Жергілікті есептеуіш желілер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:26, контрольная работа

Описание работы

Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері болашақта коммуникацияның негізгі құралы болады.Желілерде ақпаратты тасымал-дау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шары-ның кез келген нүктесінен керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т.с.с. әрекеттер орындала береді.Курстық жұмысты жазу барысында компьютерлік желілердің бір-бірінен айырмашылығын қарастырып кеттім.

Работа содержит 1 файл

Титу.docx

— 912.60 Кб (Скачать)

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйеніің желілік  мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа  бар.

*MS Exchange программасы – пошталық алмасу  программасы, ол хабарлар мен  файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе  топтың барлыќ пайдаланушыларына  жіберілуін қамтамасыз етеді.

*Shedulе  программасы әркімнің өз жұмысының  кестесін жобалау және қажет  болған жағдайда ол жөнінен  желідегі жұмыс тобының басқа  пайдаланушыларымен бір пікірге  келу, келісу құралы (мысалы, ортақ  жиналыстарды бірлесіп істейтін  жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау  үшін).

Иерархиялық  желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде  бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялық желілердегі сервер – бөліктенетін ресурстардың тұрақты  сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек  иерархияның одан жоғары деңгейдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылыќты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады.

Серверде  ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам – желінің басқарушысы  белгілейді. Бірнеше пайдаланатын ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілік те соның  мойнында.

Жергілікті  иерархиялық  желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен  сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны қосуға болады. Біраќ сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлікпрограмма да «клиент» д/а.

Мәліметтерді  өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі н/е арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру ж/е т.б. сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорынытдысын клиентке қайта жібереді. Әдетте сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді сақтауға, оларға енуге ж/е мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-ақ сервер де орындайды.

Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалыққамтамасыз ету 2 бөліктен тұрады:

1. Серверде орнатылған желілік операциялық жүйе;

2. Жұмыс станциясындағы программалыққамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар ОЖ-нің басќаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі ОЖ-лер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялық  желілерде желілік ОЖ ретінде Unix пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде  қазіргі уақытта Windows NT желілік Ож қойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверде  иерархиялық желілерді пайдалану  жолдарына байланысты сервердің  мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

Файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;

Деректер  базаларының сервері – деректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару  және жұмыс станцияларынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

Басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы  желілер қосылған компьютер, ол басылым  сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;

Пошта сервері  – жергілікті желілер бойынша  да, ішкі модем бойынша да жіберілетін  ж/е алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уаќытта өз атына келген ақпаратын жібере алады.

Жеждiң құрылысының таңдау және технологияның дәлелі 
Жеждiң құрылысы үшiн технология, архитектура және жабдықтың таңдауы келесi факторлармен анықталады:

- (жұмыс орындары ) қолданушылардың санымен;

- серверлiк жабдықтың санымен;

- ғимараттар және ғимараттың қабаттылығының географиялық орналастырылуымен;

- байланыс және жабдықтың өнiмдiлiгiнiң канал қабiлеттiлiктерiне ЖЕЖ-дiң талаптарымен;

- Жеждiң түйiндердiң санының ұзартулары мүмкiндiкпен оның жұмыс жасауын бұзушылық және өнiмдiлiктi төмендетусiз;

- торлық сегменттердiң шамадан тыс жүктеуi және жабдықтың жанында жоғалтулардың мәлiметтерi ерекшелiкпен;

- әкiмдiк етуге шығындардың төмендетуi үшiн қолданылатын жабдықтың номенклатураларыминимизациялаумен;

- қызмет көрсетудi деңгейдi қызмет түрлерiн ұсыну және басқарудың сапалары қолдаумен;

- халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестiкпен;

 ЖЕЖ және оның келесi ұзартуын құнның ең төменгi бастапқы құнымен.

 

2. ДЕРЕКТЕРДI БЕРУДI ОРТАНЫҢ ТАЛДАУЫ

 

Fast Ethernetқа  деректердi беруi үшiн 100 Base-TX-шi  стандарты қолданылады. Дәреже  бұралмалы жұп 5 қолданылады. Деректердi  беруде барлық буларға қатысады. Gigabit Ethernetке деректердi беруi үшiн  (4 буларды қолданылады) 1000 Base-T-шi  стандартты қолданылады. 
Параметрлер:

- деректердi  беру жылдамдығы: 1000 Мбит/с;

- қолданылатын кабелдiң түрi: дәрежелер экрандалмалған бұралмалы жұп 5

- сегменттiң максимал ұзындығы: 100 м.

Дербес  компьютердің желіден тыс жеке жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес деуге де болады, себебі компьютерді пайдаланушы адам бірлескен жобалар бойынша өз әріптестерімен араласу және тиімді еңбек ету мүмкіндігін жоғалтады. Ақпараттың маңызды көзі және байланыстың оңтайлы құралы болып табылатын Интернетті қолданбайтын ғалым қазіргі заманғы ғылыми үдерістен қалыс қалады десе де болады.

Интернетпен байланыс спутниктік ассиметриялық  байланыс арнасы (VSAT) арқылы Мәскеудегі телепортқа 160/64 Кбит/с жылдамдықта қатынаумен жүзеге асырылады. Қашықтағы пайдаланушылардың қатынауы үшін 16 телефон тізбегіндегі модемдік пул қолданылады. Желіні қорғауды бірлескен брандмауэр іске асырады. Желілік инфрақұрылымды жетілдіру, деректер беру жүйелері мен желілерін дамытудағы барлық технологиялық жаңалықтарды бақылауға мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық шешімдерді іске енгізу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.   NNCNet желісі ішкі корпоративтік жоғары жылдамдықты ақпарат алмасуды және ақпараттық ресурстарды бірлесіп қолдануды ұйымдастырудан басқа өз пайдаланушыларына электронды почта қызметін, Интернет қызметіне және негізгі сервистерге қатынауды, кәсіпорынның  Web-сайтын орналастыруды, байланыстың қорғалған арналарын (VPN), IP-телефон қызметін және қазіргі заманға лайық кәсіпорынға қажет ақпаратты автоматты түрде өңдеудің басқа да жаңа технологияларын ұсынады.

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл  әлем бойынша ақпарат алмасу мен  беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет  әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет  желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді  басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде  барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері  туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда  басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған  ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Электронды  почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI(Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.

Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Интернет  мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі  архитектуралы және топологиялы  желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.

IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

Соңғы жылдары  телекоммуникациялық радиожүйелердің  дамуы көшкін түрінде болып отыр. Әсіресе бұл жылжымалы жүйелерге қатысты. Қазір кең таралым алған әлемде арналарды уақыттық, жиіліктік және кодалық бөлудегі мобильді/жылжымалы жүйелер жұмысқа пайдалануда (ұялы байланыстың AMPS, GSM, CDMA, транкингтік EDACS, MPT1327 және т.б. стандарттар). Сонымен қатар, жылжымалы телекоммуникациялық радиожүйелер қызметінің пайдаланушыларының саны да әрдайым өсіп жатыр. Мұндай аса қарқынмен даму пайдаланушы терминалдарының және қызмет ету тарифтері бағасының күрт төсуімен байланысты. 
Сонымен қазіргі таңда тым жылдам дамып отырған сымсыз байланыс жүйелері келесі белгілері бойынша классификацияланады:

- даму ұрпағы бойынша: бірінші ұрпақтық - аналогтық; екінші ұрпақтық - сандық; үшінші ұрпақты - әмбебап; төртінші ұрпақты - кеңжолақты мультимедиалық;

- тағайындауы бойынша: ұялы; пикоұялы (сымсыз телефондық); транкингтік; спутниктік; оптикалық (сымсыз); пейджингтік;

- көпстанциялық рұқсат ету әдістері бойынша: арналарды жиіліктік бөлу арқылы FDMA; арналарды уақыттық бөлу арқылы TDMA; арналарды кодтық бөлу арқылы CDMA; қиыстырылғандар;

- байланыс арнасын ұйымдастыру әдісі бойынша: симплекстік; дуплекстік; жартылайдуплекстік.

Телекоммуникация  саласының және басқа да байланыс түрлеріндегідей сымсыз байланыс саласында әлі де болса күрмеуі шешілмеген мәселелер бар. Мысалы, көптеген сымсыз жүйелері бір-бірімен сәйкес келмейді және пайдаланушы әртүрлі жағдайда әртүрлі терминалдарды қолдануға міндетті (ұялы, пикоұялы DECT, транкингтік, спутниктік, пейджерлер ж/е т. б.). Сонымен қатар глобалдық роумингті қамтамасыз ете алмайтын әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі сымсыз радиобайланыс стандарттары қолданылады. 

Жоғарыда  көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында, яғни барлық технологияларды бір  терминалда сыйыстыру (сәйкестендіру) мақсатында 1998-1999 жылы жасалынған жаңа әмбебап мобильді/жылжымалы телекоммуникациялық  жүйелер стандарты (UMTS) пайда болып, кешікпей қолданыла бастады.

UMTS (Universal Mobile Telecommunications System) концепциясы қазіргі  кезде 3-ші дәуірлі/ұрпақты жылжымалы  телекоммуникациялық радиожүйесінің  пайда болу шегінде іске асады.  Бір диапазоннан/ауқымнан екінші диапазонға/ауқымға өту, стандарттан стандартқа өту немесе серікті/спутникті арнадан ұялы арнаға өту мүмкіншілігі абонентке өзіне ыңғайлы келетін қызмет түрін таңдауға мүмкіншілік береді. Сондықтан UMTS терминалдар бірнеше стандарттарда жұмыс істейтін, көпрежимді болып келеді.GSM сияқты UMTS-ке және басқа да сымсыз байланыс жүйелеріне қосылу мүмкіншілігі бар көпрежимді абоненттік аппараттар UMTS абонентттеріне UMTS қызметтерге қосылу мүмкіншілігі болмаған жерлерде GSM стандартты ұялы байланысқа қосылу мүмкіншілігін сақтайды. 
Сымсыз байланыс түрлеріне кішкене тоқтала кететін болсақ, оның әрбір түрі өзінің ерекшеліктерімен ескеріледі. Төменде солардың басты-бастыларына ақпарат берілген.

Информация о работе Жергілікті есептеуіш желілер