Султанмахмут Торайгыров

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 14:59, научная работа

Описание работы

Әдебиет әлемінің көркемдік, эстетикалық қоры сөз өнерінің үздік үлгілерін тудырған дарынды қаламгерлер шығармалары негізінде толығары баршаға белгілі. Халықтық игілікті көздеген туындыларды дүниеге әкелген сөз зергерлерінің шығармашылық мұрасы өз дәуірінің, туған халқының көркемөнердегі келісті бейнесін, жарасты бедерін ғана емес, барша адам баласының абзал мақсат-мүдделерінің, игі ой-армандарының жаршысы бола алуымен өлшенбек.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Сұлтанмахмұт мұрасының жиналу, насихатталу деңгейі

2.2. Cұлттанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда

2.3. Сұлтанмахмұттану ғылымы 40 - жылдарда

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сұлтанмахмұттану.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

     ХХ  ғасыр басындағы қазақ әдебиет, роман жанр, поэзия келбеті, ағымдық  сипаты айту  қажеттілігі туғанда, С.Торайғыров есімі мен ісіне тоқталмай  өту мүмкін емес.  Сондықтанда ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдардың дені аз ғұмыр кешсе де  мол мұра қалдырған Сұлтанмахмұт шығармашылығы туралы  әр түрлі деңгейде пікір білдіріп,  көзқарастар түзеді. Алайда, олардың қай-қайсысы да болмасын Б.Кенжебаевтай сұлтанмахмұттану ғылымы  үшін тағдыр талқысын көріп, бейнет кешпегені анық. Б.Кенжебайұлы ақын шығармаларының ұлттық нақышын, дәуір перзенті ретіндегі  үнін, дүниетанымын, суреткер сыры жайлы  терең  пайымнан туған толайым тұжырымдары    

     Өз  заманының перзенті ретінде [15:50]   жазушылық өсу жолы оның ұстанған бағытына қарай жіктеліп: демократтық-ағартушылық бағыттағы, буржуазияшыл–ұлттық бағыттағы, социалистік позициядағы болып тарамдалды.

 

      ҚОРЫТЫНДЫ 

    Сұлтанмахмұттануда  қырқыншы жылдардан бастап үлкенді-кішілі 50-ден аса еңбектер жазған Б.Кенжебаевтың осы бағыттағы ел тәуелсіздігін  алғанға дейінгі кезеңдегі зерттеулерін жалғастырған ғалымның замандастары мен  ізбасар шәкірттері болды. Солардың сұлтанмахмұттану ғылымы саласына қатыстыларын атап өтсек, олар мыналар: К.Шәменов, Д.Қабдиев, М.Дүйсенов, М.Белбаев, О.Нұрғалиев, А.Еспенбетов. Сондай-ақ С.Торайғыровтың журналистикасына Т.Кәкішев, сатирасы Т.Қожакеев, текстологиясына Т.Әбдірахманов, ғұмырнамасына Е.Өтебаев, Абай дәстүріне қатысына А.Нұрқатов, эпикасына М.Базарбаев, Р.Бердібаев т.б. ғалымдар еңбектер жазды. Сонымен бірге, С.Торайғыров мұрасын арнайы зерттеу тақырыбына алмаса да әдебиет тарихындағы әдеби үрдіс аясында Сұлтанмахмұт шығармашылығына байланысты әдеби-ғылыми ой-тұжырымдар жасаған Ы.Дүйсенбаевтың, Ә.Дербісалиннің докторлық диссертацияларын атау орынды.

      Сұлтанмахмұттанудың гуманитарлық ғылымдардың өзге салаларында  да кеңінен зерттеу нысанына алынған  уағы осы және тәуелсіздік кезеңіне сәйкеседі. Мәселен, лингвистика саласында М.Белбаева, педагогика саласында К.Қойбағаров, М.Ақшолақов, Қ.Жанпейісова, этикада Ө.Нұрғалиев, салыстырмалы әдебиеттануда Ш.Сәтбаева, Э.Хексель, фольклористикада Ж.Ахметова, эпистолярлық жанрда Ә.Марғұлан, Ш.Айманов, Ш.Торайғыров, Н.Жамалин, сұлтанмахмұттанудағы Б.Кенжебаевтың ғылыми еңбектері Қ.Ергөбек, А.Еспенбетов еңбектерінде жан-жақты, кең тұрғыда сөз болды.

      Бүгінде С.Торайғыров мұрасы саяси-идеологиялық бағалардан тысқары, гуманистік, ұлттық тағылымдық сипатта алынып, ақынның шығармашылық ғұмырбаяны ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен алаш арыстарының азаттық, бостандық жолындағы абыройлы істерімен бірлікте, тұтастықта қарастырылуда. Тәуелсіз әдебиеттану ғылымының табиғатына, талғам-талабына сай ақын шығармалары идеялық-мазмұндық жалаң баяндаумен емес, көркемдік эстетикалық мән-маңыздары, көркем ой құдіреті мен шығарманың сыртқы жанрлық түр ерекшелігінің өзара бірлігі, дәстүр мен жаңашылдық, тіл, стиль, сөз өрнек өзгешеліктері сынды қаламгердің әдеби шеберлігі тұрғысында зерттелуде. Бұл орайда тәуелсіздік алғаннан соңғы Сұлтанмахмұт мұрасына қатысты жазылған С.Қирабаевтың, Т.Кәкішевтің, З.Ахметовтің, Ә.Кекілбаевтің, А.Еспенбетовтің, Қ.Ергөбектің, А.Алтайдың, Т.Райымжановтың, т.б. еңбектерін атауға болады.

 

      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

  1. Б.Кенжебаев. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану  мәселесі Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті. -Арнаулы  семинар материалы: Алматы. 1968.
  2. Кенжебайұлы Б. Өтепұлы Қ. Тағы да әдебиет сыны туралы. \\Социалды Қазақстан.1933.№147. 30 шілде.
  3. Сарыбаев Ғ. Қазақ мемлекеттік баспасының таптық көрсоқырлығы.\\Казахстанская правда\\.1933. 23 апреля.
  4. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров,-Алматы:Ғылым,1992.-200б.
  5. Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. ҚазМемБас.1932.
  6. Бекенов Е. Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық ақын. ҚазМемБас1933.
  7. Екеу. Абайдан соңғы ақындар. \\Абай\\ №5. 1918 .
  8. М.Әуезов. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр  басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы. ҚазМемБас.1932.
  9. Әдебиет хрестоматиясы. Орта метептің ҮІ класына арналған. \\Құраст. М.Әуезов\\. 1933.
  10. Айтмұқанов С. Сұлтанмахмұт творшествосындағы  әлеуметтік мотивтер.\\Әдебиет және искуство\\ №7.1939
  11. Әдебиет хрестоматиясы. Орта метептің ҮІІ класына арналған. \\Құраст. Е.Ысмайылов\\. 1933.
  12. Дәукенов Қ. Сұлтанмахмұт  творчествосындағы  қайшылықтар. \\ Лениншіл жас.\\№227. Қазан. 1938. 

Информация о работе Султанмахмут Торайгыров