Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:34, реферат
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
І. Кіріспе. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
ІІ. Негізгі бөлім. Жер сілкінісі – қаһарлы зілалалық кездейсоқ құбылыс.
ІІІ. Қорытынды. Жер сілкінісі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелері.
ЖЕР СIЛКIНIСIНIҢ ҚАУПI КЕЗIНДЕ
Жер сiлкiнiсi қаупi жағдайында электр дабылдар, өндiрiстiк гудоктар мен басқа да хабарлау құралдары іске қосылады, бұл "Баршаның назарына!" ескерту дабылын бiлдiредi. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, және жергiлiктi билiктiң, төтенше жағдай жөнiндегi басқару органының нұсқауын тиянақты орындау қажет.
Егер сiз үйде болсаңыз:
- өрт сөндiргiштi тексерiңiз, жуынатын бөлмедегі
ванна мен шелектi суға толтырыңыз;
- өзiңiздi қорғай алатын киiм мен аяқ киiмдi
киiңiз;
- пәтердегі газды, су мен электр жарығын
сөндіріңіз, пештi өшiрiңiз;
- өзiңiзбен бiрге алдын ала даярланған
заттар салынған сөмкені, құжаттарды,
киім-кешек салынған жол қапшығын алып,
көршiлерге хабарлаңыз, жалғыз бастыларға,
ауру адамдарға көмектесiңiз, ғимараттан
шығып, арнайы жиналтын орынға барыңыз,
алдағы нұсқауларды күтiңiз;
- қалыпты тiршiлiк жағдайына жергiлiктi
билiктiң немесе төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқару органының нұсқауы бойынша оралған
жөн.
Егер
сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз:
- сабыр сақтаңыз, дүрбелең-үрей туғызбаңыз,
шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергi
жасап, кептеме туғызбаңыз, аурулар мен
мүгедектерге көмектесiңiз;
- әкiмшiлiк нұсқауларын орындаңыз.
ЖЕР СIЛКIНIСI КЕЗIНДЕ
-Алғашқы дүмпу
кезiнде 1-ші қабаттың
-дүмпу аяқталған бойда арқаңызды қабырғаға
сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан
тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi
ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды,
ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған
жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз;
- егер көршi пәтерде балалар мен қарт адамдар
қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз.
Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы
медициналық көмек көрсетiңiз;
- ғимараттан, электр желiлерiнен алысырақ
кетiңiз. Белгiленген жиналатын орынға
барыңыз. Үзiлген ток өткiзгiштен (электр
сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;
- рөлде отырғанда ашық жерге тоқтаңыз.
Дүмпу аяқталғанша машинадан шықпаңыз.
Қоғамдық көлiкте отырған орындарыңызда
қалып, дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден
есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып кетiңiз.
ҚАТТЫ ЖЕР СIЛКIНIСIНЕН КЕЙIН
- Зардап
шегушiге алқашқы медициналық
көмек көрсетiңiз;
- жеңiл үйiндiнiң астында қалғандарды шығарыңыз;
- балалардың, аурулардың, қарттардың қауiпсiздiгiне
назар аударып, оларды жұбатыңыз;
- ғимаратқа кiрерден бұрын баспалдақтың,
қабырғаның құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына
назар аударыңыз. Қатты қираған ғимаратқа
жақындамаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз;
- пәтерге оралған бойда коммуналдық-техникалық
қызметтiң ақаусыздығын тексергенше электiрдi,
газды және су құбырын қоспаңыз;
- телефонды аса қажет болмаса, көп ұстамаңыз;
- зақымданған ғимаратта үйiндiнi ашуға
және құтқару жұмысын жүргiзуге көмектесiңiз.
Бұл жағдайда мына ережелердi сақтау қажет:
- Үйiндi
астында қалған адамдарды
- егер үйiндi астында қалған адамға тар
тесiк (саңлау) апаратын болса, бiрiншi кезекте
үйiндiнi ашу кезiнде оны ауадан, яғни өмiрден
айырмау үшiн ұсақ шығыршық тас пен шаң
түспеу үшiн жiңiшке түтікті немесе берiк
шланганы сұғыңыз;
- үйiндiнi ашуды өте мұқият жүргiзу керек.
Әуелi сынықтардың үстiңгi қабатын, содан
кейiн астындағысын, сосын одан кейінгісін
біртіндеп алу керек. Сынықтар үйiндiлерiнен
бағананы, құрылыс құрылғысының iрi бөлшегiн
және т.б. суырып алуға әрекеттену аса
қауiптi. Үйiндi көміп, оның астындағы адамдарды
басып қалуы мүмкiн. Әуелi бағананы толық
аршып алып, содан кейiн ғана оны көтеруге
әрекеттену керек.
Тасқа қысып қалған адамды босату кезiнде
мiндеттi түрде ең алдымен қолдың немесе
аяқтың қысылып қалған жерiне сына қою
қажет. Басқаша жағдайда ұзақ уақыт бойы
сынық қыспағында болған адам қаза болуы
мүмкiн.
Үйiндiлердi аршу кезiнде бiр-бiрiне тiрелiп
тұрған сынып қираған ғимараттың әлсiз
алайда әлi құламаған қабырғасын итеру
аса қауiптi. Бұл адамды құтқару мүмкiндiгiнен
айырады.
Пайдаланылған әдебиеттер