С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:20, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының теориялық-практикалық маңызы: С.Аронұлы шығармаларында дін тақырыбына байланысты жазылған өлеңдер үлкен тарихи шығарма болып табылады. Онда ақын сол тұстағы казақ жеріндегі діни ахуалды, адамдардың дінге деген көзқарасын толығымен көрсетеді. Бұл мұралардың мәңгілік өміршеңдігі де халық тұрмысындағы шынайылықты көрсетуінде. Сондықтан бұл шығармаларды одан әрі зерттеп, әлі де болса толықтай зерттелмеген жақтарын игеру қажет. Зерттеу жұмысын, орта мектеп оқушыларының 9- сынып оқушыларына, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқитын студенттерге де пайдалануға болады.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................(3-4)
Негізгі бөлім.................................................................................................(5-12)
I тарау.С.Аронұлы шығармашылығы.(5-7)
II тарау.С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы. (8-12)
Қорытынды..................................................................................................(12-13)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................(14)

Работа содержит 1 файл

Сүінбай Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы.docx

— 33.20 Кб (Скачать)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология, әдебиеттану  және әлем тілдері факультеті

 

 

 

Реферат

Тақырыбы:

С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы

 

 

 

 

Орындаған:                                                                                   2-курс студенті                                              Ә.С. Нурмухан

Тексерген:                                                филология ғылымдарының доценті                                           С.Д.Дәрібаев

 

Алматы 2012 жыл 

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................(3-4)

Негізгі бөлім.................................................................................................(5-12)

I тарау.С.Аронұлы шығармашылығы.(5-7)

II тарау.С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы. (8-12)

Қорытынды..................................................................................................(12-13)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................(14)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Адамзат қоғамындағы әрбір ұлттың алатын орны сол ұлттың өзінің ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениетін қаншалықты толық әрі жан-жақты тұтына алғандығымен өлшенеді.Қас өнер шебері өз заманының тілегіне сай қызмет атқарып, жалпы адам баласы мүдделерін көздейтін гуманистік тәрбие беруге азды-көпті үлес қосады.Ең асыл адамгершілік идеялар ұсынып, ұмытылмас мәңгілік шығармалар туындатады. Осы тұрғыда XIX ғасыр әдебиетінде шығармашылық қасиеттерімен ерекшеленген көрнекті өкілдерінің бірі – Сүйінбай Аронұлы. Сүйінбай – өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Ол өмір сүрген кезең қазақ әдебиетіндегі мұсылманшылық, дін тақырыбының барынша дендеп еніп, қанат жая түскен күндерімен сәйкес келеді. Діни сарындар, шариғаттық тұрмыс-салт дәстүрімен, адалдық, имандылық шарттарымен жалғастыра толғана бастаған тұсы. Осыған орай ақын шығармашылығында дін тақырыбына жазылған өлеңдер, шешендік нақылдар көптеп кездесетінін байқауға болады. Оның шығармалары – өзінің өміршеңдігі, көркемдігімен құнды.      

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ислам тақырыбына байланысты жазылған шығармаларды көрсету, мұнда осы мақсатпен, XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі, Сүйінбай Аронұлы еңбегіндегі дін тақырыбына байланысты жазылған өлеңдері мен нақыл сөздері көрсетіледі.

Мұнда:1.Парасат пен  ақыл-ой сұлулығы, әлеуметтік мәні аса зор мәселелер жиыны.

2.Ақын шығармашылығындағы  дін тақырыбына жақылған өлеңдері  көрсетіледі.

Зерттеу жұмысының  теориялық-әдіснамалық негіздері:Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Мысалы: Әуезов М. «Шығармалары», Сүйіншіәлиев Х. «XIX ғасыр әдебиеті»атты оқулығы, Үмбетаев М. «Менің пірім Сүйінбай» және т.б. еңбектер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының  дереккөздері:      Осы жұмыс барысында, мәтіндік мәселелері С.Аронұлы. «Шығармалары», С.Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» атты оқулықтары негізгі дереккөздері болып табылады.

Зерттеу жұмысының  әдіс-тәсілі: Бұл жұмыстың негізгі бөлімі екіге бөлінген: бірінші бөлімінде С.Аронұлының өмірбаяны, туып-өскен жері,  творчествалық ізденуінің басталуы, өмір белестері көрсетіледі.Екінші бөлімінде ақын шығармаларындағы дін тақырыбына жазылған өлеңдеріне талдау жасалып, олардың мазмұндық-құрылымдық ерекшеліктері көрсетілді. Зерттеу жұмысында баяндау әдісі пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының  теориялық-практикалық маңызы: С.Аронұлы шығармаларында дін тақырыбына байланысты жазылған өлеңдер үлкен тарихи шығарма болып табылады. Онда ақын сол тұстағы казақ жеріндегі діни ахуалды, адамдардың дінге деген көзқарасын толығымен көрсетеді. Бұл мұралардың мәңгілік өміршеңдігі де халық тұрмысындағы шынайылықты көрсетуінде. Сондықтан бұл шығармаларды одан әрі зерттеп, әлі де болса толықтай зерттелмеген жақтарын игеру қажет. Зерттеу жұмысын, орта мектеп оқушыларының 9- сынып оқушыларына, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқитын студенттерге де пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

I тарау С.Аронұлы  шығармашылығы

Сүйінбай Аронұлы 1822 жылдың шілде айында қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Майтөбе жайлауында дүниеге келген. Сүйінбайдың әкесі Арон, аталары Күсеп, Жиенқұлдардың тұрған ескі мекндері – қазірігі Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қарайтын Ерейқұм деген жер. Ол кедей отбасынан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен.  Халық аңызында  жоқшылық көрген Сүйінбай ағайыннан мал дәметіп, оған жайын айтуға барса, ол малын ұрыға алдырып зарлап отырады. Сен ақынсың, сөз білесің, алынған  малдың соңынан түс,- деп, одан дау-шарға араласуды сұрайды. Өзін шауып кеткен жалайыр төресіне барып, ұрыларды айдап әкеткен жылқысын қайтаруды жүктейді. Сөзге жүйрік, албырт ақын бұл дауды қабылдап, жалайыр Солтан төренің еліне жалғыз барып, жалынды сөз айтады. Оның бұл сапары сәтті аяқталады. Сөзден жеңілген төре Сүйінбайдың дауын қабылдап, ел-жұрттың алдында  масқара болмау үшін оны ризалап аттандырады. Халық аңызы бойынша,  Сүйінбай осы даудан кейін елге әбден танылып, алдына мал салады.  

Сүйінбай – шапырашты  руының Екей тармағынан тараған. Ол өзінің "Үмбетәліге " деген толғауында:

Қалың қазақ ел едім,

Сүйінбай деген мен  едім, -[1, 30-б.]

дейді.

Сүйінбайдың бойындағы зор  ақындық талант – атадан балаға  мұра болып келе жатқан тектілік тарихы бар тамырлы өнер. Себебі, ақынның арғы атасы Күсеп көп қырлы, үлкен дарын иесі атанған. Әсіресе, оның тауып шығарған ең басты екі түрлі ерекшелігі мынау: бірінші – ірі жырау, екінші – шебер қобызшы, күйші. Жыраудың Жаңбыршы, Жаманақ, Арон деген үш баласы әкелерінің ақындық, күйшілік дәстүрін жалғастырған. Үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ төңірекке дастаншы, жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, ақынның кенже баласы Арон жастайынан-ақ аса қабілетті, өткірлігімен ел аузына ілінген және бертін келе мәмілегер шешендігімен әрі ақындық дарынымен даңқы шыққан. Міне, осындай атадан балаға мирас болып, жалғасып келе жатқан ақындық салты, айқын идеялық жолы бар ортадан Сүйінбай ақын тәлім-тәрбие алып өскен.

Атақты Сүйінбай ақын қалдырған  бай әдеби қазынаны зерттеу ісі  негізінен, 1940 жылдардан басталады. Ақынның өлең, толғаулары мен айтыстарының көркемдігін, тіл байлығын тексерген қазақтың арғы-бергі әдебиетші ғалымдары әр тұстарда өздерінің тұжырымды ой-пікірлерін білдіріп отырған.  Мәселен, Сүйінбай мұрасын алғаш зерттеушілердің бірі академик-жазушы М.Әуезов болды. Ол 1949 жылы "Айтыс өлеңдері" деген зерттеуінде "Сүйінбай мен Тезек төре айтысына " арнайы тоқталған. Еңбекте Сүйінбайдың сыншылдығын, батылдығын баса айтып, оны "тілін тартпайтын, өршіл өткір ақын"  деп көрсеткен. "Тезектің тіршілік амалында Сүінбай әшкерелемеген қалтарыс қалмайды", - дейді академик М.Әуезов. [2, 448-450-б.]. Академик С.Мұқанов: "Сүйінбай жалғыз айтыста ғана емес, сонымен бірге, өз заманының барлық күнделікті тіршілігене арласып, халықтың жақсылығын дәріптеуші, кемшілігін сынаушы, тарыққанда ақылшысы, қуанғанда сайраушысы болған",- деген тұжырымға келген. [3,10-16-б.].

Даңқты ақынның шығармашылығын сөз еткен зерттеу еңбектер тек осы айтылғандармен шектеліп қоймайды. 1950-80 жылдар ішінде республикамыздың әдебиетші ғалымдары өздерінің мрнографиялық ғылыми зерттеулерінде С.Аронұлының шығармалары туралы құнды-құнды ойлы пікірлер қозғады. Әдебиетші ғалымдар Ә.Тәжібаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Х.Сүйіншәлиев, С.Қирабаев және К.Бейсембиев т.б. ақын шығармаларының әлеуметтік-қоғамдық сипаты мен ұлы Жамбылға тағлым берген ұүстаздық ұлағаты жайлы маңызды ой айтып, баға берген.  Қазақ әдебиетінің аса көрнекті зерттеушілері, сыншы ғалымдары Сүйінбайды таптық айқын сара бағыты бар өз  алдына бөлек, бүтін бір ақындар шоғырының басында тұрған жыр алыбы деп санайды.

Тағы бір көңіл бөлетін  жай –  белгілі ақын, жазушылар  мен режиссер, суретшілер де  өз шығармаларында Сүйінбайдың көркем бейнесін жасаумен шұғылданған. Мысалы, 1952 жылы "Қазақфильм" киностудиясы Жамбыл Жабаев туралы көркем фильм түсірген. Фильмнің сценарийн  жазған – Ә.Тәжібаев пен Н.Погодин, режиссері – Е.Дзиган. Фильмде  Жамбылдың ақын болып қалыптасуындағы  Сүйінбайдың ықпал-әсері, ұстаздық мектебі барынша айқын бейнеленген. Ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық қарым-қатынас өте нәзік те тартымды көрсетіледі. Әсіресе, Сүйінбайдың Жамбылды ақындық өнерге қалай баулығандығы жөніндегі деректі кадрлар көрерменді эстетикалық сұлу сезімге бөлейді, көркемөнердегі жалғастық туралы сыр шертеді.[4, 8-10-б.].

Мінеки, сөйтіп қазақ көркемөнерінің көрнекті өкілдері ұлы ақынның сирек  кездесетін ақпа ақындық дарыны мен  өнердің өзіндей нәзік жан  дүниесін әрі оның дара тұрған дәстүр, өнегесі бар поэзия мектебінің негізін  салған асқақ, өр тұлғасын әдебиетте, кинода шыншылдықпен бейнелеген.

Кезінде Жамбылға ұзтаз болған Сүйінбай ақындығы – өз бедері, өз сипатымен оқшау тұрған мәнді шығармашлық. Ол – біз үшін Алатаудай асқақ, сарқырама өзендей екпінді , нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық.  Ақын өлеңдері халық поэзиясы үлгісіндегі шығармалар, қазақтың қара өлеңі мен жыр толғаулары. Ақын шығармалары ырғақты ұйқастармен жатық шығады. Оған көбінесе , ерікті ұйқас түрі тән. Халық поэзиясына тән қатар ұйқас пен шұбыртпалы, қаусырмалы  ұйқастарды да қолданған. Кейде ішкі ұйқас та кездесіп қалады:

Тезек –ау, мынау атың сары ат екен?...

...Ойпыр-ау, мынау қойың  мерген қой ма? -                                                      

деп, сырттай мүсіркей сөйлеудің  астарында ащы күлкі, келеке тұрғанын көру қиын емес. Ақын тілі қылыш жүзіндей өткір, тиген жерін тіліп түсерлік.[5,153-б.].

Сүйінбай – ақындық  өнердің қадір-қасиетін таныған, оның мәні мен мақсатын терең түсінген саналы өнерпаз. Ақындық туралы түсініктері  озық.  Ол: «Өмірде құны ескірмес, бағасы құнды асыл сөз» деп босқа  айтпаса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау  С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы

Сүйінбай өмір сүрген кезең  қазақ әдебиетіндегі мұсылманшылық, дін тақырыбының барынша дендеп еніп, қанат жая түскен күндеріне сәйкес келеді. Діни сарындар, шариғаттық тұрмыс-салт дәстүрімен, адалдық, имандылық шарттарымен жалғастыра толғана бастаған тұсы. Діни қиссалар жұртқа жақсы таралып, Шығыстың исламдық сарында түрлі нәшпен жете бастаған заманы. Осы кезеңде дін насихатшылары қожа-молдалардың іс-әрекетке, жақсылы-жаманды әдет-қылықтарына сын көзбен қарап, міней сөйлеген ақын, жыраулар да болды.

Негізінен мұсылманшылықты жақсы түсініп, берік ұстанған Сүйінбайлар қайсібір дүмше дін бұзарлық қылықтарды сынға да алып отырады. Бұл сол тұстағы ел ішіндегі дін ахуалын түсіріп білген, терең таныған ой адамының көзқарасы. Жаппай мұсылмандыққа ниет қойған ортада бұл, әрине, батылдықты да, әрі өмір құбылысын жіті тани алатын ақындықты да білдірсе керек. Сүйінбай молдалар жайлы бір өлеңінде:

Тасбиық тартқан молдалар ораза ұстар,

Талап жеуге кедейді байлар құштар.

Тары-талқан ауызға бір тимеген,

Ораза ұстар біздерде қандай күш бар?!

Алдап айтқан антын дін  бола ма,

Бақсы-балгер дін қуса жын  бола ма?

Пайғамбармен сыйласқан  сен-ақ ұста,

Ұстамаса ораза мін  бола м а?! – [1,85-б.].                                                                   

деген. Бұл өлең жайлы Х.Сүйіншәлиев төмендегідей ой айтады: "Ораза ұстамаған күнәлі болады –мыс деуші молдалардың жалған діндарлықтарын мысқылдап, олардың жоқ-жітіктерге қиянат жасап, алдап, тура өлімге айдап, соқыр сенімнің құрбанына шалып сорлатпақ сұмдықтарын әшкерелейді. Бұл да Сүйінбай заманындағы әдебитте айқын байқалған ақындық көзқарастар еді". [5, 236-б.].

Ақын "аңқау елге арамза молда" болғандарды сынға алған.

Өлгеннің ақыретін сатамысың,

Қызыққа кебін жинап батамысың?

Адам өлмей, нәпақа болмай қалса,

Дөңбекшіп төр алдында  жатамысың?! [1, 86-б].

Өтірік ел көзіне діндар болып, молда болып жүрген жандардың  алдамшы тірліктеріне, Аллаға шын  берілмей, өтірік айтып жүрген молдасымақтарды  уытты тілімен шағып, кекетеді.

Сүйінбай ақын ретінде  өзінің бар жан-тәнімен ақиқатты,шындықты жақтады. Ол сараңдыққа, мейірімсіз жандарға, қатігездікке, дүниеқоңыздыққа қарсы сөйледі. Феодаодық дәуірдің ру аралық тартысын сынап, төрелердің іс-әрекетін ащы мысқылмен әжуалай білді. Оның әлеуметтік ішкі қатынасты қатты шенеп айтқан мұндай өлеңдерінің қатарына "Сөк төренің баласы хан Абылай", "Сарыбайға", "Момын малын зұлымға алып беріп", "Төрт биге", "Мақсұтқа" сияқты өлеңдерін жатқызуға болады. [6,335-б]. Сүйінбай Аронұлы халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақыны. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдері дәлел бола алады. Мысалы, "Қажыларға "деген өлеңінде:

Ысқақ, Ыспан кешегі –

Меке барған қажылар.

Кітабына жазмыштың

Бәрі-дағы жазылар.

Мекеге жүрер кезіңде

Оң сапар тілеп, бата алдың.

Қожа болып келген соң,

Барымталап мал жиып,

Ұры қажы атандың.

Ағарыпты бұл күнде

Ұрлықпенен сақалың.

Қол қайырың қайда бар

Ұлы болсаң атаның?![7,80-б].

Ақын көз алдаушылықтың  мақсат-мұратын осылайша ашып, күйдіре мысқылдайды. Олардың барымта, ұрлықпен айналысқан күйкі тірліктерін айыптап, өмір бойы бетке ұстанған пердесін сыпырады.

Информация о работе С.Аронұлы шығармашылығындағы ислам тақырыбы