Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2012 в 23:10, реферат
Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы.
Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.
Қорытынды.
Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет істеуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге күш салдық.
Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді.
Қажым Жұмалиевтың зерттеулері пайдаланылды
Информация о работе Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі