Тұрмыстық қызмет көрсету

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:22, реферат

Описание работы

Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы тұрмыстық қызмет көрсету
2. Қазіргі уақыттағы әлемдік қызмет нарығындағы қызметтің рөлі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

СКС 302 Ерболаткызы Асель. ТҚжСТ.docx

— 31.57 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

 

 

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

1. Қазақстандағы тұрмыстық қызмет көрсету  

 2. Қазіргі уақыттағы әлемдік қызмет нарығындағы қызметтің рөлі                                                                                                                     

                                    

 

ІІІ. Қорытынды                                                                                        

 

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қызмет  терминін ең алғаш  рет француз  экономисі   Жан  Батист Сэй        (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат  еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер  мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын  жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы  болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен  айырбастайтын әрбір топтардың  ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын  қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету  түрлері кеңінен дами бастады, осыған қарай даму кезенін келесідей  қарастырамыз:

1 кезенде:  мамандар пайдалы  қазбаларды  өндіру, өнеркәсіптік  және ауыл  шаруашылықтарын өндіруімен  байланысты  еместің барлығы қызметке  жатқызылады.

2 кезенде: қызметтің қандай  да  бір ерекшеліктерінде арнайы  белгілері қарастырылады. Осы  кезде қызмет келесідей анықтамаға  ие болды : Материалдық емес  сипатқа ие болатын нәтиже  яғни қызмет түрі.

3 кезенде: Қызметтің мәнін  толық  және нақты ашуға  мүмкіндік  береді және материалды  талабы  бар қызметтерді, қасиеттерін  тереңірек салыстыру қажеттілігі  туындады.

 

               Материалды игілікте қызметтерді  ажырататын белгілер:

1. Бөлшекке  ұстауға, өлшеуге,  химиялық қасиетін  білуге болмайды.

2. Қызмет  өзінің қайнар  көзімен бөлінбейді.

3. Сапаның  тұрақсыздығы.

4. Қызметтің  сақталмауы.5. Қызметті  көрсетуде меншік құқығын  берудің  болмауы. 

 

Қызмет  бұл- меншікпен  байланыссыз тұтынушының  сатып  алатын, көзге көрінбейтін  игілігі. Бұл анықтамаларының авторы Ассэль Г. Қызмет бұл- іс әрекет немесе жұмыстың орындалуы олар көзге көрінбейді. Қызметтер экономикалық іс әрекет түрінде  анықталуы мүмкін.Қызмет іс әрекет немесе пайда болуы мүмкін оны  сатып алушы, қандай да бір материалдық  обьектіге меншік құқығын алмайды.

Ағылшын тілінен аударғанда, сервис бірнеше  мағына береді: қызмет, қызмет көрсету,міндетті болуы. Сервис түсінігі кең мағынада қызмет және қызмет көрсетуді білдіреді.  Қызмет көрсету – тұтынушылардың күрделі  бұйымдарды: машина, құрал жабдық, тұрмыстық  техника, көлік құралдары, өткізу және пайдаланумен байланысты қызметтердің кешені. Қызмет көрсету- негізгі қызметтерді  жүзеге асырудың құралы ретінде: қонақ  үй кешенде қызмет көрсету, мейрамхана бизнесте қызмет көрсету, және ақпарат  бизнес көрсету.

   Сервистің қызмет  көрсету ретінде  қазіргі уақытта  дамуы 3 себеппен байланысты:

1. Материалды  өндіріс өнімінің күрделінуімен.

2. Бәсекелестік  орта.

3. Фирманың  өз пайдасын  арттыру.

Осы таңда  Қазақстан Республикасында  туризм индустриясын өркендету жөніндегі  үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде  бүтін индустрия туралы не айтуға болады?

      Қоғам бұл  мәселені айтып, жоғары деңгейге  дейін сұрақ көтеруі тиіс.

      Осы заманғы  туризм индустриалды формасы   бар, ұлттық экономиканың дамуының  негізгі  катализаторы болып  табылатын,  жаңа жұмыс орнын  пайда болдыратын, ұлттық кірістің  өсуіне әсер ететін,  жергілікті  халықтың  тұрмысын көтеретін   экономикалық құбылыс. 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстандағы тұрмыстық  қызмет көрсету

Қазіргі таңдағы туризм –  бұл көптеген елдерде қарқынды дамып  келе жатқан әлеуметтік-экономикалық кешеннің саласы. Қазіргі кезде әлемдегі әрбір жетінші орын   туристік бизнеске келеді. Туризм бұл қазіргі  кездегі экономиканың басты дамытушы фактор болып есептеледі. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы  туризм саласында қазіргі таңда  ең көп инвестициялар құйылып  жатыр және ең бастысы, халықтың қызығушылығы да осы салада. Көп адамдардың ойы  бойынша машина жасау немесе мұнай  өндіру салалары  экономиканың ең маңызды  салалары салалар болып табылады. Бірақ қазіргі жиырма бірінші  ғасырда туризм саласы ең маңызды  сала болып табылады.

Туризмнің екі тенденциясы  бар: сыртқы экономикалық және саяси  факторлардың ықпалына шалдыққыш және қолайлы емес жағдайда өзін тез қалпына  келтіру.

Туризм  экономикасы туризм сферасында өндіру, тарату, айырбастау және туристік қызметті тұтыну процесі  кезінде пайда  болатын қарым-қатынас  жүйесі. Туристік фирманың экономикасы  – туристік өнімді жүзеге асыру  нәтижесінде  табыс, кіріс, өндіріс  факторларының жиынтығы.  Туристік фирманың кірісінің құны оның даму деңгейімен сипатталады.  Туризмнің  сала ретінде дамуы  және қалыптасуы,   туристік қызметтерді жүзеге асыратын  сандық көлемін және сапасын көрсететін белгілі бір экономикалық жүйенің  көрсеткіштерімен  сипатталады.  Туризм елге шет ел валютасының ағуына, жаңа жұмыс орындарының пайда  болуына, инфрақұрылымның жақсаруына  көмектесіп, аймақтың экономикасына  және дамуына зор ықпал етеді. Туризмнен максималды пайда табу үшін әр ел өздерінің туристік саясатын құрады. Бұл  мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір түрі болып табылады.

Мемлекеттің туристік саясаты  – бұл  туризм дамуына  мемлекеттің  ықпал ету  форма, әдіс және бағыттардың  жиынтығы. Негізгі туристік саясат бағыттары: саяхатшылардың құқығын  қорғау, турөнімді өндірушілердің құқығын  қорғау,  кіру және шығу туризміне  халықаралық қолдау көрсету.  Туристік саясат  туристік тактика және стратегия  негізінде құрылады.  Туристік стратегия  – жүзеге асыру үшін  уақыт  және үлкен қаржылық ресурстар   қажетті  мақсатты бағдарламалар  құру.  Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығыь бойынша,  Қазақстан  Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы  құрылған.  Туристік тактика – қойылған нақты мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер.

 Сонымен, туризмді  дамытып жатқан  кез-келген мемлекет  одан максималды  экономикалық  тиімділік табуға  тырысады. Туризмнің  экономикалық  тиімділігі дегеніміз  – мемлекет масштабында туризмді  дамытудан  алынатын табыс.  Туризмді қызмет сатушы ретінде  әлемдік нарықтағы көрінбейтін  экспорт деп атауға болады.  Туризмнің мемлекет экономикасына  тура әсері – бұл туристің  туризм қызмет және тауарды  сатып алатын туристің табысының  нәтижесі. Тура әсер туристердің  туристік кәсіпорындарға жұмсайтын  қаржысы, туризм қызметкерлерін  материалдық қамтамасыздандыру  және жаңа жұмыс орындарын  құру  деп түсіндіріледі. Аймақтың  дамуына тура әсерден басқа,  қосымша әсер, немесе «мультипликатор  әсері» деген  бар. Мультипликатор (латынның – көбейтетін) анықтамасы  экономика ғылымына 1931 жылы ағылшын  экономисті Ричар Канмен енгізілген. Туризмнің табысының мультипликатор  әсерін келесі мысал бойынша  түсіндіруге болады. Шет ел туристерінің  тобы белгілі бір аймақта туристік  тауар және қызметтерге анықталған  қаржы жұмсайды. Туристік кәсіпорын  табысы – бұл олардың туристік  тауар және қызмет сатудан  түскен пайдасы. Аймақтың табысы- осы кәсіпорынға түскен пайдадан  алынған салықтар. Экономиканың  дамыту  кезеңіне  де  жағдай     жасауға  болады.  Осындай   мәселелермен  де   байланыстыруға  болады .  Туризм  тек   қана      индустрия  мен  бизнестік   түрі  ған  емес  сонымен   қатар  ол  қоғамдағы      адамдардың  еңбеке     жарамдылығы   мен  өмір  сүру  жасында    ұзартуға   жағдай      жасай  алады . Халқаралық  туризмнің   жақсы  жақтарында  елдегі  экономика  мен  саяси   жағдайларына     сыртқы   және  ішкі  жағдайларына   осындай   жақтарымен  де       әсерін     тигізеді  деп айтуға болады.

Туристік фирма жергілікті тауар және қызметті сатып алғанда  туристердің ақшасы аймақ экономикасына  жұмыс істейді. Осы тауарлар мен  қызметтердің сатушылары туристерден  ақша алып, өздерінің қызметкерлеріне  айлық ақшаларын төлейді. Олар өз кезегінде ақшаларын тауар сатып  алуғыа, қызмет төлеуге және т.б. қажеттіліктеріне жұмсайды. Дегенмен, қызметкерлер ақшаларын  шетелде демалуға және шетел тауарларын сатып алуға жұмсаса, аймақтан ақша қаражаты ағып кетеді.  Ақша қаражатының  сыртқа ағуы – бұл сақталған ақша мен импорттың комбинациясы. Тура және қосымша әсердің жиынтығы  жергілікті экономика әсеріне анықтайды.  Аймақ сыртына жұмсалған ақша  неғұрлым көбірек болса, соғұрлым мультипликатор әсері көбірек.

  1. Қазіргі уақыттағы әлемдік қызмет нарығындағы қызметтің рөлі                                                                                                                     

 

Туризм  бұл қазіргі  кездегі экономиканың басты дамытушы факторы болып есептеледі. Осыдан екi үш ғасыр бұрын Францияда пайда  болған «турист» сөзi алғашқыда «өзiнiң  уақытын текке кетiрушi адам» деген  мағына берген едi. Ал қазiр турист, туризм сөзiнiң маңызы артып, кең мағынаға ие болып отыр. Ертеректе ерiккеннiң  ермегi саналған бұл сала қазiр экономиканың үлкен бiр бұтағы десек болатындай. Мемлекетаралық қатынастар туризм саласының  дамуына айрықша ықпал еткенi белгiлi. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі  немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы туризм саласында  қазіргі таңда ең көп инвестициялар  құйылып жатыр және ең  бастысы, халықтың  қызығушылығы да осы салада. Қазіргі жиырма бірінші ғасырда  туризм саласы ең маңызды сала болып  табылады. Көптеген дамыған мемлекеттер  туризм саласының дамуы  бойынша  әлемдегі туризм рейтингінде алғашқы  орындарға ие болады:  АҚШ – 1-ші орында,  Франция – 2-ші, Италия 3-ші орынды алады. Туризмді экономиканың басты  қозғалтқышы десе де болады.  Себебі, әлемдегі ең ірі державаларды салыстырсақ, Ресей мұнай өндіруден екінші,   А ҚШ үшінші орындарды алады,  яғни минералды ресурстар екеуінде де көп және жеткілікті. Тран ұлттық корпорациялары да алдағы орындарда («Шеврон», «Дженерал Моторс», «Лукоил», «Газпром»). Ал АҚШ бюджетіне туризм саласынан түсетін пайда 95,2 млрд. таза пайда, ал Ресейде 14,6 млрд. таза пайда түскен. Міне айырмашылық, сондықтан да туризм экономиканың маңызды салалар қатарына жатқызуға болады. Соңғы жылдары киім шығару, яғни жеңіл өнеркәсіптің  әлемдік табысы 330 млрд. болды, азық-түлік өнеркәсібі 430 млрд.доллар, автомобильдер және автобөлшектер сату өнеркәсібі 550 млрд. доллар, ал туризмнің әлемдік табысы 560 млрд. болды. Соңғы 2008 жылы 842 млн. адам «туризм әлеміне» саяхаттады. Қазіргі таңда туризм орталықтарының көшбасшылары ол – Африка болып табылады (10,9 %). Ең басты қуанатын факт, Сахараның оңтүстігінде орналасқан мемлекеттерде туризмнің дамуы 10,8 %, өзіміз білеміз әлемдегі ең кедей мемлекеттер осы аумақта орналасқан ( Танзания, Чад және т.б.) және бұл кедей мемлекеттердің экономикасын түзеуге өз үлесін қосуда. Азия – Тынық мұхит  аумағы да (7,6%) жақсы көрсеткіштер көрсетті. Ал оңтүстік Азия (10,1%) (көшбасшысы – Үндістан), Кариб бассейні (6,1%), Оңтүстік Америка (6,0%) және Солтүстік Америка (2,0%). Соңғы уақытта Кариб бассейні туризмі белгілі бір кризске ұшырады. Оның басты екі себебі бар, ол әртүрлі табиғи апаттар («Катарина» ураганы) және осы өңірге АҚШ азаматтарының аз демалуы. Жалпы есеп бойынша, соңғы жылдары дүниежүзiнде туризмнен түсетiн пайда 3 триллион долларға жетiп жығылған. Қазба байлығы жоқ, кейбiр елдер туризм саласын дамыту арқылы экономикасы мығым, өркениеттi елдердiң қатарына қосылып отыр. Мысалы, Таиланд мемлекетi шетелдiк туристерден жылына 7 млрд. доллар түсiрсе, аузын айға бiлеген Америкада бұл табыстың көлемi 50 млрд. долларға жетедi. 

Ал Еуропаның қақ ортасында  орналасқан Австрия туризм саласынан  жылына 17 млрд. кiрiс кiргiзiп отыр. Екi күннiң бiрiнде мылтық атылып, қан төгiстен көз ашпай отырған Израиль жылына туризм саласынан 2 млрд. доллар пайда табады. Осыдан қарап-ақ, туризмнiң пайданың көзi екенiн бағамдай беруге болады. «ТТІ» болжамына сәйкес Еуропаның шығу туризмінің аймағы ретінде барлық бағыттар бойынша жақсы даму базасы бар, Оңтүстік Азияны қоспағанда. Дегенмен, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде шетелге шығу туризмі жоғары болған кезде,  Еуропадан және Орта теңізден шығу туризмі бәсеңдейді. 1989 жылы Еуропадан туризм 69% құрады, 1995 жылы оның көлемі 58% түсіп кетті, ал 2010 жылға 49%  болады деп  болжамдалады. Еуропалық туризмнің жағдайына еуропалықтардың Еуропа бойынша саяхаттауы ықпал етеді.

      Америка   ішкі аймақтық туризмнің перспективасының  өсуі бойынша да, Оңтүстік Азия және Таяу Шығыс елдеріне саяхаттаудан  да ортадан төмен көрсеткішті  көрсетеді.

      Оңтүстік  Азия 90 жылдары саясаттағы тұрақсыздықты  сезінді, бұл өз кезегінде кіру және шығу туризмінің төмендеуіне алып келді. Индияның жаңа индустриалды саясаты, лицензиялау тәжірибесінің төмендеуі және валюталық айырбасты қадағалау инвестициялау және экономикалық дамуға қолайлы жағдай туғызады.  Бұл, әрине, тек қана іскер мақсатта емес, демалыс мақсатында да саяхаттауды қамтамасыз етеді. Индиядан шығуту ризмінің перспективасын орташа көрсеткішпен бағалауға болады. Оңтүстік Азиядан шығу туризмінің өңірлері Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері болады. Оңтүстік Азияға кіру туризмі, өңірдегі туристерге қауіпті саяси тұрақсыздыққа, туристік өнімді дамытуға және оны шетелге сатуға қаражаттың жетіспеуіне  қарамастан   орташадан жоғары көрсеткішпен бағаланады.

 

      Таяу  Шығыс  перспективасында тартымды экономикалық  өсімді көрсетеді. Бұл шығу  туризмінің өсуіне жағдай туғызады. Және оны ортадан жоғары көрсеткішпен бағалауға мүмкіндік береді. Кіру туризмінің перспективасын бағалау қиынырақ: бір жағынан ішкі тұрақтылық кіру туризмінің өсімін жоғарылата алатын еді, басқа жағынан өңірдің тартымдылығы аса түсініксіз сипатталады, осы жағдайды зерттеу процесі жүріп жатыр. Таяу  Шығысқа кіру туризмінің өсім көрсеткіштері негізінен ішкі өңірдің жамуына байланысты болады.

      Африка  аймақ ретінде көптеген субаймақтардан  тұрады. Әрбіреуінде туризм даму  тенденциясы әрқилы көрсеткішті көрсетеді. Бұл континентке қатысты проблемалар аймақтық туризмнің өсу потенциалын шектейді. Сондықтан, ішкі және сыртқы туризмге қатысты бағалау мүмкіндіктері орташа  даму темпін көрсетеді. Африкаға  орташа көрсеткішті кіру туризмінің өсуі Еуропадан, Америкадан және Таяу Шығыстан саяхаттармен сипатталады.

Информация о работе Тұрмыстық қызмет көрсету