Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:11, лекция
Армысыздар, құрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі 5-сынып оқушыларының «Менің Қазақстаным-менің болашағым» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.
Менің Қазақстаным – менің болашағым
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін тарихын білу.
Көрнекілігі: қазақ елі рәміздерінің суреттері. Плакатқа жазылған нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының барысы
Қанатты сөз:
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар,оқушылар! Бүгінгі 5-сынып оқушыларының «Менің Қазақстаным-менің болашағым» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса,мақтаныш алауын маздатады.
Менің туған өлкем – кең –байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.
Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.
(Музыка ойнап,
аяғын ақырын басып Ата шығады.
Орындыққа келіп, демалып
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихи емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих
Мақсатым – кейінгі ұрпақ
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.
Жүргізуші: Өмірімізді, өткенімізді көріп,
Әнімізді, жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге, тірлігімізге
Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,
Өзімізді, сөзімізді тыңдап,
Оқушылар хормен: «Бұл - қазақ», - дейді.
Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.
Оқушы: Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші,
балалар, бүгінгі тәрбие сабағы
Еліміздің
келешек тағдыры, Қазақстан
Сабақ жоспары
Сынып: 8
Мерзімі: 02.02.09.
Тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым
Сабақтың мақсаты: Мақсаты: Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 18 жыл толып отыр. Осында тұрған балалардың көбі 1991 жылы дүниеге келгендер. Ендеше тарихи жылдарғы 1991 жылдан бастап толықтайықшы. Қандай өзгерістер болды екен?
Тәрбиелігі: Оқушыларды инабаттылыққа, мәдениеттлікке, парасаттылыққа, үлкенге құрмет көрсету жолдарын, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, ынтасын арттыру, Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін ардақтауға, аталы сөзден ғибрат алуға, адамгершілік қасиеттерін мұқият сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, ситуациялық жағдайларды ортаға салып талқылау, топ бойынша тапсырмалар.
Көрнекілігі: нақыл сөздер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу;
2. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;
3. Сабағымыз
мынадай кезеңдер бойынша
1. Әдет пен инабат, сәлемдесу, танысу рәміздері туралы қысқаша кіріспе сөз айтылады;
2. Анкета сұрақтарына және қай кезде қандай тілек лебіздер айтылуы керектігіне оқушылардың жауап беру;
3. Бөлінген үш топқа әр түрлі жағдайдағы ситуацияларға жауап беру.
4. Оқушылардың өздерінің тәрбие сағатына дайындап келген мақал-мәтелдерін, нақыл сөдерін айту.
5. Сабақ барысында тапсырма беру.
Қорытынды: «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Яғни, иманжүзді адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді. Осымен біздің тәрбиелік сағатымызды аяқтаймыз.
Сендерге менімен бірге ат салысып қатысқандырыңыз үшін рахмет. Келешекте, тәрбиелі, ақылды, адамгершілігі мол, білімді азамат, азаматша болуларыңа тілектеспін.
1. Кіріспе сөз
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мйымады, күресебілді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Республикамыздың Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Әрбір қазақ отбасында жас баланы сәби кезінен үлкен мен қол алысып, амандаса білу дағдысына тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңда беріп амандас», «Апаңның қолын ал» т.б. ондай кезде үлкендер өз баласын қол алуға деген ықыласын арттыра түсу, Таудай бол, үлкен жігіт бол бол т.б. ықыластарын білдіріп жатады.
Амандасып, қол алысу кезенде қолғаппен жүрген кезде, қолғапты шешу керек. Сәлемдесу амандасу, адамның әрбір жан иесінің бір-біріне сый-құрмет көрсету. Өмірдің мәні де сол, яғни егер сені қоршаған адамдарыңның саған деген көз-қарасы, яғни егер сендер тәртіпті, адамгершілігі мол, амандығы дұрыс, үлкенге құрмет көрсету және де басқа тағыда жақсы қасиеттерің болса, қоршаған ортаңда сені үлгі тұтып, сыйлап, саған еліктеп, саған жақсы көз-қараспен қарайды.
Сынып: 8
Мерзімі: 26.01.09
Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау»
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелігі: «Бірінші байлық-денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсау- лықтың қадірін түсіндіріп,оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген әлдеқай- да тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;
2. Кіріспе сөз
3. Оқушыларды үш топқа бөлу;
4. 1-топпен бірге «Зиянды
2-топпен бірге «Тазалық» ауылына саяхат.
3-топпен бірге «Спорт»
5. Әр топтың атауына байланысты тест сұрақтары мен қосымша сұрақтар қойылады. Топтардың міндеті қойылған сұрақтарға толықтай және жылдамырақ жауап қайтаруға тырысу керек.
Қорытынды: «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие
сағатымыздың соңына келіп жеттік. Әр
адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек.
Бізге өте қымбат дүние десек те болады.
Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып,
денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ
болулары керек. Тәрбие сағатымызға ат
салысып қатысқандарыңыз үшін өте ризамыз.
Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Кіріспе сөз
«Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбатта та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Дені саудың – жаны сау» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық әлеміне» саяхат жасаймыз.