Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 10:35, реферат

Описание работы

Рефераттың міндеттері:
- «Жыр» және «жырау» сөздерінің мәнін ашу;
- қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзиясының орнын айқындау;
- жыраулар шығармаларындағы туған жер тақырыбын талдау;
- жыраулық поэзиядағы туған жер тақырыбын зерттеушілерге тоқталу

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Қазақ әдебиетінің тарихындағы жыраулық поэзияның алатын орны
2) Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі және оны зерттеушілер
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

туган жер.doc

— 65.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы туған жер тақырыбы

 

 

 

                                                       Орындаған:

                                                     Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

Жоспар

 

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

  1. Қазақ әдебиетінің тарихындағы жыраулық поэзияның алатын орны
  2. Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі және оны зерттеушілер

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп  қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.

Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған.

Рефераттың  мақсаты: жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесіне тоқталу

Рефераттың  міндеттері:

  • «Жыр» және «жырау» сөздерінің мәнін ашу;
  • қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзиясының орнын айқындау;
  • жыраулар шығармаларындағы туған жер тақырыбын талдау;
  • жыраулық поэзиядағы туған жер тақырыбын зерттеушілерге тоқталу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиетінің  тарихындағы жыраулық поэзияның  алатын орны

XV ғасырдың біріншісі  жартыснда Жәнібек пен Керей  хандардың қазақ хандығын құрып,  қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқты  халықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады.

        Осы тұста жыршы кім? Жырау  кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан  айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады.

        Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың  жалпы атауы...2.тар мағынасында   қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық  шығарма жанры» деген анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен.

        «Тіл бас жарады, бас жармаса  тас жарады» деп сөз өнерін, тіл тағылымын ардақ тұтқан  қазақ халқы сонау XV ғасырда  да жырларды қадірлеген болуы  керек. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап жыр әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында да талай хандарға, сұлтандарға,  әмірлерге, өз ықпалын тигізіп, халықтың игілігіне айналғаны анық. «Қазақтардың  бүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар өздері «өлең» және «жыр» деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға болады.

Жыр өлшем жағынан  минусин татарларының батырлық жырларына  ұқсас, өлеңге қарағанда ол екі буыннан  төрт буынға дейін мүлде еркін  араласып келіп отыратын үш бунақтан (көбінесе екі бунақтан) құралады.Ұйқас соңына келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде» деп белгілі зерттеуші  В. В. Радлов түсінік бергендей жыр қазақ  поэзиясының арғы атасы іспеттес.(Радлов В. В. «Алтын сандық» Алматы 1993 жыл 10- бет) жалпы жыр өлшемі поэзияда ерте туған  өлшем. Ғалымдардың зерттеуінше жырлардың ұйқас түрлері 10-ға жуық. Жыр негізінен дара ұйқасты және аралас ұйқасты болып  екіге бөлінеді.Аралас ұйқастың өзінің салалары көп.

Жыршы кім? деген сұрауға  «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында»: «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.

Қазақ әдебиетінде есімі  ел аузында сақталып, аңызға айналып  жүрген жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық жыраулар шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі  кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып немесе біреулердің өз жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде.

Жыраулық поэзия – ΧV–ΧVІІІ ғасырдағы қазақтың халық поэзиясы. 
Біздің дәуірімізге негізінен ауызша жетті. ΧV ғасырдың орта шеңінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алады. Ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденеді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен – ақ кемелдікті көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шеңдесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман мен адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік жайлы сан – салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. 
             Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыраулар поэзиясындағы  туған жер мәселесі және оны зерттеушілер

 

Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі  тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.

Жыраулар поэзиясының  өзекті тақырыбы – туған жері,оған деген  сүйіспеншілігі,елдің бірлігі,бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді өмірді қалаған.  
          Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.

ХҮ ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:

Алаң, алан, алаң жұрт

Аққала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған

Батыс болып туған  жұрт.

Кіндігімді кескен жүрт...

Қайран да менің Еділім!

Қайран да менің Еділім!

Жырау мына бір толғауында  өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне  дән риза. Көк майсаға қонған бай  ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық  сурет елес береді. Туған жерін  шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.

Жауды көрсең жайнаған,

 

Жай тасындай қайнаған.

 

Еділде тұрып оқ атса

 

Жайыққа түсіп жоғалған...

Тағы бір назар аударатын  жай, соңғы екі жолдағы образды  сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған  тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:

Жабағалы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең.

Қазтуғанның келесі бір өлеңі – «Салп-салпыншақ анау үш өзен»

Салп-салпыншақ анау үш өзен  
Салуалы менің ордам қонған жер.  
Жабағылы жас тайлақ  
Жардай атаң болған жер,  
Жатып қалған бір тоқты,  
Жайылып мың қой болған жер.  
Жарлысы мен байы тең  
Жабысы мен тайы тең,  
Жарыменен сайы тең” 
          Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды.

Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.

Туған жер мәселесін  сөз еткен келесі жырауымыздың бірі Доспамбет болып саналады. Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.

Доспамбет жырау мұрасының  дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген  қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары ХІХ ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.

Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі.

Айналайын, Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн  қайда?

Еңсесі биік боз орда

Информация о работе Жыраулар поэзиясындағы туған жер мәселесі туралы