Дарынды баланы анықтау, олардың шығрмашылық және зерттеушілік әдістерін жетілдеру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалды. Қазіргі ҒТР кезеңінде ғылыми техниканы, өндірістік әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білімді, жоғары дайындығы барбілікті маман керек. Ал, ондай мамандар дарынды мамандар ішінен шығады. Баланың дарандылығы оның қабілетіне байланысты.
Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілет ойдағыдай даму үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемдік пен дағды болу керек. С.Л. Рубинштейн көрсеткендей “Адам қабілеттеріңің даму процесі болып табылады.Адамныңбелгілі бір білімдер мен әрекеттердің тәсілдерін игеруі өзінің алғы және ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі дегейі - ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады”

Работа содержит 1 файл

Дарынды баланы анықтау.docx

— 31.10 Кб (Скачать)

Дарынды баланы анықтау, олардың шығрмашылық және зерттеушілік әдістерін жетілдеру жолдары.  

 

   Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалды. Қазіргі ҒТР кезеңінде ғылыми техниканы, өндірістік әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білімді, жоғары дайындығы барбілікті маман керек. Ал, ондай мамандар дарынды мамандар ішінен шығады. Баланың дарандылығы оның қабілетіне байланысты.

  Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілет ойдағыдай даму үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемдік пен дағды болу керек. С.Л. Рубинштейн көрсеткендей “Адам қабілеттеріңің даму процесі болып табылады.Адамныңбелгілі бір білімдер мен әрекеттердің тәсілдерін игеруі өзінің алғы және ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі дегейі - ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады”

  Қабілет дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі ерекше орын алады. Іс қабілеттілік адамның өз бейімділігі арқылы және шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын белгілердің жиынтығы – дарындылық. Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілет дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт –бағдар беру- ұстаз парызы.

  Адамның дарындылығы оның жоғарғы жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Дарынды балаларды іздеу, оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі куні өте қажет, себебі. Дарында адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарында баланың негізгі қпасиеттерін атап көрсетті. Ол қасиеттерді төмендегі схемадан коругі болады:

  Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез-келген баланың бойындағы қабілеттің мұғалім ерінбей- жалықпай үлкен ізденіспен үздікскз еңбек ету арқылы нәтижесін жүзеге асыруға болады.

  Дарындылық табиғаты шексіз. Сондықтан, бал бойындағы бұл қасиетті ары қарай ұмтылдырып дамыту мекткптің алдындағы басты мәселе. “Дарынды бала дегеніміз – айрықа жетістіктермен ерекшеленетін және іс- әрекет барысында осындай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтады”, - деп “Дарындылық тұжырымдамалары” атты психологтар дайындаған құжатта анық айтылған.

  Көбінесе мұғалімдер арасында “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір жиі кездеседі. Белгілі ағылшын психолыгы П.Торранстың зерттеулері бойынша қисынсыз сұрақтар қоятын өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбінесе түсініспеушілік түһуғызатын әр нәрсеге көз қарасы бөлек нашар оқитын оқущылар арасында да шығармашыл дарын кездестіні анықталған айтылған.

  Балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Биік танымдық қабілет тұрмыс- тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс, т.б. білсем деген қызығушылық баланың ерте жасынын туындайды. Сондықтан дарынды бала бастауыш сыныптан таныла бастайтынын үнемі есте ұстауымыз керек. “Бұлақ корсең – көзін аш” деп дана халқымыз айтқандай баланың бойындағы дарындылықты дамыту, толықтыру оларға бағыт беру. Дарынды баланың бойындағы дарындылықты дамыту, толықтыру оларға бағыт беру дарынды баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай. Оның үнемі алға жылжуына жол сілтеу мұғалімнің міндеті.

  Қабілетті балаларды жеке дарынын анықтай үшін түрлі жұмыстар жүргізіледі.

Оларға мыналар жатады:

 

Дарындылықты анықтауға жүргізілетін жұмас түрлері

Оқушының бойындағы дарындылық негізі анықталған соң ұстаз белгілі бір талап және бағыт – бағдар бойынша жұмыс жүргізеді.

  1. Мұғалім іскерлігіне қойылатын талаптар:
    • Оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу;
    • Дарында оқушымен жұмысқа қызығушылық таныту;
    • Турлі әдістерді іздеу;
    • Дарынды оқушылардың ата-анасымен байланыс жасау;
    • Дарынды оқушыларды зерттеу үшін психо-диагностикалық күнделік жүргізу;
    • Дарынды оқушыларға арналған тереңдетіген бағдарламалар құрастыру;
    • Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындау;
    • Оқушының ғылыми- ізденіс жұмысына жетекшілік ету.

II. Дарынды баламен жеке жұмысты жүргізген кезде мұғалімдер ұстанатын белгілі бір бағыттар:

 

  Оқушы дарындылығын қабілеттігін қалай анықтау керегі туралы сұрақ қоя отырып, оған талмай жауап іздеген мұғалім ғана дарынды баламен жұмыс істкй алады. Мұғалім әр оқушының жеке тұлға ретінде қамтамасыз ету қажет болғандықтанбаланың қабілетін дамыта тиянақтау үшін оқушыны зерттеуге дайындау керек.Оқушылардың ізденушілік кезінде ғылыми өдебиеттерде түрлі терминдер кездеседі: ғылыми зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқу т.б. Сондықтан мұғалім дарынды баламен жұмыс кезінде түрлі әдістердә, яғни зерттеу әдісін. Шығармашылық ізденісті ояту әдістерін кеңінен қолданылады. Шығармашылықпен жұмыс жасап ізденген адамбиікке қол жеткізе алады.

  Зерттеушілік пен ізденушілік – дарынды баланың табиғатына тән құбылыс.

  Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылық дамыту қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты ерекше ой – қызметін, мол шығармашылық мүмкідікті қажет етеді. Сол сияқты өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті баытына бұра білу қабілеттілігіне ие болады.

  Шығармашылық тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді. Шығармашылық тәртібінің маңызды сипаттамасы – зерттеу. Зерттеу – дарында балаларды оқытудың негізі. Зерттеусіз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

 Дарынды балаларды оқытуда зерттеу өдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлылығы мен қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушыны өзінің зерттеу әрекеті оны өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады. Зерттеу әдісі бойынша ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объекті жөнінде жаңа білім қалыптастыру мен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі ғылымның таным қызметі: танымдық әрекет, оқушы үшін еске түсіру (репродиктівті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытта болуы мүмкін. Ал оқушының өзгерту таным әрекетін жүзеге асыратын тәсіл- зерттеу тәсілі. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.

  Қазіргі кезде зерттеуге оқыту біздің елімізде соңғы жылдары ОҒҚ ғылыми жобалар жарысын областық, республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастыру арқылы көрінуде.

Дарынды оқушылардың ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз интелектісін дамытуға талпынған оқушылардың ерікті шығармашылық бірлестігі –оқушылар ғылыми қоғамның (ОҒҚ) орны ерекше. Бұл шығармашылық бірлестіктің тиімділігі сол оқушылар арасындағы талантты балаларды табуға олардың бар мүмкіндіктерін шығармашылық сипаттағы пайдалы, қызықты істерге жұмылдыруға жалпы мектеп тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруге игі ықпал етеді. Сонымен қатар өмірлік және рухани мәдениетін дамытуға мамандық таңдауға көмктеседі. Бұл бірлестік оқушыларды ғылыми зерттеулерге қалыптастырып, шығармашылыққа баулып, әр жақты дамыған тұлға тәрбиелейді. ОҒҚ жұмыстары оқушылардың танымдық белсендіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді. Ғылыми іздену әдістерін үйрету арқылы оларды ғылыми көргендікке, шығармашылыққа баулып, әр жақты дамыған тұлға тәрбиелейді.

     Мысалы, ҚТЛ информатика пәнінің мұғалімі Исмаил Гесен оқушылармен тынбай еңбек етіп талай ұстаздарға, оқушыларға үлгі болып жүр. Оның шәкірттері аудандық, қалалық, республикалық білім додаларында топ жатып жүр. 2012 жылдың мамыр айында Румыния, Бухарестте өткен халықаралық жоба сайысында Нерохоших Дениспен, Сләмтегі Дәулет «Сұрақтар банкасы» атты ғылыми жоба қорғап, қола медаль еншілеп келді.  2012 жыл қыркүйек айында Түркменстан, Ашхабадта өткен информатикадан халықаралық ғылыми жоба сайысында Абдулов Әлішер мен Қуантаев Шыңғыс «Тестілеу жобасы» тақырыбында жоба қорғап күміс жүлде иеленді.

Жаңа  дәуірге өзгеше қабілет қасиетке сай жаңа адам дүниеге келуі өмір талабы. Дарынды оқушылардың бойындағы  таным қабілететтерін дер кезінде  тани біліп, оған бағыт бағдар беріп, өмірлік ұстанымдары мен мақсат мүдделерін айқындап беруіміз ләзім. Әр оқушыны білім мен ғылымға шығармашылықпен қарауға баулуымыз керек.


Информация о работе Дарынды баланы анықтау, олардың шығрмашылық және зерттеушілік әдістерін жетілдеру жолдары