Жұбағаңның Колбиннiң

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 19:18, реферат

Описание работы

Желтоқсанда жасындай жарқылдаған қайран Жұбағаңның Колбиннiң алдында сөйлеген сөзiнен үзiндi: «Маған бұл кездесу туралы хабарлағанда, мен өзiмнiң шешендiк өнерiм мен олимпиадиялық ұстамдылығыма онша сенiңкiремей, осы мiнбеден айтқым келетiнiмнiң кейбiрiн асығыс қағазға түсiрiп алдым. Мен ойлаймын, дұрыс па, әлде ағаттық па, бiлмеймiн, әңгiме тек риясыз, мейiлiнше, ашық, жүрекжарды болуы, адам бiрдеңеден қателесiп кетем бе және бiр-бiрiмiзге жақпай қаламыз ба деген әйеншектеуiнсiз болуы керек. Алайда, мұндай жағдайда көбiнесе үндемей қалған немесе көлгiрсiген, ыққа жығылған, iстен гөрi ұрандар туралы көбiрек сөз қозғайтын адамның ұтатыны бiзге түсiнiктi.

Работа содержит 1 файл

Желтоқсан.docx

— 15.48 Кб (Скачать)

«МЕН ҚАЗАҚПЫН МЫҢ ӨЛIП, МЫҢ ТIРIЛГЕН!»

Желтоқсанда жасындай жарқылдаған қайран Жұбағаңның Колбиннiң алдында сөйлеген сөзiнен үзiндi: «Маған бұл кездесу туралы хабарлағанда, мен өзiмнiң шешендiк өнерiм мен олимпиадиялық ұстамдылығыма онша сенiңкiремей, осы мiнбеден айтқым келетiнiмнiң кейбiрiн асығыс қағазға түсiрiп алдым. Мен ойлаймын, дұрыс па, әлде ағаттық па, бiлмеймiн, әңгiме тек риясыз, мейiлiнше, ашық, жүрекжарды болуы, адам бiрдеңеден қателесiп кетем бе және бiр-бiрiмiзге жақпай қаламыз ба деген әйеншектеуiнсiз болуы керек. Алайда, мұндай жағдайда көбiнесе үндемей қалған немесе көлгiрсiген, ыққа жығылған, iстен гөрi ұрандар туралы көбiрек сөз қозғайтын адамның ұтатыны бiзге түсiнiктi.  
Елде тәртiп орнату бiр жылдың шаруасы емес екенiн бiз түсiнемiз, өйткенi, қолдан шығарып алғанымыз, iстемегенiмiздiң көлемi тiптен орасан, ал көтерер жүгiмiз одан да үлкен. 
...Бiздiң саяси тәрбие және идеологиялық жұмыстардың деңгейiне заңды көп талап-тiлегiмiз бар. Оның стереотиптiлiгi, пәрмендiлiгiнiң аздығы, реалды шындықтан, адамдардың толғанысы мен қиналысынан қол үзуi, адамгершiлiк-идеялық өлшем позициясын әлсiретуге және кейде қолдан беруге, феодалдық-тоғышарлық адалдыққа әртүрлi типтегi басқаша ойлаушылар деп аталатындардың пайда болуына әкеп соғады. Айтылғанның қасiреттi көрсеткiштерiнiң бiрi – желтоқсанның 17-сi мен 18-iнде Алматыда болған оқиға... 
Бiрақ, естiгенiмдей, өрт сөндiрушi машиналарды – су атқылағышты, арсылдаған иттердi, рәзiңке тоқпақтарды айлалы арандатудың құрбаны болған жас жiгiттер мен қыздарға қарсы ойланбастан асығыс ала жүгiрудi қостаймын десем, онда өз арымның алдында, сiздердiң барлықтарыңыздың алдыңда ақ-адал болмас едiм. Менi мына мәселелер толғандырады: өкiмет органдары тәртiптi қалпына келтiруге көмек көрсетуге шақырғандардың және жуасытушы құралдармен қаруланғандардың бәрi етегiне намаз оқыған интернационалист екенiне бiздiң көзiмiз жете ме? Олардың арасында тәртiпсiздiкке қатысушыларды ызаландырып, ашындыру үшiн алауыздықты қоздырған жаны да, қолы да таза емес адам болмады ма екен? Көзiмен көргендердiң айтқанындай, 17-18 жастағы қыздарды шашынан сүйреп сабаған солар емес пе екен? Ақырында сонан кейiнгi күндерi қалалық транспортта, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тiл тигiзу, қоқан-лоққы жасау солардан шығып отырған жоқ па екен? Мен осындай ұят оқиға және оның артынша не болғанын естiгенде жасырып қайтейiн, осы күнге дейiн өмiр сүргенiме өкiндiм. Иә, қоғамға қарсы кез келген бас көтерулердi түбiрiнен қиып отыруды толық жақтаймын. Өйткенi, демократия – анархия емес. Солай болғанмен де, (демократияға – авт.) тiптi кiнәлiлердi де оған деген сенiмнен айырмау керек. Бiз олардың жасаған әрекеттерiне ғана емес, сондай-ақ олардың азаматтық болашағы үшiн де жауаптымыз. 
Алматыда болған оқиғаға баға берiлдi. Сонымен қатар, менiң ойымша, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiне, Колбин жолдас, Сiздiң өзiңiзге республикада интернационалдық тәрбие және ұлтаралық қатынастар мәселесi қалай шешiлiп жатқанын әлi де мұқият, сан-қырлы талдау керек...  
Соңғы айтарым. Кейбiр басшы жолдастардың республикадағы қазақ жастарының жоғары оқу орындарындағы саны айталық, орыс студенттерiнен көп екен дегенi – кiнәлағандай, тiптi, тиiстi министрлiкке ескертудей естiледi. Ал, олар Қазақстанда көп болмағанда, қайда көп болмақ?  
Бұның бәрi – ұсақ-түйек емес, тiршiлiк мәселелерi, лениндiк ұлт саясатының мәселелерi. Оны көзге iлмеу дегенiмiз – советтiк өмiр шындығына ерiктi немесе ерiксiз түрде шiркеу түсiру...»


Информация о работе Жұбағаңның Колбиннiң