С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:20, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының теориялық-практикалық маңызы: С.Аронұлы шығармаларында дін тақырыбына байланысты жазылған өлеңдер үлкен тарихи шығарма болып табылады. Онда ақын сол тұстағы казақ жеріндегі діни ахуалды, адамдардың дінге деген көзқарасын толығымен көрсетеді. Бұл мұралардың мәңгілік өміршеңдігі де халық тұрмысындағы шынайылықты көрсетуінде. Сондықтан бұл шығармаларды одан әрі зерттеп, әлі де болса толықтай зерттелмеген жақтарын игеру қажет. Зерттеу жұмысын, орта мектеп оқушыларының 9- сынып оқушыларына, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқитын студенттерге де пайдалануға болады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................(3-4)
Негізгі бөлім.................................................................................................(5-12)
I тарау.С.Аронұлы шығармашылығы.(5-7)
II тарау.С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы. (8-12)
Қорытынды..................................................................................................(12-13)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................(14)

Работа содержит 1 файл

Сүінбай Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы.docx

— 33.20 Кб (Скачать)

Сүйінбай Аронұлы турашылдықтан  таймауға, әділдік жолынан адаспауға  шақырған. Ол – дін жолын ұстанған секілденіп, сол арқылы өз бойындағы  дүние қоңыздық, ашқарақтық, тоғышарлық тәрізді әлсіздіктерін жабуға тырысушыларды  дер кезінде сынаған. Әрі ел ішінде, әйтеуір, дін өкілімін деп, қарапайым  көпке жөні келсін, келмесін әмір, бұйрық беріп, қорқытып-үркітіп, менің ғана айтқаным болсын, дегенімді бұлжытпай орындаңдар деушілерді тап басып, тиып отырған. Ақын дін ұстаған осы екен деп, әлем-жәлем киініп, жоқты бар сөз етіп, бақсы-балгерлікке салынып кетушілерді құптамайды. Керісінше, таза жүріп, таза тұру, жалған сөз айтпау және үлкенге ілтипат, кішіге қамқор болу сияқты кісі бойындағы имандылық қасиеттерді құптаған. Міне осыдан келіп, арынды ақын Сүйінбайдың қай өлеңін алып қарамайық мазмұн-мағынасы жағынан халық көкейінде тілек-мұратты дәл тауып айтқан өміршең, аса бағалы шығармалар болып есептелінеді.

Сонымен қатар, Сүйінбай Аронұлы  өмір, заман жайлы толғанып, философиялық қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің де авторы. Ақын онда өзімен-өзі  қалып, өткен жолына, келешек күнге  көз жібереді.  Автордың «Әділеттік орнаса», «Надандық», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Өсиет», «Ақын боп жиырмамда», «Дүние ойлап тұрсам баяны жоқ» т.б. өлеңдерінде халықтық философиялық мәселелер қозғалады. Бұл өлеңдерде, негізінен, ел басқару, халық тағдыры мен адам бойындағы жақсы, жаман дағдылар сараланады және өмірдің бағасы мен өткіншілгі жайлы ой-толғамдар, ақыл-өсиет айтылады. Мысалы, "Жақсы менен жаманның айырмасы" деген өлеңінде ол адам бойындағы мінез-құлыққа үңіледі. Жақсы менен жамандықтың қоғам тірлігінен және жеке адамның өмір ағымындағы іс-әрекетінен туып отыратындығын анықтайды. Мысалы:

Жақсы адам елдің ерке серкесіндей,

Халқының қалың жүнді  көрпесіндей,..

Жақсының айтқан сөзі тиянақты,

Түйенің аумайтұғын өркешіндей.

Жамандар өтірікші, өсегі  көп,

Ел-жұрттың ірткі салар  арасына-ай.

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,

Жанбай қалған ағаштың  шаласындай. [8,79-80-б].

Адам табиғатындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра қарап, жақсы істің артықшылығын, көпке  келтіретін пайдасын атаумен бірге, ақын жаман істің елді дау-шарға  ұрындыратын  зияндылығын көрсетеді. Бұл арқылы ақын адам баласы қай  жағынан алып қарағанда да кіршіксіз  таза, мөлдір, адал жанды, ар иесі болу керек деген қорытынды шығарады.

Сүйінбай ақын өлеңдерінде  айтар ойын көркем де кестелі тілмен жеткізіп қана қоймай философиялық ой өрбітеді. Ақын өмір үшін адам баласы тұрмыс қажеттерін қарастыруға тиісті, әркімге  де дәулетті болу арман болады деген  ой айтады. Ақынның ойынша, бақыт  құсын қондырған адамға жоқшылық кедергісі қауіпті емес. Ақын «Аққу ұшып көлге кетті» өлеңінде Алланың пенделерді дүниеге әкелуі мен одан әкетуін заңдылық деп ұғынады да, былай жырлайды:

Ақылды адам басына

Іс түскенде бекінер.

Ақылсыз адам басына

Іс түскенде өкінер...

Мұндай қайғы үстінде

Қайырдан басқа сұрама!

Тәңірі солай жөндесе,

Қайғырғанмен тұра ма? [1, 22-б].

Осындай өнегелі сөздерді өлеңмен өрнектей келе ақын басқа  қайғы, қиындық түскенде адам баласы не істеу керек екеніне жол  көрсетеді. Ол бізді сабырлылыққа, терең ақылға шақырады. Сүйінбай қиындықтардың уақытша екенін, ауыртпалықты сәтінде көтере білу керек екенін ұқтырады.

Сүйінбайдың Тезек төреге көңіл айтуы өлеңінде адамзаттың өтпелі тіршілік заңдылығын релистік таныммен қадап айтады:

Балаң Тұрсын, хан Тезек, өзіңді алар,

Аузыңда сайрап тұрған сөзіңді  алар,

Құдай сенен қорқатын қазақ  емес,

Сүйретіп өзіңді де көрге  салар.

Өлмесе ата-бабаң қайда  кетті,

Күшті болсаң Құдайдан хабар  берші! [1,27-б].

Ақын осы өлең арқылы бір  жағынан Тезек төреге көңіл айтып, бір жағынан өмірдің сырын, заңдылығын түсіндіреді. Сөйтіп ол жаратылыстың заңдылығына  да өзінің көзқарасын білдіре кетті.

Ақын жақсы мен жаманды  салыстыру арқылы елге үлгі көрсетеді. Сүйінбай:

Екеуін салыстырып әдейі  айттым,

Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай[140] ,- деп ойын түйіндейді. Бұл өлеңнің, әсіресе, жас ұрпаққа берері мол. Оң мен солын, жақсы мен жаманды ажырата білу үшін олар осы өлеңді оқыса, көп ой алары сөзсіз.

  Өз кезеңінде шешендігімен, тура айтатын шыншылдығымен көзге түскен Сүйінбай ақынның айтыстары өзінше бір төбе. Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр айтыстарыың  ішінде өз алдына дараланып, жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады. Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, айтар сөзді сол бай мен төрелер мәртебесін мадақтаудан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі адамдарды тірек тұтқан ақынды қарсыластары "кедейсің" деп қанша тиіссе де жеңе алмайды. Сонымен қатар ол айтысқанда шариғат заңдарын, жалпы дін тақырыбын қозғау арқылы өзінің дін тақырыбынан хабардар екенін көрсетеді. Мысалы, Сүйінбай мен Қарғаның айтысындағы, Сүйінбайдың айтқан жауабына назар салсақ:

Қайда барсаң -  бір өлім, ойласаңыз,

Шариғатта теңдік жоқ тыңдасаңыз.

Өлең деген қаруды барымта  ғып,

Жиын-тойда көппенен сыйласамыз-

деген екен. Осы жолдардан  ақынның білгір айтыскерлік өнерімен қоса оның білімділігі де ерекшеленеді.

 

Қорытынды

Қай кезде де, өнер иесі –  өзі жасаған дәуірдің перзенті. Әрбір  қалам қайраткері тек өзіне ғана тән сөз өрнектерін төгіп, керемет  сөз кестесін жасайды. Осындай өз заманың біртуар азаматы, XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалардың бірі – Сүйінбай Аронұлы. Сүйінбай – өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Ол өмір сүрген кезең қазақ әдебиетіндегі мұсылманшылық, дін тақырыбының барынша дендеп еніп, қанат жая түскен күндерімен сәйкес келеді. Діни сарындар, шариғаттық тұрмыс-салт дәстүрімен, адалдық, имандылық шарттарымен жалғастыра толғана бастаған тұсы. Осыған орай ақын шығармашылығында дін тақырыбына жазылған өлеңдер, шешендік нақылдар көптеп кездесетінін байқауға болады. Оның шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, болашақты болжау, бүгінгі күннің шындығына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар бір – бірімен астасып  жатады. Оның өлеңдерін оқи отырып, тылсым сырға еніп, таңғаларлық күйге түсіп, ақынның құдіретті шеберлігіне бас ұрасың.

Сүйінбай өлеңдері – көркем тілге бай. Ол – халық поэзиясы үлгісінде сөз кестесін төккен өнер иесі. Неше алуан поэтикалық тіл, көркем айқындауыштарды таба да орынды қолдана білген. Эстетикалық талғам талабымен айрықша көзге түсуі, жүрекке жылы тиіп, жанды тебірентуі – ақынның өзгеге ұқсамас дарындылығынан.

Сүйінбай Аронұлы – XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын  діңгегі. Ақындық өнердің қадір-қаситеін таныған, оның мәні мен мақсатын терең  түсінген саналы өнерпаз. Оның шығармалары – өзінің өміршеңдігі, көркемдігімен құнды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. С.Аронұлы. Ақиық. Алматы, 1975ж- 253 бет.

2. М.Әуезов. Шығармалары, 11-том. Алматы, 1969ж-361бет.

3. "Айтыс" 1-том, Алматы, 1965ж - 221бет.

4.М.Үмбетаев. Менің пірім  Сүйінбай Алматы: Қазақ университеті. 1992ж-144 бет.

5. Х.Сүйіншілиев. XIXғасырдағы  қазақ әдебиеті. Алматы, Мектеп 1986ж-357бет.

6. Қазақ әдебиет тарихы. Он томдық.4-том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2005ж.-438бет.

7.С.Аронұлы.Шығармалары:  Толғаулар, сын-сықақ өлеңдер,  айтыстар. – Алматы:Жазушы, 1990ж.-144бет.

8. С.Аронұлы "Бөрілі  менің байрағым". Жыр толғау, айтыстар, естеліктер. Алматы:Халықаралық Абай  клубы, 2009ж -272бет.


Информация о работе С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы