Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2012 в 23:10, реферат
Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы.
Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.
Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Оның тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында. Мысалы:
деген үзіндідегі "мұнар", "шұбар" деген эпитеттерді алсақ, бұл эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруге үлкен мәні бар. Хан мен билердің ел басына туғызылған қара күнін, басқа күндерден айырықша көрсету ушін, ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз алдына елестету үшін "күн" деген сөздің алдына, "шұбар", "мұнар" деген эпитеттерді қолданған. Осы үзіндідігі:
деген жолдарындағы өткен шақтық есімше етістік арқылы жасалған эпитеттер мен аралас келген поэтикалық контраст тамаша шебер қолданылған.
Мақсаты орындалмай Исатай өліп, жолдастары оққа ұшып, көтеріліс апатқа ұшырап, оңға деген іс теріске, ойланған мақсат керісінше шыққандықтан-Махамбеттің қолданатын образы, сөздері де керісінше, шалыс келеді.
Дұрысын алғанда, буыршын, жалпы жас түйе, мұзға таймайды, оның қара құсы өткір, табаны бедерлі болады. Мұны ол білмей отырған жоқ, біле тұра қолданып отыр. Сол шалыс келген образдар арқылы ел басындағы ауыр күндерді жайшылықтағы күндерден жекелеп көрсетіп, оқушыларын өз көзімен көргендей, өз жүрегімен сезгендей дәрежеге жеткізу ушін қолданып отыр.
Жалғыз эпитет, не поэтикалық контраст емес - теңеу, метафора қолданыстары да ақынның мақсатымен ұштасып жататынын және өздерін жауынан жоғары етіп, жауын төмендете, оған оқушылары жексұрын көзбен қарайтын етіп шығару үшін қолданғандығын көреміз.
Исатайды ел қамқоры етіп көрсету үшін: "Қызғыштай болған есіл ер",-дейді.
Қазақ елінің ұғымында бұл жақсы түсінік беретін теңеу. Ал оның ерлігін көрсетейін деген жерде оны арыстанға балайды:
деп оның ерлігін метафора арқылы көрсетеді. Арыстан ел ұғымындағы ең күшті аң. Біреуді мықты етіп көрсетпек болса, елдің арыстанға, жолбарысқа балап теңейтіні бізге мәлім. Сөйтіп ол Исатайды арыстанға баласа, өздерін апатқа ұшыратқан жауын ел ұғымындағы ең оңбаған айуанға балайды. Баймағамбетке: "Сендей нарқоспақтың баласы", - дейді Өйткені балап отырған түйесі - түйенің ең жаман түрі. Мал шаруашылығымен күн көрген әсіресе көшпелі елдердің түйе малы ішінде ең жақсы көретіні бірі тума нар, қас жампоз, онан кейінгісі қоспақ (түйенің басқа да түрлері көп); ең жек көркетіні гүрт, жарыбай, сұлама, нарқоспақ. Міне Махамбет жауын жексұрын етіп көрсету үшін, Баймағамбетті қор туған нарқоспаққа балайды. Махамбет былай дейді:
Шамдансам жығар асаумын,
Бұл арада да жауынан өзін биік етіп көрсететіндігі, сондықтан да өзін асыл нәрселерге балайтыны анық. Махамбет шығармаларында жай теңеу, не метафораның ұлғайған түрі көп кездеседі. Мысалы:
деген үзінді бұған толық мысал бола алады.
Ақындық тілдің өте бір толық түрі, ақынның шеберлігін керек ететін (өз орнына қолдана алса ), суреттейін деген өмір құбылысын айтып беру үшін мәні күшті ауыстырып айтатын сөздердің бір түрі - метонимия (алмастыру ).
Махамбеттің:
деген екі жолындағы метонимия әрі орынды, әрі шебер болып шыққан. Бұл сықылды метонимиялар Махамбетте көп, оның бәрін келтіріп жатудың керегі аз.
Махамбет өлеңдерінде теңеу, не метафора ғана кездесіп қоймайды, ауыстырудың алуан түрлері де табылады. Сонымен қатар, оның өлеңдерінен фигураның түрлері де өте көп кездеседі, мысалы:
деген параллелизм, немесе:
деген риторлық сұраулар фигураға жатады.
Фигураларды қолданысы да оның негізгі тілегімен байланысты. Бұл риторикалық сұрауларға берілетін жауаптың бәрі де қарындас үшін, қатын-бала үшін, екінші сөзбен айтқанда, ел үшін, Отан үшін жауға шап деген оның негізгі мақсатымен ұштасып жатыр.
Махамбет өлеңдерінде көркем тілдердің жеке-жеке барлық түрі де кездеседі. Махамбет өлеңдерінде эпитет, теңеу, әсірелеу, литота, ауыстыру мағынасында қолданылатын фигура өзара байланысты түрде де жиі ұшырайды. Бұлардың өзара байланыстары ақынның сөзге шеберлігін дәлелдейді. Бұл жағынан алып қарағанда да Махамбеттің көркем сөз ұстасы екендігінен ешкім шек келтіре алмайды. Мысалы:
Керіскендей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім!-
деген үзіндіде метафора, теңеу, эпитет бір-бірімен байланысып келетінін көреміз. Мұндағы образдар шебер қолданылған, мына жері жетіспей тұр, не артық деп айта аламыз ба? Жоқ. Әр сөзі орынды. Әр сөзі суреттеп отырған геройының характерін (мінезін ) айқындайды. Осы өлеңінен:
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,
Атылған оғы Еділ-Жайық тең өткен.
Атқанда қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан.
деген үзіндіні алсақ,- теңеу, метафора, әсірелей теңеу (эпитет) және әсірелеуді кездестіреміз. Міне, не барлығы 6-7 жолдың ішінде бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше көркем сөздердің қабат келуі, түр жағынан алып қарағанда да, оның шеберлігін көрсетеді. Бірақ оның шеберлігі тек қана сол сөздерді табуында емес, сол образдарды сөздердің ақынның ойымен байланыстылығында. Демек бұл контексте қолданылған образдар тек көркемдік үшін тұрған жоқ, бәрі де ақынның негізгі пікіріне бағыныңқы; суреттейін деген құбылысының, айтайын деген ойының бірі онысына, бірі мұнысына жарап тұр. Ақынның күштілігі де, сөздерінің көркемдігі де осында.
Қай жазушы, қай ақын болса да, шындық болмысты образ арқылы суреттейді. Бірақ көрсетейін деген құбылысты, айтайын деген ойды суреттеу үшін кез келген образ кез келген жерде дәл келе бермейді. Бір уақиғаны айтып беру үшін бір жерде эпитет керек, екінші жерде теңеу, ауыстыру, не фигура керек, не жоғары мысал тәрізді аралас келуі керек. Ақын-жазушылар мұнымен санасады, санасуы да керек. Образды айтайын деген ойына, суреттейін деген уақиғасына қарай таңдап қолданушылық - ол ақын-жазушылардың сөзге ұсталығын көрсетеді. Бұл жағынан алғанда, Махамбет өз шеберлігіне таң қалдырады. Ол Исатайдың жауға шапқан жерін :
Толғай, толғай оқ атқан,
деп суреттейді.
Бұл арада ақын көрсетейін деген құблысын дамыту арқылы берген. Түтеген оқ, бораған атысты олай суреттемесе, уақиға шындығы жинақы, жанды боп шықпас еді. Бұл жерде уақиғаның дамыту арқылы суреттелуі өте орынды.
Махамбет бір нәрсенің ұлылылығын айтпақ болса, не бір нәрсені мақтамақ болса, көбінесе әсірелеуді қолданады.
Мысалы, "Нарын" деген өлеңін алсақ:
Қойды мыңға жеткізген
Нарынның анау құмдары.
Түйені жүзге толтырған.
Көкпекті, шытыр жерлері,
Жатып қалған тайлағы
Жардай атан болған жер,
Жабағылы тоқтысы
Қой болып қора толған жер.
Балдырғаны білектей,
Баттауығы жүректей, -
деп суреттейді. Мұнда Махамбеттің көрсетейін дегені Нарын. Мұның үшін Махамбет әсірелеуді қолданған.
Бір нәрсені мақтайын дегенде, не үлкейтіп көрсетейін дегенде әсірелеуді пайдаланса, бір нәрсені кішірейтіп көрсету үшін, не істің оңға келмей қалғанын суреттеу үшін, ол литотаны қолданады.
Өздерінің дегені болмай, жауынан жеңілген күндерін суреттейтін өлеңдерінде былайша суреттейді:
Телегей - теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер - жетпес күн болған, -
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған
Бұл келтірілген мысалдарымыз, Махамбеттің айтайын деген ойына, суреттейін деген құбылысына керекті образдарды таңдап ала біледі деген пікірлерімізге толық дәлел.
Сонымен қатар, Махамбет нені айтсын, нені суреттесін, мейлінше еркін, жеріне жеткізе, ар жағына ештеме қалмағандай, онан асырып ешкім айта алмағандай етіп суреттейді. Махамбет өлеңдерінің тіл мәселесі жөніндегі келтірілген көркем әдебиетке тән сөздерін де таба алатындығын, әр сөзінің орындылығын, оның мазмұнымен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Қорытып айтқанда, Махамбет шын мағынасында көркем сөздің ұстасы.
Информация о работе Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі