Орта ғасырдағы тіл білімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 20:10, реферат

Описание работы

Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-V ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыды-рап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) VІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХVІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғам-ның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.

Содержание

I. Орта ғасыр тіл білімі
II. Араб тіл білімі
III. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі
ІV. Универсалды грамматика
V . Қорытынды
VІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ортағасырлық тіл білімі.doc

— 80.00 Кб (Скачать)

Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады: оның бірі -фонетика, екіншісі - грамматика. Алты тарауға бөлінген бірінші бөлімде дыбыс пен әріп, буын, екпін мәселелері, оқуға үйрету әдісі сөз болған, екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған. Оларда морфология, синтаксис мәселелері талданған.

Пор-Рояль  грамматикасы өз дәуірінде Еуропада зор беделге ие болған, көп ұзамай-ақ бірсыпыра тілдерге аударылып, әлденеше рет қайта басылған. Көптеген ғалымдар Пор-Рояль грамматикасын тіл білімі даму тарихындағы, ерекше құбылыс, жаңа сапалы тіл білімінің төл басы, жалпы тіл ғылымының алғашқы жаршысы деп жоғары бағалайды. Пор-Рояль грамматикасы барлық оқу орындарында қолданылатын, жалпы тілдік теорияда мәлімет беретін оқулық деп саналған. Дегенмен, тіл біліміне қосқан жаңалықтарымен бірге бұл еңбектің бірсыпыра қателіктері де бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта  келе, авторлар әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды, грамматика жалпы тілдік, универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар - логикалық категорияның көрсеткіштері, ал логика катего-риялары жеке ұлттық болмайды, жалпы адамзаттық болады дейді. Бұл тұжырымның қателігі мынада: логика категорияларының жалпы адамзаттық болатыны даусыз, бірақ тіл олай емес, ол жеке ұлттық, халықтық болады. Ойлау процесін, ой категориясын әр тіл өзінше көрсетеді Олай болатыны логикалық категория мен тілдік категориялар арасында елеулі өзгешеліктер болады, бұл екеуі арасына теңдік белгісін қою қате. Тілдік категориялар логикалық категорияларға қарағанда әлдеқайда өрісті, көп салалы. Әрине, тілдердің грамматикаларында ортақ үлгілер, универсалды сипаттар аз емес, бірақ  оған қарап, дүниедегі барлық тілдерге ортақ,    бәріне бірдей дәрежеде қолдануға болатын грамматика жасауға болмайды да. Тіл білімінің міндеті – барлық тілдерді бір ғана грамматикаға тәуелді ету емес, тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Жармакин О.Қ., Рақымжанов Қ.Х. «Лингвистикалық ілім тарихы»/

11-19 ([1], [3])

  1. Қордабаев Т. «Жалпы тіл білімі»/ 76-77 ([2])
  2. Аханов Қ. «Тіл білімінің негіздері»/ 98-110 ([4])

Информация о работе Орта ғасырдағы тіл білімі