Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:11, лекция
Армысыздар, құрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі 5-сынып оқушыларының «Менің Қазақстаным-менің болашағым» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.