Өндірістік логистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:26, реферат

Описание работы

Материалды ағым, өзінің бастапқы шикізат көзінен соңғы тұтынушыға дейінгіжолында бір қатар өндірістік звенолардан өтеді. Бұл сатыдағы материалды ағымды басқарудың өзіндік ерекшелігі болады және ол өндірістік логистика деген атқа ие болады.

Работа содержит 1 файл

ӨНДІРІСТІК ЛОГИСТИКА.docx

— 28.33 Кб (Скачать)

ӨНДІРІСТІК  ЛОГИСТИКА

    1. Өндірістік логистика түсінігі

       Материалды ағым, өзінің бастапқы  шикізат көзінен соңғы тұтынушыға  дейінгіжолында бір қатар өндірістік  звенолардан өтеді. Бұл сатыдағы  материалды ағымды басқарудың  өзіндік ерекшелігі болады және  ол өндірістік логистика деген  атқа ие болады.

       Өндірістік логистиканың мақсаты  материалды игіліктерді құрайтын  немесе сақтау, орау, өлшеу, салу  және т.б. осындай материалды  қызметтер көрсететін кәсіпорындар  ішінде материалды ағымдарды  оңтайландыру болып табылады. Өндірістік  логистикадағы зерттеу объектілерінің  сипаты – олардың территориалды  жинақтылығы. Әдебиеттерде оларды  кейде «логистиканың аралды объектілері» деп те атайды.

       Өндірістік логистика шеңберінде  логистикалық үрдіс қатысушыларын  өндірісшілік қатынастар байланыстырады (макродеңгейдегі логистикалық үрдістің  қатысушылары тауар-ақша қатынастарымен  байланысты)

       Өндірістік логистика қарастыратын  логистикалық жүйелер өндірісшілік  логистикалық жүйелер деп аталады.  Оларға өнеркәсіп кәсіпорындарын, қоймалары бар көтерме  кәсіпорындарды, тізбекті жүк станцияларын, тізбекті теңіз порттарын және т.б. жатқызуға болады. Өндірісшілік логистикалық жүйелерді макро және микродеңгейлерде қарастыруға болады.

       Макродеңгейде өндірісшілік логистикалық  жүйелер макрологистикалық жүйелердің  элементтері ретінде болады. Олар  осы жүйелердің жұмыс қарқынын  белгілейді, материалды ағымдардың  көзі болып табылады. Макрологистикалық  жүйелердің қоршаған орта өзгерістеріне  бейімделу мүмкіндігі, оларға кіретін өндірісшілік логистикалық жүйелердің шығушы материалды ағымның сандық және сапалық құрамын тез өзгерте алу қабілеттілігімен анықталады (яғни шығаратын өнімнің ассортименті мен сапасы).

       Микродеңгейдегі өндірісшілік логистикалық  жүйелер белгілі бір бірлікті, тұтастықты құрайтын, бір-бірімен  тығыз байланысқан бірқатар элементтер  болып  табылады. Бұл элементтер: сатып алу, қоймалар, қорлар, өндіріске  қызмет көрсету, көлік,  ақпарат,  өткізу және кадрлар материалды  ағымдардың жүйеге кіруін, оның  ішінде жылжуын және жүйеден  шығуын қамтамасыз етеді. Логистика  концепциясына сәйкес, өндірісшілік  логистикалық жүйелерді құру  кәсіпорын ішіндегі жабдықтау,  өндірістік және өткізу звеноларының  жоспарлары мен әрекеттерінің  тұрақты түрде үйлесу және  өзара дұрыстау мүмкіндіктерін  қамтамасыз етуі  қажет.  

    1. Өндірсті  ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық концепциялары 

       Өндірсті ұйымдастырудың логистикалық  концепциясына келесі негізгі  жағдайлар жатады:

  • артық қорлардан бас тарту;
  • негізгі және тасымалдау-қоймалау операцияларын орындауға қажет уақыттың көбеюінен бас тарту;
  • сатып алушылар тапсырыс бермеген бөлшектер сериясын шығарудан бас тарту;
  • құрал-жабдықтардың тұрып қалуларын жою;
  • ақауды міндетті түрде жою;
  • тиімсіз өндірісшілік тасымалдауларды жою;
  • жабдықтаушыларды қарсы тараптан игі ниетті әріптеске айналдыру.

       Логистикалыққа қарағанда өндірісті  ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы  мыналарды ұйғарады:

  • негізгі құралды ешқашан тоқтатпау және оны пайдаланудың жоғарғы коэффициентін ұстап отыру;
  • өнімді ірі партиялармен шығару;
  • «кездейсоқ жағдайларға» материалды ресурстардың максималды көп көлемі болуы тиіс.

       Концептуалды жағдайлардың болуы  өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі  концепциясының «сатушы рыногы»  жағдайында тиімді екенін көрсетеді,  ал логистикалық концепция –  «сатып алушы рыногы» жағдайы  үшін.

       Сұраныс ұсыныстан жоғары болған  кезде, рынок конъюнктурасын ескере  отырып шығарылған өнім партиясы  толығымен өткізіледі деп сенімді  түред айтуға болады. Сондықтан  да құрал-жабдықтарды максималды  жүктеу мақсаты артықшылыққа  ие болады. Дайындалған партия  неғұрлым ірірек болса, өнім  бірлігінің өзіндік құны соғұрлым  төменірек болады. Өткізу мәселесі  бірінші орында тұрмайды.

       Рынокқа сатып алушы «диктаты»  келген кезде бастап жағдай  өзгереді. Бәсекелестік жағдайындағы  өндірілген өнімді өткізу мәселесі  бірінші орынға шығады. Рыноктық  сұраныстың тұрақсыздығы және  бложамданбайтындығы үлкен қорларды  құруды тиімсіз етеді. Сонымен  қатар өндірісші бірде-бір тапсырысты  жіберуге құқығы жоқ. Осыдан  пайда болған сұранысқа өндірістің  тез жауап беруіне қабілетті  икемді өндірістік қуаттарға  қажеттілік туады. 

       Рынок жағдайындағы өндіріс тек  шығарылатын өнімнің ассортиментін  және санын тез өзгертуге қабілетті  болған кезде ғана жандана  алады. 70-ші жылдарға дейін бүкіл әлем бұл мәселені қоймадағы дайын өнім қорларының есебінен шешіп отырды. Бүгінгі күні логистика сұраныс өзгерістеріне өндірістік қуаттар қорының есебінен бейімделуге мүмкіндік береді.

       Өндірістік қуат қоры өндірістік  жүйелердің сандық және сапалық  икемділігі болған кезде пайда  болады. Сапалық икемділік әмбебап  қызмет көрсетуші персонал мен  икемді өндірістің есебінен қамтамасыз  етіледі. Сандық икемділік түрлі  әдістермен қамтамасыз етілуі  мүмкін. Мысалы, Жапонияның кейбір  кәспорындарындағы негізгі персонал  бүкіл жұмышылардың шамамен 20% құрайды. Қалған  80%- уақытша жұмысшылар. Сонымен, персонал саны 200 адамды  құрған кезде кәсіпорын тапсырысты  орындау үшін кез келген уақытта  1000-ға жуық адамды қоя алады. Жұмыс күші резерві еңбек құралдарының резервіне сәйкес толықтырылып отыруы тиіс. 

    1. Өндірістік  логистикадағы материалды ағымдарды басқарудың итеруші және таратушы жүйелері

       Өндірісшілік  логистикалық жүйелер  шеңберіндегі  материалды ағымдарды  бақару түрлі әдістермен жүргізілуі  мүмкін, соның ішінде негізгі  екеуін атап көрсетуге болады: бір-бірінен ерекшеленетін итеруші  және таратушы жүйелер.

       Бірінші вариант «итеруші жүйе»  атына ие және өндірісті ұйымдастыру  жүйесін білдіреді, өндірістік  учаскіге келіп түсетін ондағы  еңбек заттарына алдындағы технологиялық  звенолардан тікелей тапсырыс  алынбайды. Материалды ағым алушыға  өндірісті басқарудың орталық  жүйесінен тапсыратын звеноға  келіп түсетін бұйрық бойынша  «итеріледі» (7-сурет). 

 
 
 
 

Шартты белгілер:

                              Материалды ағым

                              Ақпараттық ағым

7-сурет. Өндірісшілік логистикалық жүйе шеңберіндегі материалды ағымдарды басқарудың итеруші жүйесінің схемасы. 

       Ағымдарды басқарудың итеруші модельдері өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі әдістеріне тән. Өндірісті логистикалық ұйымдастыруда оларды қолдану мүмкіндігі есептеу техникасының жаппай таралуымен байланысты пайда болды. Алғашқы жұмыстары 60-шы жылдарға жататын бұл жүйелер кәсіпорынның жабдықтау, өндірістік және өткізуші бөлімшелерінің жоспарлары мен әрекеттерін, нақты уақыт ағымындағы тұрақты өзгерістердің есебінен үйлестіруді және тез түзетуді мүмкін етті.

       Микроэлектроника арқылы күрделі  өндірістік механизмді біртұтас  бірлікке байланыстыру қабілеттілігі  бар итеруші жүйелердің өз  мүмкіндіктерінің табиғи шектері  болады. Учаскіге «итерілетін» материалды ағымның параметрлері осы учаскідегі өндірістік жағдайға әсер ететін барлық факторларды басқарушы жүйе ескере алатындай және бағалай алатындай оңтайлы. Бірақ басқарушы жүйе кәсіпорынның көптеген учаскілері бойынша неғұрлым көп факторларды ескеру тиіс болса, оның бағдарламалық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілуі соғұрлым жетілген және қымбатырақ болуы тиіс.

       Өндірістегі логистикалық үрдістерді  ұйымдастырудың екінші варианты  материалды ағымды басқарудың  өзгеше әдісіне негізделген. Ол  «таратушы жүйе» деп аталады  және бөлшектер мен жартылай  фабрикаттар алдыңғыдан келесі технологиялық операцияға қажетінше берілетін өндірісті ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

       Бұл жерде басқарудың орталық  жүйесі кәсіпорынның түрлі учаскілері  арасындағы материалды ағымның  алмасуына кіріспейді және оларға  ағымды өндірістік тапсырмаларды  белгілемейді. Жеке технологиялық  звеноның өндірістік бағдарламасы  келесі звеноның тапсырыс мөлшерімен  анықталады. Басқарудың орталық  жүйесі өндірістік технологиялық  тізбектің тек соңғы звеносы  алдына мақсат қояды.

       Таратушы жүйенің қызмет ету  механизмін түсіну үшін мысал  қарастырып өтейік (8-сурет).

                                                                                                   5 бірлік өнімді

                                                                             дайындау командасы

                                                                                                                                                                5 бірлік өнім

                                                                                        5 бірлік өнімге тапсырыс

                               

                                

                          5дайындама

                          үшін

                          материал                        5 дайындама                   5 бөлшек

                      Материалға                       5 дайындамаға                   5 бөлшекке           

                   тапсырыс                             тапсырыс                         тапсырыс 

Шартты                     - материалды ағым

белгілер:                    - ақпараттық ағым 
 

8-сурет. Өндірісшілік логисткалық жүйе шеңберіндегі материалды ағымдарды басқарудың тартушы жүйесі. 

       Мысалы, кәсіпорын 10 бірлік өнім өндіруге тапсырыс алды делік. Басқару жүйесі бұл тапсырысты жинау цехына тапсырады. Жинау цехы тапсырысты орындау үшін бірінші цехтан 10 бөлшек сұрайды. Өз қорынан  10 бөлшек бере отырып, тапсырысты орындау мақсатымен бірінші цех екінші цехқа 10 дайындамаға тапсырыс береді. Өз кезегінде, 10 дайындаманы тапсыра отырып, екінші цех шикізат қоймасына берілген көлемді өндіру үшін материалдарға тапсырыс береді. Сонымен, материалды ағымды әрбір келесі звено «тартады». Жеке цехтың персоналы оңтайлы тапсырыстың мөлшерін анықтайтын айрықша факторларды, орталық басқару жүйесіне қарағанда, көбірек ескере алады.

       Іс жүзінде созылмалы өндірісшілік  логистикалық жүйелерге «Тоета»  (Жапония) фирмасы жасап, жүзеге  асырған «Канбан» жүйесін жатқызады  (жапон тілінен аударғанда –  карточка).

       «Канбан» жүйесі өндірісті жаппай  компьютерлендіруді талап етпейді,  бірақ ол жеткізулердің қатаң  тәртібін, сондай-ақ персоналдың  жоғары жауапкершілігін ұйғарады, себебі өндірісшілік логистикалық  үрдісті орталықтан реттеп отыру  шектеулі. «Канбан» жүйесі өндірістік қорларды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Тоета» фирмасындағы шығарылатын бір автомобильге шаққандағы бөлшектер қоры 77 долл. құрайды, ал АҚШ автомобиль фирмаларында бұл көрсеткіш шамамен 500 долл. тең. «Канбан» жүйесі айналым құралдарының айналымдылығын тездетуге және шығарылған өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Информация о работе Өндірістік логистика