Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:37, реферат
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі: кешегісі мен бүгінгісі. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық жазбаларының ескеркіштері. Жалпы түрік тілінің тарихы.
І. Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
1. Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
2. Көнеден жеткен құнды ескерткіштердің зерттелуі: кешегісі мен бүгінгісі
3. Қазақ жеріндегі көне түрік руникалық жазбаларының ескеркіштері
4. Жалпы түрік тілінің тарихы
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдеитеттер тізімі.
Біз сөз етіп отырған үндестіктер мен ұқсастықтар - Орхон-Енисей ескерткіштерінде тасқа қашалып салынған тұңғыш түркілік рәміздік белгілердің байырғы түркі өркениетінің төлтумасы ретінде, ұлттық дүниетаным айнасы ретінде және рухани көпір ретінде өміршеңдігінің айқын айғағы. Бұл - бүгіндері өзгеше өзекті мәнге ие болып отырған мемлекеттік идея қайнарларының бастауы тереңде жатқандығының тағы бір дәлелі.
Осы орайда Орхон-Енисей жазуларының мәтінінде байрақ (байрағ), халық (будун), ел-мемлекет (ел, іл), әскер (су), шекара, елші ұғымдарының өрнектелуі мемлекеттік идеясы түркі жұртында өте ерте замандарда қалыптасқан рухани аңсар екенін дәлелдей түсетіндігін айта кетуге болады.
Ортаға салынған ойлардың түйіні ретінде төмендегі төрт байламға ерекше назар аударғымыз келеді:
Бірінші. Орхон-Енисей ескерткіштерінде түркі өркениетіне тән ең алғашқы рәміздік белгілер заттық (материалдық) көрініс тапқан.
Екінші. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі рәміздік белгілер - түркі дүниесіндегі осы заманғы мемлекеттік рәміздердің негізі. Түркі рәмізтануының бастауын солардан іздеу керек.
Үшінші. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі рәміздік белгілер - түркі руханиятындағы мемлекеттілік және отаншылдық идеяларының қайнар көздерінің бірі.
Төртінші. Орхон-Енисей ескерткіштері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері арасында терең тарихи сабақтастық бар. Бұл - байырғы түркі өркениеті мен қазіргі қазақ мәдениетін жалғастыратын, рухани алтын көпір аман-сау екендігінің белгісі.
Қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін сөз еткенде көне түркі руникалық жазба ескерткіштеріне соқпай кете алмаймыз. Ол - сайын даланы мекендеген тұлпар мініп, ту алған ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Көне түркі жазуының жанрлық сипаты туралы ғылымда бірнеше пікір бар. Түркітанушы А.Щербак Орхон ескерткіштерін тарихи деректер жиынтығы деп қараса, И.В.Стеблева ақындық дәстүрдің ортасында туған тарихи ерлік поэма деп таниды. Қазақ ғалымы М.Жолдасбеков осындай көптеген пікірлерді елеп-екшеп келіп: "Орхон ескерткіштерін жалаң тарихи фактілер тізбегі деп қарамай, түркі халқының ізгі арманын, кескілескен соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуезбен жыр еткен ерлік эпосының ең әдепкі үлгісіне жатқызу орынды" деп қорытты. Әлемдік мәдениеттің қайталанбас жарқын белгісі боп табылатын бұл жазба жәдігерліктер тасқа қашалып жазылған. Көне түркі тайпалары руникалық жазуды VII-IX ғасырларда кеңінен пайдаланған.
Түркітануда орта түркі дәуірі болып саналатын X-XV ғасырларда түркі тайпалары араб жазуын пайдаланды. Араб жазуының Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан аймақтарында XI ғасырдан бастап таралып, өріс алуы руникалық көне түркі әліпбиін ығыстырып, келесі ұрпақтар санасынан жойылуына әкеп соқты.
Орта түркі дәуірінде түркі тектес халықтар жеке-жеке ыдырап, түркі тілдері дербес тіл болып қалыптаса бастады. Орта түркі дәуірін түркі халықтары тілінің даму ерекшелігін ескеріп, ғылымда қарахандықтар дәуірі (Х-ХІІ ғғ.) және монғолдар дәуірі (XIII-XV ғғ.) деп екіге бөліп қарау қалыптасқан. Бірақ Х-ХV ғасырлардағы ескерткіштердің жазылу ортасы мен тілдік ерекшелігін ескеріп, түркітанушы Н.А.Баскаков 4 топқа бөліп қарастырады:
1) Қарахандықтар дәуірі ескерткіштері;
2) Алтын Орда дәуірі ескерткіштері;
3) Орта Азияда жазылған ескерткіштер;
4) Мәмлүк қыпшақтарының ескерткіштері.
Қалай атаса да, бұл орта түркілік ескерткіштер көне түркі тілдерінің заңды жалғасы. Сөзіміз мәйекті болу үшін көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі мен орта түркі жазба ескерткіштері тілінен сабақтастық деректерін зерделеп көрейік. Өйткені көне түркі тілін қазіргі түркі тілдерімен салыстырғаннан гөрі алғашқы кезекте орта түркі дәуірі тілімен салғастыра зерттеп алған дұрыс.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің орнатылғанына мың жылдан аса уақыт өтті. Сонда да оның лексикасындағы көптеген сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан орта түркі тілдеріндегі сөздермен өте ұқсас болып келеді. Көне түркілік және орта түркілік сөздерді мынадай лексикалық топтарға бөліп қарастырайық:
1)Адамдарға және семьялық қатынастарға байланысты сөздер: ата (ата), ечі (әже), оғул (ұл), қатун (қатын), қыз (қыз), іні (іні), сіңлі (сіңлі), йегін (жиен) т. б. Мұндай сөздер орта түркі тілінде кездеседі: Эй ата ачлық адамини өлтүрүр - Эй, әке, аштық адамды өлтірер. Көне түркі тіліндегі ечі (әже) деген сөзі орта түркі тілінде еш (жолдас) түрінде кездеседі: Ош андын кім бу сурат болды ешім - Содан бері бұл сурет болды жолдас. Көне түркі тілінде оғул сөзі орта түркіде оғул // оғлан вариантында ұшырасады. Оғлан варианты тіл дамуының жаңа кезеңіндегі көрінісі. Синонимдердің пайда болып, сөздік қордың күрделене түскенін көрсетеді. Мысалы: оғланлары улғаймыш - ұлдары өсті.
2)Табиғат құбылыстарына байланысты көне түркі тілінен мынадай сөздер келтіруге болады: йер (жер), тағ (тау), йыл (жыл), суб (су) т.б. Осы сөздер орта ғасырда да қолданылады: чечэк йабрақлары йергә тушуптур - гүл жапырақтары жерге түсті, Орта ғасырда тағ сөзі тағ// тау вариантында, суб сөзі суб II су түрінде қолданыла бастаған., Мәселен, толун ай-тек қылур вир қатра суны - су тамшысын толған айдай көрді.
3) Қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға байланысты сөздер: йурт (жұрт), қаған, йабғу (дәреже), иығай (жарлы), төру (заң). Осындай сөздер орта түркі тілінде де баршылық: тутар ердиата-сының төрәсин - әкелерінің салт-дәстүрін тупы. Төру сөзінің бұл мағынасы қазіргі қазақ тілінде кездеспейді.
4) Әскери лексика. Сү (әскер), шерік (шеру), уруш (ұрыс), сүңгі (сүңгі), йағычы (қолбасшы) т.б. Көне түркі тіліндегі бұл сөздер орта түркі тілінде де кездеседі; Мәселен, сүңгі сөзі сүңу, сүңгу, сунуг варианттарында кездеседі, мұның өзі орта ғасырда түркі тілінің әр түрлі тайпалық диалектілік ерекшеліктерге ыдырай бастағанын көрсетеді.
5) Шаруашылық тұрмысқа байланысты сөздер: бедіз (ою-өрнек), ағыл (қора), қапығ (есік, қақпа), еб (үй), барқ (жай) т.б. зза
Орта түркі тілінде аталмыш сөздер көптеп ұшырасады. Бұл дәуірде қапуғ сөзінің қапу варианты да қатар қолданылады. Тіпті Құтыптың "Хұсрау уа Шырын" поэмасының тілінде қапуғ сөзімен қатар ешик сөзі де ұшырасады: сарайы ешигин бағлатты мухкәм - сарай есігін берік жабуға бұйрық берді. ,
6) Жан-жануарлар аттары: адғыр (айғыр), ат (ат), буқа (бұқа), тай(тай), інгек (сиыр), йылқы, йонт (жылқы), учуқ (құс), бічін (мешін) т.б. Мұндай сөздерді орта түркі тілінен де, қазіргі түркі тілінен де таба аламыз. Орта түркі тілінде адғыр сөзінің айғыр, азғыр варианттары да көрініс береді. Әсіресе, "Хұсрау уа Шырын" ескерткіштерінде з мен и дыбысының жарыса қолданылуы байқалады. Сонымен қатар "Хұсрау уа Шырында" йылқы сөзінің көне түркіде кездеспеген "жылдық өмір" деген мағынасы да кездеседі. Мәселен, бу еклик йылқы йашқа болма мағрур - елу жылдық жасқа мақтанба.
7) Заттардың сын, сапасын көрсететін сөздер: үрүң (ақ), қызыл, сары, иегрен (жирен), йашыл (жасыл), улығ (ұлы), бедүк (биік), йұйқа (жұқа) т.б. Орта түркі дәуірінде сын-сапаны білдіретін сөздер көп өзгеріске ұшырамаған. Бірақ көне түркі тіліндегі үрүң (ақ) сөзі кездеспейді.
Жоғарыда ескерткіштерден келтірілген сөздерден байқағанымыз орта түркі дәуірінде көне түркі тілі заңды жалғасын тапқанын көреміз. Орта ғасырларда сөздердің әр түрлі варианттары қолданылып, синонимдердің көбейіп, жаңа сөздердің пайда болуы айқын көрінеді.
Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің сөз құрамын ажыратып, көне түркі тілінің материалдарымен салыстырғанда, көптеген мәселелердің ұшығы ашылып, түбір мен қосымшалардың даму жолдары айқындалады. Мәселен: сур - орта түркі ескерткіштерінде "айда, қу, аулақ кетір" деген мағына береді: Ажын сүрдіна хал теб маны бу - атын айдады, не хал деп маған бұл. Осы көне түбір негіз көне түркі тілінде дербес күйінде бірнеше мағынада қолданылады: 1) алып жүру, 2) қуу, қудалау, 3) айналысу, орындау, 4) сүйреу,тарту. Чік бодунығ бықым сура кілті - Шик халқы менің мыңдаған әскеріммен қуылды. Ал қазақ тілінде келе-келе "қуғын-сүргін" (сүр-гін) тұлғасында келіп плеонастық құбылыс жасап, яғни бір мағынадағы екі сөз қосарланып айтылып, бір сөз ретінде қолданылғаны байқалады. Сүр-тұлғасы қазіргі қазақ тілінде дербес қолданылмаса да, әзірбайжан, түрік, татар, тува, хақас тілдерінде жеке кездесіп, "қуу, айдау, жер аудару" ұғымдарын береді.
Орта ғасыр жазба ескерткіштерінде "түгет, тауыс" мағынасында туг түбірі кездеседі: Бағ ічра чічак қоймаса, түгса - бау ішінде еш шешек қоймаса, түгетсе. Бұл түбір - негізі қазақ тілінде түгет (түг-ет) сөзінің қүрамында көне түбір. "Хүсрау уа Шырын" поэмасында осы түбірден түгал (түгел, біржола), түгәллік (түгелдік) сөздері туындаған. Белгілі түркітанушы Юнус-алиев бүл сөздің түбірін туге - деп шешеді: Каждая новообразованная форма может стать, подобно корню, основой для дальнейшего словообразовния. Так же, как и корень, производная форма может утратить лексическую самостоятельность; ср.: кир. түгөн "кончаться, иссякнуть"; түгөт - "кончать, завершить"; каз. түгес - "кончать, издержать"; кир. түгөл, каз. түгел "все на лицо", восходят к ныне мертвой в киргизском языке форме түге - // түгө - ; ср.: бур. монг. түгэ -"расходиться (по рукам)", тугэс, ту-гэд "полный, полностью, все целиком". Но основой для образования в каждую историческую эпоху служит новая форма (түгөт-) а не та, которая утратила лексическую самостоятелность (түгө). Ғалымның бұл айтқанын көне түркі тілінде дербес сөз дәрежесінде кездесетін түкә көне түбірі де дәлелдей түседі: ыш түкәді - іс аяқталды . Сонымен қатар осы мағынада мүлде көнетүлға ту (түгел, әркім) түбірі де кездеседі. Соған қара-ғанда жоғарыда келтірілген түбірлердің түпкі түбірі осы ту - болса керек. Яғни, орта ғасырда осы түбірге -г,-к элементтері қосы-лып, ескерткіштердің өзіне тән туг // тук сөзі қалыптасқан.
Ал өтру сөзін өт-ру деп екі компонентке бөліп қарауға болады. Мысалы, адырды андын өтрү ана шаһдын - айырды одан бүрын оны шаһтан. Осы сөйлемнен көріп тұрғанымыздай, орта ғасырларда бұл түбір "бұрын, ерте" мағынасын беріп, қазақтілінде кездеспейді. Бірақ "ерте" сөзі осы өгру-ден дыбыс алмасулары әсерінен қалыптасқан болу керек. Мысалы, өтрү > өртү > ерте. Ал көне түркі тілінде өтру тұлғасы орта ғасыр мұрағаттарындағы мағынасын бермей, керісінше "сосын, сонан кейін" мағыналарын беріп түр. Мысалы, улуғтынды өтрүогулқа бак,а айур - ол көпке дейін үндемеді, сосын ұлына айтты. Осы түлғаның бойындағы - ру // -ру жұрнағы көне түркі ескерткіштерінде барыс септігінде қолданылған. Мысалы, бақару -маған қарай; ебрү келүртім - үйге келтірдім. Ал "Х9срау уа Шырын" поэмасында өтрү тұлғасында түбірімен сіңісіп кеткендіктен, бұл қызметі байқалмайды.
Жоғарыда келтірілген деректер көне түркі тіліндегі сөздер, олардың лексикалық мағынасы, сөз құрамы орта ғасырларда заңды жалғасын тауып, үздіксіз даму үстінде болғанын көрсетеді. Яғни, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мен орта ғасыр жазба ескерікіштері қазақ тілінің бастау бұлағы болды.
Көне түркі жазбаларын, олардың тілін зерттеуде, меніңше, проблеманың методологиялық, тарихи, құқықтық, экономикалық, филологиялық, саяси-демографиялық және техникалық қырларын көпшілікке, зерттеуші қауымға білдіру қажет. Сөзді тарихи аспектілерден бастаған жөн, өйткені тарих - өткенге көз салу, оны ой елегінен өткізу.
"Ақ таңдақ" мәселелердің бірі көне түркі жазуы мен латын жазуының арасындағы байланыс, латын жазуының шығу тегіне және оны жасаушы халыққа сипаттама беру. 1990 жылы Уфа қаласында болып өткен түркологиялық конференцияда мәшһүр лингвист-ғалым Ф.Л.Латыпов этрус халқының бұрын жұмбақ болып келген мәтіндерін бұлғар-қыпшақ диалектілерімен салыстыра отырып, оларды оқудың әдісімен жиналғандарды таныстырды. Аталған халықтың этнонимі "тарк, түрк". Олардың тіліндегі ел-ес- ерер; қол - көз - көрер деген сөздер қазақ тілінде де бар.
Қыпшақ сөздері мен латын сөздерінің арасындағы ұқсастықтарды Олжас Сүлейменов "Казахстанская правда" газетінде (13 наурыз, 1996 жыл) жазған болатын: аулус - ауыл, саулус - сәуле, аурум - ауыр.
Қыпшақтар жасаған, бірақ латын әрпімен жазылған көрікті тарихи жәдігерліктердің ірілері болып жыл санаудың бергі жағындағы XIV ғасырда дүниеге келген "Мәжмұғасы Кодексі", "Құмандар Кодексі" тәрізді еңбектер саналады. Еуразия құрлығында табылып жатқан өткен заманның қалдықтары және ТМД аумағындағы түркі тілдес халықтардың әэр аймақта өмір сүруі қыпшақ тілінің орта ғасырларда халықаралық дәрежеде болғандығын қуаттайды.
Әліпби саяси дамудың көрсеткіші. Мемлекеттердің қалыптасуына және ыдырауына орай олар да құбылып түрады. Еуразия даласындағы руникалық әліпбилердің көп болуын түсіндіру кезінде жазу мен мемлекеттіліктің арасындағы байланыс проблемасы өздігінен туындайды. Көне грек тіліндегі "койне" деген сөзді лингвистер жазба ескерткіштерінің тілі деп ұғады. Орта ғасырлардағы әдеби түркі тілдеріне қатысты көне түркі руникалық "койне" мәселесімен айналысқан Э.Р.Тенишевтің айтуынша, "әдеби тіл өзгерсе, әліпби өзгереді, керісінше әліпби өзгерсе, әдеби тіл де өзгереді". Шығыс Түркістан тарихында жаңа әдеби ұйғыр тілі қалыптасқан кезде, ұйғырлар руникалық әліпбиден бас тартып, соғды және манихей жазуларына көшкен. Меніңше, қалыптасқан әдеби тілдің стилін ұстанатын адамдар әліпби өзгертуге әркез қарсы шығады, сондықтан кирилл әрпімен жарияланған әдебиеттермен қалыптасқан көзқарас пен мораль әлбетте латын әліпбиіне көшуге қарсы болады.
Латын-түрік графикасының тарихы Ахундов мырзаның XIX ғасырда Түркияны латындандыру жобасын Фоат Пашаға берген ұсынысынан емес, жоғарыда аталған кодекстерге қатысты XIV ғасырдан да емес, одан да тереңге бойлайтын заманнан басталады. Басқа халықтармен салыстырғанда көшпенділердің анағұрлым жылжымалы болуы себебінен, олар үлы империяларды, мемлекеттерді құруда мол тәжірибеге қол жеткізе білді. Есімдері тарих кітабында мәңгі сақталатын ата-бабаларымыздың мемлекеттік қайраткерлікте Александр Македонский, Наполеон армандаған Еуразия құрлығының тоқсан пайызын билей білгендігі тек қана "білектің күшімен, найзаның ұшымен" емес, мемлекеттілікті құра білуден, парасаттылықтан, сондай-ақ халықтың этникалық санасының жадында жасырын түрде сақталатын ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибеден басталады. Жыл санауымызға дейінгі 214 жылы 17 жасар Тәңірі Мәденің жаулап алушылықты мақсат тұтқан Қытай елімен дипломатиялық қатынастар жүргізе білуін көшпенділер дипломатиясы тарихының көрікті фактісі деп таныған жөн.