Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:48, реферат
Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі.Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Шығарманың мазмұны сол шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады. Шығарманың құрылысы, сюжеті, тіл мәнері соған қызмет істейді. Сондықтан да болар, көркем шығарманы оны құрап тұрған көркем элементтерінсіз түсіну мүмкін емес.
Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Жаңа әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады. Алайда, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын естен шығармау керек.
І. Көркем шығарма тілінің жалпы ерекшеліктері, әдеби тіл мәні.
Тілдің ажарлау құралдары.
ІІ. Құбылту, оның мәні, ерекшеліктері мен түрлері.
ІІІ. Айшықтау және оның түрлері
Түсіндің
бе, қарағым?!
Фигураның бір түрі –сөз тастап кету, яғни эллипсис – сөйлем ішінде немесе өлеңшумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету. Мысалы:
Ақ көбігің...ақ жүзің
Айнам еді бір қарар.
Өткізген түнім...күндізім...
Тербетер
мені, ой салар.
Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яғни параллелизм – екі ұдай нәрсені құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мысалы:
Екі жаяукеледі:
Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар,
Біреуінде күрек жоқ, жүрек бар да, жүрек жоқ.