Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 14:17, реферат
Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мән бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
Махамбет Өтемісұлы – ақындық таланты мен батырлығын — отаршылдар мен өз билеушілерінің илеуінде қорлық көрген туған халқының бостандығы мен еркіндігі, әлеуметтік теңдігі жолындағы күреске арнаған даңқты тұлға. Оның өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де атақты ақын-жыраулардан айырмашылығы – бүкіл дерлік өлең толғауларының
Ι КІРІСПЕ
ΙΙ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Бұлтта ойнаған жасындай өмір
2.2 Махамбеттің ақындық шығармашылығы
ΙΙΙ ҚОРЫТЫНДЫ
ΙV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Тастөбедегі шайқастан кейін соңынан тіміскілеп жау түсіп, алда Жайықтың екі жағына күзет қойылып, ол аз болғандай, аяздатып қар бораған сол бір сұрқай күндерде шығыс жағаға өтіп келгендегі айтқаны:
Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен,
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен,—деген кісінің сай-сүйегін сырқырататын сөздер болды. Халық үшін жан пида, "өзекті жанға бір өлім" деп, қол бастап, қалың жауға қарсы аттанған батырды бұлай дегізген, "Нарын деген жеріне" деген перзенттік ұлы сүйіспеншілік қой. Тегінде туған елді, туған жерді осылай сүймесе, анау патша деген алып аждаһаға, оған арқа сүйеген хан, сүлтан, төре, төлеңгіттерге қарсы азаттық, еркіндік туын көтеріп шығар ма еді?
Туып-өскен жері Нарыны-ақын үшін елінің, Отанының символы. Жерім десе-елі, елім десе — жері көз алдына келеді, екеуі бір бүтін, бірдей қасиетті, қастерлі. Мына шумақты оқып көрелікші. Сол Нарында:
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қатын менен бала бар.
Қарындас халқым жана бар.
Жалғыз ұлым Махмұт
Бекетай құмның ішінде
Жалғыз бір қалған о да бар.
Демек, бар аяулы, бар жақыны сонда екен. Онсыз өмірдің қызығы ғана емес, мәні де жоқ. Тегі соларсыз өмірге келудің қажеті бар ма? Жалаң қылыш қолға алып, найзасын келденең өңгеріп, арқасына мүз тоңып, қабағына қар қонып жүрген шақтың өзінде батыр жүрек елжіреп осылай дейді. Кәтерілісшілер жеңіліп, Исатай оққа үшқан, енді елдің басын біріктіріп, күресті қайта жалғастыру үмітсіз дүниеге айналып бара жатқан кездің өзінде:
Он екі ата Байұлы ...
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке,- деп күш те, құдірет те халықта, ол барда үміт бар дегенді аңғартады.
Әйгілі "Қызғыш құс" та, түптеп келгенде, туған жер туралы ғой.
Жапан далада тізгінін бос тастап, бір салт атты кісі келеді. Бойында асынған қару-жарағы бар, қабағы салыңқы. Реңі жабырқау. Бұл өзі кешелері қол бастап, жалаң қылышпен жай отындай жарқылдап, хан жасағын, патша әскерлерін жапыра, ат ойнатқан кісі еді.
"Тәңірім салса, не амал бар!" Ағалап алдында ұстаған, бүкіл ел ардақтысы, көтеріліс басшысы батыр Исатай о Дүниелік болған. "Қаумалаған қарындас" та енді қасында жоқ, жападан-жалғыз, жапан түзде арыған атының тізгінін бос салып, аяңдап келеді. Аты тоқтап, әудем жердегі жар-Қыраған суға тігіле карап қалыпты. Кел үстінде қүс біткеннің зәресін қашырып, бір қарайған жүйткиді. Тәжірибелі жолаушы оның лашын екенін білді. Ол ойын жиды, оу, бұл таныс көлдің тұрақты күзетшісі — бір қызғыш бар еді ғой! Ол қайда? Сөйткенше болған жоқ, салт аттының көзі төбесіңде шырылдаған қызғыш құсқа түсті. Бейшара-ай, ә! Ал мұның өзінің, батыр Махамбеттің, ақын-жырау Махамбеттің, халі қалай бұ күнде?! Мұның "көлі" - елі қайда, бұл неғып айдалада арыған атымен жалғыз келе жатыр? О, тәубе, көл қорыған қызғыштың да, ел қорыған ер Махамбеттің де тағдырталайы бірдей екен-ау! Осыған ұқсас бірдеңе бұрын да болған сияқты еді ғой... Жо-оқ! Ақын өзінің бір толғауын еске түсірді. Көшер еді-ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін.
Қонар еді-ау біздің ел,
Арқада қоныс төлдейін.
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмегей еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін,—деген болатын. Нақ соның кебі келіп тұр ғой. "Ереуіл атқа ер салмайдағы" айтқандары да айнымай алдынан шыққан. Ақындық болжам сөздің өститіні бар... Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей кұсқа түсті.
Ау, қызғыш құс, қызғыш кұс,
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едін,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшкан қызғыш құс! -
Сені көлден айырған-
Лашын құстың текпіні;
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай немене ?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Иә, бәрі айна қатесі жоқ, тап осындай. Осылайша тек қазақ поэзиясындағы ғана емес, әлемдік поэзиядағы да, бір элегиялық ғажайып көркем өлең дүниеге келді.
"Туған жерге кіндігінен байлаулы болмаса" (Ғ.Қайырбеков), бірі — басқа жерді жерлеп, екіншісі — басқа көлді келдеп, қағанағы қарық, сағанағы сарқ жүре бермес пе еді.
ΙΙΙ ҚОРЫТЫНДЫ
Махамбет поэзиясының тілі өте бай, суретті және бір ғажабы — оның осыдан 150 жылдан астам бұрын дүниеге келгені көп байқалмайды. Махамбет өлеңдерінде әр сөз өзіне ғана тиісті орнында қолданылады. Сондықтан ол өлеңнің мәнін де, сәнін де келтіріп тұрады. Махамбетте шешендік толғау, нақыл (афоризм) түрінде айтылып:
Аз сөйлер де көп тыңдар
Хас асылдың баласы,- деген сияқты бүгінде мақал, нақыл сөзге айналып кеткен жолдар мен шумақтар аз емес.
Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы
— теңдік пен бостандық, әділдік үшін
күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық
болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып
жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған
көне дәстүр бойынша философиялық терең
толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.
Махамбет
ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи
тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің
бастау көздерінің бірі ретінде саналады.
Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге,
өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы
бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға
арнаған ардақты ақын.
ΙV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Ахмедияров Қ. “Шашақты найза, шалқар күй”. Махамбет
2. Махамбет “Жыр –Семсер”. Жазушы баспасы. Алматы. 1979ж.
3.Арыстанова Ш.С.Досбағанбетова А.Т. “Махамбеттің күй мәдениеті” Шымкент. 2004ж.
4.“Махамбет Өтемісұлы” І-том Алматы. 2003 ж. “Ғылым” ғылыми
5.Қазақ әдебиеті. 10-сынып.
6. Музыкалық таным. 2004 ж. №1.
7.XIX-ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы. 1977 ж.
8.Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. Ғылым баспасы. 1977 ж.
9.Шығармашылық IV-томдық академиялық жинақ. М.Өтемісұлы.
10.“Махамбет Өтемісұлы” өлеңдер, Алматы. ҚКӘБ. 1951 ж.
11. Б.Адамбаев. Махамбет туралы жаңа мағлұматтар. «Қазақстан мектебі»
12. Б.Аманшин. Махамбет
өмірінің соңғы жылдары. «
13. М.Ысмағұлов. Махамбет күйлері. «Қазақ әдебиеті» № 31 1959 ж.
14. М.Ысмағұлов, Т.Мерғалиев, Махамбет-композитор «Лениншіл жас»№31 1965ж.
15. Б,Аманшин. Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. Өлеңдер. Алматы.
16. Махамбеттің күй мұрасы. Жас Түркестан, №9 №10 2003ж.
17. А.Жұбанов. Ғасырлар пернесі. Алматы «Жазушы»1975 ж.
18. Ғ.Доскен, Б.Ханапиянов, Е.Раушанов, Т.Шипай. Махамбет менің атым.
19. Махамбет өлеңдер мен күйлер. Алматы. «Жібек жолы» 2003ж.