Өндірістік логистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:26, реферат

Описание работы

Материалды ағым, өзінің бастапқы шикізат көзінен соңғы тұтынушыға дейінгіжолында бір қатар өндірістік звенолардан өтеді. Бұл сатыдағы материалды ағымды басқарудың өзіндік ерекшелігі болады және ол өндірістік логистика деген атқа ие болады.

Работа содержит 1 файл

ӨНДІРІСТІК ЛОГИСТИКА.docx

— 28.33 Кб (Скачать)
    1. Өндірістегі матеиалдық ағымдарды  басқаруда логистикалық тәсілді қолдану  тиімділігі
 

       Материалдың өндірістік кәсіпорында  жататын уақтысының  95-98 пайызы  тиеу-түсіру және тасымалдау-қоймалау  жұмыстарына жататыны анық. Өндірілген  өнімнің өзіндік құнындағы олардың  мол үлесі осымен түсіндіріледі.

       Кәсіпорындағы материалды ағымдарды  басқарудың логистикалық тәсілі  логисткалық операциялар кешенін  максималды оңтайландыруға мүмкіндік  береді. «Бош», «Сименс», «Мицубиси», «Дженерал моторс» фирмаларының  мәліметтері бойынша, логистикалық  функцияларды орындауға кететін  шығындардың 1пайызын қысқарту, өткізу көлемін 10 пайызға өсіргендегідей әсер берді.

       Кәсіпорындағы материалды ағымдарды  басқарудың логистикалық тәсілін  қолданғанда беретін жиынтық  әсердің қосындыларын атап көрсетейік:

  1. өндіріс рынокқа бейімделеді. Шағын сериялы және жеке өндіріске тиімді көшу мүмкін болады.
  2. жабдықтаушылармен серіктестік қатынастар бекітіледі.
  3. құралдардың тұрып қалулары қысқарады. Бұл жұмыс орындарында әр уақытта жұмысқа қажетті материалдардың болуымен қамтамасыз етіледі.
  4. өндірілетін өнімнің сапасы жақсарады.
  5. өндірістік цикл қысқарып, шығындар минимизаияланады.  

       Өндірістік үрдіспен байланысты  шығындарды төмендетуге мүмкіндік  беретін себептерге толығырақ  тоқталайық:

  • қорларды оңтайландыру – логистиканың негізгі мәселелерінің бірі. Қорларды ұстау қаржы құралдарын тартуды, материалды-техникалық базаның, еңбек ресурстарының көп бөлігін қолдануды талап етеді. «Канбан» жүйесін қолданатын бірқатар Батыс Европа елдерінің фирмаларын талдау көрсеткендей, логистиканы қолдану өндірістік қорларды  50 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
  • қосымша жұмысшылар санын қысқарту. Жүйелілік деңгейі неғұрлым аз болса, еңбек үрдісі соғұрлым анықсыз және көп жұмыс көлемін орындау үшін қосымша персоналға қажеттілік соғұрлым жоғары.
  • материал жоғалтуларының төмендеуі. Кез келген логистикалық операция- бұл потенциалды жоғалтулар. Логистикалық операцияларды оңтайландыру – бұл жоғалтулардың қысқаруы.
  • өндірістік және қойма орындарын пайдалануды жақсарту. Ағымды үрдістердің анықсыздығы қосымша орындарды резервтеуге мәжбүр етеді. Соның ішінде саудалық көтерме базаларын жобалауда ағымды үрдістердің анықсыздығы қойма орындарын 30 пайызға көбейтуге мәжбүр етеді.
  • зақымдану деңгейін төмендету. Логистикалық тәсілге еңбек қауіпсіздігі жүйесі де жатады.
 
 
 
 

Бақылау сұрақтары 

   
  1. Өндірістік  логистика дегеніміз не? Өндірістік логистика қандай мәселелерді шешеді?
  2. Өндірісті ұйымдастырудың логистикалық және дәстүрлі концепцияларын сипаттап беріңіз. Олардың айырмашылығы неде?
  3. Өндірісшілік логистикалық жүйеге мысалдар келтіріңіз.
  4. Өндірісшілік логистикалық жүйеге кіретін элементтерді атап беріңіз.
  5. Өндірісшілік логистикалық жүйелер шеңберіндегі материалды ағымдарды басқарудың тартушы және итеруші жүйелерінің схемасын сызып, оны түсіндіріңіз.
  6. Өндірістік қуаттың сандық және сапалық икемділігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Информация о работе Өндірістік логистика