Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 14:57, реферат
Цифрлық (логикалық) құрылғылардың кірістері мен шығыстарындағы кернеу мәндері логикалық 0 немесе логикалық 1 деп аталатын екі түрлі деңгейде болады. Логикалық құрылғылардың бұл ерекшелігі оларды жобалау үшін немесе осындай дайын құрылғылардың жұмысын талдау үшін логика алгебрасының (немесе Буль алгебрасының) қағидаларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Енгізу/шығару құрылғыларын немесе сыртқы құрылғыларды (ЕШҚ немесе СҚ) жүйе магистралына қосу үшін олардың сигналдары, сәйкесті енгізу/шығару интерфейстері арқылы жүзеге асырылатын, нақтылы стандарттарға сәйкес болуы керек.
Процессордың деректерді жазу және оқу операцияларын орындауы бағдарламалы-басқарылымды алмасу, үзіліс және жадыға тура шығу режимдерінде жүзеге асырылуы мүмкін, олардың ішіндегі ең бастысы – біріншісі.
8 Intel 8085 микропроцессоры
8.1 Микропроцессордың құрылымы
Микропроцессор (МП) – қазіргі заманның күрделі цифрлық құрылғыларының (мысалы, компьютердің) құрамына кіретін, информация өңдеуші басты блок.
Микропроцессорлардың негізгі құрылым принциптері мен жұмыс тәртібін түсіну үшін олардың нақтылы бір түрін қарастыру ыңғайлы. Осындай үлгі ретінде қарапайым Intel 8085 микропроцессоры алынды. Өзінің қартаң жасына қарамай, бұл микропроцессор осы күнге дейін өз маңыздылығын жоймай, әлі де өндірісте шығарылады. Әрине, оның қолданылым аймағы – компьютерлер емес, оларда қазіргі заманда одан қуаттырақ және өнімділеу микропроцессорлар қолданылады. Intel 8085 сияқты микропроцессорлар, негізінде, олардың мүмкіншілігі жететін басқару жүйелерінде пайдаланылады.
Intel 8085
микропроцессорының құрылымы 2.1-суретте көрсетілген. Микропроцессордың құрама
Информация о работе Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі