Султанмахмут Торайгыров

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 14:59, научная работа

Описание работы

Әдебиет әлемінің көркемдік, эстетикалық қоры сөз өнерінің үздік үлгілерін тудырған дарынды қаламгерлер шығармалары негізінде толығары баршаға белгілі. Халықтық игілікті көздеген туындыларды дүниеге әкелген сөз зергерлерінің шығармашылық мұрасы өз дәуірінің, туған халқының көркемөнердегі келісті бейнесін, жарасты бедерін ғана емес, барша адам баласының абзал мақсат-мүдделерінің, игі ой-армандарының жаршысы бола алуымен өлшенбек.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Сұлтанмахмұт мұрасының жиналу, насихатталу деңгейі

2.2. Cұлттанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда

2.3. Сұлтанмахмұттану ғылымы 40 - жылдарда

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сұлтанмахмұттану.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    №11 жалпы  орта білім беретін мектеп 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ҒЫЛЫМИ  ЖОБА

    Тақырыбы:

    СҰЛТАНМАХМҰТТАНУ  ТАРИХЫНЫҢ АЛҒЫ КЕЗЕҢІ 
     
     
     
     
     
     
     

    Ғылыми  жоба авторы: Жулубаева Г.

    Жоба  жетекшісі: Құдайбергенова А.Қ. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    СЕМЕЙ,

    2011 
     
     
     
     
     
     
     
     

    Жоспары: 

    І. Кіріспе

    ІІ Негізгі  бөлім

    2.1. Сұлтанмахмұт  мұрасының жиналу, насихатталу деңгейі 

        2.2. Cұлттанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда

        2.3. Сұлтанмахмұттану ғылымы  40 -  жылдарда

        ІІІ. Қорытынды.

        ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

    КІРІСПЕ 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ елінің тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық өміріне қоғамдық жаңарулар мен тың өзгерістер әкелген ұлт тәуелсіздігі әдеби-мәдени рухани құндылықтарымыздың тамырына бойлап, тереңіне үңіліп, жаңа талап тұрғысына саралауға зор мүмкіншіліктер туғызды. Ұлт әдебиетінің алтын ғасырына саналып, әдеби полемикалық резонанс тудырған ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін қоғамдық фармацияға байлаусыз, тың концепциялар, жаңаша көзқарастар негізінде зерделеуге қол жеткіздік. Әсіресе, ұлттық әдебиеттану ғылымының ажырамас күрделі бөлігіне айналған тұлғатану ілімі жаңа қарқын, тың серпін алуда.

    Әдебиет әлемінің көркемдік, эстетикалық қоры сөз өнерінің үздік үлгілерін  тудырған дарынды қаламгерлер шығармалары негізінде толығары баршаға белгілі. Халықтық игілікті көздеген туындыларды дүниеге әкелген сөз зергерлерінің шығармашылық мұрасы өз дәуірінің, туған халқының көркемөнердегі келісті бейнесін, жарасты бедерін ғана емес, барша адам баласының абзал мақсат-мүдделерінің, игі ой-армандарының жаршысы бола алуымен өлшенбек.

    Дәуір шындығын суреттеп, әділет жолын нұсқаған С.Торайғыровтың өмірі мен әдеби  мұрасы, шығармашылық бағыт-бағдарына қатысты барша әртүрлі деңгейдегі пікірлер мен тұжырымдар, зерттеулер мен ізденістер, айтыс-тартыс, дау-дамайлар сұлтанмахмұттану ғылымының іргесін нығайтып, көкжиегін кеңейтті. Осы тұрғыдан сұлтанмахмұттану ғылымының кеңестік және тәуелсіздік таным тұрғысындағы кезеңдері тұтастықта арнайы қарастырылып, қаламгер ғұмыр кешкен дәуір тынысымен байланыстыра зерттеу сұлтанмахмұттану ілімінің ұлттық әдебиеттану ғылымын ілгерілетіп, өрістетуде алар орнын айқындау қажеттілігі тақырыптың ғылыми өзектілігін құрайды.

    Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ғылыми жобада сұлтанмахмұттану ғылымының зерттелу тарихы, кезеңдері мен болашақ бағыт-бағдары қазіргі әдебиеттанудағы жаңа тәуелсіз таным тұрғысында кешенді түрде зерттеу нысанына алынды.

- С.Торайғыровтың  шығармашылық мұрасының әдебиеттанудың  арнайы ғылым саласына айналуының  әдеби, тарихи себеп-салдары сараланды;

-сұлтанмахмұттану  ғылымының тарихы заманның қоғамдық-саяси  ахуалымен байланыста қарастырылып, осы ғылым саласындағы ғалымдар  еңбектерінің мән-маңызы айқындалды.

 

      2.1. Сұлтанмахмұт мұрасының жиналу, насихатталу деңгейі 

     Сұлтанмахмұттану  ғылымының алғашқы дәуірі сұлтанмахмұттану ғылымы зерттеу әдісі ортақ әрі ақынды тану  мұраттары мен міндеттері бір болғандықтан, кейінгі зерттелу бағыттарына  таным баспалдағы болуымен сипатталады. Отызыншы жылдардағы суреткерді тану мәселесінде орын алған  қайшылықтар өзгермей, қайта қат-қабаттанып кеңестік идеология  үстемдігі тұрғысындағы соцреализм негізінде бағалау күшейе түсті.  Қырқыншы жылдардағы ақынды тану турасындағы  пікірталастар өрбіп,  ақын мұраларының келер шақта  зерттелу, насихатталу ісіне түбегейлі тежеу салып, қазақ әдебиеті  тарихынан біржолата алып тастау сынды сорақылық деңгейіндегі мәселе  көтеруге  дейін ушықты. Бұның барлығы дерлік  Сұлтанмахмұттай  сұңқар ақынның  ұлт тағдыры  турасындағы сұңғылалығын «ұлтшыл буржуаз» деп  бағалаған  себептің  салдарынан туындаған болатын. Біртуар алашжанды ақынның шығармашылық еңбектерін кеңестік идеологиялық  қысымнан эманципациялаудың бірден бір жолы суреткер мұратын төңкерісшіл, тапшыл  шеңберде яғни  сол кездегі  кеңістік пен  уақыттың билігіне сай таныту болды.

     Осы  тұста Сұлтанмахмұт мұраларын әділетті  бағалау  дегеніміз  ұлттық мәдени, әдеби  құндылықтарды соцэкспанациялаудан  құтқару деген  ұғыммен пара - пар болды. Сұлтанмахмұт  руханиятын халықтық негізін ашу және көркемдік  шығармашылық  құбылыс  ретінде таныту көкейкестілігі әдебиет майданына шын мағынасындағы сұлтанмахмұттанушылардың  жаңа сапын әкелді. Торайғыровтанушылардың жас буыны  бұл  саладағы қалыптасқан догмалық аһуалдың көбесін сөгіп, зерттеу бағытын жаңа  арнаға түсірді әрі  тұлғатанудың  тұғырнамалық бағдарламасын айқындап, суреткердің халықтық сипатын ашуға сарқа күш  жұмсады.

     Бұл кезеңдегі  сұлтанмахмұттану турасындағы  зерттеу-пайымдаулар  ақынның  қайтыс болуына  20 жыл толуына байланысты өрбіді. Ғалым Б.Кенжебаев «Сұлтанмахмұт Торайғыров» деген мақаласында ақынның  өмір жолы мен шығармашылық жалпы шолу  жасап, асыл мұраға  аса  жауапкершілікпен қарауға  шақырды. Сонымен қатар, 30-жылдардағы  солақай сын, теріс бағалаудан арылуға  үндеді [1].

     Ақын  мұраларын  жинақтау, тарату жаңаша қарқын алып, әрі шығармаларын кітап қылып бастыру ісі оның зерттелу үдерісіне зор ықпал жасады. Мәселен, Б.Кенжебаевтың  ақын өмірі мен шығармашылығына түсінік берумен Алматыда  Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасы 1942 жылы «Кедей» поэмасын, ал 1944 жылы  ақының  «Адасқан өмір» поэмасын бөлек кітап етіп бастырып шығаруы ақын мұраларының насихатталу ісінде айырықша мәнге ие болды. Осы поэманың жазылуына 50 жыл толуына орай ғалым Б.Кенжебаевтың  «Адасқан өмір» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада осы  поэманың шығу, жазылу  тарихын қамтый отырып, ХХ ғасыр басындағы  қазақ поэзиясының шоқтығы биік  шығармасы екендігін атап көрсетілді. [2]

     40 жылдардағы сұлтанмахмұттану  ғылымының  кең қанат  жаюуына зор үлес  қосқан ғалымдардың бірі Есмағамбет  Ысмайылов болды.  1943 жылы С.Торайғыровтың туғанына 50 жыл  толуына орай зерттеушінің «Қазақ халқының сүйікті ақыны», «Қазақ халқының аса  көрнекті ақыны» атты мақалалары жарияланып, онда тұңғыш рет ақынды шынайы  халық  ақыны  ретінде танытқан батыл  тұжырым жасалынды. Бұл пікір-тұжырымдар бұған дейінгі зерттеу мақалаларында ұлтшыл ретінде бағаланған Сұлтанмахмұт шығармашылығы  тану бағытындағы жаңа белес,  эволюциялық төңкеріс ретінде қабылданды. [3]

     Осы  жылдарда қаламгер  мұрасын насихаттау ісіндегі  және бір толайым табысы мектеп оқулықтарына ақын шығармаларының енуі болды. Абайға  дейінгі әдебиетімізді жоққа шығарып, қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі қазан төңкерісінен басталды деген посткеңестік түсінік шеңберінде қалған мектеп бағдарламасына ақын  шығармашылығының енуі ғалымдарымыздың өз басын қатерге байлаған қаһармандық әрі  жанқиярлық ерлігінің арқасында жүзеге асты. 1946 жылы орта мектептің ІХ класына арналған «ХІХ ғасырдың  ақыры мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті»  атты оқу  құралының 2-бөлімінде ақынның өмірінен аздаған мәліметтер беріліп, «Қараңғы қазақ көгіне», «Шәкірт ойы» т.б. ағартушышылық тақырыбындағы өлеңдер топтамасы қамтылды. Оқулықтың авторлары көрнекті  ғалымдарымыз Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар болды. Сонымен қатар, Қ.Жұмалиев пен С.Мұқановтың авторылығымен шыққан «ХІХ ғасырдың  екініші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет» ІХ класқа арналған  оқу құралында да  ақынның лирикалық шығармалары берілді. Әсіресе, Х класқа арналған «Қазақ совет әдебиеті» оқулығында С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы мен «Кедей», «Кім жазықты» поэмаларынан қысқаша мәліметтер ұсынылды. Оқулық зерттеуші-ғалым  Е.Ысмайыловтың авторлық құрастыруымен жарық көрді. Бұл оқулықта автор: «Сұлтанмахмұттың социализмді арман етіп жырлауы, еңбекші бұқараның келешек бақытын болжап жырлауы –бұл біздегі советтік әдебиеттің  алғашқы туа бастаған дәуірін көрсетеді» -деп, Сұлтанмахмұтты советтік әдебиеттің авангарды деп таныды. [5] Сондай-ақ, келешек буын оқулықтарындағы С.Торайғыров мұраларының алар орны айырықша боларын көрсетіп берді. Ақын мұрасын мектеп бағдарламасы көлемінде насихаттаудағы ілгерілеулер ақын мұраларының өміршеңдігін танытты.

     Сұлтанмахмұт  шығармаларын жинақтау, бастыру ісі  бұл тұстада өз арнасын тауып, тың материалдармен толығып, өмір жайлы  жаңа  деректермен молыға түсті. Осы бағыттағы елеулі еңбек ретінде ақының інісі Шәймәрден Торайғыровтың «Сұлтанмахмұт жөніндегі материалдар» атты еңбегін атауға лайық. Ақын аға турасындағы түрлі деректер, Мәликемен қосылуы жайындағы естеліктер, т.б. қолжазбалар қамтылған. Ш.Торайғыровтың ақын ағаның қайтыс болғанына  25 жыл толуына байланысты жарық  көрген «Сұлтанмахмұт» атты естелік-әңгімесі ақын турасындағы деректі ғұмырнамалық шығармалардың  алғашқысы деп бағалау орынды. [6]

     Ақын  өмірі мен шығармашылығы зерттеу  өзектілігі осы  жылдарда да қазақ әдебиеттану  ғылымының күн тәртібінен берік орын алды. Бұл тұстағы әдебиет тарихындағы  зертеулер ақын-жазушы мұраларының қазақ әдебиетіндегі жанрларды дамытудағы ролін айқындауға  арналды. Атап айтар болсақ, Белгібай Шалабаевтың «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы роман жанры» атты  кандидаттық диссертациясында қаламгердің осынау  үлкен жанрды  игерудегі тәжірибелері мен жаңашылдығы уақыт тынысына сай сараланды. Онда зерттеуші Торайғыров  творчествосының идеялық-көркемдік дамуын күрделі тарихи 3 кезеңге бөліп қарастырады. Біріншісі – 1912-1917 жылдардағы ақпан төңкерісіне дейінгі демократ әрі ағартушы болып қалыптасқан кезең. Екіншісі – 1917-1918 жылдардағы әрі –сәрі күй кешкен интелигент, ал үшіншісі –социализм  позициясын берік ұстанған 1919-1920 жылдар. Сұлтанмахмұттың  «Қамар сұлу» романның тақырыбы мен идеясын, қаһармандардың азаттық үшін күресін саралай отырып, С.Көбеевтің «Қалың мал» романынмен  компаративистік әдісте қарастырады. Және де «Қалың малдан» айырмашылығы мен ерекшелігі Сұлтанмахмұттың бұл романда дүмше дінбасыларымен мен шариғатқа ашық қарсылық танытуы, феодалдық әдет –ғұрыптарды әшкерелеуі, патша режимін сынауында деп біледі.

     Романда тұңғыш типтік характерлердің жасалғандығын, қаһармандардың іс-әрекеттері мен сезім иірімдерін шыншылдықпен суреттелгенін, көркем образдардың тереңдеп ашылуын шығарманың құндылығы ретінде көрсеткен. Бұл ғылыми жұмыста  Сұлтанмахмұттың өлеңмен жазылған «Кім жазықты» романы да зерттеу  нысанасына алынып,  әлеуметті-тұрмыстық шығарма ретінде бағаланған. Ғалым шығармадағы  басты тұлға Әжібай бейнесін жан-жақты талдай отырып, кейіпкер бойындағы барлық қырсық мінездің түп себебін қоғамдық құрылыстан яғни феодальдық-патриархалдық сатыдан іздейді.[7:39] Біздіңше, Сұлтанмахмұттың «Кім жазықты» романындағы Әжібай тәрбиесінің келеңсіздігі қазақ ауылының қоғамдық құрылыстан алған мешеулігінен емес, қазақы дәстүр, хандық билікті, дала заңын құлатып, ұлтымыздың ұсақталуына әкеп соғар болыстық басқаруды енгізген  «ұлыорыстық – империялық» саясаттан. Ішкілікке салыну, карта ойнау, зинақорлық жасау сынды түрлі зиянкестік амалдарда қазақ аулында ХІХ ғасырдың соңына дейін болмаған жат әрі жаманат құбылыс. Аңқылдаған, періште  көңіл  қазақ баласының бұзылып, бодандық санаға құл бола бастауы, билік  жүйесі бұзылып, парақорлық, жемқорлықтың белең алуы империялық Ресейдің жымысқы саясаты романға конспиративті идея болып телінеді. Профессор Б.Шалабаев: «С.Торайғыров романдары – Октябрь революциясы қарсаңында қазақ прозасы жеткен ең жоғары деңгей. С.Көбеевтің «Қалың малымен» қатар олар роман жанрының қазақ әдебиетінде тамыр жаюына  жасалған талапты қадамдар деп санауына  әбден болады» - деп, жазба әдебиеттің маңдайалды жәдігері ретінде  сипаттайды. Кеңестік  кезеңдегі таптық, партиялық шеңберінде қарастырылғанмен, сұлтанмахмұттан турасындағы алғашқы ғылыми еңбектердің маңдайалдысы сондай-ақ, Сұлтанмахмұттың образ жасау шеберлігі, тіл айшықтығы туралы ғалым пікірілері бүгінде  өз маңызын жойған жоқ.

     40-жылдарда  да торайғыровтану  турасындағы  түрлі  пікір-қайшылықтары  толас таппай, көп жағдайда ақындық позиция, саяси көзқарасы, ұстанған бағыты сынды әлеуметтік белгілерін тізбектеуден ары аса аламады. Ақын шығармалары партиялық әдебиет тұрғысынан пайымдалып, көркемдік-эстетикалық табиғатын мүлдемге ашылмады. Мәселен С.Мұқанов: «Қазақтың совет үкіметі  алғаш орнаған кезде өлген демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылдағы тап қайшылықтарын көрсетуде Абайдан асып кетті. Бірақ ол шеберлік  жағынан әлі  жетілмеген еді», -деп Сұлтанмахмұтты белгілі бір таптың өкілі ретінде дәріптеді. Шын мәнінде ХХ ғасыр басындағы қазақ көркем  ойының алыбы саналған Сұлтанмахмұт  жалпы адамзаттың ақыны болатын. Бірақ бұл пікірді айту «ұлтшыл ақынның  құйыршығы, ұсақ буржуй сынды жазықсыз жала жабылып, қуғынға ұшырайтын еді.

     Ақынның әділ бағасын беріп, араша түспесе, оның  рухани мұрасы қазақ әдебиеті тарихынан біржолата сызылып, бүгінде  ақтаңдақтар қатарынан орын алар еді. Туындыгердің  өмірі мен шығармашылығын халықтың тарихымен, танымымен  тұтастықта  қарап зерделеуге алғаш  батыл қадам жасаған әрі сол жолда бар саналы  ғұмырын арнап ғалымдық қаһармандық көрсеткен сұлтанмахмұттанушы Бейсембай Кенжебаев есімі осы тұлғатану ғылымының негізін салушы ретінде ерекшеленері даусыз ақиқат. Қырқыншы жылдардағы сұлтанмахмұттану ғылымының  жаңа белестерге көтерілуі де Бейсембай Кенжебаевтың жанқиярлық істерімен тығыз байланысты. «Қазақ әдебиеті  тарихындағы  ең бір  күрделі кезең  дау –дамай мен айтыс – тартысты  көбірек  туғызған уақыт – ХХ ғасырдың бас кезіндегі сөз  өнерін  қажымай-талмай  зерттеу  объектісіне айналдырған Бейсембай Кенжебаев екендігі белгілі. Әсіресе, осы дүрбелең шақтағы  біртуар тұлға  Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өмірі мен шығармашылығын  шағын мақалалардан  ірі  ғылыми концепциялар деңгейіне көтеруі  мойындауды қажетсінетін  шындық.»

     Сұлтанмахмұттың туралы  ақиқатты жасқанбай айтып,  ақын мұрасын  үйірілген қауіптен  аман сақтауда ғалым Б.Кенжебаев  рухани ерлік танытты. Ол өзінің «Сұлтанмахмұт  туралы» атты мақаласында: «Сұлтанмахмұт  қазақ халқының ашынған ойын, мұңын, тілегін, аңсаған арманын, асыл сана-сезімін бойына  сіңірген, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, әлеуметтік және  рухани бейнесін түгел қамтып жырлаған талантты ақын. Қазақ халқының Абайдан кейінгі реалист үлкен ақыны. Ол халықтың тұрмысын, салтын, мінезін, мүддесін, дәл толық, шебер көрсетті» - деп Сұлтанмахмұтты шынжыр балақ шұбар төс үстем таптың да, қара сирақ кедей таптың да ақыны емес, шынайы  халық ақыны  ретінде саралады.

Информация о работе Султанмахмут Торайгыров