Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 19:58, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде қоғам көптеген ресурстарға тапшылы.Оның ішінде жер ресурстары ерекше орын алады. Жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуде, құрылымдық пайда қолданады.
Жоғарыда айтылған жағдайда болатын бір адамға тиісті жердің мөлшері жылдан жылға азайып отырады. Бұл жағдайларды түзету үшін келесі шаралар қолданылады:
1.Өндірістік қажеттілікке қалалық және елді-мекен жерлерінің үлесін азайту ;
2.Жерді мелиорациялау шараларын қолдану;

Работа содержит 1 файл

Лаура рефер.doc

— 99.00 Кб (Скачать)


Кіріспе.

    Қазіргі кезде қоғам көптеген ресурстарға тапшылы.Оның ішінде жер ресурстары ерекше орын алады. Жер ресурстары ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуде, құрылымдық пайда қолданады.

Жоғарыда айтылған жағдайда болатын бір адамға тиісті жердің мөлшері жылдан жылға азайып отырады. Бұл жағдайларды түзету үшін келесі шаралар қолданылады:

1.Өндірістік қажеттілікке қалалық және елді-мекен жерлерінің үлесін азайту ;

2.Жерді мелиорациялау шараларын қолдану;

3. Әр ауыл шаруашылық жер учаскелерінің тиімділігін арттыру.

Жер ресурстарын пайдалануды мемлекет реттей алады. Сол реттеуші шараларының бірі жер ресурстарын тиімді пайдалану жағдайды  анықтау. Бұл проблема бойынша тек ғана жерге өрлеу мамандары емес, басқа салалардың ғалымдары  да өз үлестерін қосуға тиісті.

Болжаудың мақсаты-келешек жағдайларды, өзгерістерді, процестерді олардың арасындағы өзара байланыстарды ғылыми түрде алдын-ала анықтау, білу, болжау. Болжау арқылы жер ресурстарының игерілуін пайдалану және сапасын өзгертуді болжау.

Жоспарлау- сол болжау схемасының негізгілерін орындауды болжаудың қолданбалы жер ресурстарын пайдалану жолдары, бағыттары, нысандары нақтыланады. Жоспарда  жоғарыда аталған шешімдер нақты бір аймақтар бойынша белгіленеді. Жоспарлау мекемелердің салалардың аймақтарын әкімдіктерін бірлестіктерін шаруашылықтарының, олардың бөлімінің перспективалық дамуын нақтылайды.

Жобалау- арқылы жаңа ғимараттар, жаңа техникалық жаңа шешімдер өмірге енгізіледі.

Болжау, жоспарлау және жобалау- арқылы жер ресурстарын пайдалану әртүрлі шаралар белгіленеді. Бұл  шаралардың барлығы жер ресурс сапасын жоғарылау, пайдалану жолын өзгерту, бұл шараларды жүргізу келесі класстарға, топтарына бөлінеді.

Ұзақ мерзімге бағытталған жерлер, бірақ пайдалануы өзгеріп отырады. Ауыл шаруашылығы  жерлерін пайдаланғанда сапасы өзгермейді, бірақ пайдаланылуы өзгеруі мүмкін. 1. Мысалы: Егістік жерлерді бау-бақшаға ауыстыру 3 класс. Ұзақ мерзімді  пайдалануы ауыстырылмайтын жерлер.2.Мысалы: ауыл шаруашылық жерлер ауыстырылған, бірақ егістік ретінде қолданыла береді.Жердің сапасы әртүрлі бағытта өзгеруі мүмкін.

4 класс: Пайдалануы ауыспалы жерлер.

3.Мысалы: Егістік жерлердің елді-мекен жерлеріне ауысуы.Бұл жерлерде құрылыс салынуы мүмкін, сондықтан олар құнарлылығын мүлдем жоғалтады. Керісінше бұрынғы карьер жерлерін рекультивация арқылы.  Ауыл шаруашылығын ауыстыру, оның құнарлығы орнына келеді және жайылым ретінде пайдаланылады.

   Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  1991- 2001 ж. бұйрығы  бойынша,  Жер  ресурстарын  басқару  Агенттігіне  жер  реформаларын  үздіксіз  басқару  және  бір  жүйеге  келтіруді  талап  етті.  Оның  нәтижесі  жаңа  жер  қатынастарының  пайда  болуына   әкелді.

1991  жылы  Президенттің Жарлығы  бойынша Қазақстан  Республикасының   жер  қатынастары және  жерге  орналастыру  жөнінде  Мемлекеттік комитет  құрылды.

Қазақстан  Республикасы  жер  ресурстарын  басқару  агенттігі  бүкіл  ел  аумағындағы  аумақтық  органдарын  басқарудағы  вертикалды  құрылымын  ұсынады.  Қазақстан  Республикасының  жер  ресурстарын  басқару  Агенттігінде  әр  облыста, Алматы  және  Астана  қалаларында   жер  ресурстарын  басқару    комиттері  бар. Агенттіктің  құрамында   мемлекеттік  меншік  субъектілерінің    құқықтық  функцияларын  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  мекемелер    кіреді. Қазіргі  уақытта  Агенттілік  Қазақстан  Республикасының  жер  ресурстарын  басқару   органдарының  функционалды  орталығы  болып  табылады, онда  заңдармен  қарастырылған  Қазақстан  Республикасының  деңгейіндегі  жер  ресурстарын   басқару  жұмыстары  жүргізіледі,   яғни  жерге  орналастыру  мемлекеттік  жер  кадастрын  жүргізу,  жер  мониторингі  және  т.б.

. Қазақстан  Республикасы  Жер  ресурстарын  басқару  агенттігі  туралы  ереже

    Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  1991- 2001 ж. бұйрығы  бойынша,  Жер  ресурстарын  басқару  Агенттігіне  жер  реформаларын  үздіксіз  басқару  және  бір  жүйеге  келтіруді  талап  етті.  Оның  нәтижесі  жаңа  жер  қатынастарының  пайда  болуына   әкелді.

1991  жылы  Президенттің Жарлығы  бойынша Қазақстан  Республикасының   жер  қатынастары және  жерге  орналастыру  жөнінде  Мемлекеттік комитет  құрылды.

Қазақстан  Республикасы  жер  ресурстарын  басқару  агенттігі  бүкіл  ел  аумағындағы  аумақтық  органдарын  басқарудағы  вертикалды  құрылымын  ұсынады.  Қазақстан  Республикасының  жер  ресурстарын  басқару  Агенттігінде  әр  облыста, Алматы  және  Астана  қалаларында   жер  ресурстарын  басқару    комиттері  бар. Агенттіктің  құрамында   мемлекеттік  меншік  субъектілерінің    құқықтық  функцияларын  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  мекемелер    кіреді. Қазіргі  уақытта  Агенттілік  Қазақстан  Республикасының  жер  ресурстарын  басқару   органдарының  функционалды  орталығы  болып  табылады, онда  заңдармен  қарастырылған  Қазақстан  Республикасының  деңгейіндегі  жер  ресурстарын   басқару  жұмыстары  жүргізіледі,   яғни  жерге  орналастыру  мемлекеттік  жер  кадастрын  жүргізу,  жер  мониторингі  және  т.б.

    Қазақстан  Республикасы  жер  ресурстарын  басқару  агенттігі  Үкіметтің  құрамына  кірмейтін,  заңнамада  көзделген  шектерде  арнайы  атқару,  рұқсат  ету  және  бақылау – қадағалау  функцияларын,  сондай – ақ  жер  ресурстарын  мемлекеттік    басқару  саласында   топографиялық – геодезиялық   және  картографиялық  Қазақстан  Республикасының  орталық  атқарушы  органы   болып  табылады.  Агенттік  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының    Конституциясына,  Қазақстан  Республикасының  заңдарына, Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметтің  келісімдеріне,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  келісімдерге,  сондай – ақ  осы  ережелерге  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Агенттіктің ережесі  мен  оның  штат  санының  лимитін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі бекітеді.  Агенттік   мемлекеттік  мекеменің  ұйымдық  -  құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  болып  табылады,  оның  өз  атауы   мемлекеттік  тілде   жазылған  мөрлер  мен   мөртаңбалары,  белгіленген  үлгідегі  бланкілер,  сондай – ақ  заңнамаға  сәйкес   Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің  қазынашылық  органдарында   шоттары  болады.  Агенттік  азаматтық – құқықтық  қатынастарға  өз  атынан  түседі.  Агенттіктің  егер  оған  заңнамаға    сәйкес  уәкілетті  болса,  мемлекеттің  атынан   азаматтық  -құқықтық   қатынастардың  тарабы  болуға  құқығы  бар. Агенттік өз  құзіретіндегі  мәселелер  бойынша  заңнамада  белгіленген  тәртіппен    төрағаның  бұйрықтарымен  рәсімделетін   шешімдер  қабылдайды. Агенттіктің  облыстарда  және  Астана, Алматы  қалаларында,  аудандар  мен  оьлыстық  маңызы  бар  қалаларда  заңды  тұлғалар  болып  табылатын аумақтық  органдар  болады. Агенттікке   Агенттіктің  бақылау  және  қадағалау  функциялары  болып  табылатын  міндеттерді  орындау  тұрғысында  кәсіпкерлік  субъектілермен  шарттық  қатынастарға  түсуге  тыйым  салынады. Егер  Агенттікке   заңнамалық  келісімдермен  кірістер  әкелетін  қызметті  жүзеге  асыру құқығы  берілсе,  онда  мұндай  қызметтен  алынған  кірістер  республикалық  бюджеттің   кірісіне  жіберіледі.

Қазақстан Жер ресурстарын басқару агенттігінің  құрылымы.

    Агенттік - Қазақстанның  жер ресурстарын басқару жөніндегі  орталық уәкілетті орган болып табылады және заңда қарастырылған арнайы атқарушы,  шешуші және бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асырада, сондай-ақ мемлекеттік  жер ресурстарын басқару, жерге орналастыру  аясында мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін, топография-геодезиялық және картографиялық  жұмыстарды реттейді

Жерге орналастыру, картографиялау, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу жұмыстарын тікелей жер ресурстары және жерге орналастыру  мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының еншілес кәсіпорын жүйелерімен бірге, мемлекеттік ауыл шаруашылық аэрофото-геодезиялық зерттеулер институты, геодезия және картография жүйесіндегі қазыналық кәсіпорындар атқарады.

    Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі- еліміздің барлық аумағын қамтитын аумақты органдарды басқарудың тікелей құрылымы болып табылады.

    Агенттіктің барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттері бар. Агенттік қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:

Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталығы, оның аудандық және қалалық кадастрлық филиалдары бар еншілес кәсіпорындар;

Мемлекеттік ауыл шаруашылық аэрофото – геодезиялық зерттеулер институты;

Қазыналық кәсіпорындар:"Қазгео -карт", "Оңтүстік геодезия","Картогарфия", "Астанатопография","Ұлттық картографиялық – геодезиялық қоры", "Батыс геодезия",

"Орталық маркшейдер", "Солтүстік геодезия","Шығыс геодезия" соған қатысты Агенттік мемлекеттік  басқару органдары қызметін атқарады.

Жер ресурстарын басқару

    Республикада мемлекеттік жер кадастры тік және көлденең құрылыммен бірегей, бүтін, көп  деңгейлі жүйе ретінде кезең – кезеңмен жүзеге асырылады.

Республиканың жер ресурстарын кешенді автоматтандыру процесінің Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүргізілуі мен басқарылуын қамтамасыз ету мақсатында, ГАЖ технологияның негізінде, 2002-2007 жылдар аралығына бюджеттік 600- бағдарлама «МЖК автоматтандыру ақпараттық жүйесін құру» жүзеге асырылуда    ( МЖКААЖ).

МЖКААЖ үш деңгейлі аумақтық – орналастыру құрылымы түрінде жасалып, онда сегменттер мемлекеттік жер кадастрын республикалық, облыстық ( республикалық мәнді қалаларда, Астанада )   және аудандық

( облыстық мәнді қалаларда) деңгейдегі мамандандырылған мемлекеттік республикалық кәсіпорындар құрамына сәйкес таратылады.

МЖКААЖ құрылымы келесі негізгі функционалдық жүйе тармақтарына бөлінеді:

-                     Кадастрлық есепке алу нысандарын қалыптастырудың жүйе тармақтары;

-                     Мемлекеттік кадастрлық  есепке алу және Бірыңғай  мемлекеттік жер тізілімін (БМЖТ) жүргізудің жүйе тармақтары;

-                     Аумақтық аймақтарды қалыптастыру және есепке алудың жүйе тармақтары;

-                     Салық салу мақсаттарына арналған мемлекеттік кадастрлық жер бағасының жүйе тармақтары;

-                     Ақпараттық – талдаудың жүйе тармақтары;

-                     Ведомствоаралық өзара іс – қимыл жасасуды басқарудың жүйе тармақтары,

-                     Іс – жүргізудің жүйе тармақтары;

Қазіргі уақытта қағаз түріндегі жеткізушілермен МЖК жүргізудің материалдық -  техникалық базасы іс жүзінде  құрылды, 2007 жылға дейін республиканың барлық аумақтары бойынша оны ААЖ кезең – кезеңмен енгізу процесі жүргізілуде. Республикалық, облыстық деңгейдегі кадастрлық орталықтар қарастырылды, ал аудандық деңгейде құрылуда,  олар бірегей технологиялық циклге біріктірілді.

Қазіргі уақытта МЖКААЖ мәліметтері «Жылжымайтын мүлікті тіркеу», «Мекен – жай тізілімі», сонымен қатар, «электрондық үкімет» аясындағы мемлекеттік базаларында құрылған Салық комитетінің СТТЖСО ақпараттық жүйесінде қолданылуда.

Болашағы бар технологиялар ( жерді ғарыш серігі арқылы межелеу, жерді қашықтықтан аймаққа бөлу, ГАЖ пайдалану, интернет технологиялары) енгізілуде.

Жер ресурстарын басқаруды ғылыми-әдістемелік

қамтамасыз ету.

    Өткен 15 жыл ішінде, жер қатынастарын жетілдеру мен жер  реформасын тереңдету мақсатында, жер кадастры мен жерге орналастыру жұмыстары бойынша 100-ден астам, атап айтсақ, жер кадастры бойынша 55, жер мониторингі бойынша 15, жерге орналастыру бойынша 14 әдістемелік нұсқаулар мен нұсқаулықтар әзірленіп, өндіріске енгізіледі.

Ең алдымен, Жер ресурстарын басқару аса маңызды бөлігі ретінде, ғылыми – зерттеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

006 Республикалық бюджеттік бағдарламасы "Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми - зерттеулер" аясында

" Қазақстан Республикасы жер ресурстарының әлеуетін қорғау және ұтымды пайдалануды ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету" мәселесі бойынша мынадай жұмыстар жүргізіледі:

- мемлекеттік жер кадастрының және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МЖКААЖ) ғылыми - әдістемелік және технологиялық  қамтамасыз ету;

-жаңа жер құрылымы жағдайында жер мониторингі жүйесін қалыптастыру;

-ландшафтық – экологиялық  тәсіл негізінде аумақты ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздемесін жасау;

-жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалануды экономикалық қалыптастыру, жерді ақылы пайдалану жүйесінің ғылыми - әдістемелік негіздемесін қалыптастыру;

-әдістемелік негіздемелер және нормативтерді дайындау.

Жер ресурстарын басқарудың қолданбалы мәселелері бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулердің нақты нәтижелері мыналар:

-  Жер кадастры бойынша – аэроғарыштық түсірілімдер мен ГАЖ технологиясын пайдалану арқылы электронды жер кадастрлық карталарын жасау, бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін (БМЖТ)

жүргізу технологиясы бағдарламасы әзірленді.

-МЖКААЖ әрі қарай дамыту үшін инновациялық және ғарыштық технологиялар қолданылады.

Әсіресе, навигациялық ғарыштық, жер серіктерін гео – ақпараттық және интернет технологиялары негізінде, қашықтықтан зондтау мәліметтерін қолдана отырып, кадастрлық түсірілімдерді жүргізудің қағазсыз технологиясы игерілу үстінде .

- Жер мониторингі бойынша –ғарыштық түсірілімдердің тақырыптық шифрін оқу, шифрді оқу каталогын әзірлеу үшін бастапқы учаскедегі қашықтықтан зондтау мәліметтерін пайдалана отырып, шөлейттену процесінің мониторингі әдістемелері тексеруден өтті.

Аумақты ұйымдастыру бойынша түрлі масштабтағы  ландшафтық карталар, сондай- ақ жерге орналастыру мақсаттары үшін, ландшафтық негізде ірі масштабты тақырыптық каталар топтамасы әзірленіп, ландшафтық жиынтықтар негізінде аумақты ұйымдастыру бойынша пилоттық объектілерде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

   Жерді ақылы пайдалану бойынша – салық салу мақсатында қала жерлерін аймаққа бөлу әдісі тексеруден өтті, жердің кадастрлық құны мен жер айналымын мемлекетік реттеу механизмін анықтау үшін жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкалары мен түзету коэффициенттерінің әдістемесі жетілдірілді.

 

Жер ресурстары агенттігінің өкілеттілігі мен жауапкершілігі жерге қатысты мемлекеттік бақылау- қадағалау жұмыстары.

 

   Жер кодексіне сәйкес, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру агенттіктің бірі болып табылады. Республиканың жерге орналастыру қызметінің құрылымында жерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік жүйесі құрылған. Оның міндетіне азаматтық, табиғат қорғау және жер қатынастары саласындағы заңдарды, осыған қатысты басқа да заңнамалық талаптарды жүзеге асыру, сақталуы қамтамасыз ету кіреді.

Елімізде қолға алынған әкімшілік реформаны жүзеге асыру барысында 2007 жылы агенттіктің облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық жер ресурстарын басқару басқармалары жеті өңіраралық жер инспекциялары болып қайта ұйымдастырылғандығы белгілі болды.

Агенттіктің және оның аумақтық органдарының  (жер инспекцияларының ) штаттық саны барлығы 265 адамды құрайды, оның ішінде 210-ы аумақтық органдарда  жұмыс істейді .  Жер пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жалпы саны-117 адам.

Бір мемлекеттік жер инспекциясына келетін жұмыс көлеміне келер болсақ, жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушылар саны бойынша 28 мыңға жуық, жер көлемі бойынша -2,3 млн.га жергілікті атқарушы органдары бойынша 17 бірліктен асады және 62 елді- мекенді қамтиды. Міне, осындай жұмыс ауқымын жер инспекторы толық қамтып отыр деп айту қиын.Осы себепті, жерді мемлекеттік бақылауды өңірде кешенді жүзеге асырудың келелі мәселелері –ең алдымен, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мамандардың жетіспеуі және өңіраралық жер инспекцияларының автокөліктерімен жеткіліксіз қамтамасыз етілмегені деп айтуға болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару