Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 20:40, реферат
Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған. Ол туралы өлеңдерінде ақынның өзі де айтады. Ал ақын Кожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде:
деп желкелеп, қазақтың
көптігін:
Бүтін дүние жүзінде
Шөгіп жатқан мұнармын, –
деп суреттейді. Әрі қарай қазақ елін қоныс ретімен, неше алуан тапқыр теңеу, ұтқыр сөздермен санамалап Жетісудан бастап, Алтай, Арқа, Атыраудан бір-ақ қайырады. Қатаған не десін, қарсы дау айта алмайды.
Ақынның екі елдің тарихы, жер-су аумағы жөніндегі жан-жақты мол білімі, аңғарымпаздығы шеберлігіне қанат бітіреді. Жеңетін қисынын, дәлелін дәл табуы, "қызып тұрған темірге өзі келіп қарылды", "Тас тұяқты тұлпармын қырқалап таудан асқанда", "Бүтін дүние жүзінде шөгіп жатқан мұнармын", "Ажалың жеткен қарғасың бүркітпенен ойнаған", "Найзамен шаншып ет жеген", "Сүйінбай пірің мен болам", "Меніменен егессең, ұрамын жерге доптайын" сияқты әдемі әсірелеулер мен бейнелі, сөздер айтыстың көркемдік биік сапасын көрсетеді.
Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу.
Жоспары:
Пайдаланылған әдебиеттер: