Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:57, реферат
Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.
Геодезияның шаруашылықтың түрлі салаларында практикалық маңызы зор.
Жобаны жер бетіне көшіру сызбасын жасау
Шаруашылық орталығын анықтау
Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.
Геодезияның
шаруашылықтың түрлі
Жоба — жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, т.б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т.б. мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс.[1][2][3]
Топографиялық түсіріс- жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу; геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау. Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.[1]
Топографиялық түсіру (Топографическая съемка) — жергілікті жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы мен биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын, олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу. Топографиялық түсіру түрлері аэрофототопографиялық, мензулалық, тахеөметриялық, жер үсті фотографиялық түсіру. Аэрофототопографиялық түсіру — аспаптар көмегімен жергілікті жерді аэрофотоға түсіру — топографиялық түсірудің негізгі түрі.
Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас әдіс бойынша анықталады. Стереотопографиялық өдісті жергілікті жердің барлық элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру төсіддері арқылы құрыладық. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 — 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.[
Жобаны жер бетіне түсіру
үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер
пайдаланушылықтар мен жер
Жерге орналастыру жобасы мен схемасында көзделген шаралар мұқият экономикалық және экологиялық тұрғыдан дәлелденеді. Жобаны жан-жақты негіздеу жөніндегі агро-экономикалық, инженерлік-экономикалық және сметалық-қаражаттық есептер мен графикалық бәлігіне қатысты құжаттар жалпы жоба-сметалық құжаттаманы құрайды. Осылардың арасында жобалық план негізгі құжат болып саналады. Бұнда жер пайдаланушылықтардың, жеке меншіктегі учаскілердің, өндірістік бөлімшелердің жер алқаптарының ауданы, орналасуы, межелері, сонмен қатар жолдар, каналдар және басқа сызықтық контурлар, яғни жобамен ұсынылған территориялық реттестірудің бүкіл элементтері көрсетіледі. Демек, жобалық план экономикалық жағынан тиімді, территориялық реттестіру формаларының жалпы графикалық сипаттамасы болып табылады.
Планнан басқа, жобаны жер бетіне түсіру мақсатымен жұмыс сызбалары жасалады. Қалған құжаттардың керектігі арнайы әдістемелік нұсқаулармен анықталып отырады. Жерді рекультивациялауға (қалпына келтіруге) немесе алаптарды жақсартуға қатысты жоба бөліктерін толық жүзеге асыру үшін, әрбір жұмыс түрі бойынша сметалық-қаражаттық есептер жүргізіле отырып, арнайы жұмыс сызбасы жасалады.
Жобаның жазба бөлігі (түсініктеме) агроэкономикалық негіздеу мен сметалық-қаражаттық есептер енеді. Сонымен бірге бұнда жобаны құқықтық тұрғыдан рәсімдеу материалдары қамтылады. Бұл бөлектің соңында жобаның жоспарлаған тиімділігін сипаттайтын техникалық-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
Жерге орналастырулық жобалаудың принциптері – оның алдында қойылған мақсат-міндеттердің сипатына қарай туындайды. Жалпы алғанда, жобалауды мынадай бірқатар қағидаларды ескере отырып жүргізген қажетті:
осы принцептерге сәйкес жерге орналастыруды жобалаудың алдына бір қатар жеке талаптар қойылады. Солардың ішінде:
Атап өткен жалпы принциптер
мен талаптардан жерге
1) Жобалық ұсыныстардың
экономикалық, экологиялық және
әлеуметтік тиімлідігін
2) жердің ысырапты пайдалануын,
тиімсіз шаруашылықтық іс-
3) жобалық мақсат-міндеттердің
кешенді түрде жүзеге
4) жобалауда аймақтық
табиғи-экономикалық
5) жерді нарықтық механизм
объектісіне қосатын, қазіргі
кездегі жер құқықтық
Мемлекеттік жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес жер қорын үлестіруді, әр түрлі шаруашылық субъектілерінің жеке жер учаскілеріне иелік етуге, пайдалануға құқық беруді жүзеге асырады. Осы іс-қимылдарды орындау барысында шаруашылықаралық жерге ораластыру арқылы жаңа жер пайдаланушылықтар мен жеке меншік жер иеліктері құралады.
Жердің
тікелей пайдалануын заң
Жер иелігі және жер пайдаланушылық ұғымдары бір мағына емес, өткені олардың құқықтық та, экономикалық та мәні әр түрлі. Егер де «жер иелігі» ұғымы азаматтар мен заңды тұлға\ларға жеке меншікке, яғни иеленуге, пайдалануға және еркін билік етуге берілген (сатып алынған) жер учаскісін білдірсе, «жер пайдаланушылық» ұғымы бұл сондайларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға бөлінген жер үлесі. Демек, оны сату, сыйға тарту, мұраға қалдыру және тағы басқа осы тәріздес іс-әрекеттерге бару заңсыз деп танылады.
Экономикалық мағынада «жер пайдаланушылық» және «жер иелігі» терминдері шаруашылық жүргізу формасы мен процесін білдіреді, өндірісті жүргізу объектісі болып табылады.
Құқықтық тұрғыдан алғанда «жер пайдаланушылық» ұғымы бұл жерді пайдалану түрлері мен мерзімін, формалары мен шарттарын және т.б. қамтиды. Ол ақыл және ақысыз, алғашқы және қайтара немесе уақытша болуы мүмкін.
Сонымен, жер иелігі мен жер пайдаланушылық бұл азаматтарға, заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе пайдалануға нысаналытүрде бөлінген, нақты межелері мен тұрғын орны белгіленген, көлемі анықталған және құқықтық тұрғыдан рәсімделген жер учаскісі.
Алғашқы жер пайдаланушылықтар жерді және жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттен немесе жер иеленушіден сол құқықты оқшаулау тәртібімен алған шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің немесе азаматтардың жер учаскілері.