Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:34, реферат
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
І. Кіріспе. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
ІІ. Негізгі бөлім. Жер сілкінісі – қаһарлы зілалалық кездейсоқ құбылыс.
ІІІ. Қорытынды. Жер сілкінісі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелері.
Қазақстан Республикасы
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Тақырыбы:
Орындаған: Сағынова Ж.А.
ФҚТ-11 тобының студенті
2011
жыл
Жоспар
І.
Кіріспе. Табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлар.
ІІ.
Негізгі бөлім. Жер сілкінісі – қаһарлы
зілалалық кездейсоқ құбылыс.
ІІІ.
Қорытынды. Жер сілкінісі
туындаған кездегі
қауіпсіздік ережелері.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың
40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары,
15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% -
зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі
деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің
құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты
құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі – қаһарлы зілалалық кездейсоқ құбылыс. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
1-сурет
Жер
сілкінісінің ошағының схемасы
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.
Жер сілкінісінің бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпті ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады (Құлан ауданы Жамбыл облысы).
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау мен байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер,қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер,бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс,өрт қаупі, күшті кәсіпорындардағы апаттар т.б.) едәуір қауіп тудырады. Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындалса, одан келетін әлеуметтік-экономикалық зиянды елеулі азайтуға болады.Осы мақсатқа жету үшін сейсмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабарлар болуы, қауіпсіздік іс-қимылын дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасау қажет. Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады.
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс.
Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін.
Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында
қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар,
бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді
тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда
болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі
кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында
жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа
шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық
толқындардың нәтижесінде болады.Осындай
толқындар көлемді(жер денесіне таралады)
және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі
қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді
толқындар жердің үстіңгі қабатындағы
толқындарға қарағанда шапшаң жүреді
және де жер сілкінісінің болғандығын
хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы
серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы
толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар
әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
Сейсмикалық энергияны
бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің
ошағы деп аталады.
Гипоцентр – алғашқы
сейсмикалық толқынның басталуы болған
ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында
жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы
тереңдігі 50км аспайды.
Эпицентр – бұл гипоцентрдің
тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі
нүктесі.
Жер сілкінісі жиі жағдайда
жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен
қоса қабат жүреді. Сілкіну көлемінің
шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі)
ғимараттардың бүліну деңгейімен жер
бетінің өзгеру сипатымен анықталады
және балмен есептеледі.
Сейсмикалық толқынның жалпы қуатының
шамасына жер сілкінісінің магнитудасы
(кейбір шартты белгілері) жатады.
Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін
бағалау үшін қолданатын сейсмикалық
өлшемдердің көптеген мөлшері (50 шамалы)
пайдаланылады.
Рихтер шкаласы бойынша (Калифорния технологиялық
институтының профессары Чарльз.Ф.Рихтер)
бұрын соңды тіркелген жер сілкінісінің
ең күшті магнитудасы 8,9 балмен өлшенген.Салыстырарлық
1988 жылғы Армиян жер сілкінісінің магнитудасы
7,0,
Қытайдағы (Ганьсу)1920 жылғы жер сілкінісінің
күші 8,6 болған.
Жапон аралдары тобы жағдайында жер сілкінісінің
үдемелілігін анықтау үшін 7 балдық шкала
жасалынған. 1964 жылы Медведев С.В (СССР)
Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64
(оның авторларының бас әріптері алынған)
деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді
жасап ұсынды.Достастық және Европаның
кейбір елдерінде оны осы кезге дейін
пайдаланады.
Жер сілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері.
Пайда болу тегіне қарай жер сілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.
Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.
Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.
Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.
Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.
Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.