Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:22, реферат
Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы тұрмыстық қызмет көрсету
2. Қазіргі уақыттағы әлемдік қызмет нарығындағы қызметтің рөлі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Шығыс Азия және Тынық мұхит бассейнінің елдері кіру жіне шығу туризмі бойынша ортадан төмен көрсеткішпен бағаланады. Шығыс Азия және Тынық мұхит бассейнінің елдерінен шығу туризмін қабылдайтын елдер Латынамерикалық субаймақтар және Шығыс Азия және Тынық мұхит бассейнінің елдерінің серіктес-елдері болады. Бұл тенденция Оңтүстік Корея, Тайвань, Индонезия, Малайзия, Тайланд секілді елдердің халық санының өсуімен және Қытай көрші елдерге саяхаттарын кеңейтумен байланысты сақталады. ДТҰ-ның болжамына сәйкес, 2020 жылы Қытай бес басты бестікті – Франция,АҚШ, Италия, Испания және Ұлыбританияны қуып жетіп әлемдегі басты туристік бағытқа айналады. Қазіргі кезде Қытай алтыншы орынға ие (келу саны 22 млн.). Қытайға жыл сайын 8% туристік келу болса, 2020 жылы 137,1 млн-ға жетеді.
Танымдылығы
бойынша екінші туристік
Барлығы 2020 жылы халықаралық келу саны 1,6 млрд –ты құрайды. Бұл 1995 жылға қарағанда үш есе көп. Туристердің күнделікті шығыстары әуе тасымалдарын санамағанда, 5 млрд долл көбейеді.
ДТҰ-ның болжамы бойынша шығу туризмінің қарқынды дамуы күтілуде. Туристерді жеткізіп тұрушы ең ірі елдер Германия, Жапония, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания болады. Ресей 2020 жылы халықаралық нарыққа 30 млн туристерді қояды.
Үлкен нарықтарда айрықша өзгерістер шығу туризмінің құрылымында күтілуде. Алыс қашықтыққа аймақ аралық саяхаттардың үлесі 1995 жылғы 15 пайыздан 2015 жылы 30 пайызға дейін өседі. Өсу тенденциясы келесілермен түсіндліріледі: адамдар көбірек саяхаттайтын болады, оларды бұрынғы бағыттардың орнына даңа бағыттар қызықтыра түседі. Сонымен қатар, алыс қашықтықтарға саяхат құны арзандайды деп күтілуде. Бұл әрине біржағынан транспорттардың жаңашылдануынан да болады.
Сонымен, қазіргі заманғы туризм құлдырауды білмейтін әлемдік экономикалық сала. Дүниедегі кәсіби мамандардың есебі бойынша, орта есеппен алғанда бір ғана шетел туристінің беретін түсімімен шаққанда әлемдік нарыққа 9 тонна көмір немесе 15 тонна мұнай, 2 тонна жоғары сапалы бидай алып шыққанмен бірдей. Шетел экономистерінің есебімен 1 қалада 2 сағат болған 100 турист кемінде 350$ болатын немесе адам басына шаққанда 17,5 $шығындайды. Сонымен туризм мемлекет экономикасына келесідей әсер етеді:
Шетел валютасының құйылуына әкеліп соқтыратын, яғни төлем балансы мен экспорт жиынтығына әсері;
Адамдарды тұрғындарды жұмыспен қамту. ДТҰ және саяхат комитетінің бағасы бойынша туризм индустриясының 5-9 дейін адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді;
Мемлекеттің инфрақұрылымына әсер етеді. Туризм мемлекеттің бүтіндей бір аймақтарына белсенді түрде әсер етеді. Яғни, шаруашылық субъектілерінің туризммен бірлесіп транспорт жолдарын сауда комуналды тұрмыстық мәдени және медициналық қызметімен бірлесіп тығыз әрекет етуіне жәрдемдеседі.
Қорытынды
Расында да, әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденді. Туризм – белгілі бір елдің экономикасына үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар – шетелдік валюта ағынын көбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфрақөұрылымын дамытуға ықпалын тигізеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір турист барған жеріне 1 мың АҚШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір өсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар, бір туристің ақшасы 9 жұмыс орын құруға мүмкіндік береді. Өйткені, турист қаржысының 30 пайызын қонақ үйде, 20 пайызын көлікте, 35 пайызын қоғамдық тамақтандыру орнында және 15 пайызын басқа да қызмет көрсету орындарында (мұражай, көрме және тағы басқалары) қалдырады. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатынына тікелей байланысты. ең алдымен әкімшілік немқұрайлы қарамауы керек. Туризм экономикасы туризм сферасында өндіру, тарату, айырбастау және туристік қызметті тұтыну процесі кезінде пайда болатын қарым-қатынас жүйесі. Туристік фирманың экономикасы – туристік өнімді жүзеге асыру нәтижесінде табыс, кіріс, өндіріс факторларының жиынтығы. Туристік фирманың кірісінің құны оның даму деңгейімен сипатталады. Туризмнің сала ретінде дамуы және қалыптасуы, туристік қызметтерді жүзеге асыратын сандық көлемін және сапасын көрсететін белгілі бір экономикалық жүйенің көрсеткіштерімен сипатталады Туризм бұл қазіргі кездегі экономиканың басты дамытушы фактор болып есептеледі. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы туризм саласында қазіргі таңда ең көп инвестициялар құйылып жатыр және ең бастысы, халықтың қызығушылығы да осы салада. Көп адамдардың ойы бойынша машина жасау немесе мұнай өндіру салалары экономиканың ең маңызды салалары салалар болып табылады. Бірақ қазіргі жиырма бірінші ғасырда туризм саласы ең маңызды сала болып табылады.
Қазақстанда туризмнің дамуы мемлекет экономикасына анағұрлым үлкен табыс әкелуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2008 жылы елімізге келген туристер саны 526.125 адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ердавлетов С.Р. География туризма. История, теория, методы, практика. Алматы, 2008ж.
2. Слука А.Е. Международный туризм. Итоги развития в 2006 г.
География, 2007, №3.
3. Путрик Ю.С., Свешников В.В. Туризм глазами географа. М: Мысль, 2008.
4. О туризме Республике Казахстан 2007 г. Алматы. 2006.
5. .Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник туризм Казахстана в 2008 году. Алматы, 2007. С. 127.
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2005. С. 192.
7. Дуйсен Г.М. Основы
формирования и развития
8. Ердавлетов С.Р.,
Назарчук М.К., Кораблев В.А.
Мифы и реальность казахстанского
туризма. Роль туризма в
Алматы, "Қазақ университеті", 2007. С. 150.