Мазмұн мен пішін

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:08, реферат

Описание работы

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні басқа; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.

Содержание

1) Мазмұн мен пішін туралы жалпы түсінік

2) Мазмұн мен пішіннің бір-бірімен байланысы

3) Мазмұн мен пішіннің тарихы

Работа содержит 1 файл

Мазмұн мен пішін.doc

— 69.00 Кб (Скачать)

 

 

Кіріспе

 

 

1) Мазмұн мен пішін  туралы жалпы түсінік

 

2) Мазмұн мен пішіннің  бір-бірімен байланысы

 

3) Мазмұн мен пішіннің тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.

Мазмұн мен пішін  ең алдымен бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.

Пішінді алайық. Пішін  дегеніміз – бір нәрсенің пішіні басқа; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.

Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.

Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен-ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады. Жалғыз-ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір-біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.

Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріліп көрелік.

Әдебиеттегі мазмұн мен  пішін деген не?

Бұл арада тағы да біз  сөз өнерінің  қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің объектісі - өмір, предметі – адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана – шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны – сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес. Мәселен, «Ботакөз» романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық – Қазан социалистік революциясының арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні – Сәбит Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Сағиттың, Асанның, Итбайдың, Байтөбеттің, Кулаковтың, Кошкиннің, Сарбастың, Қүзғынбаевтың, Мадиярдың, Базарханның қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян-қилы тағдыр тіршілігі. Осынау әр алуан кейіпкерлердің шытырман өмірі - өзара қарым-қатынасы, іс әрекеті, бірін-бірі жақсы көру не жек көру сезімдері арқылы біз Қазан алдындағы қазақ аулының хал-күйін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, мақсат-мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының революцияға қалайша келгенін, азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққандарын, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай жеткенін аңғарамыз. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Сонда біз автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер суреттеген қазақ даласындағы дәуірлік шындық – ұлан ғасыр күрестер мен тартыстарға толы сегіз жыл (1912 - 1920) ішінде қазақ халқының басынан кешкен аса мәнді һәм күрделі әлеуметтік-саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп, тіпті тұтасып кеткенін көреміз. Жазушы таңдап тапқан  пішін бұл жерде өзінің мазмұнын әрі толық, әрі терең ашып тұр. Шығарманың көлемі де дәл осы тереңіне сай; кейіпкерлер саны да оқиға мөлшеріне лайық; олардың мінез-бітімдері мен қимыл-харакеттері де тарихи шындыққа сай нанымды, ұтымды, романда суреттелген дәуірдің қоғамдық заңдылықтарын айқын ашып, автордың асыл мұратына мүлтіксіз мегзеп тұр. «Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісім» дегеніміз де, міне, дәл осы еді.

Көркем шығарманың күллі  құны мен қасиеті оның мазмұны  мен пішінінің осы бірлігінде жатыр. Лев Толстой кез келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына: «а) мазмұн сонылығана, ә) пішініне немесе өзіміз әдетте көп  айтатын, талантқа, б) автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықыласына» қарап бағалаған. Бұл тегін емес-ті. Шынында да мазмұнға қажет қасиет – сонылық: бұрын-соңды ешкім қозғамаған тың тақырыпты тың идеяға жинақтау. Содан соң пішін: шығарманың сюжеті мен композициясындағы шеберлік. Мұның өзі тарлан талант қана көтере алар ауыр жүк екені де рас. Ақыр аяғында, жазушының өзі мүсіндеп, мінездеп, жинақтап, даралап отырған адам бейнелеріне мығым байсалдылығы, қалтқысыз ауған ыстық ықыласы. Міне, бұл үш сипат түгел тұрғанда нағыз өнер туындысы да тадапқа сай болары сөзсіз.

Мазмұн мен пішін  жайын сөз еткенде, ескеретін  бір нәрсе – бір мазмұнның  бірнеше пішіні болатыны. Өмірде де, өнерде де солай. Өмірдегі көрінісін  алып қарасақ, пролетариаттың тап күресінің неше алуан пішіндері бар екені саяси әдебиетте сан рет дәлелденгенін көреміз: мәселен, стачка – жеке стачка ма немесе жаппай стачка ма, бәрі бір – тап күресі болып табылады. Бойкот, саботаж да, күмән жоқ, тап күресі болып табылады. Манифестация, демонстрация, өкілдік орындарға және сондайларға қатынасу – мұның өзі жалпы парламенттер ме немесе жергілікті өзіндік басқармалар ма, бәрібір, - бұлар да тап күресі болып табылады. Осылардың бәрі де тап күресінің өзінің әр алуан пішіндері болып табылады... Енді өнердегі көрінісін бажайлап байқасақ, мысалы, совет халқының Ұлы Отан соғысының ғылым мен  әдебиеттегі пішіндердің әр алуандығын өз алдына қойғанда, бір ғана сөз өнерінің өзінде, айталық, Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңызы» мен Хамит Ерғалиевтің «Әке сырындағы», яки поэзиясындағы пішіні бір бөлек. Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқасы » мен Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндеріндегі», яки прозадағы пішіні бір бөлек болса, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің «Намыс гвардиясындағы», яки драматургиядағы пішіні өз алдына бір бөлек. Осының өзі тағы да, жоғарыда айтқанымыздай, пішіннен мазмұнның басымдығын аңғарса керек.

Алайда пішін әдейі  мазмұнға тәуелді, бейтарап нәрсе деуге  болмайды. Пішіннің атқарар ролі –  белсенді роль. Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты. Анығырақ айтқанда, пішіннің әсемдігі – суреткер шеберлігі. Әрбір ірі суреткер өз шығармасының пішініне айрықша зер салатыны тектен-тек емес. Л.Толстой «Ревизордың» пішіні жайлы былай деген: «Гоголь өзінің комедиясын дөрекі, осал жазсыншы, оны қазіргі оқырмандардың миллионнан бірі де оқымаған болар еді». Бұл – шындық.

Мазмұн мен пішін  жайын сөз еткенде, ескеретін  екінші бір нәрсе – мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Өмірде де, өнерде де солай. Айтплық, махаббат. Бұл - өмірде тұрақты щындық, өнерде мәңгәләк тақырып. Абай әдемі айтқан:

 

Махаббатсыз – дүние  дос,

Хайуанға оны қосыңдар.

 

Бірақ өмірдің осы  шындығының қнерде көркем жинақталу  пішіні әр дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі – Мәжнүнінің немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттемесе, осы дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отыратыны хақ.

Мазмұн мен пішін  жайын сөз еткенде, ескеретін үшінші бір нәрсе – мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек өз мазмұнын ала келеді. Мәселен, ғасырлар бойы үнсіз мүлгіп, тылсымдай тынып, құлазып жатқан қазақ даласына Қазан революциясынан кейін күре тамырдай тарамданып темір жол жосылды да, оның бойымен бұрын-осңды бұл маң көрмеген жаңа көлік – поезд жүйткіді. Бұл - өмірдегі жаңа шындық болса, өнердегі – жаң мазмұн. Осы мазмұнды әдебиетте пішіндеу қалам қайраткерлерін жаңа ізденулерге салды. Даладағы бұл құбылысты, қимылды, жылдамдықты, айталық, баяғы Тайбурылдың шабысын суреттегендей:

 

 

Ол төбе мен бұл  төбе,

Бауыры шұбар көл  төбе.

Онан да өтіп жөнелді,

Қамыстының қазды көл,

Қоғалының қулы көл,

Шеңгелдінің желді көл.

Шағалалы шалқар көл,

 

Қызғыштының қызды көл,

Құмыра, қотан Қос көлден

Айналасы бес көлден,

Бәрінен өтіп жөнелді,-

 

 

 

 

деп сырыртып соға беруге болмайды. Жаңа өмірдегі жаңа шындық өнерге тың мазмұн болып еніп, ол өзіне соны пішін іздейді. Осы мазмұнға Сәкен Сейфуллин өзінің «Советстан» поэмасында мынадай пішін берді:

 

Советстан, біздің стан, Совстан

Экспресс талма екпінді  шыбықтан.

Гуле жүріп,

Үні құрып,

Қалсын ұлып,

Ескі жалған арттан қалмай жабысқан...

 

Кондуктор

Қарап тұр

Жол ұзақ,

Айдап бақ!

Уклон бар,

Терең жар,

Сақ бол, сақ!

Так-так-так.

Айдап бақ,

Рудзутак,

Трат-тат-тат!

 

Бұл арада жаңа мазмұн өзіне үндес жаңа пішін туғызған. Өлеңді оқып отырғанда адам кәдімгі поезд үстінде келе жатқандай тербелген сезім құшағында болады. Өлеңдегі әрбір ырғақ, тыныс, екпін оқырман құлағына зулап асып бара жатқан экспрестің дыбысын жеткізгендей. Әрине, бұл өлеңнің пішінін мазмұнына қылапсыз сай, төрт аяғынан тең басқан мінсіз нәрсе демейміз. Осы тұстағы өлеңдердің «пішін жағынан жетіліп болмағанын» кезінде Сәбит Мұқанов біліп айьқан. «Бірақ, - депті ол, - мазмұн жағынан біздің еңбекші жазушылар мақтана алады. Қазақтың еңбекші табы өскен сайын, еңбекші жазушылары жедел өсіп келеді. Сондықтан еңбекші жазушылардың жазған сөзінің мазмұнына пішіні ілесе алмай отыр».

Мазмұн мен пішін  жайын сөз еткенде, ескеретін  тағы бір нәрсе – жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады; бірақ пішін іздеу бір бар  да, құр пішінділікке (формализмге) салыну өз алдына басқа. Соңғысынан, әрине, сақ болған жөн. Модернистерге қолға ілінер «шығыршық жоқ, бос қуыстың айналасын әсем әшекейлеген әшейін құр шиыршық қана бар» екенін А.Блок дәл тауып айтқан. «Пішінді мазмұннан айырып, мазмұнды құртудың, керісінше, мазмұнды пішіннен ажыратып, пішінді жоюдың» (Белинский) бір көрінісі – осы.

Сонымен, әдебиеттегі  мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз  сөз өнеріндегі орасан зор маңызды  заңдардың бірі, өнертуындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай болып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі – оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

Әдебиеттегі мазмұн мен  пішін дегенді белгілі бір  көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді: шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжетті, композициясы мен жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.

Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.

Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол – идея!

Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес.

Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен  идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.

Қысқасы, кез келген көркем шығарманың негізінде бірін-бірі туғызып, бірін-бірі дамытып жатқан тақырып  пен идея болады. Жазушы өиір шындығын көркем образдарға жинақтап, өз шығармасының тек идеялық-тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады. Тақырып пен идеяның мұншалық мызғымас бірлігі туралы сан ғасырлар бойы суреткерлер мен ойшылдар айтқан аса кемел һәм кенеулі пікірлер көптен-көп. Мәселен, өткен ғасырда Белинский көркем шығарманың идеясын «оның өн бойында желі тартып жатқан ой мен сезімнің мығым бірлігі деп» деп белгілесе, біздің заманымызда Ғамзатов шығарма идеясын оның тақырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқаулы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: «Ой мен сезім – құс десек, тақырып – аспан; ой мен сезім – бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім – елік десек, тақырып – тау; ой мен сезім – жол десек, тақырып – сол жол алып баратын шаһар».

Әдебиет теориясының  бағзы бір кітаптарында тақырыпты  өз алдына, идеяны өз алдына бөлек алып, тексереді. Біз екеуін әдейі бір алып, байыптап отырмыз. Бұларды  бір-бірінен ажырату мүмкін емес екенін жоғарыда айттық. Соған қосымша тағы бір зер салатын нәрсе – суреткердің шығарма жазар тұстағы творчестволық толғаныстарының түпкі түйіні –ой өзегі (замысел). Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки творчестволық концепциясы жатады. «Ой өзегі – шығарманың негізгі арқауы» (А.Толстой).

Әр шығарманың тақырыбы мен идеясын тұтастырар дәнекер  болып тұрған ой өзегінің қай жазушыда қандай жағдайда туғанын топшылау, әрине, қиын. Оны қаламгердің қасында жүріп, әдеби әрекетін әрқашан қалт жібермей байқап отырған адамдар да тап басып, дәл таба алмайды. Мәселен, Лев Толстойдың зайыбы бір жолы: «Левочка кенет, ойда жоқта осы күнгі өмірден роиан жаза бастады», - дейді. Бұған қарағанда, «Анна Каренинадағы» автордың да ой өзегі де кенет, аяқ астынан туған тәрізді. Ал дұрысында олай емес, зерттеушілер ол романның ой өзегі тіпті әріден – сонау «Алпауыт таңы» мен «Семья бақытының» тұсынан басталғанын анықтады. Сол секілді, қай қаламгерде болсын, әр түрлі ой өзегі оның әдеби еңбегінің түрліше арқауы тәрізді творчестволық толғаныстарының кезең-кезеңдерінде жатады. Сөйтіп, іштей пісіп, ширай түседі. Мұның өзі «о баста өзексіз болады, - деп түсіндіреді А.Фадеев, - суреткер санасында қалай болса солай шашылып жатады. Бұл шындықтың жай шикі деректері ғана. Осылардың бәрі келе-келе әрбір ойлай білетін, күресе білетін, сүйе білетін, қайғыра білетін тірі кісі секілді суреткердің де өз санасында әлдеқашаннан аялап әкеле жатқан мақсатты пікірлердің түбегейлі түйіндерімен тоғысып, тұтасады да, ой өзегіне, сол арқылы шығарманың идеясына айналады». Бұл – қызық процесс: Бальзактың «қаптаған қалың идеялар астында қалатын» шағы, Достоевскийдің «түпсіз тұңғиық ойлар тереңіне батып кететін» кезі, Л.Толстойдың «түк жаза алмай, өзекті ойлармен өз-өзінен толықси беретін» тұсы осы процестің үсті болуға тиіс.

Әр жазушыда әр шығармасын жазар алдында осындай ой өзегі  болмаса, оның шығармасында оқырманға қажет өмірлік өзекті мәселе де болмайды және ондай шығарма қалың көпшіліктің қаламгер алдына қояр заңды сауалына жауап бере алмайды. Ал «сауалы жоқ немесе сауалға жауабы жоқ шығарма - өлі шығарма» (Белинский).

Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы – сауал да, идеясы –  жауап деуге болар еді. Бұл тұста мына жайтқа азырақ көңіл бөлген жөн: бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Осыдан келеді де біздің алдымызда әдебиеттегі идеялық қарама-қарсылықтар мен бірліктер туралы мәселе тұрады. Бұл мәселеден аттап өтуге тағы болмайды.

Информация о работе Мазмұн мен пішін