Көне түрік руникалық жазбалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:37, реферат

Описание работы

Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі: кешегісі мен бүгінгісі. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық жазбаларының ескеркіштері. Жалпы түрік тілінің тарихы.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
1. Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
2. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі: кешегісі мен бүгінгісі
3. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық жазбаларының ескеркіштері
4. Жалпы түрік тілінің тарихы
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдеитеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

көне түрік руникалық жазбалары.doc

— 139.00 Кб (Скачать)

Сол мемлекеттердің баянсыздығын туыс ұрпақтың арасындағы тақ таласымен түсіндіруге болады. Аппенин аймағындағы "түрк" тайпасының шаңырақ көтеруі де көшпенділер түрткі болған ірі толқындардан туындайды. Ендеше, жыл санаудан жеті ғасыр бұрын этрускілердің жиырма бір символынан пайда болған латын әліпбиі қазақтарға жат емес. Ол өзіміздің төл әліпбиіміз.

2.4 Демек, көне түркі жазбаларын зерттеуде Орхон-Енисей жазбаларының көлемінде ғана шектеліп қалмай, ата-бабаларымыз­дың жоғарыда айтылған Еуразия құрлығының тоқсан пайызын билей білгендігін ескере отырып, мынадай мәселелерді күн тәртібіне қою қажет:

-  көне түркі жазбалары мен қытай жазбаларының арасындағы байланыс;

- көне түркі жазбаларының еуропалық бағытындағы дамуы;

- методологиялық мәселе.

Айтпақшы, классикалық латын әліпбиі 24 таңбадан тұрған. W мен J әріптері кейін қосылды. Қазақ тілінде де 24 төл дыбыс бар екендігін және латын әліпбиін дүниеге әкелген этрускілердің тілдері бұлғар-қыпшақ диалектілеріне жақын болғандығын ескерсек, латын әліпбиіне көзқарасымыз өзгеруі тиіс.

Этрускілер, яғни түркілер жыл санаудан сегіз ғасыр бұрын өз мәтіндерін оңнан солға қарай жазу әдісімен қатар боустро-федонды да (бұқамен жер жырту) қолдана бастады. Олардың әліпбиі жиырма алты таңбадан тұрады. Біздің эрамызға дейінгі 400-ші жылы әріп саны 20-ға дейін қысқарды. 1886 жылы табылған "Praeneste  fibula" деп аталатын латынша жазуының ең тұңғыш ескерткішінде "Манное мед фефакед Нумасиой" - "Мәниүс мені Нумасиүсқа істеді" деген сөздер жазылған.

Этрускілердің әліпбиінде де, классикалық латын әліпбиінде де әріптердің саны 24 шамасында болуы әрине кездейсоқтық емес.

XX ғасырдың соңғы онжылдығы - бұрынғы Кеңес Одағы күйреуінің нәтижесінде шаңырақ көтерген жаңа түркі тілдес тәуелсіз республикаларда қолданылып жүрген әліпбилердің қатал сынға түскен уақыты. Олардың барлығының да латын графикасына ресми түрде көшіп үлгеруі - осы қатарға қосылуға бізді де ынталандырып отыр.

Атақты түрколог Ахмет Байтұрсынұлының пайымдауынша, қазақ тіліндегі төл дыбыстардың саны 24 болғандықтан, әріп саны да солай болуы керек. Егер ағылшын тіліндегі 46 дыбысқа 26 әріп қызмет етсе, қазақ тілінде керісінше 42 әріп анағұрлым саны аз дыбыстарды белгілейді. Іс жүргізуде қолданылып жүрген қазіргі әсершіл фонетикалық әліпбиімізде белгілі бір дыбыс­тардың жүмсақ, жіңішке немесе жуан айтылу ерекшеліктеріне арналған таңбалар естуге емес, көруге қатысты қалыптасқан. Әйтседе "а" мен "ә"-ні, "о" мен "ө"-ні ажыратуға үйренген көз "бару" мен "келу" деген сөздегі "у" таңбасының бірде жуан, енді бірде жіңішке айтылуына мән бермейді.

Жазу қолданылатын техника мен материалдан, ал әдеби тілдің қалыптасуы жазудан басталады. Қатты материалға жазуларды қашап жазу тәсілі әліпбидің жедел жазуға дейінгі кезеңін сипаттайды. Одан кейінгі өтпелі кезеңді ғалымдар курсивтік жедел жазуға дейінгі кезең деп атайды. Жедел жазу кезеңінде қағаз бен сия басымдылық танытты, ал мәшеңкенің пайда болуы әліпбиге қойылатын талаптарды өзгерте бастады. Сол себепті, Орхон-Енисей жазуын енгізуге үмтылыс білдіргендерге қосы­луға болмайды, өйткені олай болса, қағазды тастап, тасқа қашап жазуды да біржолата енгізген жөн. Әрине, тарихтың заңдылығы бар - кейінгі дәуір өзінен бұрын болған дәуірлердің барлық ерекшеліктерін қамтиды.

Қазіргі 42 әріптік әліпбиімізде латын әріптері де, Кирилл әріптері де, ағылшындар фонетикалық таңба ретінде қолданатын әріптер де, тіпті иероглифтерге ұқсас әріптер де баршылық. Орысшыл қазақ ю, я, ъ, ь, ә, ц әріптерін жылы қабылдай-ды, өзбекшіл-арабшыл қазақ һәм, ғылым, құн деген сөздердегі әріптерге қуанады, ал европашыл қазақтар а,о,е,і,ү,һ,к,с,х,в әріптерге тәуба дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Әрине, көне руникалық тарихи жәдігерліктерді зерттеу ісі руникалық әліпбиді қабылдауды емес, археологиялық қазба жұмыстарын, тарихи ғылымды, ізденістерді, халықаралық іс-сапарларды қаржыландыруды қажет етеді.Сондықтан мәдени жәдігерлерге қаржы бөлуде қызғаншақтық жасаудың ешбір керегі жоқ. 

Ұлттық мәдениетті қадыр тұту мақсаттарына қол жеткізу үшін ең алдымен озық жетістіктен, тың жаңалықтан бас тартпау, дер кезінде шешім қабылдай білу керек. Қазіргі таңда Қазақстанда қоғамдық-экономикалық жетістіктер арқылы мәдениетті қолдау шараларын ұтымды іске асырылып жатыр.

Жас тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы ашық, қазіргі заманғы қоғам құруға барлық күш-жігерін жұмсағалы отыр. Экономикалық реформалар, халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көш түзеу, жаңа халықаралық байланыстар орнату, заңдар мен ресми құжаттарды шыңдау - осының барлығы да құптарлық іс.

Болашақ ұрпақ өз елі мен жерінің тағдырын, тарихын  білуге, атадан қалған дәстүрді, мирасты жалғастырстыруға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

1.            Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларынан материалдар. Алматы, 1966

2.            Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат, 1996.

3.            Арыстанбеков И.Т. Қазақ  әліпбиін  өзгерту мәселесіне орай / Дипломатиялық  жаршы, 2000.

4.            АсановЖ. Латынға көшу баянсыз  тірлік. ЕҚ, 2000. 27 желтоқсан,

5.            Байтурсынов А. Тіл  тағылымы. Алматы, 1992.

6.            Кемеңгеров К. Бұрынғы езілген ұлттар. М.,  1925.

7.            Кызласов И.Л. Рунические письменности евразийских степей. М., 1994.

8.            Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тыся­челетий. Алматы:  Рауан, 1992.

9.            Саурыков Е.Б. Историй и дешифровка рунических писем, най­денных в Средней Азии // Поиск. 2000. № 4-5.

10.       Солтобаев О . Табалдиев К.  Рунические надписи в Кочкорской долине // Мээрим. 1998. №2.

11.       Саурықов Е.Б. Көне түркі жазба ескерткіштері - ұрпақ қазынасы // Егемен Қазақстан. Алматы, 2001. 27 сәуір

 

 

 

3

 



Информация о работе Көне түрік руникалық жазбалары