Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:40, научная работа
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып
мұғалімі
БАЯНДАМА
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Мектептегі оқыту процесі
сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан
оның балаға ана тілін оқытып үйретуде
алатын орны да ерекше. Сауат ашу
жұмысының негізгі міндеті –
балаға хат таныту, яғни оған оқу
мен жазуды үйрету.Сонымен қатар
, сауат ашу барысында
.Демек, сауат ашу білім
мен тәрбие алудың кілті
Жалпы сауат ашудың нәтижелі
болуы даярлық кезеңінде
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
Сауат ашу кезінде оқу
мен жазу жұмыстары өзара тығыз
байланыста болады.Жақсы оқи алатын
бала таза да сауатты жаза біледі, ал
, жазуды жақсы меңгерген оқушы
оқуды жеңіл меңгереді.Бір
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
Ғалымдар зерттеуі іскерлік
ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне
жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен
өз сабақтарымда іскерлік ойындарды
оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің
бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны
қысым жасамай оқытуға
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар,
құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық
есептер білім береді және оқушыларды
ынталандырады. Математикада "Кім
жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей"
ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам",
"Дым білмес"ойындары арқылы жол
жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер"
ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол",
"Хоккей" ойындары еліміздің спорт
шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады.
"Ағашты кім тез отырғызады"
ойыны табиғатты күтіп ұстауға
тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда
бала нақты оқиғалардың куәгері
болып еңбек етуге отбасылық
өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп
аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады,
осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше
жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық
ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға
береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят
жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып,
ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және
ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.
Мұғалімнің алдында тұрған
ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа
ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты
білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану
сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін
сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін
орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды
пайдалана отырып сабақта қолданылатын
ойындарды мына төмендегі түрде
қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындарды
сабақта да, сабақтын тыс шараларда да
пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу
машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын
жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін
әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын
дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б
Сонымен бірге ұлттық ойын түрлерін де
кезектестіре, сабақ тақырыбына байланысты
пайдаланамын. Жаңа материалдарды түсіндіру
кезінде «Бәйге», «Көкпар», «Асық» секілді
ойындарды ойнатамын.
Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар
Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары
деп есптеймін.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру