Көркем әдебиет тілі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:48, реферат

Описание работы

Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі.Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Шығарманың мазмұны сол шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады. Шығарманың құрылысы, сюжеті, тіл мәнері соған қызмет істейді. Сондықтан да болар, көркем шығарманы оны құрап тұрған көркем элементтерінсіз түсіну мүмкін емес.
Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Жаңа әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады. Алайда, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын естен шығармау керек.

Содержание

І. Көркем шығарма тілінің жалпы ерекшеліктері, әдеби тіл мәні.
Тілдің ажарлау құралдары.
ІІ. Құбылту, оның мәні, ерекшеліктері мен түрлері.
ІІІ. Айшықтау және оның түрлері

Работа содержит 1 файл

Копия реферат.docx

— 25.12 Кб (Скачать)

Инновациялық  Еуразия Университеті

«Қазақ  филология кафедрасы» 
 
 
 
 

Тақырыбы: «Көркем шығарма тілі» 
 
 
 
 
 

Орындаған: ҚТӘ-101 студенті

Куанышева Ж.К.

                                                Тексерген: аға оқытушы 

Сарыбаева Б.Ж. 
 
 
 
 
 

Павлодар,2011

Жоспар 

Көркем  шығарма тілі

І. Көркем шығарма тілінің жалпы ерекшеліктері, әдеби тіл мәні.

   Тілдің  ажарлау құралдары.

ІІ. Құбылту, оның мәні, ерекшеліктері мен түрлері.

ІІІ. Айшықтау және оның түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Көркем шығарма тілінің жалпы ерекшеліктері. Әдеби тіл мәні.

Тілдің  ажарлау құралдары.

     Көркем  әдебиеттің тілі – бір немесе бірер адамның ғана емес, күллі қауымның, демек, бүкіл қоғамның тілі, яки аса күрделі синтетикалық тіл.

      Көркем  шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі.Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Шығарманың мазмұны сол шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады. Шығарманың құрылысы, сюжеті, тіл мәнері соған қызмет істейді. Сондықтан да болар, көркем шығарманы оны құрап тұрған көркем элементтерінсіз түсіну мүмкін емес.

      Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Жаңа әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады. Алайда, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын естен шығармау керек.

      Бұл арада әр сөзге ажар беріп, оның мағынасын  толықтыратын ең қарапайым тәсіл  – интонация (лат.intonare – дауыс ырғағы), немесе әр сөздің айтылу мәнері. Мұның өзі көркем шығарманы оқығанда ғана емес, жазу үстінде де қатты ескеріледі. Әсіресе жазушы кейіпкерлерді сөйлеткенде, оның әр сөзін көңіл-күйіне лайық мәнерде айтқызады. Дауыс ырғағы әсіресе өлеңді шығармаларда айрықша міндет атқарады. Өлеңді енжар жазуға болмайтыны сияқты, селқос оқуға да болмайды.

      Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті  дыбыс қайталаулар арқылы да ажар бітіруге болады.Бұл тәсіл екі  түрлі: аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзияда да, прозада да кездеседі. Мысалы:

Ираншахқа мұңын шақпа; Низами!

Біздің  шақта гүл құшақта, Низами!

      Ендігі  ажарлау құралдары: айқындау(эпитет), теңеу

      Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет – адамның, сан-алуан өмір құбылыстарының ерекше белгі, сипатын, сапасын айқындау, олардың нақты да затты оқырмнның көз алдына көркем елестету мақсатында қолданылатын көріктеу құралы. Мысалы: «Адамның кейбір кездері»

     Ызалы жүрек, долы қол

     Улы сия, ащы тіл.

     Не  жазып кетсе, жайы сол

     Жек көрсеңдер өзің біл.

      Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқазатпен, құбылыспен салыстыра суреттейтін көркемдеуіш құрал. Мысалы: «Алпамыс батыр»

     Кеуделері кепедей,

     Мұрындары төбедей,

     Күрек тісі кетпендей

     Кеңірдегі жүһіттің көріндей. 

ІІ.Құбылту, оның мәні, ерекшеліктері мен түрлері.  

      Әдеби тілді ажарлаумен қатар құбылту  қажет. Құбылту, немесе троп(грек. tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағынада емес, бұрма мағынада қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.

      Құбылтудың  түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, немесе метафора (грек. metaphora - көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балай; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мысалы: (І. Жансүгіров)

     Гималай – көктің кіндігі,

     Гималай – жердің түндігі. 

      Жансыз  табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің  қылығымен ауыстырыла суреттелу  – кейіптеу деп аталады. Ол да құбылудың бір түрі. Мысалы:(Абай)

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,

Жылы жүзбен Терекке амандасты...

     Кейіптеу  – ертегілер мен аңыздарда  жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал  өлеңдердегі құбылу, көбінесе, пернелеу, немесе аллегория түрінде келеді. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзгк көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Мысалы, қулық, зорлық, қастық секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Соған орай, қулық –Түлкі, зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленеді. 

           Троптың бір түрі – астарлау,яғни символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұарға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия еліп, жасыра жарыстырып, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мысалы: (Ә. Тәжібаев)

     Отырмын теңіз бойында                                  Достарым қандай көп еді...

     Ойнайды дауыл ойымда.                                 Көбісі соның жоқ енді.

     Соғады  толқын шың, жарды ,                         Көпірген теңіз төңірегім,

     Шертеді көңілім мұңлы әнді.                          Күрсінбейді жел тегін!

     (Айрықша  ескерілетін шындықты ақын көз алдына дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, шабытпен жырлаған.) 

     Троптың бір түрі – алмастыру, яғни метонимия – өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мысалы: (Абай)

     Үйі мәз боп қой сойды

     Сүйіншіге шапқанға.

     (Үйі  дегенде үй ішіндегі адамдар  жайлы айтылады.) 

     Троптың ендігі бір түрі – мегзеу, яғни синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану. Мысалы: (Гоголь)

    • Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?

    (сақал деп  бір адамды айтып тұр) 

     Троптың  бір түрі – кескін, яғни ирония және тағы бір түрі – мысқыл,

яғни сарказм. Бұлар юморлық және сатиралық образдарда қолданылады. Иронияда бүркеншек сын, сырты тәп-тәтті, іші ап-ащы ажуа жатады. Ал сарказм шығарма тіліне қылыш жүзіндей өткір сұс, тиген жерін тіліп түсер тегеурінді күш бітіреді. Мысалы:

Ирония: Қайтсін, қолы тимепті,                Сарказм: Жұмысы түссе жалтаңдап,

               Өлеңші, әнші есіл ер!                                   Жағынып келер жаныңа.

               Ала жаздай ән салсаң,                                  Жұмысы біте талтаңдап,

               Секілде де, билей бер!                                 Жоламай кетер маңыңа.  

      Троптың ендігі түрі – ұлғайту, яғни гипербола, тағы бір түрі – кішірейту, яғни литота. Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді. Мысалы:

Гипербола: Жоғарғы ерні көк тіреп,         Литота: От орнындай тұяқтан

                    Төменгі ерні жер тіреп.                         Оймақтайы қалыпты.

                                                                                     Жалбыраған жалынан

                                                                                     Жалғыз қарыс қалыпты.

      Ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі  әдебиетімізде көбіне әсірелеу, яғни гротеск түрінде көрінеді. Әсірелеу де әдебиет пен өнердегі көркемдік тәсіл: мұнда адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығы кейде кісі күлгендей, кейде жан шошығандай оқшау халде әдейі өсіріле, не өшіріле суреттеледі.

      Аталып  өткен троп түрлері тек кейбіреулері ғана. Айта берсек, табу (бәрін белгімен білдіру), перифраз (қайта айтып беру), эвфемизм (сыпайы сөйлеу) және т.б. 

ІІІ. Айшықтау және оның түрлері 

      Әдеби тілді ажарлау, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де қажет тәсіл – айшықтау, яғни фигура – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.

      Айшықтаудың түрлері көп. Кейбіреулеріне ғана тоқталып кетсек:

      Арнау – адамның, немесе ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайрыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. А. Байтұрсынов арнауды 3 түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Мысалы:

Жарлай  арнау: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

                          Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың

                          Жақсы менен жаманды айырмадың,

                          Бірі қан, бірі май боп енді  екі ұртың...

Сұрай арнау: Ақ қағазды қаралап,

                       Қалам неге ойнайды.

                       Ақын неге қайғырып,

                       Терең ойға бойлайды.

Зарлай  арану: Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы.

                         Жылқысын көптігінен баға алмайды.

                         Өлгені Төлегеннің рас болса,

                         Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?! 

     Фигураның бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Қайталау түрлері: жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау (анафора), кезекті қайталау (эпифора).

     Фигураның бір түрі – шендестіру, яғни антитеза – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түп-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.Мысалы:

     Біреуі  – көк, біреуі – жер тағысы,

     Адам  үшін батысып қызыл қанға.

     Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі  – қызыл,

     Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға... 

     Фигураның бір түрі – дамыту, градация – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Мысалы: (Т. Жароков)

     Қиқу  салып құзға ұшқан,

     Құздан  суық мұзға ұшқан,

     Мұздан  биік бұлтқа ұшқан

     Бұлттан биік көкке ұшқан

     Қарулы  қыран кім еді? 

     Фигураның ендігі түрі – сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Мысалы:

     Сен құрметте оны!

Информация о работе Көркем әдебиет тілі