Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 20:10, реферат
Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-V ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыды-рап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) VІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХVІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғам-ның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.
I. Орта ғасыр тіл білімі
II. Араб тіл білімі
III. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі
ІV. Универсалды грамматика
V . Қорытынды
VІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
I. Орта ғасыр тіл білімі
II. Араб тіл білімі
III. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі
ІV. Универсалды грамматика
V . Қорытынды
VІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Орта ғасыр тіл білімі
Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-V ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыды-рап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) VІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы; б) ХІ-ХVІ ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғам-ның туа бастаған, тарихта "қайта өркендеу дәуірі" деп аталатын кезең.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.
Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халықтың өз ана тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп есептелді. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Оқытудың I-сатысында әліпби, екінші сатысында иманшарт, үшінші сатысында әптиек, одан кейін Құран оқытылды. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды. Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқытылатын да латын тілі грамматикасы болды. Жеке тілдер грамматикасы латын тілі грамматикасы негізінде сөз болып, соның үлгісіне түсірілді. Латын тілі грамматикасы барлық тілдерге бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ құрал деп есептелінеді. Солай бола тұрса да, орта ғасырдағы грамматикалық ой-пікірдің бір мәнді жағы бар: ол кейінгі заман жалпы тіл ғылымының сол орта ғасыр топырағында тамырлана бастауы еді. Әлем халықтарының бүкіл рухани мәдениетіне ұлы өзгерістер енгізген "Қайта өркендеу дәуірінің" өзі де орта ғасыр топырағында көктей бастаған болатын. Сондықтан кейбір мәселеде кері тартпалығына, діни қарсылықтарына қарамастан, орта ғасырды прогресс үшін, ғылым үшін құралақан болды деу жөн емес.
Зерттеудің өзіндік жаңа жүйесін жасай алмағандарымен, қолтума еңбектер бермегендерімен, филологиялық, грамматикалық мәселелермен орта ғасырда шұғылданушылар да аз болған жоқ. Олардың баса назар аударған бір мәселесі - көне канондық жазбалар тілінің өзіндік нормасын өзгеріссіз сақтау, кейінгі заман жазба тілін көне канондық тілмен үйлестіру, олардың арасындағы алалықтарды бір ізге салу сияқты нормалаушылық жұмыстар болды. Бұл жұмыстарында олар антикалық қоғам қалдырған грамматикалық, поэтикалық, риторикалық, логикалық тұжырымдарға сүйенеді, соларды басшылыққа алады.
Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабы күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, VІІ-ХV ғасырлар аралығында иран, исланд, француз, испан, итальян, түркі, ағылшын, т.б. тілдердің грамматикалары жарық көреді.
Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселе де ескерусіз қалмады. Оны сөз етушілер бұл дәуірде де екі топқа бөлінді. Оның бірі - реалистік, екіншісі - номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұсынады. Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым да болмайды, сондықтан ақиқат нәрсе - зат, ол алғашқы, ал зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздайды.
Араб тіл білімі
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары ІV ғасырлардан басталды. Арабтар тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтарда тіл білімінің ерекше дамыған көзі - Халипат дәуірі деп аталатын VІІ-ХІІ ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттаудың араб тіл ғалымдары бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер. Арабтар Үнді, Грек тіл ғылымы табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі - Сибавейхи), әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөлді. Арабтар тіл білімінде өзіндік тың жол салған пікірлер айтқан.
Араб тіл ғалымдарының тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдері де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан өзгеше болды, өзіндік дәстүр қалыптастырды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын Құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де, көп жағдайда, сөйлеу тілі нормасына сүйенеді, соны зерттеді. Бұл Ежелгі дәуір тіл ғылымының ешқайсысында да кездеспеген жаңалық. Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған "Ал китаб" деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. [1] Араб тіл ғалымдары қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған Еврей тіл ғылымына да елеулі әсерін тигізген.
Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Әл-Фируза-бади деген лингвисі "Хомус" (мұхит) атты 60 томдық сөздік жасаған. [2]
Араб тіл ғалымдары ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер материалдарын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған. Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық еңбектерін жазған. Осындай еңбектің ғылымда белгілі ең көнесі және ең толығы түркі халқынан шыққан, Арабияда оқып білім алғандықтан, араб ғалымы деп аталып кеткен Махмуд Қашқари жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону луғат ит түрк). Бұл сөздік 1073-1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері тілдік мате-риалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл - түркі тілдері жөнін-дегі ең тұңғыш, ең көлемді және ең терең мәнді ғылыми еңбек. Сонымен қатар, бұл сөздік - тіл ғылымы тарихында әр түрлі тілдер фактілерінің бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні ерекше.
Араб тілді ғалымдар М. Қашқари сөздігінен кейін де бірсыпыра сөздіктер, грамматикалық еңбектер жазып қалдырған. Олар туралы түркітану мәселелерін сөз ететін еңбектерден мол мәлімет алуға болады.
Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі
Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі ХІV-ХVІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. ХІҮ ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан "Қайта өркендеу" деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені қайта өркендеу дәуірі - озық ойдың еркін дамуына мейілінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыз-дайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді. Сірә, жаңа дәуірдің "Қайта өркендеу" деп аталуы да осыдан болса керек.
Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты тіл ғылымы үшін де жаңа, даму дәуірі болған. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы; ә) бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу; б) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп, қайта дамыту.
Жаңа жерлердің, елдердің ашылуы, сауданың дамуы, отаршылық жорық - Еуропа тіл ғылымының дамуына қолайлы жағдай туғызды, бұрын белгісіз толып жатқан тілдердің барлығы айқындалды. Отарлау мүддесі ол тілдерді үйрену, зерттеу, түрлі сөздіктер жасау, грамматикалық мәліметтер жинау міндетін алға қойды. Азия, Африка, Америка халықтары тілдерінен жиналған орасан мол материалдарды бір-біріне салыстырып қарау, сол арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді айқындауға алғашқы қадамдар жасалды. Зерттеудің сипаттама, салыстырма түрлері бой көрсете бастады.
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж. Скалигердің 1540 жылы шыққан "Латын тілінің негіздері туралы", Р.Стефанустың 1553 жылы шыққан "Латын тілі қазынасы" және "Грек тілі қазынасы", П.де Алкаланың "Араб тілі грам-матикасы" (Рейхлиннің "Еврей тілі грамматикасы" 1505 жыл) атты еңбектерді атауға болады. Осылармен қатар ХV-ХVІ ғасырлар ішінде испан, корей, нидерланд, жапон, парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілде-рінің грамматикалары шығарылды. Сөйтіп, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың, әр ұлттың өзіндік сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын -ашуды көздеді. Осылардың нәтижесінде ХVП-ХVШ ғасырларда жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жатты. Олардың кейбіреулері әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне көбірек сүйенген еңбектер болса да, канондық тіл грамматикасы тіл атаулының барлығына бірдей жарамды бола алмайтынын, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын және осы бағытта жүргізілетін зерттеулерге жол ашқан, бастама болған еңбектер еді.
Нормативтік, практикалық грамматикалармен қатар, нормативтік сөздік-тер де жарық көре бастайды. Ондай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған "Курск Академиясының сөздігі" деп аталатын түсіндірме сөздікті, 1694 жылы Францияда жарияланған "Француз Академиясының сөздігін", 1726-1739 жылдар ішінде әзірленіп жарияланған "Россия Академиясы сөздігін", түркі тілдерінің әр түрлі мақсатта жасалған бір, екі тілді сөздіктері жатады.
Әр түрлі халықтар тілдерінен жиналған материалдарды бір-біріне салыстыра қарау, бір тілдегі сөздерді екінші тілге аудару да осы кезеңде кең етек алды. П.С.Палластың басқаруымен 1786-1791 жыллдар арасында жасалған, 272 тілден іріктеліп алынған сөздерден құралған "Барлық тілдердің және наречиелердің салыстырма сөздігі" деп аталатын еңбек шығарылды. Бұған түркі тілдерінен, казақ тілінен де біраз сөздер енді. 1784 жылы испандық монах Лоренсо Эрвас-и-Пандуроның "Белгілі тілдердің каталогі және олардың өзара ұқсастығы мен өзгешеліктері туралы ескертпе" деп аталатын еңбегі шықты. Неміс ғалымы И.К.Аделунг мен И.С.Фатердің 500-ге жуық тілдердің таңдамалы сөздерінен құралған төрт томдық сөздігі жарық көрді. [3]
Бұрын белгісіз көптеген тілдер фактілерімен және олардың тарихымен азды-көпті болса да танысу тілдің бір қалыпта қалып қоймайтынын, өзгерістерге ұшырайтынын байқатады. Бұл жағдайда кейінгі дәуірлерде тілді уақыт өткен сайын дамып отыратып тарихи құбылыс деп тануға түрткі болды.
Әр тілдерден жиналған материалдарды салыстыра қарау олардың бір-бірінен өзгешеліктерімен қатар ұқсастығы, ортақ қасиеттері де болатыны байқалды. Бұл - тілдер арасындағы жакындықты, ұқсастықты, универсалдық сипаттарды зерттеугс жол ашты. Оның үстіне бұл дәуірде логика ғылымы да едәуір дамып, логикалық категориялардың жалпы адамзаттық болатыны, оның тілдік категорияларымен байланыстылығы да айқындала түсті. Логикалық категориялар жалпы адамзаттық болған соң, тілдік категориялар да жалпы адамзаттық болу керек дейтін көзқарастар туады. Бұл іске сол дәуірдің атақты философтары да, тіл ғалымдары да қатынасады. Сөйтіп, логикалық категориялардың жалпы адамзаттық, универсалдық сипатын байқаған ғалымдар жалпы тілдерге ортақ, универсалды грамматика жазу талабын күн тәртібіне қояды.
Универсалды грамматика
1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары - логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694 жж) мен грамматист, филолог, профессор Клод Лансло (1616-1695 жж) екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және сол монастырьдан шыққан-дықтан, оны "Пор-Рояль грамматикасы" деп те, "Рациональды жалпы грамма-тика" деп те атайды. [4]
Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек, еврей және француз тілдері материалдары негізінде жазылған. Бірақ ол - салыстырмалы туынды емес, логика-типологиялық грамматика. Оның алға қойған мақсаты - барлық тілдерге ортақ рационалды (логикалық) негізді және олардың арасындағы өзгеше-ліктерді ашу. Грамматикада екі түрлі принцип басшылыққа алынған: біріншісі - берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы, екіншісі - ол ереже-лердің логикаға негізделуі.