежесін беру жатады.

 

Гуманитарлық білім беру ұйымдарын басқару

1. Білім беру ұйымдарын  басқару Қазақстан Республикасының  заңнамасына, тиісті үлгідегі  білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.

2. Білім беру ұйымын  тікелей басқаруды оның басшысы  жүзеге асырады.

3. Лауазымға тағайындау  және лауазымнан босату тәртібін  Қазақстан Республикасының Президенті  айқындайтын жекелеген мемлекеттік  жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

Бірінші басшыларын Қазақстан  Республикасының Президенті лауазымға  тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орта білім  беру ұйымының басшысы лауазымға  конкурстық негізде тағайындалады.

4. Білім беру ұйымы  басшысы лауазымының атауы, білім  беру ұйымының алқалы органдарының  құзыреті, құрылу және қызметінің  тәртібі, олардың арасындағы өкілеттіктердің  аражігін ажырату тиісті үлгідегі  білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік ережелерімен айқындалады және олардың жарғыларымен бекітіледі.

5. Мемлекеттік білім  беру ұйымының басшысы үш жылда  бір рет Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен  аттестаттаудан өтеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті лауазымға тағайындайтын  және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

6. Мемлекеттік білім  беру ұйымының (медициналық және  фармацевтік білім беру ұйымдарынан  басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша өзінің орынбасарларын және бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

7. Мемлекеттік білім  беру ұйымдарының басшыларына  өздерінің лауазымдарын білім  беру ұйымдары ішіндегі немесе  одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.

8. Мемлекеттік білім  беру ұйымдары басшыларының лауазымдық  міндеттерін қоса атқаруға болмайды.

9. Білім беру ұйымдарында  алқалы басқару органдары құрылады. 
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.

Әлеуметтік  кепілдіктер

1. Педагог қызметкерлер  мынадай:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;

2) жалпы орта, техникалық  және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі жоғары және жоғары  оқу орнынан кейінгі білім  беру ұйымдарының педагог қызметкерлері  үшін ұзақтығы күнтізбелік 56  күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.

2. Ауылдық жерде жұмыс  істейтін білім берудің педагог  қызметкерлері жергілікті өкілді  органдардың шешімі бойынша:

1) қала жағдайында  педагогтік қызметпен айналысатын  педагог қызметкерлердің ставкаларымен  салыстырғанда айлықақылар мен  тарифтік ставкалар кемінде жиырма  бес процентке арттырылып белгіленеді;

2) коммуналдық қызмет  көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша белгіленетін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;

3) жеке меншігінде  малы барларға ауыл шаруашылық  ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей, жемшөп, малын жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.

3. Білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлеріне жыл  сайын тиісті бюджет қаражаты  есебінен:

1) оларға кезекті еңбек  демалысын беру кезінде мемлекеттік  білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;

2) "Жоғары оқу орнының  үздік оқытушысы" атағын иеленушіге  айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген  мөлшерінде мемлекеттік грант;

3) "Үздік педагог"  атағын иеленушіге айлық есептік  көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде  мемлекеттік грант төленеді.

 

Гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу

Гуманитарлық  білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің 
мақсаты мен нысандары

1. Білім беру саласындағы  мемлекеттік реттеу білім алуға  конституциялық құқықтарды іске  асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды  жасауға және білім беру ұйымдары  ұсынатын білім беру қызметтерін  көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз  етуге бағытталған. 
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Гуманитарлық  білім беру сапасын басқару

1. Білім беру сапасын  басқару білім беру саласындағы  бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.

2. Білім беру сапасын  басқару білім беру мониторингінің  нәтижелері, негізінде барлық деңгейлерде  басқарушылық шешімдерді қабылдау  арқылы жүзеге асырылады.

3. Білім беру мониторингі  білім сапасын сырттай және  ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі.

Білім беру сапасын сырттай  бағалау білім беру ұйымдарын  лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рәсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдарын саралау мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рәсімдерін қамтиды. 
Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру;

ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу-жетістіктерін бағалауды қамтиды.

Жоғары оқу орындарының  қызметін бағалау осы оқу орнындағы  оқыту сапасы туралы студенттердің  пікірін қамтиды.

Гуманитарлық  білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау

1. Білім беру жүйесіндегі  мемлекеттік бақылау мемлекеттің  білім алуға деген құқықты  қамтамасыз етуге және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына және білім беру қызметін лицензиялау ережелеріне сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:

1) білім беретін оқу  бағдарламаларын іске асыратын  заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

2) білім алушылардың  тиісті білім беретін оқу бағдарламаларын  меңгеру деңгейі болып табылады.

3. Мемлекеттік бақылаудың  негізгі түрлері:

1) білім беру ұйымдарын  мемлекеттік аттестаттау;

2) мемлекеттік аралық  бақылау;

3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау болып табылады.

4. Білім беру ұйымдарын  мемлекеттік аттестаттауды, олардың  ведомстволық бағыныстылығы мен  меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Медициналық және фармацевтік  білім беру ұйымдарын мемлекеттік  аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган  жүзеге асырады.

Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған: 
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;

2) техникалық және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі,  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;

3) мектепке дейінгі  ұйымдарда және қосымша білім  беру ұйымдарында үш жылдан  кейін өткізіледі.

5. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы