Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 09:46, дипломная работа

Описание работы

Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері.

Работа содержит 1 файл

310811trebovan.doc

— 148.00 Кб (Скачать)

Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер.

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік  құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері.

Заттар  мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.

 

Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері.

 

Ұйымдағы  өрт қауіптілігі.

Өндірістің  өрт қауіптілігін реттейтін негізгі  нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың  алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.

 

 

Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен  материалдарды сақтау кезіндегі  өрт қауіпсіздігі шаралары.

 

Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың  өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша  отпен байланысты жұмыстар жүргізу  бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

ТТС, ЖС, ЖГ өрт  қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде  өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.

 

Көшіру  жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.

 

Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін  шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына  қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

Ұйымдағы  өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы  мәліметтер.

 

Алғашқы өрт  сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді орнату, тактикалық-техникалық сипаттамасы  және пайдалану ережесі.

Сыртқы және ішкі сумен жабдықтау, мақсаты, құрылғысы. Өрт крандары, орналастыру және оларды бақылау. Өрт кезінде қолдану ережесі.

Автоматты өрт  сөндіру және дабыл жүйелерінің  мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жіктеу, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану ережелері. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылау. Сумен, көбікпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары, құрылғысы.

Түтіннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтіннен қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтіннен қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.

 

Ұйымда  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.

 

Өрт-техникалық комиссия. Жұмыскерлерге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым жұмыскерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихаттау. Өрт қауіпсіздігі бұрыштары.

«Өртке қарсы  режим» терминінің ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.

 

Өрт кезінде жұмыскерлердің іс-әрекеттері.

Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды көшіру. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-шаралар.

 

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде  өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар

 

Өрт қауіпсіздігі саласындағы  негізгі нормативтік құқықтық актілерді  зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшының өкімдері.

 

Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі

 

Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс  істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.

 

3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары

Газбен, электрмен  дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі  өрттің негізгі себептері: жұмыс  істеу ережесін бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын  бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау үдерісінде өрттің алдын алу шаралары.

 

 Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері

 

ТТС, ЖС және ЖГ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу  кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.

 

Газбен  дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары

 

Жұмыс істеу  кезінде қолданылатын газдардың  өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидін тасымалдау кезіндегі оның қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу.Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кабельдерді қосу.Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.

 

Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт  кезінде пайдалану тәртібі

 

Өртке қарсы  жабдық пен құрал-сайман түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.

 

Өрт кезіндегі іс-әрекеттер

 

Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Көшіру жолдары мен тәртібі, көшіру жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін жұмыскерлердің іс-қимылдары (жең желілерін төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер.

 

Ғимараттар  мен үй-жайларға қойылатын талаптар

 

Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдері. Өртке қарсы режим. Көшіру жоспары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдары.

 

Техникалық  өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман

 

Алғашқы өрт  сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді жіктеу, қолдану саласы, мақсаты, қолдану  ережесі, орналасу орны. Ішкі өртке  қарсы су құбырының, өрт крандарының  мақсаты мен құрылғысы, орналасу орны. Автоматты өрт дабылы (АӨДҚ) және өрт сөндіру (АӨСҚ) қондырғылары; ұйымда орналастыру сызбасы. АӨДҚ мен АӨСҚ жұмыс істеген кездегі әрекеті. Өрт жабдығы мен құрал-саймандарының түрлері, мақсаты, құрылғысы мен орналасу орны.

 

Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіру. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-әрекеттер.

Ауыл шаруашылығы  объектілеріндегі өрттердің статистикасы. Өрттердің себептері. Ауыл шаруашылығы  объектілерінің өрт қауіптілігі. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлімшелердің, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объектілердің басшыларының міндеттері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерін және жылу бөлу қондырғыларын монтаждау мен пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу.  Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар.

Өрттің алдын  алудың негізгі міндеттері. Өртке  қарсы режим, анықтамасы, мақсаты  мен оны белгілеу тәртібі. Ауыл шаруашылығы  өндірісі объектілерінде, шаруа қожалықтарында және елді мекендерде жалпы ұйымдастырушылық өрттің алдын алу іс-шаралары.

 

Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар

 

Мал өсіру және құс өсіру  фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, ТТС, ЖС және ЖГ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептіргіштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.

 

Ауыл  шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау

 

Алғашқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану  ережесі. Өртке қарсы сумен жабдықтау  және оның түрлері. Өрт сөндіретін су айдындарын орнату ережесі. Ауыл шаруашылығы  объектілерін байланыспен, дабылмен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.

 

Ауыл шаруашылығы  өндірісі объектілері мен фермерлік  шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі

 

Өртке қарсы нұсқаулық  пен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар конспектісін, сыныпты, көрнекі оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.

 

Жаңадан салынып  және қайта құрылып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету  жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары

 

Құрылыс объектілеріндегі сипатты өрттердің қысқаша талдауы. Өрт сөндіру профилактикасының  негізгі міндеттері. Өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғалардың міндеттері. Жаңадан салынып және құрылып жатқан объектілерде, құрылыс алаңдарымен қосалқы қожалықтарда өртке қарсы тәртіпті орнату және ұстау жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары.

Бөлек құрылыс  учаскелерінің, корпус, цехтер, қоймалар, шеберханалардың өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына жұмыскерлерді үйрету. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру.

 

Жаңадан салынып жатқан және қайта құрылып  жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары

 

Ауданның, облыстың құрылыс  объектілерінде аса кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтануларды  талдау. Электр желілерін, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлі жарық  беру құралдарын пайдаланудағы өрт  қауіпсіздігі шаралары. Электрлік асырмалы жүктемелердің, қысқа тұйықталулардың, күрделі ауыспалы қарсылықтардың мәні мен пайда болу себептері. Қыздыру шамдарының өрт қауіптілігі. Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және асырмалы жүктемелерден қорғау шаралары. Автоматты және иілмелі сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткіш құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен жұмыстар жүргізгенде, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі ерекшеліктері. Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртібі, уақытша қызметтік, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру). Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киім кептіргіштерінде және үй-жайларды кептіруге арналған уақытша пештерді, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі. Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар. Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздеріне, өрт сөндіру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кіреберістерін ұстау және қатты, сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін пештерді, каминдерді, пайдаланғанда өрт сөндіру құралдарына жету, сондай-ақ ТТС жұмыс істеу. Эвакуациялау жолдарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары.

Информация о работе Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер