Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 19:58, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде қоғам көптеген ресурстарға тапшылы.Оның ішінде жер ресурстары ерекше орын алады. Жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуде, құрылымдық пайда қолданады.
Жоғарыда айтылған жағдайда болатын бір адамға тиісті жердің мөлшері жылдан жылға азайып отырады. Бұл жағдайларды түзету үшін келесі шаралар қолданылады:
1.Өндірістік қажеттілікке қалалық және елді-мекен жерлерінің үлесін азайту ;
2.Жерді мелиорациялау шараларын қолдану;

Работа содержит 1 файл

Лаура рефер.doc

— 99.00 Кб (Скачать)

Осындай қиыншылықтарға қарамай, 2008 жылы өңіраралық жер инсекциялары жер заңдылықтарын сақтау саласында 4,7 мың тексерістер жүргізді. Соның нәтижесінде, ауданы 93,8 мың гектарда 2,4 мың жер заңдылықтарын  бұзушылық анықталады (жалпы санының 52 пайызы). Жер заңнамасын бұзушыларға 2,3 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сөз соңында айтарым, жерге орналастыру саласының мамандары, айтылған проблемаларға қарамай, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып, орталық уәкілетті орган құзыреті шегіндегі мәселелерді 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырады деген пікірді ұстануда.

 

Қазақстан жер ресурстарын тиімді пайдалану.

   Жерді пайдалану құқығын беру азаматтық  актілер негізінде жүргізіледі.Сөйтіп, жерді пайдалану құқығын нарықтық қатынастарға енгізу мүмкіндігі кеңейтілді.Сонымен, әр жер учаскесін бағалауы керек.Оның себебі, бір жағынан-жер жылжымайтын мүлікке теңеледі, ал екінші жағынан-жер учаскелері капитал түріне айналады.Егер жерді тиімді пайдаланса және құндылығын асыру үшін қаржы, материалдық, кірістерді, еңбек кірістерін көбейтсе, онда оның бағасы  да өсетін болады.

Жер бағасы салық салудың жалға беру төлемін анықтаудың негізін қалайды, бюджеттің кіріс бөлігінің ең бір маңызды бабы болып, әр адам мүддесіне әсерін тигізеді.Осы жағдайлар кәзіргі уақытта Қазақстанда жерлерді  бағалау мәселесінің халық шаруашылық, әлеуметтік маңыздылығын шарттастырады.Сондықтан жерлерді бағалауда экономикалық. әлеуметтік, экологиялық, салалық күй-жайы, ланшафт, жер бедері, қызмет көрсету ауқымы, орталықтан және өнім өткізу базарынан  алыс-қашықтығы, шаруашылықтың орналасуы ескеріледі.

Жер-адамның өмір сүру ортасы, өсімдік және мал шаруашылығы өнімін  өндірудің ең басты құралы, елді-мекендердің тұрағы және өнімін өндірудің ең басты құралы,байланыс көліктерін орналастыру негізі, сондай-ақ  табиғат байлығының қоймасы.

Мақсатқа байланысты жерді әр түрлі  тұрғыдан бағалауға болады.Соған орай бағалау әдістері де әр түрлі болады.Мемлекеттің әр даму сатысында әр елді-жерлерді бағалаудың әр түрлі жүйелері пайда болып дамыған.Кеңестік Қазақстанда жерді бағалауда топырақтарды бонитеттеу, республика аумағын табиғи-ауыл шаруашылық және топырақ-климаттық аумақтау, жерлерді экономикалық бағалау әдістерін зерттеу  мен жер бағалық жұмыстарды орындау бойынша жұмыстар жүргізіледі.Осы жұмыстар  нәтижелері ауыл шаруашылық салаларын орналастыруда. Жоспарлауда, ауыл шаруашылық өнімдерінің  сату бағаларының жіктеуде, жерлердің пайдалануын салыстырмаклы талдауда пайдаланады.

    Жер бағалау жұмыстарын орындауда, әдістемелік мәселелерді дамытуда Қазақ ауыл шаруашылдық экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығқ институты, Целиноград ауыл шаруашылық институты ұжымдары, сондай-ақ Николенко Г.С.,Ивнанов А.И.,Бобров В.А., Давлятшин,И.Д.,Подольский Л.И.,Крохмаль В.И., және т.б. айтарлықтай еңбек сіңірді.

Жерледі бағалау, Қазақстан жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын, олардың және әдістерін зерттеу мәселелері ҚР ҰҒА акдемиктері Қалиев Г.А.,Дүйсенбеков З.Д., ҚР ҰҒА корреспонден мүшелері Григорук В.В., ғылым докторлары Гендельман А.А., Спектор М.И., Ткачук С.А.,Сейфуллин Ж.Т. және т.б. ғылыми жұмыстарында келтірген.Осы еңбектердің нәтижелері казіргі уақытта да пайдаланылуда.Мемлекеттік жерге орналастыру және жер қатынастарының нәтижелері негізінде мемлекеттің пайдалануға берілген жерді сатып алу төлемдерінің базистік ставкалары ұсынылды.Олар жер салығының ставкасы негізіне алынған.

     Қазіргі кезде жер бағасын анықтау әдістері және  республикамыздың әр аумағында әр түрлі санаттардағы жерлердің бағасы бойынша ұсыныстарды зерттеулер жетілдіру үстінде.Сонда да кәзіргі қолданыстағы әдістемелер жерді нарық айналымына түсіруге мүмкіндік беріп отырған жоқ.Бұл әдістемелер тек ауыл шаруашылығынап арналған жерлерді ба,алауға бағытталған.Ал басқа санаттардағы жерлерге бұл әдістемені қолданудың реті келмейді.Л.И.Подольскийдің ойынша, жерді бағалау әдісі, бағыты қоғамның даму деңгейіне, жер ресурстарын жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пайдалану сипатына, олардың қажеттілігіне тәуелді.Сондықтан осы кезде әр түрлі мақсаттар үшін бірыңғай жерді бағалау әдісі жоқ.

Жерді бағалау, оның халық шаруашылығындағы рөлі,  әр түрлі санаттардағы жерлердің орналасуын нысаналы пайдалану  тұрғысынан қарайық.Топыраққа қатысты ол құнарлық объектісі болып табылады(барлық басқа өндіріс құралдарында және еңбек заттарында ондай қасиет жоқ).Топырақтарды зеттеу негізінде олардың сапалық сипаттамасы жасалынады,бонитет балы анықталады.Бұл топырақтың табиғи қасиеттерін және сапасын бағалауға жатады.

Табиғи ресурстардың пайдалануының бағалануы.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жайылым және шабындық түрлерінің өсімдік ресурстары мал шаруашылық өнімін өндіру үшін мал азықтық құдылық жағынан бағаланады.Жайылым және шабындық адам үшін мал шаруашылығының даму қоры болып табылады.Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтардағы  және біршама орман аумақтарындағы өсімдік ресурстары нысаналық арналуы бойынша бағаланады.Ірі көлемде алғанда экологиялық жүйені(климаттық, топырақтық, өсімдік және антропогендік факторлар) бағалау туралы айтуға болады.Ауылшаруашылығында жер- өндірістің басты құралы.Сондықтан жерді бағалау үшін ауыл шаруашылығы алқаптары бірлігінің пайдалы және капитализациялау коэфициенті арқылы жалпы табысты, шығындарды, жердің нормативтік шаруашылығы  алқаптарын бағалауда проф.Л.И. Подольский қолданды.

Басқа жағдайларда жер елді- мекендерді орналастыру, өнеркәсіп, байланыс, көлік объектілерін сауда базис болып табылады.Бұл жағдайда  жердің нормативтік  бағасы мақсатқа, құрылыс объектісінің құнына және оның табыстылығына, орналасуына, инфрақұрылымның біржақтығына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына тәуелді.Елді-мекен жерлеріне бағалардың базалық ставкаларын  үкімет белгілеген, оларды пайдалану айқындалған, факторларды ескеру үшін  негізгі коэффициенттер бөлінген, базалық ставкаларды  екі есеге дейін көбейтуге немесе азайтуға жергілікті органдарға құқық беріәлген.бұл тәртіпті ірі қалаларда қолданғанда жер учаскелеріне нарықтық сұранысчтың ерекшелігі, қаланың әр ауданының көптеген жағдайлары ескерілмейді.

     Алматы қаласы жер ресурстарын басқару жөніндегі мамандары ғалым-жаратылыстанушылармен бірге бірқатар факторларды ескере отырып, Алматы қаласының аумақтық бағалық аймақтау әдістемесін зерттеді.Осының нәтижесінде қаланың аумағы 17 бағалық аймақ  және аймақшыларға бөлінді.Сөйтіп, жер учаскелерін сату, кепілдікке беру, салық салу, жалға беру төлемін белгілеуді  жіктеп және шын мәнінде бағалауға мүмкіндік  береді.

Республикамыздың  жер қорында айрықша қорғалатын табиғи аумақтар  бар.Оларға биосфералық және табиғи қорықтар, ұлттық парктер, мәдени және демалыс парктері, ботаникалық баулар,  заказниктер жатады.Бұл жерлерде бағалану  негізіне қорғалатын топырақ, өсімдік, жәндіктер әлеміінің құндылығын шарттастырушы факторлар, олардың қоршаған ортаға, адамның денсаулығына әсер етуі алынады.Бағалау салыстырмалы, сән, сапалық көрсеткіштер, сондай-ақ ақша түрінде жүргізіле алады.Әзірге бұл мәселе күрделілігіне және экорлогиялық-экономикалық дайындығы жоғары механизімнің жоқтығына байланысты жеткіліксіз зерттеліп отыр.

Орман қорының жерлері өндіріс құралы және ерекше қорғалатын аумақ рнетінде бағаланады.Біздің ойымызша, мұнда учаскенің аймақтау керек.

Су қоры жерлерінің бағалануы бұл жерлердің арналуы мен мақсатына байланысты әр түрлі.су ресурстары мен қамтамасыз ету, суару, суландыру, балықты сату мақсатында өсіру, демалыс орны,  шикізат алу көзі, қорғалыс, көл және өзен өсімдіктері мен жануарларын сақтауға арналған болып бөлінеді.

    Қазіргі кезде қоғам көптеген ресурстарға тапшылы.Оның ішінде жер ресурстары ерекше орын алады. Жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуде, құрылымдық пайда қолданады.

Жоғарыда айтылған жағдайда болатын бір адамға тиісті жердің мөлшері жылдан жылға азайып отырады. Бұл жағдайларды түзету үшін келесі шаралар қолданылады:

1.Өндірістік қажеттілікке қалалық және елді-мекен жерлерінің үлесін азайту ;

2.Жерді мелиорациялау шараларын қолдану;

3. Әр ауыл шаруашылық жер учаскелерінің тиімділігін арттыру.

Жер ресурстарын пайдалануды мемлекет реттей алады. Сол реттеуші шараларының бірі жер ресурстарын тиімді пайдалану жағдайды  анықтау. Бұл проблема бойынша тек ғана жерге өрлеу мамандары емес, басқа салалардың ғалымдары да өз үлестерін қосуға тиісті.

Болжаудың мақсаты-келешек жағдайларды, өзгерістерді, процестерді олардың арасындағы өзара байланыстарды ғылыми түрде алдын-ала анықтау, білу, болжау. Болжау арқылы жер ресурстарының игерілуін пайдалану және сапасын өзгертуді болжау.

Жоспарлау- сол болжау схемасының негізгілерін орындауды болжаудың қолданбалы жер ресурстарын пайдалану жолдары, бағыттары, нысандары нақтыланады. Жоспарда  жоғарыда аталған шешімдер нақты бір аймақтар бойынша белгіленеді. Жоспарлау мекемелердің салалардың аймақтарын әкімдіктерін бірлестіктерін шаруашылықтарының, олардың бөлімінің перспективалық дамуын нақтылайды.

Жобалау- арқылы жаңа ғимараттар, жаңа техникалық жаңа шешімдер өмірге енгізіледі.

Болжау, жоспарлау және жобалау- арқылы жер ресурстарын пайдалану әртүрлі шаралар белгіленеді. Бұл  шаралардың барлығы жер ресурс сапасын жоғарылау, пайдалану жолын өзгерту, бұл шараларды жүргізу келесі класстарға, топтарына бөлінеді.

Ұзақ мерзімге бағытталған жерлер, бірақ пайдалануы өзгеріп отырады. Ауыл шаруашылығы  жерлерін пайдаланғанда сапасы өзгермейді, бірақ пайдаланылуы өзгеруі мүмкін. 1. Мысалы: Егістік жерлерді бау-бақшаға ауыстыру 3 класс. Ұзақ мерзімді  пайдалануы ауыстырылмайтын жерлер.2.Мысалы: ауыл шаруашылық жерлер ауыстырылған, бірақ егістік ретінде қолданыла береді.Жердің сапасы әртүрлі бағытта өзгеруі мүмкін.

4 класс: Пайдалануы ауыспалы жерлер.

3.Мысалы: Егістік жерлердің елді-мекен жерлеріне ауысуы.Бұл жерлерде құрылыс салынуы мүмкін, сондықтан олар құнарлылығын мүлдем жоғалтады. Керісінше бұрынғы карьер жерлерін рекультивация арқылы. 

Қорытынды.

Қазіргі кездегі пайдалану жағдайындағы саласы жағдайында:

-                     сала аралық жерді пайдалану жағдайы;

-                     жер қорының жер пайдалануы және талдауы;

-                     ауыл шаруашылықты пайдалануды талдау;

-                     жер ресурстарды алдыңғы қатарлы ғылыми мен техникалық жетістігін зерттеу;

-                     бұзылған жерлерді және рекультивацияға жарамдылығы;

-                     суарылатын кептірілетін және мәдени техникалық жағдайын жақсартуға қажетті жерлер;

-                     химиялық мелиорациялауға агромелиорациялау.

    Бұл зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде жерді  пайдалануда ең жақсы тенденцияларды  анықтау. Жерді  пайдалануда жақсы тиімді мысалдарды табу.

      Жерді  пайдалануда оның сапасын арттыру аудан бірлігінен алынатын өнім мөлшері жоғары жағдайларды анықтау. Жердің құнарлығын төмендететін агротехникалық жерге орналастыру мелиорациялау шарттарын бұзу жағдайларын анықтау. Бұл жұмыстың нәтижесі тиісті масшабтағы картографиялық материалдарда көрсетілуі тиіс.

Жерді пайдалануды болжаудың 2-кезеңі жер пайдаланушылармен жер иелерінің жерді пайдаланудағы мұқтаждықтары. Бұл жұмыс жер санаттары бойынша жүргізіледі.

Ауыл шаруашылықтық жерлер ауданы, пайдалану сипаттамасы, қоғамның тамақ өнімін және өнеркәсіп орындарының шикізаттық түрлеріне қойылатын талаптары анықталады.Тамақ өніміне мұқтаждық халық санының өсуіне тұтыну мөлшерімен рацион құрамына тікелей байланысты. Өнеркәсіп орындарының жүнге, мақтаға, кеңістік саванға және т.б. мұқтаждықтар халықтың матаға  аяқ киіміне және қажеттілігі бойынша анықталады.

 

 

 

 

Жоспар

 

I.Кіріспе

 

II.Негізгі  бөлім

2.1.Қазақстан  Республикасы  Жер  ресурстарын  басқару  агенттігі  туралы  ереже

2.2.Қазақстан Жер ресурстарын басқару агенттігінің  құрылымы.

2.3.Жер ресурстарын басқару

2.4.Жер ресурстарын басқаруды ғылыми-әдістемелік

қамтамасыз ету

           2.5.  Жер ресурстары агенттігінің өкілеттілігі мен жауапкершілігі жерге қатысты мемлекеттік бақылау- қадағалау жұмыстары.

               2.6.  Табиғи ресурстардың пайдалануының бағалануы.

 

      III.Қорытынды

  

       IV. Қолданылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.      Ж.Т. Сейфуллин, Т.И. Есполов «Жер кадастры»

2.      Ж.Т. Сейфуллин, Т.И. Есполов «Жер ресурстарын басқару»

3.      Қазақстан Республикасының Жер кодексі

4.      Ғаламтор сайттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару