Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 09:46, дипломная работа

Описание работы

Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері.

Работа содержит 1 файл

310811trebovan.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

  

Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт болғанда жұмыскерлердің әрекеттері.

 

Өрт сөндіргіштердің  мақсаты, құрылыс және әрекет ету  принципі. Оларды пайдалану және оларды тұтануды немесе өртті сөндіруде  қолдану ережелері. Ішкі өрт сөндіру  шүмектерінің мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану ережелері. Өрт сөндіру қалқандары және олардың жабдықталуы. Өрт сөндіруге өрт сөндіру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану ережелері. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан ғимараттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт пайда болғанда жұмыскерлердің әрекеттері: өрт сөндіру көмегін шақыру, қолда бар құралдармен сөндіру,  өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесін күтіп алу және олармен еріп жүру. Өртеніп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

 

Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін  негізгі нормативтік құжаттар

 

Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік  құқықтық актілерді оқып  білу. Өрт  қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына ұйымдардың жетекшілерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері.

 

 

Мектепке  дейінгі және жалпы білім беру мектептеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

 

Өрттер мен  тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Электр желілерін, электрлік жабдықты және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, асқын жүктеме, ауыспалы қарсылық, ұшқындау, олардың мәні, пайда болу себептері мен жол бермеу тәсілдері. Өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және олармен жұмыс істеу тәртібі. ТТС мен ЖС өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар: жарқ ету температурасы, өздігінен тұтану және тұтану. Жарылыс жайлы түсінік. ТТС мен ЖС сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және қолдану кезіндегі өртке қарсы тәртіп. Химиялық реактивтер мен сілті металлдарын пайдаланғанда оларды сақтау және өрт қауіпсіздігі шаралары. Ғимараттардағы өртке қарсы тәртіп. Эвакуациялау жолдарын ұстау. Сыныптарда парталардың, үстелдердің және орындықтардың орналасуы. Кіру орындарын, шығу орындарын, холлдарды, коридорларды, саты алаңын, сондай-ақ шатырдағы бөлмелерді, жер төле үй-жайларының, оқу-өндірістік шеберханаларын, химия және физика кабинеттерін ұстау. Эвакуациялау жоспарларын әзірлеу. Қызмет көрсету персоналына нұсқамалық беру. Сауықтыру кезеңінде балаларды жоғары қабатты ғимараттар мен көп қабатты үйлерге орналастыру тәртібі.

Балалар мекемелерінде, мектеп-интернаттарындағы кезекшілер мен күзетшілер. Оларға нұсқамалық беру. Өрт пайда болған жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде міндеттер. Жаңа жылғы шырша орнатқанда, кино көруді, кештер мен спектакльдерді ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар. Шыршаларды орнату және бекіту ережелері. Адамдардың жаппай болатын үй-жайларға қойылатын талаптар.

Жаппай іс-шараларды  өткізу жауапкершілігі, кезекшілердің мақсаты мен міндеттері.

 

Өрттерді  сөндіру құралдары. Оларды қолдану  ережелері. Өрт кезіндегі әрекеттер  және өрт сөндіру күзетін шақырту.

 

Өрт сөндіргіштердің  мақсаты. Көмір қышқылды, ұнтақты  және аэрозоль өрт сөндіргіштердің  құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Оларды пайдалану және өрт сөндіруде қолдану ережелері.

Алғашқы өрт  сөндіру құралдарының (құм, түрлі  жабындар, суы бар бөшкелер мен  шелектер, өрт сөндіру құрал-сайманы) және ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты. Оларды пайдалану ережелері.

Өртте қызмет көрсету  персоналының әрекеттері. Өрттерде үй-жайлардың  ішінен балаларды және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

 

Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін  негізгі нормативтік құжаттар

 

Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.

 

  Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

 

Сауда және қоғамдық тамақтану  ұйымдарында, базаларда, қоймаларда өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Өндірістік, әкімшілік, қойма және қосалқы үй-жайларында  қатаң өртке қарсы режимді орнату және ұстау жөнінде негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар. Ведомстволық бағыныстағы объектілердің (учаскелердің) өртке қарсы жағдайына жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру. Қызметкерлерге өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету. Адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын, өрттерде қызмет көрсету персоналының әрекеттері жоспарын, объектідегі (учаскедегі) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық.

 

Сауда, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базалар  мен қоймаларда ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын

 

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы талаптары: аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды, жылыту, желдеткіш, түтін жою, сигнализация және өрт сөндіру жүйелерін ұстау. Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі. Жөндеу және от жұмыстарын жүргізуде өртке қарсы тәртіп.

Азық-түлік тауарларын сату ұйымдарында, азық-түлік қоймалары мен базаларында өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт қауіптілігі бар азық-түлік тауарларының қысқаша өрт сипаттамасы: өсімдік, мал және синтетикалық майлар, спирт арақ өнімдері, шөп, сіріңке және т.б. Сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Мұздату қондырғылары мен электр қозғалтқыштары бар механизмдерді пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі шаралары.

Базаларда, қоймаларда, дүкендерде және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сату ұйымдарында өрт  қауіпсіздігі шаралары.  ТТС, ЖС және ЖГ сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары және қысқаша сипаттама. Еденге арналған мастика, тұрмыстық химия тауарлары, парфюмерлік өнімдерінің, оқ-дәрілердің, пистондардың және т.б. өрт қауіптілігі. Сауда залдары мен қосалқы үй-жайларда, қоймалар мен базаларда өртке қарсы тәртіп.

Қоғамдық тамақтану  ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары. Түскі ас залдарында, цехтерде, қоймаларда, қойма, тұрмыстық және қосалқы үй-жайларда өрт қауіпсіздігі шаралары. Дәнекерлеу пештерін, қайнатқыштарды, мұздатқыш  қондырғыларды, ас үй плиталары мен жабдықтарын пайдалануда өртке қарсы іс-шаралар. Жаппай іс-шараларды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Аумақтарды, ғимараттарды, гараждарды, шаруашылық құрылыстар мен эвакуациялау жолдарын ұстауға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары. Жылыту және қыздыру құралдарын, электр қондырғыларын, радио және теледидарларды, сондай-ақ ТТС, ЖС мен ЖГ ұсатуда және сақтауда өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрттерді табу, хабарландыру және сөндіру құралдары.

 

Алғашқы өрт сөндіру  құралдары, өрттегі әрекеттер

 

Өрт сөндіргіштердің  мақсаты, құрылысы және қолдану ережелері. Ұйымдарды, базаларды, қоймаларды алғашқы  өрт сөндіру құралдарым ен қамтамасыз ету нормалары. Автоматты жүйелер: өрт туралы хабарлау, түтін жою  және өрт сөндіру. Ішкі өрт сөндіру  шүмектерінің құрылысы мен пайдалану ережелері. Өрт (тұтану) пайда болған жағдайда қызметкерлердің қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жасайтын әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күтіп алу және оларға еріп жүру. Адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

 

Қоғамдық ғимараттарда болған өрттерді қысқаша шолу. Офистерде  болған аса сипатты өрттердің  үлгілері. Олардың талдауы мен  себептері. Өрт қауіпсіздігі шараларын  жүзеге асыру жөніндегі мекеме басшыларының міндеттері. Өртке қарсы тәртіпті орнату жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралар.  Қызметкерлерді жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету және өрт пайда болған жағдайда олардың әрекеттері. Мекемелерде өрт-техникалық комиссияларын құру, олардың міндеттері мен тәжірибелік қызметі.

 

  Алғашқы өрт сөндіру құралдары, автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары. Өрт кезіндегі әрекеттер және өртке қарсы қызметін шақырту.

 

Алғашқы өрт  сөндіру құралдары және тұтану кезінде  оларды пайдалану. Автоматты өрт  сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің мақсаты мен жұмыс істеу принципі. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты мен пайдалану ережелері. Өрт сөндіруде алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру құрал-саймандарын қолдану. Мекемелерді өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт кезінде жұмыскерлердің әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерін шақырту және өрт орнына оларға ілесіп бару. Қабаттылығы жоғары және адамдар жаппай болатын үй-жайларда эвакуациялауды жүргізу тәртібі. Қалын түтін басқан жағдайдағы әрекеттер. Үрей жағдайдың алдын алу жөніндегі әрекеттер. Өртте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.


Информация о работе Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер