Қаржылық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Содержание

Кіріспе 2
1. Қаржылық менеджменттің мазмұны, мақсаты мен бағыттары 4
1.1. Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны және құрылымы 4
1.2. Қаржылық менеджметтің принциптері 8
1.3. Қаржылық менеджметтің функциялары 10
2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
мен ақпарат жүйесі 11
2.1. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары 11
2.2. Қаржылық менеджменттің механизмі........................................................ ..13
3. Леверидж және капитал құрылым 15
3.1. Капитал құрылымы.............................................................. .....15
3.2. Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі рөлі......................................................................................................................... .17
3.3. Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі............................... .18

4. Дивидендтік саясатты басқару 19
4.1. Дивидендтік саясат үғымы және негізгі теориялары................................ ..19
4.2. Дивидендтік саясат түрлері 20
4.3. Дивидендтерді төлеу тәртібі 21
5. Қаржылық менеджменттің арнайы бөлімдері 25
5.1. Корпорацияларды қайта ұйымдастыру 25
5.2. Ұлтаралық корпорациялардағы қаржылық менеджмент 27

Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 31
Қосымшалар.............................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

Ернарjyu.docx

— 92.64 Кб (Скачать)

                                                    ЖОСПАР 

Кіріспе 2 

1.   Қаржылық менеджменттің мазмұны, мақсаты мен бағыттары 4 

1.1. Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны және құрылымы 4

1.2. Қаржылық менеджметтің принциптері 8

1.3. Қаржылық менеджметтің функциялары 10 

2.   Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері

мен ақпарат жүйесі  11 

2.1. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары 11

 2.2. Қаржылық менеджменттің механизмі........................................................ ..13

3.  Леверидж және капитал құрылым 15

3.1. Капитал құрылымы.............................................................. .....15

3.2.  Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі    рөлі......................................................................................................................... .17

3.3. Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі............................... .18

 

4. Дивидендтік саясатты  басқару 19

4.1. Дивидендтік саясат үғымы және негізгі теориялары................................ ..19

4.2. Дивидендтік  саясат түрлері 20

4.3. Дивидендтерді төлеу тәртібі 21

5. Қаржылық менеджменттің  арнайы бөлімдері 25

5.1. Корпорацияларды қайта ұйымдастыру 25

5.2. Ұлтаралық  корпорациялардағы қаржылық менеджмент 27 

 

Қорытынды 30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 31

Қосымшалар.............................................................................................................33

КІРІСПЕ

Тақырыптың  өзектілігі:

Курстық жұмыстың мақсаты:

Курстық жұмыстың міндеті:

   Елімізде  нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметлері онық нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда каржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.

   Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі және төлем  қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың  оңай ұйымдастырылуымен анықталады да акша қатынастарының жүйесі болып табылады және де акшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады.

   Қаржыны басқаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.

   Қаржыльқ  менеджмент - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, акша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның каржылық ресурстарын баскаруда колданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.

     «Менджмент» деген сөз ағылшыннан  аударғанда басқару деген мағына  береді, демек қаржылық менджмент  – бұл қаржыны басқару, яғни  кәсіпорындардың ақша айналамын  және қаржылық ресурстарының  қолдануын басқару. 

   Қаржының  қазіргі заман шеңберіндегі теориясында  ғылым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан.

   Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер  басқару өрісінде жаңа мамандықтың  пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы  қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көзқарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.

   Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер  және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол  ақшасыз есеппен щектеледі.

   Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында  мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үокен ағымы  және тиісті өнім қажеттілігін талап  етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің  қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі  саласындағы арнайы дайындалған  маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген – қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.

   Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста  ең тез дамып келе жатқан бағыт  болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары  Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей  қатысы бар менеджменті кіреді.

   Қаржылық  менеджмент – экономикалық ғылымда  қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы  теориялық практикамен сәтті  біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.

   Қаржылық  менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.

   Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық  негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін  тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.

   Қаржылық  менеджменттің ғылыми аппараты –  бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.

   Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы  службасы.

   Шаруашылық  субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру  үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты  мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын  ала тұрақты жағдай жасау.

   Фирманың  қаржы службасының міндеттері:

   1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау  үшін қаржы құжаттарын тез,  сапалы және қажетті көлемде  дайындау;

   2. кәсіпорынның басты мақсатына  жету үшін барлық бөлімдердің  қызметін байланыстыру және бағыттау  қабілеті;

   3. шаруашылық субъектінің қаржы  жоспарларының сапалы құрастырылуына  жауапкершілікті; 

   4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның  дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз  мүмкін еместігі.

   Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол  себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен  тығыз байланысты.

   Нарықтық  қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа  шығу қаржы службасының алдында  жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды  ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай  шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін. 
 
 

1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАЗМҰНЫ, МАҚСАТЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

1.1. Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны және құрылымы

  Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігі және төлем  қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың  оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның нарықтық бағасы.

  Қаржыларды  басқарудың екінші жағы - қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.

  Қаржылық  менеджмент - бүл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен және кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.

  Алдағы  уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасьіз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарын анықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстар көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құрудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, ресурстық қаржы потенциалын құру және құралдар мен көздерді оңтайландырумен жүзеге асырылады.

  Негізгі бағыт аясында қаржы ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оңтайландыру, олардың кәсіпорынның өндірістік және элеуметтік даму мақсатына қажетті пропорцияны анықтайды.

  Қаржы айналымын оңтайландыру. Бул тапсырма кәсіп-орынның ақша айналымы үрдісінде ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын қамтамасыз ету, айналым активтерінің қажетті өтімділігін қолдау жолымен шешіледі. Осындай оңтайландыру нэтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бул өз негізінде тиімсіз қолданудан және инфляциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.

  Көзделген қаржы тәуекелі негізінде кәсіпорынның пайда-сын көбейтуді қамтамасыз ету. Пайданы барынша көбейту, кәсіпорын активтерін тиімді басқару, қарыз қаржы-қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.

   Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелін барынша азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын-ала жоспарланған немесе тапсырылған болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады. Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы тиімділігін үнемі қамтамасыз ету. Бұл тиімділік қаржы тұрақтылығының жоғарғы дәрежесіне және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттілігімен сипатталады, әртүрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлемінде тиімді пропорциясымен   инвестициялық   қажеттілікті   өзін-өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады. Жоғарыда қарастырылған қаржы менеджментінің барлық тапсырмалары әр түрлі бағытта сипат алғанымен, бір-бірімен өте тығыз байланысты. (мысалы: қаржы тәуекелі дәрежесін барынша азайту барысында пайда жиынтығын барынша көбейтуді қамтамасыз ету; кәсіпорынның даму үрдісінде, оның үнемі қаржы тепе - теңдігін және қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құруды қамтамасыз ету және т.б). Сондықтан қаржы менеджменті үрдісінде жеке тапсырмалар өзара оңтайландырылуы қажет, бұл оның басты мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   Қаржылық  менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция кірісі (дивиденд) және акция сценариімен жұмыс атқарады, со-нымен қатар нақты нарық жағдаятының күтіп отырған нарық жағдаятына сәйкес келмегендіктен болатын шығын тәуккелімен де жұмыс атқарады. Пайданы барынша көбейту мақсатын басшылыққа ала отырып, компания пайданың барлық түрін алуға болатын баламаны таңдауға тиіс. Акция курсын көбейтуге немесе төленетін дивидендтің көбеюіне экелетін шешімдерді қабылдау керек. Бірақ, тәжірибеде мұндай әрекеттер капиталдың бір бөлігін жоғалтумен, меншік иелері алдағы кірістерінен айыры-луымен, іскерлік имидждің төмендеуімен және кейде фирманың құруымен байланысты болады. Сонымен қатар фирма өз тарапы-нан ешқандай әсер ете алмайтын факторлар бар (ішкі немесе экзоиндік факторлар), осы факторлар фирманың пайдасын азайтады, олар: технологиялық, ресурстық, қаржылық, экологиялық және саяси шектеулер).

   Қаржылық  менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б.).

   Қаржылық  менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жиынтығымен байланысты. Сонымен қатар қаржылық-менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.

   Қаржылық  менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:

- қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;

- қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;

- ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым және артыкшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау);

- мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;

- шешімнің нүсқамасы және орындалуы;

- шешімнің орындалуын бақылау;

Информация о работе Қаржылық менеджмент