Логикалык ойлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 22:23, реферат

Описание работы

Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.

Работа содержит 1 файл

Логикалык ойлау.docx

— 53.57 Кб (Скачать)

Сайыс сабақ  – оқушылар ойларының жетітігін  байқау

Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.

Сахналау  сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.  

Ертегі  сабақ -  оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ.

Сабақтың  бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.   «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты  таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты  шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға  сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған  сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.               

Жұмбақтар

Қызықтырып  әркімді-ақ

Суда  жүзер жылтылдап.   

 “Б”әрпінен  басталар,

Сол жәндіктің атын тап.    (...............) 

 

. Отыз  екі мықты.

Қаз-қатар боп шықты

Он алтысы үсті

Он алтысы асты                   (...............)

Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін           
                 дамыту.

Логикалық есеп

•         Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

•         Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

•         Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

•         Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

Ойлан, тап

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу

дағдыларын дамыта түсу.

•         Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.          

(14 * 6)*10=10

Математикалық тест 
4 + 3 9,10,7           10 - 3           7,8,9                
6 + 3 9, 6, 4             9 - 2           5, 6,7

Логикалық ойын         

1.Екі  сиырдың мүйізі қанша?         

2.Бір  мысықтың  аяғы қанша?         

3.Бес  қойдың басы нешеу?        

4.Үш адамның  қолы нешеу?

Маймылдың не айтқысы келетінін  білгің келе ме?

•         Онда әріптерді түсіне қарай таңдап, құйрығына жазып шығар.  

Сергіту сәті

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық

Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу

Қолымда  сонда  саусағым нешеу?

Оң қолымда  бес  саусақ,

Сол қолымда  бес саусақ

Қосып едім  екеуін,

Болып шықты  он саусақ.

Санамақтар        

Тауық, жөнін  тауып,         

Он жұмыртқа басты,         

Өэдерінше мықты         

Төрт  балапан шықты         

Қанша қалғанын          

Есептей алмай отырмын.    

Он екі  үйрек көріп ем,         

Үшеуі ұшып кетті         

Төртеуі суға түсіп кетті         

Айтпауға сөз қалмады.         

Қаншасы орнынан қозғалмады? 

 

Үш алманы бақтағы

•         Кірпі алып  жинады

•         Ең әдемі   біреуін

•         Ақ  тиінге  сыйлады.

•         Ыдыстағы  алманың 

•         Санап  көрші қалғанын

Суреттегі үшбұрыштың санын табу

Әріптердің  құпиясы

•         Кестенің көмегімен жасырын сөйлемді оқы.

•                 САҚНМДПОЛРБЖ

•         О – ел

•         Н – Қазақстанның

•         Д – құдіретті

•         Ж – жатыр

•         А – әлемдегі

•         Л – бірлігінде

•         Б – татулығында

•         Р – ұлт

•         М – бүгінгі

•         Қ – жаңа

•         С – Жаңа

•         П – күші

Сабақты бекіту 
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 
Не үйрендік? 
Қандай тапсырмалар орындадық?

Дамыту жолдары:

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.

Ойлау процесі объект пен субъектінің  өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына  әр түрлі түсінік беріледі, ойлау  дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Ойлау – адам соның арқасында  заттар мен шындық құбылыстарын олардың  елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін  және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды  ашатын психикалық процесс.

Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны  мен формасын өзгерту болып табылады.       Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

•         1.Практикалық іс-әрекеттілік.

•         2. Көрнекі-бейнелік

•         3.Сөздік – логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді    
                            қамтиды.

•       1  / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

•         2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

•         3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

•         4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

•         5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

•         6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

•         7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

•         8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

•         9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

•         10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру

Қорытынды:

•         Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Логикалык ойлау