Шылым шегу жəне өкпенің қатерлі ісігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:59, реферат

Описание работы

Темекі – құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады. Темекі – жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ
ТЕМЕКІ ШЕГУ – ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРУ.........................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТЕМЕКІ ҚҰРАМЫ.........................................................................................4
ӘРБІР 13 СЕКУНДТА БІР АДАМ ТЕМЕКІНІҢ ҚҰРБАНЫ......................6
ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ........................................................................8
ШЫЛЫМ ШЕГУ – АУРУ...............................................................................9
ШЫЛЫМҚОРЛЫҚ - ҚАТЕРЛІ ІСІК БАСТАУЫ.......................................11
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ.............................................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ.......................15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................16

Работа содержит 1 файл

обж.docx

— 326.02 Кб (Скачать)

Шылым шегетін аналардан  тұған балалар, өз құрдастарынан  ақыл-ой дамуында артта қалады. Көп  елдің ғалымдары, никотин және темекі түтінінің құрғақ бөліктері, балаларда  көптеген аллергиялық аурулардың дамуына  себепші болады және бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым оның организміне  темекі түтіні үлкен зиян келтіреді, деп белгіледі.  
Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесіне білінеді. 

12-15 –жастарында, олар  денеге ауырлық тигенде дем  алу қиындығын айтады. Көп жылдық  бақылаудың нәтижесінде, француз  докторы Декалзне, 100 жыл бұрын,  балалардың тіпті мардымсыз шылым  шегуі, қан аздығы мен ас  қорытуын бұзуына әкеп соғады, дегенге көзі жеткен.  
Шылым шегу оқушылардың сабақ үлгеруіне жағымсыз ықпал етеді. Үлгермейтіндердің саны, шылым шегетіндері көп сыныпта өседі. Оқушылардың шылым шегуі олардың денелік және психикалық дамуын бәсендетеді. Шылым шегумен бұзып алған денсаулықтың жағдайы, көңілден шығатын жұмыстың түрін таңдауға, жетістікке жетуге мүмкіндік бермейді.  
Шылым шегу және оқушы сыйыспайтын тұғымдар. Оқу жылдары – ол дене, сондай-ақ ақыл-ой өсу жылдары. Организмге, осы барлық қиындықты орындап шығу үшін, көп күш керек. 

Белгілі болатындай, мектеп жасында ұғып алған әдеттер, өте  мықты болатыны. Бұл пайдалы әдеттерге  ғана емес, сонымен бірге, зияндыларға  да қатысты. Қаншалықты жасөспірімдер, жас жігіттер, қыздар шылым шегумен  ертерек танысып шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді, және болашақта шылым шегуден  бас тарту олар үшін өте қиын болады. 

ШЫЛЫМ ШЕГУ – АУРУ

 

Адамның денсаулығына көп жылғы темекінің әсерін тексерген  эпидемиологиялық зерттеулер көптеген аурулардың пайда болуымен және темекі түтінін ұзақ жұтудың арасында өзара байланыс бар екенін дәлелдеп отыр.

Мұндай ауруларға  өкпенің, ұйқы безінің, қуықтың, еріннің  қатерлі ісіктері, жүректің сазып  ауруы, жүректің оң қарыншасының жетіспеушілігі, аортаның аневризмасы, шерукергі қан  тамырларының аурулары, бронх демікпесі, гипертониялық ауру, қантты диабет, инсульт, көздің көрмей қалуы, иммунитеттің төмендеуі және өкпенің созылмалы  тарылу аурулары.  
Жоғарыда атап көрсетілген аурулардың үш нозологиялық тобы, яғни жүректің сазып ауруы, өкпенің қатерлі ісігі және өкпенің созылмалы таралу аурулары. 
Темекі тәуелділігінің негізгі үш клиникалық түрі бар: идеаторлық, психосоматикалық және диссоциалық.

Идеаторлық түрі – балалардың темекіні ерте бастауымен, күнделікті тартпай, анда-санда тартатын кезеңі өте қысқа болуымен сипатталады. Бұл топтағы темекі шегушілер темекіге тәуелді болғанын кеш байқайды да, өз беттерімен темекі тастамақ болып талпынады. Бір жұмадан бастап, бір жарым жылға дейін тарпай кетуі мүмкін.

Психосоматикалық  түрі. Темекіні аш қарынға тарту, түн  ішінде тарту, таңертеңгі бірінші шылымды  ерте тарту бұл топқа тән әдет. Бұл топтағыларда темекі тартудың аралығы 10-20 минөт. Өз беттерімен темекіні тастағандар 4-10 күнге ғана шыдайды.Оларда бұл  кезде шылымға деген тәуелділік өрши түседі.

Диссоциалық топтағылар темекіні көбінесе аш қарынға тартады және олар темекі тартуды өте ерте 10-15 жаста бастайды.Тәулігіне тартылған сигареттердің саны әр түрлі (4-30 данаға дейін). Темекіге тәуелділікке ұшыраған ауруларды емдейтін барлық дәрі-дәрмектер және әдістері екіге бөлінеді: 
Фармакологиялық емдеу әдістері бойынша алкалоид Н-холиномиметикалық әсер ететін, алмастырғыш ем болатын дәрілер қолданылады.Никотиннің әрекетін имитация жасайтын дәрілер де бар. Олар никотиннің ерітіндісін, никотиннің пластыры, никотині бар сағыз (никоретт). Сағызбен, инемен емдеудің нәтижелілігі бір-біріне сәл ғана өзгешелігі бар (инемен емдеудің нәтижесі жақсырақ). Қанда никотиннің концентрациясын көбейтіп, емнің әсерін жақсарту үшін 0,1 мл 2 пайыз ерітіндісін мұрынға құяды. Тері арқылы 30 пайыз никотиннің 8 мг теріге жағады немесе 1 см 20,1 мг никотині бар пластырді жапсырады.Пластырдың 1-ші қабаты полиуретандық матрица, сұйық никотині бар.Пластырмен үш жұма емделсе, нәтижесі 50-60 пайыз.Емделу уақты 3 айға дейін созылуы мүмкін.Жағымсыз әсері – қышынудың пайда болуы және қызару. Фармакологиялық емес әдісімен емдеген кезде аурудың дем алысы бұзылуы, басқа ауруларының қайталануы мүмкін. Өзін-өзі тежеп, тартылатын сигареттердің санын азайтумен бірге психотерапияны, гипнозды, инемен емдеуді, рефлексотерапияны қосу керек. 

Шылымқорлық –  қатерлі ісік бастауы   

 

Елімізде 2007 жылдан бастап ақпан айының 4-і Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. Атап айта кетер  жайт, онкологиялық аурулардың проблемасы біздің еліміз үшін өзекті күйінде  қалуда. Өйткені еліміз бұл дертке шалдығушылардың саны жөнінен жетекші  орынға ие. Және жыл өткен сайын  аталмыш аурумен сырқаттанушылардың өлім деңгейі тұрақты түрде жоғары болып сақталуда. 
 
Жалпы жыл сайын әлем бойынша 10 миллионға жуық адам онкологиялық сырқатқа шалдықса, 8 миллионға жуық науқас осы дерттен көз жұмады. Ал елімізде жыл сайын қатерлі ісікпен ауыратын 30 мыңға жуық науқас анықталады екен. Тек Алматы қаласының өзінде онкологиялық ауруға шалдыққан жылына 8 адам тіркелсе, оның ішінде төрт-бес адам осы науқастың салдарынан мерт болатын көрінеді. Мамандар «бақытқа орай қазіргі медицина бұл ауруды емдеудің тиімді тәсілін тапса да, онкологиялық аурулар соңының қайғылы жағдаймен аяқталуы тыйылар емес. Оның бірден-бір себебі адамдардың дер кезінде аурудың алдын алмауынан. Қатерлі ісік ауруы алғашқы сатыларында-ақ анықталғанда 100 пайыз дерттен толығымен айығуға болады. Ол үшін әрбір адам денсаулығын уақтылы тексертіп тұруы қажет. Әйтсе де, аурудың алдын алу біздің халқымыз үшін мүлдем жат әдет болып отыр. Дауасы бар дерт екенін біле тұра алдын алуға ұмтылмау өте өкінішті!» – деп күйінеді. Осы орайда темекі шегушілік онкологиялық аурулар дамуының басты себебі ретінде бағаланып отыр. 
 
Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық адам қатерлі ісік ауруына шалдықса, олардың 19 мыңы көз жұмады екен. Онкологиялық аурулардың өршіп бара жатқанына дабыл қаққан дәрігерлер дерттің туындауына негізгі себеп ретінде темекіні алға тартады. Темекі шегушілердің қатары көбейген сайын ауру да үдеп барады. Әсіресе, шылым шегу кезінде будақтаған түтіннен 90 түрлі токсиндік қоспа тапқан онкологтар, оларды жұтқан бүлдіршіндердің де қатерлі ісікке шалдығатынын айтады.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы сарапшыларының айтуы  бойынша, тиімді тамақтану, белсенді өмір салты және темекі шегушіліктен бас  тарту арқылы 40% онкологиялық дерттердің алдын алуға болады екен. Мамандар дүниежүзі бойынша темекі шегу жыл сайын болатын онкологиялық аурулардың 1,5 миллион өлім жағдайларының негізгі себебі болып отырғанын дәлелдеуде. Темекі шегушілік өкпе, тамақ, ауыз қуысы, ұйқы безі, қуық, асқазан, бауыр, бүйрек секілді органдарда туындайтын онкологиялық ауруларға бірден-бір себепші болатын фактор екені дәлелденген. Нақты статистикаға сүйенер болсақ, қатерлі ісік ауруларының ішінде өкпе қатерлі ісігі – ең бірінші орында. Темекінің улы түтіні ең алдымен өкпе арқылы өтетінін ескерсек, бұл – түсінікті нәрсе. Әрі қарай қатерлі ісікпен науқастану жөнінен 100 мың адамға шаққанда тері қатерлі ісігі – 18,4, сүт безі рагы – 19,5, асқазан рагы – 18,9, өңеш рагы – 9,3 және жатыр мойнының рагы – 8,2 пайызды құрайды. Айта кетер жайт, мамандар темекі түтіні құрамындағы қатерлі ісік тудырушы зиянды заттар өкпе арқылы тарап, барлық ағзаға залалын тигізетінін баса айтуда.

 

ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ  ІСІГІ

Бүгінгі таңда  дүниежүзінде өкпеге тән онкологиялық қатерлі ісік ауруларының біріне жататын өкпенің қатерлі ісігі  өршіп тұрғаны әлемді алаңдатып  отыр. Науқастар саны жыл сайын  артқаны да жасырын емес. Бұл ауру біздің елімізде де белең алып тұр. Қазір елімізде онкологиялық аурулар  саны көбейгенімен, оны емдеу жолдары  да табылып жатыр. Алайда кей жағдайда дертке медицинаның шамасы жетпейтіні де шындық. Солардың алдыңғы қатарында  өкпе қатерлі ісігі тұрғанын біреу  білсе, біреу білмейді. Демек, аурудың  белгілері мен себебін біліп  жүргеннің еш айыбы жоқ.

Өкпе адам ағзасында тыныс  алу қызметін атқарады. Ал осы тыныс алу ағзаларының ішіндегі ең қауіптісі - өкпе қатерлі ісігі. «Денсаулыққа зор кесел, үйрете көрме ауызға, насыбай мен шылымды» деп ақын Шораяқтың Омары жырласа, халық даналығы «Арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулығының түбіне жеткен» деген сөзді әркімнің қаперінде жүргені дұрыс. Оны айтып отырған себебіміз, дүниежүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкпе қатерлі ісігі ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе қатерлі ісігі ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артып, ал бүйрек дертіне бес есе көп шалдығатын көрінеді. 
Өкпенің созылмалы ауруы көп таралуына байланысты ол «ғасыр дерті» деп аталады. Сондықтан науқас осындай қалге жетпес үшін денсаулығын күткені жөн. Қазақстан халқының 43,9 пайызы тыныс алу мүшелері ауруларына шалдыққан. Солардың ішінде ең ауыр сырқаттардың бірі - өкпенің қатерлі ісігі. Тыныс алу мүшелері ауруларының пайда болуына шылым шегу, ауаның ластануы, еңбектің жағымсыз жағдайлары, климаттық және инфекциялық факторлар көп әсер етеді. Қазіргі таңда шылым шегу көпшілік арасында әлеуметтік және медициналық үлкен проблемаға айналуда. Бұл зиянды әдет жұрттың, оның ішінде жасөспірім-дер мен жастардың басым бөлігін қамтып отыр. Темекінің түтіні өкпенің қорғаныс қабаттарын бұзып, лимфа жүйелерін әлсіретеді. Оның түтінінің құрамындағы физикалық және химиялық қосылыстар, көптеген жану заттары, ауыр металл тұздары, бензепирен, сыртқа шығарылатын түтіннің жоғары температурасы тыныс алу жолының сілекейлі қабықшасын, өңешті, бронхыны күйдіретінін көбіміз білмейміз де.  
Егер сізді жөтел, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы, безгек, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазаласа, дәрігер көмегіне жүгінген дұрыс. Дәрігерге көріну арқылы өкпе ауруларын уақтылы және дұрыс анықтау үшін кең таралған диагностикалық әдістердің бірі - рентгенология. Демек, мұндай жағдайда денсаулығына күмәні бар адам жылына бір рет флюорографиялық зерттеу өткізуі уақтылы диагноз қоюға жол береді. Диагностикалық бронхоскопия бронхтың күйін бағалау, гистологиялық, цитологиялық, бактериологиялық зерттеулер үшін материал алу мақсатында қолданылады. Бронхоскопия емдеу мақсатында кең қолданылады. Диагноз дұрыс және мерзімінде қойылса, қатерлі ісіктен сауығу мүмкіндік жасайды. Яғни өз денсаулығын дәрігер арқылы біліп тексерілген адам көңілдегі көп күдіктен арылып, жарқын өмірге жол ашады. Бұған еліміздегі кәсіби маманданған онколог дәрігерлер қашанда көмегін бере алады. Олардың тексеруінен өткен науқас маманның ақыл-кеңесі арқылы өз дертінен сауығып та кете алады. Тек ауруды асқындырып алмаған абзал.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы сарапшыларының айтуынша, тиімді тамақтану, белсенді өмір салты және темекі шегушіліктен бас тарту арқылы 40 пайыз онкологиялық дерттердің алдын алуға болады деген пікірді айтады. Мамандар дүниежүзі бойынша темекі шегу жыл сайын болатын онкологиялық аурулар-дың 1,5 миллион өлім жағдайларының негізгі себебі болып отырғанын да дәлелдеуде. Темекі шегетіндердің өкпе қатерлі ісігімен сырқаттану қаупі шекпейтін адамдармен салыстырғанда 20 есе жоғары. Темекі шегетіндердің 90 пайызы ентікпе және эмфизема кеселіне ұшырайды. Және де темекі тартудың бастапқы кезеңінде-ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегінi тасмалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш (мысалы, олардың арасында тыныс жолы ауруларымен ауыратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады), табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Ол жүрек тамыр жүйесінің, тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қаупін тудырып, оған жол ашады. Әсіресе, науқас адамдар аурудың белгісі білінгенде темекі тартуы ерекше қауіпті. Мәселен, өкпе эмфиземасы (өкпені ауаның кернеуі) кезінде темекі тартатындар арасындағы өлімге қарағанда 25 есе, созылмалы бронхит кезінде - 21 есе, жүректің ишемиялық ауруы (қанның жетпей қалуы) кезінде - 3,5 есе жиі кездеседі.

Өкпе қатерлі ісігі, негізінен, бронхтардан өсіп шығатын қатерлі ісік. Өкпе ісігі осы ісіктердің тек 1 пайызын құрайды. Өкпе қатерлі ісігімен шылымды көп шегушілер арасында жиі кездеседі. Сондай-ақ қоршаған ортаның әртүрлі концерогенді заттармен ластануы өкпенің созылмалы сырқаттары да ықпал етеді. Ал ең соңында әлеуметтік жағдайға байланысты осы ауруға душар болады. Бүгінгі күнде өкпе қатерлі ісігімен 45 пен 65 жас аралықтағы азаматтарда көбірек байқалуда. Жалпы, ер адамдар, әйелдерге қарағанда 4-5 есе жиі сырқаттанады. Бірақ соңғы жылдары әйелдердің темекі тарту көрсеткіші 1 пайыздан 10 пайызға өсуі ойланарлық нәрсе. Ал өкпе қатерлі ісігімен көбіне Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы сияқты өндіріс орындары көптеп орналасқан аймақтардың тұрғындары жиі шалдықса, қатерлі дертке шалдыққандардың 85 пайызы жарық дүниемен қоштасады.

Өкпе қатерлі ісігінің негізгі белгілері: Ауру белгілерінің біріншісі жөтел болуы мүмкін. Осыдан кейін ол аурудың сатысына қарай өзгеріп отырады. Бронхының ісікке айналған жері, бастапқыда жеңіл жөтел жиі-жиі құрғақ жөтелге ауысады. Жөтел бара-бара жиілеп, қақырық пайда болады. Бұл өкпе іріңіне тән жағдай. Бронхтың кілегей қабығы ірің жараға айналғанда қақырықпен қан аралас немесе қанға түседі, көбіне аурудың белгі-лері әлсіздіктен байқалуы да ықтимал. Аурудың көкірек жасушасы шаншып ауырады. Бет пен мойының ісінеді. Салмақтын жоғалуы және тамаққа тәбетінің жоқ болуы да бар.

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ  – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Мемлекет өзінің капиталы болып саналатын әрбір адамға көзінің қарашығындай қарауға тиіс. Олардың қауіпсіз өмір сүруіне, тең  құқықта болуына, нәпақасын табуына, тегін білім алып, емделуіне жағдай жасауы шарт. Бұл – бұлжымас, мұрты  бұзылмас дүние. Тәуелсіз Қазақстан  бүгінде ұлттың денсаулығына ден  қоя бастады. Медицина саласында жүрген бірнеше жылдық реформалар өз жемісін бере бастады. Бүгінде Қазақстанның әрбір азаматы өзі қалаған ауруханаға жатып емделуге қақылы. Бұл да болса ел-жұрт үшін үлкен жетістік екені шындық.

Ал біз өз тарапымыздан есірткі, шылым, ішімдік секілді  нәрселерден бойымызды аулақ  ұстауымыз қажет.

Темекі түтінінің  құрамында 4000-ға жуық улы заттар бар. Шылым шегу қатерлі ісік және өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, гипертония ауруы, жүректің ауруы, белсіздік  сияқты қорқынышты ауруларды туғызады. 

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде қатерлі өкпе ісігінен қайтыс болғандардың – 90 пайызы, созылмалы қолқа дертінен көз жұмғандардың – 75 пайызы және жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болғандардың – 25 пайызы темекі шегудің салдарынан орын алады екен. Дегенмен осыншалықты қатерлі екеніне қарамастан, әлем бойынша шылымға құмар жандар қатары азаяр емес. Осы орайда онколог мамандар ең болмаса темекі шекпеу арқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға мүмкіндік бар екенін айтып, дабыл қағуда.

Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса  қауіпті. 

Шылым шегу ауру болғандықтан, оның ерекше бағыты бар, мұны емнің түрін таңдаған кезде ұмытпау керек. Ең бастысы, шылым шекпегенге не жетсін!

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С.“Дәнекер”. 2005 ж.

Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.

Асқарова Ұ.Б. “Экология  және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.

“Денсаулық- мол байлық ” журнал. №2, 2006 ж.

Облыстық экологиялық  орталық. 2006 ж. мәліметтер.

 

 


Информация о работе Шылым шегу жəне өкпенің қатерлі ісігі