Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 10:35, реферат

Описание работы

Рефераттың міндеттері:
- «Жыр» және «жырау» сөздерінің мәнін ашу;
- қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзиясының орнын айқындау;
- жыраулар шығармаларындағы туған жер тақырыбын талдау;
- жыраулық поэзиядағы туған жер тақырыбын зерттеушілерге тоқталу

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Қазақ әдебиетінің тарихындағы жыраулық поэзияның алатын орны
2) Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі және оны зерттеушілер
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

туган жер.doc

— 65.50 Кб (Скачать)

Еңкеймей кірер күн  қайда?

Қара бұлан терісін

Етік қылар күн қайда?

Күдеріден бау тағып,

Кіреуке киер күн қайда?

Күмбір-күмбір кісінетіп

Күреңді мінер күн қайда?

Доспамбеттің келесі бір жалынды жыры – «Айнала  бұлақ басы тең»

« Айнала бұлақ басы тең

Азаулының Стамбұлдан несі кем,

Азаулының Айдамет ер Доспамбет ағаның

Хан ұлына несі жоқ.

Би ұлынан несі кем!

Алла өзі берген күнінде

Хан ұлынан артық еді менім несібем!

Азаулыда аға болған ерлер көп еді,

Әйтседе алмаға ат байлағаны  жоқ еді!» - деп өзінің туған жері Азов шаһарын сөз етеді.

Жыраулар поэзиясын  көптеген зерттеушілер зерттеді. Алайда, туған жер тақырыбы арнайы зерттелмесе  де, зеттеушілер еңбектерінде бұл мәселе жиі бас көтерді. Мәселен бұл тақырып М.Мағауиннің еңбектерінде жиі ұшырасады.

Профессор Е.Ысмайлов жырау  мен ақындар ерекшеліктерін жете зерттеп берді. Ол жыраулар да ақын,көркем сөз шығарушы өнерпаз,қазақ әдебиетінің көне өкілдері деп танытты. Ә.Дербісәлин қазақ әдебиеті тарихын байыпты зерттеп, толғамды ой-пікірлер айтумен тынбай, көне дәуір әдебиеті туралы ғылыми құндылығы жоғары кітаптар жазып, кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдырды.

Осы дәуірде өмір сүрген жыраулар поэзиясының өзара тұстастық, салғастық күйде дамығандығын көрсетеді. Көне дәуір әдебиетін, зерттеу барысында Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдықов құрастырған “Ертедегі әдебиет нұсқалары” жинағы мен М.Мағауиннің “Алдаспан” еңбегін ерекше атайды. Ә. Дербісәлин әсіресе, “Ертедегі әдебиет нұсқалары” жинағында терең көрсеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

“Жыраудың сөзі мақсатсыз  айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы,көптің жайы туралы айтылады”, - деген М. Әуезов.           

Қашанда ел өміріндегі күрделі оқиғаларға үн қосып,өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырды.Өткен күн, озған дурен,көне тіршілік шежіресі болды.Үнемі халық жағынан табылып,елдің бүгіні ғана емес, болашағы үшін де аса мәнді идеялардың ұраншысы қызметін атқарды.Еркіндік, егемендік кезеңдеріндегі қазақ әдебиетінің үлгілі дәрісі, үлкен тағылымы да осында. Жыраулар поэзиясында нақылдың сөз оралымдары мол, Философиялық терең ойға толы, ол біздің жастар үшін өсиетнама түрінде берілген.

Жыраулар поэзиясының  өзекті тақырыбы – туған жері,оған деген  сүйіспеншілігі,елдің бірлігі,бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді өмірді қалаған.  
           Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман – мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси - әлеуметтік тіршілігін, ой – санасын, дүниетанымын көркем, бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Көптеген жылдар бойы сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, өзіндік үн, өзгеше бояу, нақышы айқын ұлттық сипатта қалыптасқан жыраулық поэзияға бас иейік!

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010.
  2. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» Алматы, «Санат», 1994 ж
  3. «Бес ғасыр жырлайды» І том. Алматы «Жазушы» 1989 ж.
  4. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» І том. Құрастырған: Т.Кәкішұлы. «Қазақ университеті», Алматы, 2001
  5. М.Мағауин  «Қобыз сарыны» Алматы, «Атамұра» 2006 ж

 

 

 


Информация о работе Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі туралы