Азаттық жырының ақтаңгері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:48, доклад

Описание работы

Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды.

Работа содержит 1 файл

Серікзат Дүйсенғазин.docx

— 44.65 Кб (Скачать)

Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді.

     Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар көп еңбек сіңірді. Алғаш 1908 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Мұрат ақынның Ғұмар қажы оғлина айтқаны» атты жинақта Махамбеттің 100 жолдан астам 2 толғауы басылды. Ғ.Мұштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақындарының басты шығармалары» жинағында Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы Қ.Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды. Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Ресейдің «Выборг кеме жасау зауыты» ААҚ Қазақстанның тапсырысы бойынша «Махамбет» атты мұнай құю танкерін жасап шығарып, суға түсірді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том

«Тарихи тұлғалар» кітабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Амантай САТАЕВ. 28 мамыр, 2012

 

Махамбеттің арғы тегі Ашамайлы Керей

 

     Махамбет Өтемісұлы - белгілі қазақ ақыны, жауынгер жыршы (балта). XYIII ғасырдың басында Еділ қалмақтарымен қоса түрікмендер де Орта жүз жеріне, әсіресе, Кіші жүз еліне дүркін-дүркін шабуыл жасап, елін тонап, малдарын айдап әкетіп отарғанын қазақ тарихынан жақсы білеміз.

     Орта жүз қазақтарының қоныстануын және Керей-Уақ шежіресін зерттеуші тарих ғылымының докторы, профессор Марат Мұқановтың деректері бойынша (М.С. Мұқанов «Из исторического прошлого» Алматы.1998 ж.) 1700 жылы түрікмендердің бір қолы Орта жүз жеріне Керей руының Балта атасы ауылдарының бірі Қарасары ауылына (қазіргі Түмен облысы, Қазан ауданына қарасты жер) тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ауылдың бас көтерер азаматтары қалмақтарға қарсы соғысқа кетіп, елде қарттар мен әйелдер ғана қалған екен. Қарасарының 17-18 жасар баласы Баһрам (кейбір деректерде Байрам) ауылды қорғамақ болып қарсы соғысады. Күші басым түрікмендер Баһрам қолын тасталқан етіп, ауылды тонайды. Ауылдың өрен жастарын құлдыққа алып кетеді. Құлдардың саудасына түскен Баһрамды түрікменнің Ғазан бек деген атақты байы сатып алады. Батыр тұлғалы Баһрамды көп уақыт кісендеулі ұстайды. Ғазан бектің ер баласы болмайды, Фатима және Фарида атты сұлу қыздары бар екен. Көрікті де батыр тұлғалы Баһрамға Фатима сұлу ғашық болып қалады. Ғазан бек амалсыздан құлы болып жүрген Баһрамға Фатиманы қосады. Қартая бастаған Ғазан бек өзінің барлық шаруашылығын басқаруды Баһрамға береді. Сұлу әйелге, байлыққа да қызықпаған Баһрам қалайда еліне қашуды ойластырып жүреді. Бір-екі рет ұсталып та қалады. Ғазан бек ерекше бақылау қояды. Осылай жүргенде Фатима жүкті болып, Нәдір және Бағыр атты егіз бала туады. Жылдар өтіп жатады. Баһрамның екі баласы да батыр тұлғалы, әрі өнерпаз болады. Баһрам екі баласымен бар байлықты тастап қашпақшы болып жүргенде, Ғазан бек аулына Еділ қалмақтары шабуыл жасайды. Баһрам қалмақтармен болған осы соғыста ерлік көрсетеді. Кейін осы соғыста алған ауыр жарақатынан қайтыс болады. Өмірден өтерінде батыр болып өсіп келе жатқан екі баласына туған еліне қашып кетуді аманат етеді. Екі бала қазақ елінен көп адамдарды тұтқынға әкеліп, тұтқындарды түнде күзетуді Нәдір мен Бағырға тапсырады. Қолайлы сәтті пайдаланған Нәдір мен Бағырға тапсырады. Қолайы сәтті пайдаланған Нәдір мен Бағыр түнде тұтқындарды босатып, олармен бірге өздері де қашады.

     Кіші жүз еліне келген Нәдір мен Бағыр Кіші жүз жасақтарының құрамында қалмақтарға қарсы соғысқа қатысып, елге танымал батыр атағын алады. Нәдір қалмақтармен болған бір соғыста алған ауыр жарақаттан қайтыс болады. Нәдір қалмақтармен болған бір соғыста алған ауыр жарақаттан қайтыс болып, артында Мәлі атты бір баласы жетім қалады. Жас баланы Беріш руынан Жаубасар батыр бала қылып асырап алған екен.. Мәлі Беріш руына кірме болғандықтан болу керек, кейін «құл» деген сөзді қосып алып Құлмәлі (1721-1784) атанып кетеді. Құлмәліден төрт бала туады, соның бірі Махамбет ақынның әкесі Өтеміс.

     Марат Мұқанов Махамбеттің шежіресін былай таратады. (С.Мұқанов «Из исторического прошлого» Алматы. 1998ж. 128-бет). Балтадан: 1. Қарасары. 2. Нашан. 3. Қанапия. Қарасарыдан 2 бала: Баһрам, Тұрсынбай батыр (1713-1819). Баһрамнан (әйелі Фатима) 2 бала: Нәдір, Бағыр (1704-1790); Нәдірден Құлмәлі (1721-1784); Құлмәліден 4 бала: Өтеміс би (1757-1836), Шынтай мырза, Қобыланбай Мерген, Айтбай балуан; Өтеміс биден 10 бала: (Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік. Махамбет, Тоқтамыс, Қожақмет, Ыбырайым, Ғайып, Хасен, Смайыл, Досмайыл, Сүлеймен, Бекмағамбет).

     Баһрамның екінші баласы Бағыр Кіші жүз елінде үйленіп, одан Сейдуали атты бала болады. Түрікмендермен болған бір соғыста Бағыр ауыр жараланады, Сейдуалиді Беріш руының батыры Жауғашар тәрбиелейді. Жарасынан тәуір болған Бағыр Сырым Датовтың (1783-1797) көтерілесіне қатысады.

     Бағыр кейін Керей еліне, Көшебенің Қарабас еліне көшіп келеді, 1790 жылы 86 жыл өмір сүріп қайтыс болады. Бағырдың Бекет атты баласынан тараған ұрпақтар Солтүстік Қазақстан облысы, Ресейдің Түмен облысында тұрады. Сейдуали атты баласынан тараған ұрпақтар Кіші жүздің Беріш атасы ішінде Жауғашар батыр ұрпағын жалғастырды.

     Марат Сәбитұлы Мұкановтың халық аузынан, Шәңгерейден және жазушы Амантай Сатаевтан алып жасаған шежіресі бойынша Махамбет Өтемісұлы Абылай ханның сүйекті батыры Тұрсынбай батырмен (1713-1819) бесінші атадан қосылады екен. Қазақ тарихында, тарихи әдебиеттерде Тұрсынбай батыр туралы аз жазылған жоқ. Дегенмен көптеген батырлар Абылай ханның көлеңкесінде қалып келеді. Тұрсынбай батырдың қазақ мемлекетінің дербестігі туралы өзінің бөлек пікірі болған. Әбілқайыр хан қазақ хандығының қоластында, Сәмеке мен Әбілмәмбет хандар Орта Азия хандықтарының қоластында, Абылай хан Ресей мен Қытай қоластында аралық саясат ұстаса, Тұрсынбай ешкімге бағынбай қазақ хандығының дербестігін сақтап, башқұрт, ноғай, қарақалпақтарды қосып алып тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды ұсынды. Мемлекет басына хан емес, халық сайлаған көсем болу керек. Көсемнің құрамындағы әр халықты басқаратын төрт көмекшісі болу керек деген ұсынысы болды. Бұл пікіріне Орта жүздің Керей-Уақ және Кіші жүздің кейбір рулары келіскенмен Абылай сұлтан басқарған көпшілік келіспейді. Тұрсынбай ренжіп, өзінің қоластындағы руларымен терістікке, Батыс Сібір жеріне қоныс аударады. Сол кезде Тұрсынбай батыр айтты деген мына сөз ел аузында сақталып қалған екен:

«Өз отына қан құйып, кісі отына май құйған сорлы қазағым-ай, қойдай жуас қайран елім-ай! Қашан тұтас, берік ел болар екенсің»!

Керей руының Балта атасының қалың елі осы уақытқа дейін  терістікте Қорған, Түмен, Челябі жерлерінде тұрып жатыр.

     1959 жылы Алматы қаласындағы қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының екінші курсында оқып жүргенімде «Махамбет-реалист ақын» деген тақырыпта курстық жұмыс жазуға тапсырма алдым. Махамбет жайлы жазылған әдебиеттерді оқу үстінде Жәңгір хан ордасындағы бір сарай ақынының Махамбетті жамандап: «бүлікшіл, құлдан туған, қаңғырған Балта керей» деп жазған бір өлеңін оқыдым (өлең авторының аты-жөнін ұмытып қалыппын). Өзін Кіші жүздің Беріш руынанмын дейтін Махамбетті бұлай деуі, әрине, мені қатты ойландырды. «Неге бұлай?» деген сұрақты бізге XIX ғасыр әдебиетінен лекция оқитын филология ғылымының кандидаты Төкен Әбдірахмановқа, әдебиет теориясын оқытатын, Махамбет жайлы зерттеу еңбек жазған филология ғылымының докторы, профессор Қажым Жұмалиевке қойдым. «Өшіккен сарай ақындары мұқату айта береді. Өзінің шын руын айтуға Махамбеттің жүрегі жетпей отыр дейсің бе? Әлде сен батыр ата тауып алғың келді ме?» - деп, Қажым Жұмалиев кекесінді жауап бергені әлі есімде (бұл кісінің Махамбетпен рулас екенін еститінмін).

«Парасат» журналының 1996 жылғы  екінші санынан жазушы Қалихан Ысқақұлының «Ағадан алған несие» (Ғабит Мүсірепов туралы сыр) атты естелігі басылған. Естелікте Қалихан Ысқақұлы Ғабит Мүсіреповке Шәңгерей шежіресі бойынша Махамбеттің руы Балта Керей екенін айтады. Махамбеттің арғы атасын былай таратады: Ашамайлы керей – Құрсары – Балта – Байрам – Нәдір – Құлмәлі – Шыбынтай – Өтеміс - Махамбет. Балтадан туған Байрам бір соғыста түрікменге тұтқынға түседі де, оның баласы Нәдір Беріш руында қолбалалықта жүреді. Нәдірден туған Мәліні Құлмәлі деп атап кеткен. Қалихан Ысқақұлы бұл шежірені Амантай Сатаевтың картотекасынан алғанын жазады.

     Мұхтар Әуезов, «Махамбет» атты зерттеу еңбегінде (15 том. 1984 жыл) Махамбеттің аталары жайлы былай деп жазады: «Туысы Беріш руынан. Атасы Өтеміс. Оның атасы – Құлмәлі. Мәлі деген қазаққа бір соғыста қолға түскен тұтқын екен. Беріш ішінде Тумас дегендер еншілес, туысқан қып әкеткен». Осындай деректерге сүйенсек Махамбеттің Беріш ішіне кірме рудан тарағаны анық деуге болады.Осының бәрі Махамбет Өтемісұлының Балта Керей нәсілі екенін анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шернияз Жарылғасұлы

 

      Шернияз соңғы  кездерге  шейін  әдебиет Шернияздың  тарихына кіре  алмай   келді. Бұған  өлеңдері туралы  жалғыз-ақ  себеп - Шернияздың  өмірінің соңғы    кезінде    Баймағамбет    сұлтанға келуі. Біз жоғарыда  өмірбаянымен  байланысты,  оның  қалай   келгенін  айттық. Әңгіме Шернияздың  Баймағамбетке тек келуінде  ғана  емес  не  жырлап, қалай жырлағанында.

      Шернияз өлеңдерінде тарихи  екі адам  туралы  айтылады. Бірі -  халықты  езуші, жауы  Баймағамбет.

      Шернияздың  Баймағамбетке айтқан  сөздерін  мазмұны,  құрылысы  жағынан алып  қарасақ,  мақтады деген өлеңдерінің өзінде  де  мысқыл,  кекесін жатады. «Мені жамандашы» деген сұлтанның өз  сөзін пайдаланып, Шернияз Баймағамбеттің  жауыздық  іс, әрекеттерінің бетін ашып,  жұртқа  әшкерелеп береді. Өзі өлім  мен өмірдің шекарасында тұрса да,  бас кетеді  деп  тіл тартпай, Баймағамбеттің  жауыздығын  әшкерелеу арқылы  басқа да  хан,  сұлтандардың  халыққа жасаған зорлық, зомбылықтарын терең толғап  суреттейді. Мұндай  жерде ақын  әрдайым Баймағамбетке Исатайды  қарама- қарсы қою әдісін  қолданып,  бірінің елге  деген достығын, екіншісінің елге  деген қастық,  жауыздығын айқындайды.

 Аржақта  Арынғазы  дүмбірлеген, 

 Бай-еке, елің  бар  ма  бүлдірмеген? 

 Қоректеп  төбеде  төбет   қалып, 

 Туып  тұр  ел  басына бұл күн деген.

 Қазақтың  қара  жұртын  быт-шыт қылған 

 Төре емессің,  төбетсің  дым білмеген.      

 Осы  үзіндінің   өзінде  Баймағамбетке  деген   қаншама  өшпенділік  жатқаны   кімге  де  болса  мәлім.  Сонымен қатар  бұл  жерде   ақын  көп шындықтың бетін ашады.

       Исатай өліп,  көтеріліс басылғаннан кейін хан,  сұлтандар елге  қатты- қатты шаралар қолданды. Айдатты, дүре  соқтырды, төрін    талқан, есігін  ойран  етті. Осындай  ел  бүліншілігін  басқарған,  Орынбордан  шыққан   патша  әскерін  көтерілушілерге  өзі бастап  әкеліп, Исатайдың  өліміне  ортақ,  көтерілістің  жеңілуіне  себепші  болған  Баймағамбетке  мұз  боп  қатқан  ескі  кек  Шерниязды  шыдатпайды. Өзі өлім  аузында  тұрса да,  ақын  батыл  түрде  Баймағамбеттің  халыққа  істеген  жауыздығын  бетіне  басады.                     

 Па, шіркін, Исатайдай   сабаз  тумас, 

 Қас  етсең, қасында  да  адам  жумас, 

 Ел  ұстап, жұрт  билейтін  қылығың жоқ, 

 Хан емес, қас қатынсың  мұндар қубас, -

 деп, ел сүйген  батыл ұлға Баймағамбетті қарама- қарсы қойып, кімнің  кім екендігін көрсетпекші болады. Бұл жердегі әрқайсысына  қолданып  отырған  образдарының  өзінен  де  ақынның  кімге  қалай  қарайтындығы  айқын  сезіледі. «Төбет», «қубас» деген  сөздер  Баймағамбеттің  сұрқиялығын  дәл  етіп,  батыл  түрде  суреттеу  тілегінен  туып  отырғандығы  айқын.

      Біз   негізге  алып  отырған  Алыш  ақынның  вариантында  Шернияздың  Баймағамбетті   мақтауы  амалсыздықтан  туды, ол  оның  шын  ниетімен  жақсы  көруінен  емес  еді  деген  пікірді   мегзейді.

    Баймағамбет әзіл үшін әуелі әйелін, қыздарын  жамандатып,  өзінше,  соған мәз-мәйрам  болады  да, Шерниязға: «Енді   өзімді  жаманда», - дейді. Шернияз:  «Шыдай  алмассыз», -  деп бірнеше ескертсе де, Баймағамбет қоймағасын  жамандайды. Өлтіре жамандайды. Әуелі көзбе-көз жамандауға өзі рұқсат  етсе де, шындық  сөз сүйегінен өткен Баймағамбет шыдай алмай, Шернияздың басын шаппақ болып қылыш суырады. Сасып қалған Шернияз:

 Хан қолында ұстаған,  қысқа қылыш,

 Қаһарлансаң өтесің  тасқа, қылыш. 

 Хан қолында тұтқаң бар ұстап тұрған,

 Жарлықтан хан бұйырмай аспа, қылыш, -

 деп қылышты тоқтата тұрады   да:                                  

 Атыңыз  кешегі өткен  Абылай-ды.

 Абылай көп ерлігін жұртқа жайды... -

 деген тәрізді  сөздермен Баймағамбетті  «мақтайды». Мақтан сүйгіш  Баймағамбет  ақынның мақтау  сөздеріне жібиді  де, Шерниязды өлім  жазасынан босатады. Ақынның Баймағамбетті мақтап айтқан  өлеңі осындай жағдайда шығарылады. Сондықтан мұны шын мәніндегі сүйіспендіктен туған мақтау деп қарау қиын. Бұл ақынның дүниетанушылық көзқарасы жүйесін айқындайтын өлең емес, жаңағыдай жағдаймен байланысты туған өлең, оның шығармасын бүтіндей алып талдағанда, сол жағдай, сол сәттегі ақынның әлсіздігін көрсететін өлең және мықты қайшылығының бірі деп бағалауымыз дұрыс тәрізді.

      Ақынның шын сырын, шын көңілін Исатай туралы айтқан өлеңдерінен көруге болады. Исатай жөнінде қолданған әр сөз, әр образында үлкен махаббат,  терең сүйіс жатқандығы аңғарылады. «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Сағынам ауызға алсам Исатайды», «Исатай - ел  еркесі, ел  серкесі»  деген жолдарының өзінен-ақ өміріндегі ең сүйікті,  ең  ардақты  санаған шын дос, қымбаттысынан айырылған шерлі жыраудың  мұңды зары мен терең сыры байқалғандай болады.

     Исатай өлмей, ұсталып қайтып келген болса не дер едің дегенде:

 Бармысын жауға түскен, алтыным-ай!

 Самалым, саз қонысым,  салқыным-ай!

 Жауыңның қоржынына  түсіп едің,

 Шықтың ба қабын жарып, жарқыным-ай;

 Ақ алмас, алтын  сапты, қылышым-ай!

 Құртып ең алты алаштың  тынысын-ай!

 Жатпапты асыл пышақ  қап түбінде,

 Шықтың ба қабын  жарып, ырысым- ай!?

 деп, мойнынан құшақтар  едім, - дейді.

Құйылып таң мезгілі мұнар  шалып,

 Төрт лашын бір сұңқарды ортаға алып

                                               қылған олжа,

 Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан,

 Лашын қанат қақпай дәмін татқан...         

 Бұл өлең Шернияз  бен Махамбеттің араларындағы  достық қарым- қатынасты көрсететін бағалы  деректің бірі. Мұнан басқа және бір ел аңызында: Махамбетті ұстауға Баймағамбет сұлтан бір бөлек адамдарды аттандырады. Оның ішінде Шернияз да бар екен. Іздеп келе жатқан отрядқа Махамбет қарсы шығады. Шернияз Махамбетті алыстан танып, әнімен қауіпті білдіріп, бетін басқа жаққа бұрады, сөйтіп, Махамбеттің ол жолы ұсталудан аман қалуына себепші болады. Бұл да жоғарғы тәрізді, екеуінің араларындағы достық қатынастың үзілмегенін растайды.

      Шернияз жайлы мәліметтерді қарастырғанда, оның  өмірінің бірінші кезеңі халық  қамын ойлаған Исатай, Махамбеттердің қасында өтіп,  халық тілегі, ел мүддесіне  жұмсалып, халықтың ыстығына күйіп, суығына тоңумен өткендігін көрсек, екінші кезеңі халық тілегін өз мүддесі, мансап, дәреже үшін сатушы Баймағамбет сұлтанның сарайында өткендігін көреміз.  Сол кез, сол жағдайды еске алсақ, неге олай болғандығының нақтылы себептерін айқындау қиын емес.

Информация о работе Азаттық жырының ақтаңгері