Мазмұн мен пішін

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:08, реферат

Описание работы

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні басқа; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.

Содержание

1) Мазмұн мен пішін туралы жалпы түсінік

2) Мазмұн мен пішіннің бір-бірімен байланысы

3) Мазмұн мен пішіннің тарихы

Работа содержит 1 файл

Мазмұн мен пішін.doc

— 69.00 Кб (Скачать)

Әрбір әдеби шығармада  көркем шешімін тапқан идеяның терең  тамыры сол шығарманы тудырған суреткердің  дүниетанымында, әлеуметтік көзқарасында жатады. Сондықтан, сөз жоқ, бір тақырыптың өзінен дүниетанымы әр түрлі идея туғызады. Мәселен, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында бірнеше орыс жазушысы бір ғана тақырыпқа бірнеше роман жазды: Тургеневтің «Әкелер мен балалары», Гончаровтың «Жарқабағы», Писемскийдің «Тулаған теңізі», Лесков-Стебницкийдің «Барар жер жоғы», Чернышевскийдің «Не істеу керегі» т.б.- бәрі сол кездегі Россияны түгел қамтыған революциялық-демократиялық қозғалысқа, атап айтқанда, ингилистерге арналды. Бірақ осы бір ғана тақырыптың туғызған әпқайсысының идеясы әр тарап, бір-біріне қарама-қарсы: «жаңа адамдар» атанған әр лауазымды күрескерлерді бірі жан сала жақтаса, олардың геройлық образ ретіндегі үлгілерін жасаса, бірі «басы артық адамдарға» әншейін іштей тілектестіктен әріге бара алмайды да, енді біреулері оларға ымырасыз қарсы шығып, тіпті жала жабады, жазғырады, ингилистердің сатиралық типін жасамақ болады. Мұның бәрі - әр тарап дүниетанымға негізделген идеялық қарама-қарсылықтар.

Дүниетанымы бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ бірнеше суреткер бір тақырыпқа жаза қалса, әрине, олар да идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, әрқайсысы өзінше тың, нұсқалы идея туғызуға тиіс. Мәселен, Мұқановтың «Ботагөзі». Есенжановтың «Ақ Жайығы». Нұрпейісовтың «Қан мен тері»- бір тақырыпқа – тарихи-революциялық тақырыпқа – жазылған романдар. Әр романның идеясы өзінше, нұсқалы, бірін-бірі қайталамайды және әр жазушының ортақ тақырыптан туған идеяны көркем жинақтау мәнері өзінше, машығы бөлек; бұл реттен де бірін-бірі қайталамайды. Демек, бұл арада да бір тақырыптан біреу емес, бірнеше  идея туып тұр.Бірақ бұлар бір-біріне кереғар жатқан жоқ.Өйткені бұл жазушылардың әрқайсысының о бастағы ой өзегі бір-біріне бағыттас, ұқсас, сыбайлас. Сондықтан бұл – идеялық қарама-қарсылық емес, бірлік: дүниеге көзқарастары бір тұрғыдағы бірнеше жазушының бір тақырыптан бір бағытта, бірақ әрқайсысы өзінше, бірін-бірі толықтырар бірнеше идея туғызуы. Бұл өзгешеліктің түп-тамыры әр жазушының тек өзіне тән дара қасиетінде, ешкімге ұқсамайтын өзіндік творчестволық ерекшелігінде жатыр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған жаңа, жас мазмұн мен пішін бере білген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1) З.Қабдолов.  Сөз өнері.  141-147 беттер, 150-153 беттер

 

2) С.Мұқанов.  Өсу жолдарымыз.  Алматы, 1960, 48 бет

 

3)

 

4)


Информация о работе Мазмұн мен пішін